1. Кіріспе. Дәрігер бейнесі-дәрігер мамандығының адамгершілік принциптері. Кәсіби этика және деонтология


Медициналық ұйымдағы инфекциялық қауіпсіздік және инфекциялық бақылау



бет5/23
Дата04.11.2023
өлшемі54,12 Kb.
#121812
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   23
Байланысты:
Мейіргер ісі дифка

5. Медициналық ұйымдағы инфекциялық қауіпсіздік және инфекциялық бақылау.
Инфекциялық қауіпсіздік- аурухана ішінде жұқпалы аурудың таралмауын қамтамасыз етуге бағытталған санитарлық -профилактикалық және эпидемияға қарсы іс-шаралар
Инфекциялық бақылау дегеніміз - эпидемиологиялық диагностика нәтижелеріне негізделген денсаулық сақтау мекемелерінде инфекциялық аурулардың пайда болуы мен таралуын болдырмауға бағытталған ұйымдастырушылық, профилактикалық және эпидемияға қарсы шаралар жүйесі.
Аурухана ішілік инфекция бұл -аурудың белгілері ауруханада болған кезде немесе одан кейін болған жағдайға қарамастан сол мекемедегі қызметшілер немесе тағы басқа науқастарды зақымдайтын жұқпалы арулардың жиынтығы.бұл ең көп таралған патология түрі болып саналады.
АІИ таралуы бойынша екіге бөліп қарастырамыз.
• Экзогендік, – инфекцияның көзі ағзаға сырттан енген түрін айтамыз;
Эндогендік, – инфекциялық ағзада басынан бастап ағзада болғанын айтамыз;
АІИ пайда болуы үшін қоздырғыштар ,қоздырғыштардың беріліс әдісі ,инфекция қабылдайтын адам ағзасын негіз бола алады. Ол аэрозольдық, ауа – тамшылары, тамақтармен жұғуы мүмкін.
Оның пайда болу себебі:антибиотиктерді жүйесіз қолдану,асептика және антисептика ережелерін дұрыс сақтамау,станционарға ерте жастағы балалар мен қарт кісілердің жиі түсуі және ол жақта санитарлық –гигиеналық тәртіптің бұзылуы.
АІИ алдын алу профилактикалары
• бір рет қолданылатын құралдарды қолдану
• стоматологиялық орындардың жұмысын бақылау
• қан құю станцияларында жаңа жоғары сезімтал диагностика әдістерін енгізу
• эндоскопиялық бөлімшілердің жұмысын қатаң бақылауға алу
• плазма мен қанның басқа компоненттерін тек ең керекті жағдайда ғана құю
• хирургиялық практикаға аз травмалық техникаларды енгізу
Ауруханалардағы инфекциялық қауіпсіздік ең алдымен санитарлық-эпидемиологиялық режимнің сақталуын білдіреді
Медициналық ұйымдардағы инфекциялық қауіпсіздік тұжырымдамасы екі аспектіде қарастырылады: оларды жою, әлсірету немесе олардың туындаған салдарын жою мақсатында және ауруханалар мен емханалардың пациенттері мен қызметкерлері арасында қауіпті жұқпалы аурулардың таралуын болдырмауға бағытталған профилактикалық шаралар. АІИ алдын алу үшін уақытылы дезинфекция жүргізіп отыру керек,яғни адамды қоршаған ортада жұқпалы аурулардың қоздырғыштарын жоюымыз қажет
АІИ ауруларының деңгейін төмендету профилактикасына: бақылау кезінде АІИ анықтау және тіркеу ,әртүрлі типті стационарларда қауіпті топтарды және қауіпті факторларды анықтау ,АІИ ауруларының эпидемиологиялық анализін жүргізу жатады. Аурухана қызметкерлері ауыстырып тұратын халаттар, ауыстырып тұатын аяқ-киімдер , күнделікті санитарлық киімдерді ауыстыруды қамтамасыз ететін мөлшерде болуы тиіс. Бұлар жеке кішкене шкафтарда сақталады. Жәнеде ол киімдер ластанған кезде шұғыл арада ауыстыруға арналған киім жиынтығы болуы тиіс.
Қалпақ кигенде ешқандай шаш шығып тұруға болмайды.Әрбір дәрігер немесе мейіргер пациенттерді қарау алдын жәнеде бөлмені жинаса,төсек ауыстырса әжетханаға барса және т.б процедуралар орындап болған соң қолын 2 рет жууы керек!


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   23




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет