1. Клиникалық фармакология пәні. Міндеті, бөлімдері. Клиникалық фармакокинетика. Балалардағы ерекшелікері


Макролидтер. Жіктелуі. Балаларға тағайындаудың ерекшелігі, дозалау режимі, тиімділігін бағалау, қауіпсіздігін бақылау



бет18/26
Дата11.04.2023
өлшемі1,91 Mb.
#81661
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   26
Байланысты:
фарма 2

27. Макролидтер. Жіктелуі. Балаларға тағайындаудың ерекшелігі, дозалау режимі, тиімділігін бағалау, қауіпсіздігін бақылау.


Макролидтер – күрделі химиялық құрылымы бар препараттар, бактериостатикалық әсерге ие және микробтардың кең спектріне әсер етеді. Макролидтер қауіпсіз антибактериальды препараттар тобы болып саналады, тіпті жүкті әйелдерге де қолдануға болады.




Макролидтерді шала туылған балаларға тағайындауға болмайды, жаңа туған балаларға бауыр функциясын қадағалап отырып тағайындау керек.




28. Аминогликозидтер. Жіктелуі.Балаларға тағайындаудың ерекшелігі, дозалау режимі, тиімділігін бағалау, қауіпсіздігін бақылау.


Аминогликозидтер - олигосахаридті сипаттағы антибиотиктер. Әсер ету спектрі кең.
Жіктелуі: 3 ұрпаққа жіктеледі: 1 ұрпақ- Стрептомицин,Неомицин,Канамицин. 2 ұрпақ- Гентамицин,Тобрамицин, 3 ұрпақ- Амикацин,Сизомицин. Сонымен қатар, құрамында аминогликозиді бар, сыртқа қолданылатын препараттар: 1.Тридерм(бетаметазон+клотримазол+гентамицин)
2.Целестодерм( бетаметазон+гентамицин)
3.Флуцинар(флюоцилон ацетаты+неомицин).
Жалпы фармакологиялық әсері:
1.бетта лактамдармен салыстырғанда күшті және жылдам бактерицидтік әсерге ие. 2.Аллергиялық реакциялар сирек кездеседі. 3.Өте улы, әсіресе резорбтивті әсер еткенде. 4. Клиникалық маңызы- грам “-“ аэробтар туындататын-көкірің таяқшасы және туберкулез микобактериясын яғни нозокомиальды инфекцияларды емдеу.
Балаларға тағайындаудың ерекшелігі: Балалардағы фармакокинетикасының ерекшелігін ескере отырып: Асқазан ішек жолдарында жақсы сіңірілмейді,бұлшықет ішіне енгізу кезінде ағзаларға тез таралуы арқылы жақсы сіңіріледі. Баланың алғашқы жылында өмірлік көрсеткіштеріне байланысты парентеральды енгізілуі мүмкін. Бетта лактамдармен салыстырғанда тіндік барьер, бронхиальды секрет және өт арқылы нашар өтеді. Аминогликозидтер плацента арқылы өтіп, балаға нефротоксикалық әсер көрсетеді. Анасы жүктілік уақытында стрептомицин,тобрамицин сияқты АГ қолданса, құрсақтағы нәрестеде екіжақты қайтымсыз кереңдік даму қаупі жоғары. Жаңа туылған нәрестелердің цереброспинальды сұйықтығында
ересектерге қарағанда концентрациясы жоғары болады. АГ бауырда метоболизмге ұшырамайды, несеп арқылы өзгеріссіз шығарылады. Бүйрек функциясы қалыпты ересектердегі жартылай шығарылу кезеңі 2-4 сағ, жаңа туған нәрестелерде-5-8 сағ, балаларда 2-4 сағат. Шала туылған нәрестелер мен жаңа туған нәрестелерде АГ қолдану кезінде сақ болу керек. Бүйрек функциясының төмендеуі нәтижесінде АГ жартылай шығарылу кезеңі ұзағырақ болады, бұл АГ-ның жиналуына және уытты әсеріне әкелуі мүмкін. Бүйрек жетіспеушілігі кезінде аг-ң жартылай шығарылу уақыты 70 сағатқа дейін ұзаруы мүмкін. Сонымен қатар ототоксикалық,нефротоксикалық және нерв,бұлшықеттерге курарэ тәрізді жанама әсері бар екендігін ескерген жөн. Гипокалиемия,дегидратация,көктамыр ішіне жылдам енгізу жағымсыз әсер туғызады. Аминогликозидтерді бетта лактамды антибиотиктермен және гепаринмен бір шприцта араластыруға болмайды.
Стрептомицин өте жоғары ототоксикалық әсерге ие. АГ ішіндегі нефротоксикалық әсері бар препараттардың бірі. Қолданылуы: туберкулез, жасыл түсті стрептококк,энтерококк туғызған септикалық эндокардит, бруцеллёз,туляремия, оба.
Детям: в/м в возрасте до 3 мес - в дозе из расчета 10 мг/кг/сут, в возрасте от 3 до 6 мес - 15 мг/кг/сут, от 6 мес до 2 лет - 20 мг/кг/сут, для детей до 13 лет и подростков - 15-20 мг/кг/сут, но не более 500 мг/сут - для детей до 13 лет и 1 г/сут - для подростков.
Канамицин- токсикалық әсері аз. АГ ның 2-3 ұрпағына қарағанда туберкулез микобактериясына жақсы әсер етеді. Бұлшық етке, көктамыр арқылы енгізіледі. При туберкулезе — в/м, взрослым — по 1 г 1 раз в сутки, детям — по 15 мг/кг/сут.
Гентамицин-аг 2 ұрпағының негізгі препараты. Детям в возрасте до 3 лет гентамицина сульфат назначают исключительно по жизненным показаниям (при тяжелых инфекциях).
Суточные дозы составляют: новорожденным и детям грудного возраста – 2 – 5 мг/кг, детям в возрасте от 1 года до 5 лет – 1,5 – 3 мг/кг, 6 – 14 лет – 3 мг/кг. Максимальная суточная доза для детей всех возрастных групп составляет 5 мг/кг. Препарат вводят 2 – 3 раза в сутки.
Қауісіздігін бағалау: АГ-тер дәрілік терапевтикалық мониторинг жүргізуді талап ететін препараттар қатарына жатады. Нефротоксикалық әсерін клиникалық және лабораториялық көрсеткіштеріне қарап бағалайды.
*Диурездың көбеюі немесе азаюы, зәр шығару жиілеуі.
* Плазмадағы креатинин мочевина концентрациясын бағалау.
*Шумақшалар фильтрациясының жылдамдығын бағалау.
Ототоксикалық және вестибулотоксикалық әсерін клиникалық көрінуіне байланысты бағалайды: құлақ естуінің төмендеуі, құлақтағы шу,бас айналу. Аудиометрия көмегімен анықтау.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   26




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет