Беталактамды антибиотиктер. Пенициллиндер.Жіктелуі, дозалау режимі, тиімділігін бағалау, қауіпсіздігін бақылау.
Барлық бета – лактамды антибиотиктердің әсер ету мехенизмдері: бактериоцидтік әсер ету механизміне ие, әсер ету нысанасы болып бактериядардың пенициллин байланыстырушы ақұыздары болып табылады,олар бактерия торша қабырғасының негізгі компоненті биополимер пептидогликанның соңғы кезеңіндегі ферменттік ролін атқарады.
Пептидогликан синтезінің тежелуі бактериялардың жойылуына әкеледі (микроб қабырғасындағы синтез компонентін тежейді). Барлық бета-лактамды антибиотиктер суда ериді, көбейетін бактерияларға тек торша сыртынан әсер етеді.
ПЕНИЦИЛЛИНДЕР
Барлық пенициллиндер плацентарлы тосқауыл арқылы өтеді, бірақ тератогенді әсер көрсетпейді.Сүйек тініне, цереброспиналды сүйықтыққа енуі төмен, бірақ қабыну үдерісі орын алғанда енуі жоғарлайды.Зақымдалмаған препараттардың көпшілік бөлігі зәрде көрінеді, негізгі шығарылу жолы шумақтық экскреция арқылы болып табылады.
Табиғи пенициллиндер
Әсер ету спекторы: А,В,С топтарындағы стрептококктар, пневмококктар, теріс кокктар, гонококктар, менингококктар, анаэробты клостридилер,бозғылт спирохета, оба таяқшасы. Табиғи пенициллиндер стафилакокктарға әсер етпейді, себебі олар пенициллинді жоятын бета-лактамаза пенициллиназа ферментін түзеді.
Бензилпенициллин натрий тузы тек парентералды енгізіледі, себебі ақуызбен байланыспайды сондықтан 4 сағ. әсер етеді. Феноксиметилпенициллин пенициллиннен айырмашылығы, ол асқазанда тұз қышқылымен жойылмайды сондықтан энтералды енгізуге болады, бірақ белсенділігі төмен.
Жартылай синтетикалық пенициллиндер
1) Пеницилиназаға турақты пенициллиндер
Бұл препараттардың әсер ету спекторы табиғи пеницилиндерге ұқсас, бірақ антимикробты белсенділігі бойынша басым. Олар стафилакокктардың бета-лактамазаларына түрақты. 5 – 15 % стафилакокктар метициллин және оксациллинге түрақты. Метициллинді қолдануға болмайды, себебі 10 – 20 % науқастарда интерстициалды нефритке әкеледі.Оксациллин метициллинге қарағанда сіңірілуі жақсы. Оксациллинді 1 рет ішке қолданғанда жоғары концентрация пайда болмайды, сондықтан клоксациллин, диклоксациллин немесе флуклоксациллин пероралды тағайындауға болады.
2) Аминопенициллиндер
Ампициллин, амоксициллин, бакампенициллин, пивампенициллин.
Микробқа қарсы әсері кең спекторлы. Табиғи пенициллиндер әсер ететін микробтарға белсенділігі жоғары (энтерококктарға белсенді, бета-лактамазадан түзетін стафилакокктарға белсенді емес). Грам теріс бактерияларға, ішек таяқшасына, протейлерге, салмонелаға, шигеллаға, гемофилді таяқшаға белсенділігі жоғары.
Амоксициллин ампициллинге қарағанда ауыз арқылы жақсы сіңіріледі. Қанда, зәрде, қақырықта концентрациясы жоғары сіңірілуі жақсы
3) Көк таяқшаларға қарсы препараттар. Карбоксипенициллиндер, уреидопенициллиндер.
Әсер ету спекторы кең көк таяқшаларға қоса барлық микрбтарға әсер етеді, бірақ бета-лактамаза әсерінен жойылады.
Көк таяқшаларды жою әсеріне қарағанда келесі ретте орналасқан: азлоциллин-пиперациллин-мезлоциллин-тикарциллин-карбенициллин
Монотерапия ретінде қолдануға болмайды, себебі үйренгіштік тез дамыды.
Недоношенным и новорожденным детям (с массой тела до 3,5 кг) назначают в/м или в/в 30 000–100 000 ЕД/кг в сутки,
высшая суточная доза для в/в введения — 200 000–500 000 ЕД/кг. Детям до 1 года (масса тела до 10 кг) обычно назначают в/м или в/в в дозе 30 000–100 000 ЕД/кг в сутки, высшая доза для в/в введения — 500 000–1 000 000 ЕД/кг в сутки.
Детям в возрасте от 1 года до 12 лет (масса тела 10–40 кг) назначают в/м или в/в в дозе 30 000–100 000 ЕД/кг в сутки, высшая доза для в/в введения — 100 000–500 000 ЕД/кг в сутки
Қорытындылай келе, пенициллиндер бактерицидтік әсері бар табиғи және жартылай синтетикалық антибиотиктердің үлкен тобы екенін атап өткен жөн. Бактерияға қарсы әрекет жасуша қабырғасының пептидогликан синтезінің бұзылуымен байланысты. Бұл әсер бактериялардың жасуша қабырғасының ішкі мембранасында орналасқан және оның синтезінің кеш кезеңдеріне қатысатын пенициллинді байланыстыратын ақуыздардың бірі — транспептидаза ферментінің инактивациясына байланысты. Пенициллиндер арасындағы айырмашылықтар олардың әсер ету спектрінің ерекшеліктеріне, фармакокинетикалық қасиеттеріне және жағымсыз әсерлер спектріне байланысты.
Жүктілік кезінде қолдану. Пенициллиндер плацента арқылы өтіп, емшек сүтіне енеді. Адамдарда қауіпсіздікке қатысты тиісті және қатаң бақыланатын зерттеулер жүргізілмегенімен, пенициллиндер, соның ішінде ингибиторларға төзімді, жүкті әйелдерде кеңінен қолданылады, асқынулар тіркелмеген. Жүктілік кезінде пенициллиндерді тағайындау кезінде (кез-келген басқа дәрі-дәрмектер сияқты) жүктілік мерзімін ескеру қажет. Терапия процесінде ана мен ұрықтың жағдайын қатаң бақылау қажет. Емшекпен емізу кезінде қолдану. Пенициллиндер емшек сүтіне енеді. Адамда айтарлықтай асқынулар тіркелмегенімен, емізетін аналардың пенициллиндерді қолдануы баланың сенсибилизациясына, ішек микрофлорасының өзгеруіне, диареяға, кандидоздың дамуына және нәрестелерде тері бөртпелерінің пайда болуына әкелуі мүмкін. Педиатрия. Балаларда пенициллиндерді қолданған кезде нақты педиатриялық проблемалар тіркелмеген, бірақ жаңа туған нәрестелер мен жас балаларда бүйректің жеткіліксіз дамыған қызметі пенициллиндердің жинақталуына әкелуі мүмкін екенін есте ұстаған жөн (осыған байланысты ұстамалардың дамуымен нейротоксикалық әсер ету қаупі жоғарылайды).
Пенициллиндерді сәтті қолданудың бірнеше ондаған жылдарында оларды дұрыс қолданбауға байланысты мәселелер туындады. Сонымен, бактериялық инфекция қаупі бар пенициллиндердің профилактикалық тағайындалуы көбінесе негізсіз. Дұрыс емес емдеу режимі-дозаны дұрыс таңдамау (тым жоғары немесе тым төмен) және енгізу жиілігі жанама әсерлердің дамуына, тиімділіктің төмендеуіне және дәріге төзімділіктің дамуына әкелуі мүмкін.
Достарыңызбен бөлісу: |