Науқастың жағдайын тексерген кезде науқастың жалпы жағдайын, санасын және терісі мен шырышты қабатына назар аудару керек. Науқастың жағдайы пассивті, активті және мәжбүрлі болып бөдінеді. Активті жағдай кезінде науқас ешкімнің көмегінсіз өздігінен отырып тұрып, қозғала алады. Ал пассивті жағдай кезінде науқас өздігінен қозғала алмайды, мұндай кезде науқасқа медициналық қызметкерлер көмектеседі. Мәжбүрлі қалып науқастың ауруын жеңілдету мақсатында қолданады. Оның бірнеше түрлері кездеседі, олар малсыздан бір бүйірінен жатып қалу және амалсыздан ішімен жату.
Науқастың ес жағдайының бірнеше түрі бар, олар анық ес, ступор, кома және сопор. Ступор кезінде пациент сыртқы ортаға дұрыс бағдар жасамай, сұрақтарға кешігіп әрі мағынасыз жауап береді. Сопор кезінде науқас терең паталогиялық ұйқыға кетеді, бірақ тұрғызса оянып сұрақтарға жауап беріп қайта ұйқыға кетеді. Ал кома кезінде науқас орталық жүйке жүйесінің зақымдануы салдарынан есі толық жоғалады. Комада жатқан науқастардың бұлшықеттері босаңсып, ешқайндай тітіркендіргіштерге жауап бермейді.
Тері жабынын тексеру арқылы тері пигментациясын, оның құрғақтануын жіне қабыршақтануын, тыртықтадың, ойықжараларды анықтауға болады. Терінің бозғылттануы созылмалы және жіті қан кету кезінде және анемия, естен тану кезінде пайда болуы мүмкін, оның екі түрі бар, уақытша және тұрақты. Ал терінің капилярларының кеңейюінен немесе толуынан тері қвзаруы пайда болады. Цианоз кезінде қандағы көмір қышқыл газының көбеюінен тері көгере бастайды. Ол жалпы және жергілікті цианоз болып бөлінеді. Жеке цианоз белгілі бір аймақтарда қан тамырлардың қысылу әсерінен пайда болады. Ал жалпы цианоз жүрек өкпе аурулары кезінде және уланғанда пайда болады. Терінің сарғаюы болса өт пигменттерінің теріде немесе шырышты қабаттарда жиналуы әсерінен пайда болады. Оның түсі ашық сарыдан жасыл түске дейін өзгеріп кетуі мүмкін.
10.Науқастың функционалдық жағдайын бағалау - ісіну, су балансын анықтау. Ісіну дененің немесе ағзаның жасушаларының ұлпалық кеңістіктерінде сұйықтықтың жиналуы әсерінен пайда болады. Оның орналасуына байланысты жергілікті және жалпы болып бөлінеді. Жергілікті ісіну дененің немесе органның белгілі бір аймағымен шектеледі. Ол тамырдың қысылуынан, дәрілік заттарға, түрлі тағамдарға аллергиялық реакция нәтижесінде және жәндіктердің шағуынан пайда болуы мүмкін. Ал жалпы ісіну жүрек, бүйрек ауруы салдарынан және тамақтанудың бұзылуынан болады. Жүрек ауруы кезінде ісінулер жүріп келгенде аяқта, жатқанда белде пайда болады. Ісінуді су балансын тексеру арқылы, теріге саусақпен басу арқылы анықтауға болады. Егер ісіну болса оны саусақпен басқанда ойық пайда болады да, белгілі бір уақыт бойы ол қайта қалпына келмейді. Сонымен қатар ісінуді пациентті күнделікті бақылау, салмағын, аяғын өлшеу кезінде де анықтауға болады. Ісіну пайда болған кезде дене салмағы қалыпты жағдайдан жоғары болады.
Су балансы ішілген сұйықтық мөлшерінің және бір тәулікте бөлінген зәр мөлшерінің арасындағы айырмашылық. Су балансын анықтау ісіктерді анықтау және оның өзгерісін бақылау мақсатында жүргізіледі. Ол үшін бізге сыйымдылығы 2-3 л, өлшем сызығы бар шыны ыдыс, температура парағы, зәрді жинау үшін ыдыс қажет. Алдымен науқасқа су ішуге және зәрді жинауға арналған ыдыстарды дайыдаймыз. Содан соң пациентке продедураның мақсатын және іс әрекет алгоритімін түсіндіреміз. Науқастың бір тәулікте ішкен суын есептеп, зәрін өлшемі бар ыдысқты жинай алатынына көзімізді жеткізіп, білмеген жағдайда түсіндіреміз. Пациент таңғы 6:00 де қуығын босатуы керек, себебі ол зәр алдыңғы күннің тәуліктік диурезіне кіріп кетеді. Келесі зәрден бастап бір тәуліктік зәрді өлшемі бар ыдысқа жинайды. Зәрді жинап болған соң, су балансын анықтаймыз. Ол үшін тәулікте ішкен су мен шыққан зәрді салыстырамыз. Су балансы 75-80% -ға тең болуы тиіс, яғни ішілген сұйықтықтың 75-80 % -ы сыртқа шығуы тиіс. Содан соң алынған мәліметті температура парағына жазамыз.