1-кесте Балтика және тмд мемлекеттерінде мақта талшықтарын өндіру және тұтыну, мың т


§2. Мақта өсімдігін өсіру мәдениеті және мақтаны алғашқы өңдеу



бет3/98
Дата21.10.2023
өлшемі2,84 Mb.
#120266
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   98
§2. Мақта өсімдігін өсіру мәдениеті және мақтаны алғашқы өңдеу

Мақта өсімдігі құлқайыр тұқымдас бір немес көпжылдық өсімдіктерге жатады. Олардың түрлері көп болғанымен өндірісте пайдалану үшін орташа талшықты (барбадосс) мақта өсімдігі сортының маңызы зор.


Орташа талшықты мақта өсімдігі 130-140 күнде пісіп жетіледі. Дәнінен орташа ұзындығы 30-35 мм, жіңішкелігі 166-200 мтекс талшық алынады. Өнімділігі жоғары, 1 гектардан 25-35 центнерге дейін шитті мақат, яғни ұрықпен бірге мақта талшығы алынады. Талшықты орташа талшықты мақта деп атайды. Түрі ақ түсті болады. Кең тараған селекциялық сорттарға Ташкент-1, АН-402, Андижан-6, 138-Ф, 108-Ф, 133 және т.б. жатады.
Мақта талшықтарын көбіне жіңішке талшықты мақта өсімдігінен алады. Оның пісіпр жетілу мерзімі 150-170 күнге созылады. Өнімділігі де төмен (20-30 ц/га). Бірақ ұзын (35-45 мм) жіңішке (133-170 мтекс) және берік талшық береді. Сондықтан жоғары сапалы жіп және бұйымдар дайындауға қолданылады. Кең тараған селекциялық сорттарға Ашхабад-25, С-6037, 6249-В, Термез-7, 5904-И және т.б. жатады.
Мақта өсімдігі жылу мен ылғалды көп талап етеді, сондықтан климаты жылы жерлерде өседі: Индия, Қытай, Египет, АҚШ, Ауғанстан, Пәкістан, Суданда және ТМД мемлекеттерінде Өзбекстан, Қазақстанның оңтүстік аудандарында және Қырғызстанның оңтүстік батысында өсіріледі.
Мақта өсімдігі тоқыма өнеркәсібінде ғана емес, басқа да салаларға бағалы шикізат береді. Қысқа талшықтар кино түсіретін қабықшаға шикізат ретінде қолданылады. Мақта қалдықтарынан қатты қағаз өндірілсе, тұқымдарынан өсімдік майы алынады.
Қазақстанның Оңтүстік Қазақстан облысындағы оңтүстік аудандарында орташа талшықты мақта егіледі. Қазіргі уақытта отандық мақта-мата өндіріс үшін жергілікті мақтадан көрші мемлекеттерден мақта шикізаты сатып алынады.
Мақтаның сапасын жақсарту, яғни ұзындығын, беріктігін, ауруға қарсы тұру қабілетін көтеру және өнімділігін көбейтуге селекциялық және агротехникалық жұмыстар жүргізу арқылы қол жеткізуге болады. Мысалы, орташа талшықты мақта өсімдіктер типтері (Таш) және жіңішке талшықты мақта (9732-И, Ашхабад-2) өте жо,ары өнім беретіндігімен қатар қысқа мерзімде жетіледі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   98




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет