Санитариялық-эпидемияға қарсы режим. Стерилизация: түрлері, тәсілдері.
Санитарлық эпидемияға қарсы режим дегеніміз емдеу бөлімшелеріндегі жұқпалы аурулардың таралуын алдын алуға бағытталған эпидемияға қарсы режим. Оған асептика, құрал жабдықтарды залалсыздандыру және антисептика талаптарын сақтау жатады. Асептика науқастың ағзасына микроорганизмдердің түсуін алдын алуға бағытталса, антисептика науқастың денесіне немесе жарасына микроорганизмнің түскеннен кейінгі, оларды жоюға бағытталады.
Антисептиканың профилактикалық және емдік түрлері ажыратылады. Емдік антисептиканың химиялық, биологиялық, физикалық, аралас, механикалық әдістері ажыратылады.
Химиялық антисептикада микроорганизмдерді әр түрлі дәрілік заттарды қолдану арқылы жояды, ондай дәрілік заттарға этил спирті, сутек асқын тотығы, калий перманганаты, фурациллин ерітінділері және т.б жатады. Ал биологиялық антисептикада антибиотиктерді, вакциналарды, сарысуларды қолданады. Физикалық антисептика дегеніміз жарада немесе ағзада микроорганизмдердің тіршілік етуіне қолайсыз жағдай тудыру үшін кварцтау арқылы жарадғы іріңді немесе сұйықтықты сыртқа шығару болып табылады. Механикалық антисептика жараны көп мөлшерде сұйықтықтармен жуып, тазалау арқылы жүзеге асады. Ал аралас антисептика дегеніміз антисептиканың бірнеше түрін бір мезгілде қолдану арқылы жүзеге асады.
Стерилизация дегеніміз физикалық және химиялық препараттарды пайдалану арқылы микроорганиздерді немесе олардың спораларын жою мақсатында қолданылатын іс шаралар жиынтығы. Стерилизация тері және сілемейлі қабаттармен, жаралардың бетімен жанасатын, қанмен немесе биологиялық сұйықтықтармен байланысатын барлық медициналық құрал жабдықтарда жүргізіледі.
Стерилизацияның термиялық, химиялық және радиациялық түрлері ажыратылады. Термиялық стеилизацияға автоклав, ыстық ауалы шкаф және гласперленді әдіс жатады. Ал химиялық стерилизацияға газ әдісі және химиялық қосылыстарды қолдану арқылы жүзеге асады. Клиникада ең көп қолданылатын стерилизацияға бу, ауа және химиялық әдістер жатады.
Бу әдісі арқылы тоттануға төзімді металдарды, әйнектен жасалған құрылғыларды резеңкеден және пластмассадан жасалған материалдарды және латекстерді залалсыздандыруға болады. Бұл әдісте судың температурасын жоғарылату үшін автоклав қолданылады. Автоклавтағы будың температурасы қысымға байланысты.
Ауалы әдіс ыстық ауалы шкафта 120 градус цельсиде 45 мин жүргізіледі. Бұл әдіс арқылы тоттануға төзімсіз металдардан жасалқан құрылғыларды, силиконнан жасалған материалдарды залалсыздандырады. Химиялық стерилизация кезінде көбінесе этим спирті, сутекасқын тотығы және хлоргексидин ерітінділері қолданылады. Бұл термиялық тұрақсыз материалдарды стерилизациялауда қолданылады. Газды стерилизация кезінде этилен тотығын, формальдегидті, озонды пайдалану арқылы термиялық тұрақсыз материалдарды залалсыздандырады. Ал гласперленді әдіс арқылы стоматологиялық бөлімшелердегі құрал саймандарды залалсыздандырады.