Сөздердің шындық болмысқа қатысына қарай 2 топқа бөлінеді. 1)Тура (номинативті) мағына 2)Жанама (ауыспалы) мағына Заттар мен құбылыстардың сөз тұлғасында тікелей бейнелейтін лексикалық мағынасы тура мағына деп аталады. Сөздің затты яки құбылысты жанама жолмен ұқсастығы,іргелестігі,шектестігі негізіндеатап білдіретін мағынасы ауыспалы мағына деп аталады. Сөздердің шығу тегіне қарай 2 топқа бөлінеді. 1)Бастапқы негізгі мағына 2)Туынды мағына Мысалы,көне түркі тілінде айуг,азуг-«азу тіс»деген мағына береді.Сонда аю деген атаудың «азулы аң»деген сөз тіркесінен шыққандығы байқалады.Пайда болу себебі белгісіз бастапқы мағыналардың барлығы негізгі мағыналар деп аталады.Кез келген сөздің бастапқы мағынасын негізгі мағына деп түсінеміз. Туынды мағынада басқа бір мағынаның әсері,қатысы бар екендігі сезіліп тұрады.Мысалы етістіктің ек түбірі «тұқым себу,»өсімдік өсіру»сияқты мағыналар береді.Одан пайда болған егіс сөзі «ауыл шаруашылық дақылдарын егу,себу»деген мағынада жұмсалса,егін сөзі «дәнді дақылдардың өсіп шыққан,пісіп тұрған күйі»деген мағына береді.Туынды мағына бірыңғай бастапқы мағынадан пайда болмайды,туынды мағыналардан да жасала береді. Сөздердің тіркесу қабілетіне қарай 2 топқа бөлінеді: 1)Еркін мағына Номинативті мағыналы сөздердің өзара тіркесімділігі кең болған жағдайда туатын мағынасы еркін мағына деп аталады 2)Байлаулы (еркін емес)мағына Сөздердің фразеологиялық тіркестерде ғана анықталатын лексикалық мағынасы фразеологиялық байлаулы мағына деп аталады. Ата,қасқа,қысыр,тас,су,шырт,оймақ сөздері сөзбен тіркескенде тура да,ауыспалы мағынада да қолданылады. Сөздің сөйлемде өзіне дағдылы емес қызмет атқаруынан туатын ауыс мағынасын синтаксистік шартты мағына деп аталады. Мысалы «Хан емессің,қасқырсың Қас албасты,басқырсың» деген өлең жолдарында «қасқыр» сөзін «озбыр,зұлым,жауыз» мағынасымен жұмсаған.