ыстық түсірудің физикалық әдістері: баланы максималды жалаңаштау, таза ауа келуін қамтамасыз ету, су температурасы 37,0″С кем емес ылғалды тампонмен сүрту, баланың кебуіне мүмкіндік беру, бұл процедураны интервалы 10-15 минутта 2-3 рет қайталау, желдеткішпен үрлеу, маңдайға сулы таңғыш салу, ірі тамырлар маңына суық басу;
бұлшық етке ыстық түсіретін препараттар енгізу, егер 30 мин ішінде әсер болмаса : 50% метамизол натрий ертіндісін (анальгин) өмірінің алғашқы жылындағы балаларға 0,01 мл/кг, үлкенірек жастағыларға – 0,1 мл/жыл. Антигистаминді препараттар тек көрсеткіштер бойынша ғана тағайындалады.
қажеттілік болса ары қарай физикалық ыстық түсіру әдістерін жалғастыру.
«Ақ» қызба кезіндегі дәрілік препараттар парацетамол немесе ибупрофен ішке бір реттік дозада
папаверина дигидрохлорид немесе ротаверина гидрохлорид (но-шпа) жасына байланысты дозада (папаверина дигидрохлорид 2% – 1 жасқа дейін – 0,1-0,2 мл, 1 жастан асқанда – 0,2 мл/жылына, но-шпа 0,05 мл/кг бұлшық етке).
аяқ-қол және денені сүрту, табанға жылы жылытқыш салу, дымқыл салқын таңғыш маңдайға салу .
егер 30 мин ішінде нәтиже болмаса, бұлшық етке ыстық түсіретін препараттар енгізу: 50% метамизол натрий ерітіндісі (анальгин) өмірінің алғашқы жылына 0,01 мл/кг, жастан асқанда – 0,1 мл 2% жылына клемастинмен (супрастин) бірге
0,1-0,15 мл 1 жылына, бірақ 1,0 мл аспау керек және папаверин дигидрохлорид 2% – 1 жасқа дейін- 0,1-0,2 мл, 1 жастан асқанда- 0,2 мл/жылына.
30 минут ішінде әсері болмаса- көктамырға дроперидол 0,25% – 0,1 мл/кг.
Гипертермиялық синдром кезіндегі жедел терапия және жүргізу тактикасы: реанимациялық бригада шақыру;
венозды жолды қамтамасыз ету және инфузионды терапия бастау – глюкозо-тұзды ерітінді 3:1қатынаста – 20 мл/кг (жылдамдығы 15-20 тамшы/ мин);
бұлшық етке ыстық түсіретін препараттар енгізу – 50% метамизол натрий (анальгин) ерітіндісі өмірінің алғашқы жылына 0,01 мл/кг, 1 жастан асқанда – 0,1 мл/жылына клемастинмен (супрастин) және папаверин дигидрохлоридмен 2% – 1 жасқа дейін – 0,1-0,2 мл, 1 жастан асқанда – 0,2 мл/жылына бірге.
30 минут ішінде әсер болмаса – көктамырға дроперидол 0,25% -0,1 мл/кг;
тырысулар кезінде – седуксен 0,3-0,5 мг/кг көк тамырға.