1 Өнеркәсіп экологиясы және өндірістік қауіпсіздік. Негізгі терминдер мен анықтамалар


Экология және тіршілік қауіпсіздігінің құқықтық негіздері мен мемлекеттік нормативті талаптары



бет3/20
Дата20.10.2023
өлшемі96,63 Kb.
#119983
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   20
Байланысты:
1 Өнеркәсіп экологиясы және өндірістік қауіпсіздік

2. Экология және тіршілік қауіпсіздігінің құқықтық негіздері мен мемлекеттік нормативті талаптары


Экологиялық нормалаудың мақсаты – экологиялық қауіпсіздікті, экологиялық жүйелер мен биологиялық әртүрлілікті сақтауды қамтамасыз ететін қоршаған орта сапасын реттеу және оған жол беруге болатын әсерді белгілеу. Экологиялық нормалау процесінде қоршаған орта сапасының нормативтері, эмиссиялар нормативтері және табиғи ресурстарды пайдалану мен қорғау саласындағы нормативтер белгіленеді.
Қоршаған орта сапасының нормативтеріне: 1) қоршаған орта жай-күйінің химиялық көрсеткіштері, оның ішінде радиоактивті заттарды қоса алғанда, жол беруге болатын шекті шоғырлану, химиялық заттардың шамалап алынған қауіпсіз деңгейлерінің нормативтері; 2) қоршаған орта жай-күйінің физикалық көрсеткіштері, оның ішінде шудың, тербелістің, магнит өрістерінің, радиоактивтіліктің, жылудың және өзге де физикалық әсерлердің жол беруге болатын шекті деңгейлерінің нормативтері; 3) қоршаған орта жай-күйінің биологиялық көрсеткіштері, оның ішінде қоршаған орта сапасының индикаторлары ретінде пайдаланылатын өсімдіктердің, жануарлардың және басқа да организмдердің түрлері мен топтарының нормативтері, сондай-ақ санитарлық-эпидемиологиялық ережелермен және нормалармен, гигиеналық нормативтермен регламенттелетін, микроорганизмдердің жол беруге болатын шекті шоғырлану нормативтері: топырақ бонитеті, қарашіріндінің құрамы, топырақтың су және жел эрозиясына ұшырау, олардың батпақтану, сортаңдану, тұздану көрсеткіштері және жер топырағының басқа да сипаттамалары; аумақтың ормандылығы және онда орман өсіру, орманның қоқыстануы, ормандардың санитарлық жай-күйі, орман қорының жекелеген учаскелерінің басқа да сандық және сапалық көрсеткіштері;
ауыз суға және өзге де мақсаттарға пайдаланылатын су сапасының нормативтері; табиғи ресурстар жай-күйінің Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де нормативтері; 4) қоршаған орта сапасының Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де нормативтері жатады.
Халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган жол беруге шекті шоғырлану нормативтерін белгілеу мақсатында зиянды заттарды қауіптілік дәрежесіне қарай сыныптауды қамтитын, ықтимал қауіпті химиялық заттарды мемлекеттік тіркеуді жүргізеді. Мемлекеттік тіркеуден өткен химиялық заттарды ҚР аумағында қолдануға жол беріледі.
Жекелеген аумақтар үшін ҚО сапасының нысаналы көрсеткіштері белгіленуі мүмкін.
Қоршаған орта сапасының нысаналы көрсеткіштері ҚО сапасын бірте-бірте жақсарту қажеттігі ескеріле отырып, ҚО нормаланатын параметрлерінің белгілі бір уақыт кезеңіне арналған шекті деңгейін реттейді. Қоршаған орта сапасының әртүрлі нысаналы көрсеткіштері: 1) селитебті қоныстану аумағы; 2) ерекше қорғалатын табиғи аумақтар; 3) рекреациялық аймақтар; 4) шөл және шөлейт аудандар; 5) су объектілері үшін белгіленуі мүмкін.
ҚО сапасының нысаналы көрсеткіштері облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергілікті атқарушы органдары әзірлейтін және жергілікті деңгейде - жергілікті өкілді органдар, республикалық деңгейде және ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда ҚР Үкіметі бекітетін қоршаған ортаны қорғау жөніндегі тиісті бағдарламаларда белгіленеді.
Қоршаған орта сапасының нысаналы көрсеткіштерін белгілеу: 1) ҚР бүкіл аумағында қоршаған орта сапасының нормативтеріне кезең-кезеңмен қол жеткізілуін; 2) экологиялық қауіпсіздікті және халық денсаулығы үшін қатерді азайтуды; 3) әлеуметтік-экономикалық жағдайлар, ҚР және оның өңірлерінің экономикалық дамуының жоспарлары мен бағдарламалары, сондай-ақ экожүйені, жануарлар мен өсімдіктер дүниесінің гендік қорын сақтау қажеттігі ескеріле отырып, қоршаған орта сапасының нормалануын қамтамасыз етуге тиіс. 6. Қоршаған орта сапасының нысаналы көрсеткіштерін айқындау тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейді.
Эмиссиялар нормативтеріне : 1) эмиссиялардың техникалық үлестік нормативтері; 2) ластаушы заттардың жол беруге болатын шекті шығарындылары мен төгінділерінің нормативтері; 3) өндіріс және тұтыну қалдықтарын орналастыру нормативтері; 4) жол берілетін физикалық әсер (жылу мөлшерінің, шу, тербеліс, иондаушы сәуле және өзге де физикалық әсерлер деңгейінің) нормативтері жатады.
Эмиссиялар нормативтері аумақтардың және акваторияның табиғи ерекшеліктері ескеріле отырып, қоршаған орта сапасы нормативтерінің сақталуын қамтамасыз етуге тиіс және жол берілетін шекті шоғырлану немесе ҚО сапасының нысаналы көрсеткіштері негізінде есептеледі. Эмиссиялар нормативтерінің шамалары шаруашылық және өзге де қызметтің ҚО және халықтың денсаулығына теріс әсерін азайту мақсатында экологиялық рұқсаттар беру мен қажетті техникалық іс-шаралар өткізу қажеттігі туралы шешімдер қабылдауға негіз болып табылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   20




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет