1. Лексикология пәнінің зерттеу нысаны, мақсаты мен міндеті тіл білімінің өзге салаларымен байланысын көрсетіңіз


Синонимдердің белгілі бір контексте - сөз тіркестерінде,сөйлемдерде ашылатын мағыналарын қолданыстық реңктер деп атайды



бет53/86
Дата01.02.2023
өлшемі189,29 Kb.
#64396
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   86
Байланысты:
лексикология

Синонимдердің белгілі бір контексте - сөз тіркестерінде,сөйлемдерде ашылатын мағыналарын қолданыстық реңктер деп атайды;
37. Жалған омонимдер мен лексикалық омонимдерге мысал келтіріңіз.
Қазақ тілінде омонимдерге ұқсайтын,бірақ одан табиғаты мүлде бөлек құбылыстар ұшырасады.Солардың бірі – омофондар.Бірдей айтылып,әртүрлі ұғымды білдіргенімен,түрліше жжазылатын сөздерді омофондар дейміз.
Мысалы: «Құла» аттың түсі. Сондықтан құла ат болып жазылады. «Құлат» болып айтылады.Ал «құлат» сөзі біреуді құлату деген мағынада тұр. Сондықтан осы «құла ат» пен «құлат» сөздері омофондық қатар түзіп тұр.
«Болады» сөзі,етістік мағынасында. «Болат» қатты,асыл тас мағынасында. Бқл сөздер де омофондық қатар түзеді;
«Асшы» - «Ашшы»; «Сары ала» - «Сарала»
Жалған омонимдердің тағы бір түрі – омографтар; Бірдей жазылып,әртүрлі ұғымды білдәргенімен,түрліше айтылатын сөздер;
Мысалы: «Үйдің бір бөлегі» бөлме деген мағынада.Бұл сөз бөл етістігінің болымсыз түрімен бірдей жазылып,омофграфтық қатар түзеді.(бөлме)
Сол сияқты зат есім «алма», «ал» етістігінің болымсыз түрімен омографтық қатар түзеді;Дәл сол сияқты кеспе,керме,кірме,күйме,жаппа,қақпа,бөспе,қойма түйме сияқты есім сөздер мен етісдіктің болымсыз түрімен омографтық қатар түзеді екен.
Лексикалық омонимдер: Омонимдер бірыңғай бір сөз табынан да,әртүрлі сөз табынан да жасала береді.Омонимдік қатардың сыңарлары бірыңғай бір сөз табына қатысты болса,оларға қоымша жалғанып түрленгенімен,барлық формалары бір бірімен омонимдес болады.
Мысалы: І.Дәрі.зат. Емдеу үшін қолданылатын зат. ІІ.Дәрі. зат. Оқтың ішіндегі тұтандырғыш зат.
І.Саулық.зат. Үш жастан жоғары қоздайтын аналық қой.ІІ.Саулық.зат.Адамның ауырмай,сау болуы,амандық,есендік. Бірінші омонимдік қатар түбір сөздерден,екінші омонимдік қатар,туынды сөздерден жасалған.
І.Кеден.Зат. Шет елге апара жатқан немесе шет елден әкеле жатқан тауарларды тексеретін орын.
ІІ.Кеден.Зат. Ұрыс керіс,қақтығыс,қиындық.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   86




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет