1. Кіріспе. Дәрігер бейнесі-дәрігер мамандығының адамгершілік принциптері. Кәсіби этика және деонтология


Пациент үшін қауіпсіз орта. Медициналық қызметкердің жұмыс орнындағы қауіпсіздігі (кәсіби қауіпсіздік). Биомеханика және эргономика



бет4/23
Дата04.11.2023
өлшемі54,12 Kb.
#121812
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   23
Байланысты:
Мейіргер ісі дифка

4. Пациент үшін қауіпсіз орта. Медициналық қызметкердің жұмыс орнындағы қауіпсіздігі (кәсіби қауіпсіздік). Биомеханика және эргономика.
Кейбір жағдайларда медициналық қызметкерлер өзінің міндетін орындау барысында, яғни науқастарды бір орыннан екіншісіне тасымалдауда немесе ауыр заттарды көтеруде өздерінің денсаулығына зиян келтіріп, тірек қимыл жүйесіне зақым келтіруі мүмкін. Сол себепті медициналық қызметкерлер биомеханика ережелерін сақтау керек. Биомеханика дегеніміз тірек қимыл жүйесін тепе теңдікте ұстауды үйрететін медициналық эргономиканың бір бөлігі. Жалпы биомеханиканың медициналық қызметкерлерге аранлған ережелері мынандай:

  1. Ауыр күш түскендер тепе теңдік тұрақты болу үшін өкшелердің арасы 30 см кем болмау керек.

  2. Медициналық қызметкерлердің омыртқа жотасы зақымданбас үшін, әрдайым денесін тік ұстап жүру керек.

  3. Отырған кезде жауырын әрдайым орындықтың артына тиіп тұру керек және бел аймағына матадан жасалған жастықша қою керек және орындықта отырғанда аяқ жерге тиіп тұру керек, егер тимесе аяқтың астына кішкентай табуретка қоя керек.

  4. Тұрған кезде атқаны тік ұстап, кеудені немесе басты төмен түсірмеу керек.

  5. Жатқан кезде тегіс әрі жартылай жұмсақ төсекке жату керек. Сонымен қатар артпен қатқан кезде бел аймағына және бір қырымен жатқанда тізе араларына оралған сүлгі немесе жастықшалар қою керек.

  6. Ауыр заттарды иықтан көтеруге, еңгейюге және бұрылуға болмайды.

Осы ережелерді сақтаған медициналық қызметкерлердің денсаулығы жақсы болады.
Медициналық қызметкерлердің және науқастардың қауіпсіздігін сақтау, сонымен қатар медициналық қызметкерлердің жұмысын жеңілдету мақсатында құрал жабдықтарды пайлану эркономика деп аталады. Эргономикалық құралдарға науқастарды көтеруге, өздігінен жүре алмайтын науқастарға және науқастардың қауіпсіздігін жақсартуға арналған құралдар жатады. Мысалыға науқастың төсектегі қалпын өзгерту кезінде шектен тыс ауырлықтың түсуінен қорғайтын екі жақты сырғанағыш жаймалар, жедел жәрдем кезінде аурыр салмақтағы науқастарды тасымалдауға арналға зеңбілдері және науқасты төсегінен көтеріп керекті жерге тасымалдауға мүмкіндік беретін гамактар, физикалық мүмкіндігі шектеулі науқастардың өз бетінше қозғалуына мүмкіндік беретін арбаларды жатқызуға болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   23




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет