1. Лексикология пәнінің зерттеу нысаны, мақсаты мен міндеті тіл білімінің өзге салаларымен байланысын көрсетіңіз


Сөз және мағына туралы баяндаңыз. Сөз варианттары дегеніміз не?



бет71/86
Дата01.02.2023
өлшемі189,29 Kb.
#64396
1   ...   67   68   69   70   71   72   73   74   ...   86
Байланысты:
лексикология

53. Сөз және мағына туралы баяндаңыз. Сөз варианттары дегеніміз не?
​​Сөз- мағынасы мен түр-тұрпаты жағынан дара қасиетке ие тілдің бүтін бір бөлшегі. Сөздің іші семантикалық байланысы оның мағынасы мен ұғымының арақатынасынан көрінеді. Сөз мағынасы зат, құбылыс, әрекет жайында түсінік, ұғым қалыптасқаннан кейін қалыптасады. Ұғым бар жерде мағына бар. Сөздің жеке қолданылғандағы мағынасы мен грамматикалық қарым-қатынасқа түскендегі мағынасы тең емес. Жеке тұрғанда пайда пайда болатын мағынасын сөздік мағына, қарым-қатынасқа түскенде туындайтын мағынасын тілдік мағына деп бөліп атауға болады.
Белгілі бір дыбыстық қабықпен сөзформамен бірге дербес өмір сүретін біртұтас-ұғымдық, лексикалық-семантикалық, лексикалық-грамматикалық мағыналы сөздік мағына деп түсінеміз. Сөздік мағына өз ішінен екіге бөлінеді: 1) лексикалық мағына; 2) лексика-грамматикалық мағына.
Сөздің өзге сөздермен қарым-қатынасқа, байланысқа түспей, жеке дара тұрғанда тікелей түсінілетін халық таныған логикалық-заттық ұғымы, лексика-семантикалық түсінігі лексикалық мағына деп аталады.
Түбір арқылы берілетін, арнаулы грамматикалық формасы болмайтын, лексикалық мағынамен жарыса қолданылатын, жалпыланған, дерексізденген мағынаны лексика-грамматикалық мағына дейміз.
Тілдік мағына деп тілдік жүйе негізінде қалыптасқан мағына элементтерін түсінеміз. Тілдік мағына өздігінен өмір сүрмейді, сөздерін лексикалық, грамматикалық мағынасымен тығыз байланыста болады. Тілдік жүйе негізінде қалыптасқан мән-мағыналар өз ішінен екіге бөлінеді:1) парадигмалық мағына, 2) синтагмалық мағына.
Сөз мағынасы әрқашан бір қалыпта тұрмайды. Лексика дамуындағы тарихи кезеңдерде сөз мағынасы кеңейіп, тарайып не жаңарып, жаңғырып болмаса қолданудан шығып қалып отырады. Мысалы, қыз-қырқын сөзінің құрамындағы қазір жеке қолданылмайтын қырқын сөзі көне түркі тайпалары тілінде күң қыз мағынасында қолданылған. Кейін ол өзінің дербестігінен айырылған соң, бұл мағынада қолданылмайтын болды да, қазір қыз сөзімен қосарланып, қыз балалар мағынасын береді.
Сөз варианттары
Мағыналық тепе-теңдігін сақтай отырып, белгілі бір тілде жарыса қолданылатын сөздер сөз варианттары деп аталады. Мысалы: риза—разы—ырза, дәнеме—дәнеңе, ештеме— ештене, әжім—ажым, әжуа—ажуа, үлгіру—үлгеру, су-ару-суғару, түгендеу—түгелдеу, жұбану—жуану—уану, ұқсау-ұсау, тырнактау—тірнектеу, айқай—айғай. кария— кәрия, абдыра_әбдіре, жазғытұры—жазғытұрым, бешпст—бешпент, әне-әні; мүлде—мүлдем, гөрі—көрі, сонан—содан, осынан— осыдан, бәле—пәле, бірдеме—бірдеңе, түңлік—түндік, ертек— ертегі, әшейін—әншейін, кәне—кәні, балуан—палуан, т.б.
Сөз варианттары мынадай үш түрлі белгі арқылы ажыратылады: 1) сөздің түбірінде ортақ ұқсастық болуы қажет, 2) лексика-семантикалық жалпылығы сақталу керек, 3) дыбыстық өзгешелігі лексика-семантикалық өзгеріс тудырмауға тиіс.
Фонетикалық варианттар. Сөздердің бірде жуан, бірде жіңішке болып дыбысталуы, сөз ішінде дыбыстардың түсіріліп айтылуы, дыбыстардың өзара алмасуы, сөз құрамында болатын басқа да өзгерістер фонетикалық өзгерістер деп аталады. Мысалы, қарбыз-дарбыз,саяз-таяз, дейін-шейін, маңдай-маңлай сөздері қ-д, с-т, д-ш, й-ж, ж-д, д-л сәйкестіктері негізінде фонетикалық вариант түзсе, ығал-ылғал, суғару-суару, құмған-құман недәуір-едәуір сөздері л,ғ,р, н дауыссыздарының түсіріліп айтылуынан фонетикалық вариант түзіп тұр.
Лексикалық варианттар. Айтылуы басқа, бірақ мағынасы дәлме-дәл сөздер лексикалық варианттар деп аталады. Мысалы, көк-аспан, атырап-төңірек-маңай-өңір, қораз-әтеш, құмыра-көзе, қымыран-шұбат, сыр-бояу, саршұнақ-зорман, өтініш-арыз, көйлек-жейде, бос-бекер, т.б.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   67   68   69   70   71   72   73   74   ...   86




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет