1. Кіріспе. Дәрігер бейнесі-дәрігер мамандығының адамгершілік принциптері. Кәсіби этика және деонтология


Науқастың функционалдық жағдайын бағалау. Температураны өлшеу



бет9/23
Дата04.11.2023
өлшемі54,12 Kb.
#121812
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   23
Байланысты:
Мейіргер ісі дифка

11.Науқастың функционалдық жағдайын бағалау. Температураны өлшеу.
Қалыпты жағдайда адамның дене температурасы 36,5-36,9°С ды құрайды. Организдегі күні бойы болатын қышқылдық процестерге байланысты адамның таңертегі және кешкі температуралары өзгеріп отырады. Дене температурасын өлшеу мейірбикенің негізгі міндеттерінің бірі болып табылады. Дене температурасы термометр арқылы өлшенеді. Дене температурасының көтерілуі қызба деп аталады. Қызбаның дамуы үш кзеңнен тұрады:
Бірінші кезеңде жылу беруден жылу жасау басым болады. Бұл кезде дене температурасы көтерілсе де тері қаз мұздай болады. Мұндай кезде пациенттің басы ауырып, сүйектері сырқырап, көпке дейын жылына алмайды. Бұл кезде науқасты жылы төсекке жатқызып, аяқтарына жылытқыш салып, ыстық таңқурай қосылған шай берген жөн.
Екінші кезеңінде керісінше жылу жасау, жылу беруден басым болады, ол бірнеше сағаттан бірнеше күндерге созылуы мүмкін. Мұндай кезде науқастың денесі қатты қызып, сүйектері сырқырап, аузы құрғап, сандырақтап, есінен тануы мүмкін. Бұл кезде қалың көрпенің орнына науқасқа жеңілдеу жамылғыш беріп, көп мөлшерде су ішуін қадағалау керек. Сонымен қатар мұндай пациенттерді жиі бақылап тұру қажет, себебі олар сандырақтап өзіне зиян келтіретін іс әрекеттер жасауы мүмкін.
Үшінші кезеңі дене температурасының түсуімен сипатталады. Дене температурасының түсуінің екі түрі бар лизистік және кризистік. Лизистик түсу кезінде температура біртіндеп, бірнеше күннің ішінде түседі, ал кризисттік түсу кезінде температура бірден бірнеше сағат ішінде жоғарыдан қалыпты жағдайға түседі. Мұндай кезде науқастың терісі бозғылттанып, еріні көгеріп, қатты терлеп, әлсіздік сезінеді. Бұл кезде екінші кезеңдегідей күтім жасап, дәрігерге хабарлау керек.
Дене температурасының тәуліктік өзгеруіне қарай:

  • Тұрақты, яғни температураның бір тәулікте 1°С ке өзгеруі;

  • Ұстамалы температура кезінде дене температурасы бірнеше сағатта жоғарылап, төмендеуі мүмкін. Безгек ауруы кезінде жиі байқалады.

  • Босаңситын қызба бір тәулікте жоғары температураның бір екі градусқа өзгеруімен сипатталады, мұндай қызба туберкулез мен плевлит кезінде байқалады.

  • Келбетсіз қызба тәуліктік температураның бей берекетсіз өзгеруімен сипатталады, ол кішкентай балаларда және қарт адамдарда жиі кездеседі.

Жалпы дене температурасын қолтық асты, ауыз қуысы, тік ішек және қынап арқылы өлшеуге болады. Ауруханаларда науқастың дене температурасы таңертең кешке екі рет немесе қажет жағдайда жиі өлшенеді. Ол үшін термометр, сүлгі, тепература парағы, залалсыздандырылған ерітінді қажет. Ең алдымен науқаспен танысып, процедураның мақсаты мен барысын түсіндіреміз. Содан соң термометрдің сынап көрсеткішін сілку арқылы 35°С түсіреміз. Одан соң науқасты ыңғайлы етіп отырғызып немесе жатқызып, қолтық астында ешқайндай жара жоғына көзімізді жеткізіп, құрғақ сүлгімен сүртеміз. Термометрді қолтық астына қойып, әлсіз науқас болған жағдайда термометрді қысып ұстауға көмектесеміз. Он минуттан кейін дене температурасы анықталады, науқасқа нәтижені айтамыз. Термометрді алып залалсыздандырамыз, содан соң алған нәтижені температура парағына график түрінде түсіреміз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   23




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет