3. Емдеу-алдын алу мекемелерінің типтері және оларда медициналық қызметкерлердің жұмысын ұйымдастыру. Қабылдау бөлімі Емдеу алдын алу мекемелерінің бірнеше түрлері бар, оларға амбулаториялық емханалар, стационарлық орталықтар, диспансерлер, дәрігерлік санитарлық бөлімшелер, жедел медициналық көмек көрсету орталықтары және шипажайлар жатады.
Емханаларда әртүрлі диагностикалық кабинеттер бар және онда лабораториялық, рентгенологиялық, ультрадыбыстық тексерулер жүргізіледі. Сонымен қатар мұнда инъекциялар жүргізу үшін процедуралық бөлмелер және науқастың қан қысымын, дене температурасын өлшеу және антропометрия жүргізетін медбикелердің кабинеттері бар. Ал амбулатория дегеніміз ауруханадан тыс науқастарға емдік шараларды көрсеттетін емдік мекемек.
Станционарлық орталықтар дегеніміз төсек тартып жатқан науқастарға арналған емдеу сауықтыру мекемесі. Бұл мекеменің негізгі қызметі ауруларды диагностикалау, емдеу, алдын алу, медициналық қызметкерлерді дайындау және тағыда басқалары. Олар қабылдау, емдеу бөлімшелерінен тұрады.
Дәрігерлік санитарлық бөлімшелер медициналық қызметкерлердің денсаулығына зиян келтіретін факторларды анықтап, оларды жою мақсатында жұмыс орындарды гигиеналық деңгейдк тазалау болып табылады.
Диспансерлер дегеніміз белгілі бір аурулармен ауыратын науқастарды тіркейтін мекеме болып табылады, ондай ауруларға туберкулез, онкологиялық, наркологиялық ауруларды жатқызуға болады.
Жедел медициналық көмек көрсету орталықтары тәулік бойы жұмыс істейтін, халыққа шұғыл түрде көмек көрсетуге арналған мекеме. Олар алғашқы көмек көрсетіп, науқастарды станционарға жеткізеді.
Шипажайлар белгілі бір созылмалы немесе күрделі аурулардан жазылғаннан кейін, науқастың жағдайын қайта қалпына келтіруге арналған мекемелер. Олар негізінен табиғады жайлы, емдік сулары бар жерлерде орнатылады.
Аурухананың ең маңызды бөлігі қабылдау бөлімі. Қабылдау бөлімінің негізгі қызметтеріне ең алдымен науқастарды қабылдау, тіркеу. Содан соң науқастарды қарап, тексеріп, диагноз қою. Науқасқа антропометриялық диагностика жүргізу арқылы оның жетілуін анықтау. Егер науқас уйден санитарлық- гигиеналық процедураларды жасамай келген жағдайда , санитарлық- гигиеналық процедураларды жасау. Одан кейін емделушіні арнайы бөлімшелерге тасымалдау жатады.
Қабылдау бөліміне пациенттер әртүрлі жағдайларда келуі мүмкін, мысалы: жедел жәрдеммен, дәрігер жолдамасымен, емдеу орталықтарынан ауысып келуі, өзі келеді және т.б. Қабылдау бөлімінің құрылысы: күті залы- бұл пациенттерді алып келген адамдарды отырғызу үшін, мейірбеке бөлмесі- пациенттерді қабылдап, құжат толтыру үшін қажет,изолятор бөлмесі- егерде пациентте инфекциялық аурумен ауыруы мүмкін болса осы бөлмеген жатқызылады, санитарлық тазалау бөлмесі , рентген бөлмесі, зертхана, әжетхана бар. Қабылдау бөлімінде тұрған медициналық қызметкердің міндеті: бөлмелерді қажетті заттармен қамтамасыз ету, науқастың жолдамасымен танысып, дәрігерге алып бару, медициналық аспаптарды залалсыздандыру, дәрігерге дейінгі көмекті көрсету және т.б
Әрбір ауруханаға түскен пациентердің мейірбеке дене қызуын, теріні, жұқпалы аурулардың бар жоғын тексеріп шығу керек.Тексеріп болған соң мейірбеке қолын залалсыздандыру керек.Егер пациент ауруханаға есін білмей түссе, онда оны алып келген адамнан ақпаратттарды алады. Науқастарды санитарлық –гигеналық өндеуден өткізгеннен кейін міндетті түрде қолданған құралдарды залалсыздандыру керек. Осы қабылдау бөліміндегі мейірбикелердің жұмысын бас мейірбикелел ұйымдастырып, күнтізбе жоспарын құрастырады.
Қабылдау бөлімдерінің екі түрі болады, олар орталықтандырылған және орталықтандырылмаған. Орталықтандырылған қабылдау бөлімінде бүкіл аурухана бөлімшелері үшін бір ғана қабылдау бөлімі болады. Ал орталықтандырылмаған қабылдау бөлімі бөлек орналасады, яғни әр бөлімшенің өз қабылдау бөлмесі болады. Ауыр халдегі науқастарға ыңғайлы болу үшін, қабылдау бөлімшесі бірінші қабатта орналасуы тиіс.