1. Мейірбике ісі, мейірбикенің жұмысын барлық кезеңдерде ұйымдастыру


Келесі жағдайларда температураны түсіру керек



бет17/41
Дата14.02.2023
өлшемі1,77 Mb.
#67925
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   41
Келесі жағдайларда температураны түсіру керек:

  1. 38,0C ден жоғары температурада 6 айға дейін балалар;

  2. 6 айдан 6 жасқа дейінгі балаларда кенеттен дене температурасының 39,0°С-дан жоғарылауы;

  3. жедел тыныс және жүрек жеткіліксізді даму мүмкін жүрек пен өкпе аурулары, тырыспалық синдромы бар балалар (кез келген этиологиялы) және де 38,0 С –де немесе одан жоғарыда қауіпті синдром даму мүмкін ОЖЖ аурулары;

  4. 38,0 С және одан жоғары температурадағы бозғылт қызбаның барлығы.

Қызба кезіндегі жалпы алғшқы көмек көрсету:

  1. Физикалық әдістер (суық, мұз басу, спирт немесе сірке қышқылы ерітіндісімен ысқылау)

  2. Химиялық емдеу әдістері:

  1. орталық механизмге әсер ету

  2. перифериялық механизмге әсер ету

  1. Жылулық реттеудің механизмдеріне аралас әсер ету

  2. Инфузионды, симптоматикалық емді бастау

  3. Стационарға жеткізу

Дене тепературасын (қызуын) түсіруге дәрі дәрімектерді қолдану


Кез келген температуралық реакция кезінде ыстық түсіретін заттарды қолдану қажет емес. Температураны қалыпты санға жеткізу міндет емес, дене температурасын 1-1,5°С-қа түсіру көп жағдайда жеткілікті, бала жағдайы жақсаруымен жүреді. Дене температурасын түсіру тез болмау керек.
Ыстық түсіретін препараттарды балаларға тұрақты қабылдауға тағайындауға болмайды!!!
Қызбасы бар баланы жүргізу тактикасы келесідей факторларға байланысты: клиникалық диагноз, жасы, қосымша патологиясы және дене температурасының саны. 2-3 айдан асқан сау балаға 39,5-40°С қауіпті емес және дене температурасын төмендетуге абсолютті көрсеткіш емес.
Қызбаны жою негізгі мақсат болмау керек – тек қана егер температураны 1-1,5 градусқа түскенде бала жағдайы жақсаратын болса ғана оны түсіру керек, ол өз кезегінде иммунды жауапты бәсеңдетпейді және бала жағдайын жақсартады.
Сау балаларда 2 айға дейін 38°С жоғары температура болса міндетті түрде түсіру керек.Дені сау 2 айдан асқан балалар оңашаланған қызба кезінде дене температурасын 39-39,5°С-та түсіру керек.
Қауіп тобындағы балаларға(ОЖЖ патологиясы, соматикалық аурулардың декомпенсация сатысы) дене температурасы 38,5°С немесе одан жоғары болса ыстық түсіретін препараттарды пайдалануды бастау керек.
Ыстық түсіретін препараттар бала жасында кең қолданылатын дәрілік заттардың бірі екені сөзсіз .
Ол кезде ыстық түсіретін заттарды таңдаудағы негізгі критерий оның күшінде емес, қауіпсіздігінде болып табылады. Айқын антипиретикалық белсенділігі бар кейбір препараттар балаларда гипотермия 34,5-35,5°С, ал кейде коллаптоидты жағдайды шақырады. Қазіргі күні ыстық түсіретін сападағы негізгі таңдау препараты – парацетамол- ол орталықты әсерлі анельгетик –антипиретик және асқазан шырышты қабатына тітіркенгіш әсер көрсетпейді.
Парацетамолдың педиатриялық тәжірибеде қолданылатын стандартты бір реттік дозасы дене салмағына 15 мг/кг, тәуліктік – 60 мг/кг.Дәрінің әсері ішке қабылдағаннан кейін 3, минуттан кейін басталады. Парацетамолдың балаларға әсері келесідей факторларға байланысты:

  1. доза дұрыстығы (препаратты бастапқыда енгізгенде дозировкасы аз болса, клиникалық әсері де әлсіз болып, ата-аналар қосымша тағы беруге немесе басқа ыстық түсіретін препараттармен қосып беруіне мәжбүрлейді, ол өз кезегінде дозаның шамадан тыс көп болуына әкеліп, жағымсыз әсерлер қаупін жоғарлатады);

  2. доза таңдау әдістері ( ата-аналардың арнайы өлшенген қасық орнына шай қасық қолдану бала қабылдайтын препарат дозасын азайтады, себебі соңғы кездері шығарылатын шай қасықтар көлемі 5 мл-дан аз);

  3. дәмі мен дәрілік зат формасы (балалар ұсақталған таблеткаларды жиі түкіріп тастайды) .

Парацетамол – қауіпсіздігі жоғары препарат, алайда шамадан тыс қолдану (максималды тәуліктік дозадан артық қабылдау; ересектерге арналған дәрілік формаларды балаларға тағайындаған кезде; ұзақ уақыт қабылдаған кезде; цитохром белсендіргіштермен Р-450, алкогольмен бірге қолданғанда және т.б.) бауыр мен бүйректің ауыр токсикалық зақымдалуын шақырады.
Парацетамол әр түрлі дәрілік формада (суспензия, сироп, ерігіш гранулят, таблетка, свеча) шығарылады, олардың әрқайсысының өзіндік артықшылықтары бар.
Парацетамол сиропы пероральды қабылдауда дозасын дұрыс беру оңай, тез клиникалық әсер көрсетеді, құрамында қант жоқ, дәмі жағымды және бала тамағына қосып беруге болады. Ректальды суппозиторий ретіндегі формасы әсері кешірек басталады, сондықтан оларды түнге тағайындаған дұрыс.
Педиатриялық тәжірибеде ыстық түсіретін зат ретінде ибупрофен де кеңінен қолданылады, алайда оны қолданғанда парацетамолға қарағанда жағымсыз әсерлері (диспепсия, бауыр мен бүйрек функция бұзылысы, бас ауру, бас айналу) жиірек дамиды. Педиатр дәрігер есіне сақтайтын жайт, желшешек кезінде балаларға ибупрофен тағайындағанда стрептококты некроздаушы фасцит даму қаупі жоғары.
Қазіргі күні жалпы мойындалған факт ретінде балаларға ыстық түсіретін препараттар ретінде келесідей дәрілік заттарды беруге болмайды:

  1. ацетилсалицил қышқылы (ЖРВИ, желшешек кезінде Рей синдромы даму мүмкін);

  2. метамизол (агранулоцитоз, тұрақты гипотермия қаупі);

  3. амидопирин (токсикалығы жоғары);

  4. нимесулид (гепатотоксикалық қасиеті жоғары, летальды жағдайлар даму жиілігі жоғары).

Маңызды тәжірибелік мәселе инфекционды аурулар кезінде антибиотиктер мен ыстық түсіретін препараттарды бірге қолдану болып табылады. Температураны түсіруге абсолютті көрсеткіштер болмаса, антибиотикотерапиямен бірге ыстық түсіретін препараттарды бермеген дұрыс, себебі ол антибиотик нәтижесіздігін жасырып, науқас пен дәрігерде «жалған жақсару» сезімін тудыру мүмкін және кейбір антибактериалды дәрілердің белсенділігін төмендету мүмкін.

Ыстық түсіретін препараттар таңдау


Балаларда ыстық түсіретін препарат ретінде тек қана келесі заттарды қолдану ұсынылады:

  1. Парацетамол (панадол, калпол, эффералган) 1 айдан асқан балаларда бір реттік доза 15 мг/кг, тәуліктік 60 мг/кг.

  2. Ибупрофен (нурофен балаларға) 3 айдан асқан балалрға айқын қабынулық және ауырсынулық компоненттері бар жағдайларды бір реттік доза 6-10 мг/кг, тәуліктік 20-40 мг/кг.

  3. Анальгин (метамизол) парентеральды тек қана шұғыл жағдайларда қолданылады (0,1-0,2 мл 50% ерітінді 10 кг ден салмағына тек қана бұлшық етке).



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   41




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет