1. Педагогикалық мамандыктың пайда болуы және қалыптасуы. Кәсіби-педагогикалық іс-әрекеттің мәні, құрылымы мен мазмұны


Білім беру деңгейлері бойынша педагог қызметінің квалификациялық сипаттамасы



бет4/13
Дата10.03.2023
өлшемі128,97 Kb.
#72783
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13
Білім беру деңгейлері бойынша педагог қызметінің квалификациялық сипаттамасы.
Мұғалімнің типтері мен тұжырымдамаларын жасаған ғалымдар туралы мәліметтер 3-кестеде көрсетілді.
Жас маман – педагогикалық еңбек өтілі 1-3 жыл болатын, еңбек жолын жаңадан бастаған жас мұғалім.
Тәжірибелі маман – педагогикалық еңбек өтілі 3-5 жыл болатын, өзіндік тәжірибесі бар тәжірибелі мұғалім.
Озат тәжірибелі мұғалім – педагогикалық процесті ұйымдастыру мен басқаруда жоғары нәтижеге жеткен алдыңғы қатарлы мұғалім.
Шығармашыл мұғалім – өз пәнінің әдістемесін жетік меңгерген, алдыңғы қатарлы озат тәжірибелерді шебер әрі шығармашылықпен қолдана алатын шебер мұғалім.
Жаңашыл мұғалім – шебер ретінде өз іс-тәжірибесін жаңа әдістермен, жаңа технологиялармен байытып отыратын шығармашыл мұғалім.
Ізденуші мұғалім – өзінің авторлық технологиясын ұсынатын жаңашыл мұғалім.
Зерттеуші мұғалім – өзінің ұсынған авторлық технологиясының басқа мектепте, басқа аудан (қала), облыс деңгейінде, республика көлемінде қандай деңгейде, қалай өтуіне байланысты тікелей зерттеу жүргізетін, нәтижесін сараптай алатын, зерттеу жұмысына диагностикалық мониторинг жүргізе алатын жаңашыл мұғалім.
Креативті мұғалім – өзінің авторлық технологиясын ғылыми тұрғыдан негіздей алған, іс-тәжірибесі республика көлемінде танылған, насихатталған ұдайы ізденістегі жаңашыл, шебер мұғалім.


Кесте 3 Мұғалімнің типтері



Мұғалім типі

Тұжырымдама

Автор

1

Жас маман

Педагогикалық білім беру тұжырымдамасы

М.А.Құдайқұлов, С.И.Архангельский, В.А.Сластенин,
Н.Д.Хмель

2

Тәжірибелі мұғалім

Педагогикалық кадрлардың біліктілігін көтеру тұжырымдамасы

А.М.Гельмонт, Н.В.Кузьмина, Н.В.Кухарев, П.В.Худоминский

3

Озат тәжірибелі мұғалім

Ғылыми-әдістемелік жұмыстарды ұйымдастыру тұжырымдамасы

Я.С.Бенцион,
Е.С.Березняк, Х.И.Лийметс, Б.А.Әлмұхамбетов, Н.А.Әбишев

4

Шығармашыл мұғалім

Педагогикалық шығармашылық тұжырымдамасы

Н.Д.Никандров, М.Н.Скаткин, В.И.Загвязинский, Я.С.Турбовской, Б.А. Тұрғынбаева

5

Жаңашыл мұғалім

Жаңашыл тәжірибені жинақтау тұжырымдамасы

Ю.К.Бабанский, В.И.Журавлев,
В.Ф. Шаталов

6

Ізденуші мұғалім

Инновациялық білім беру тұжырымдамасы

В.А.Сластенин, Л.С.Подымова, Н.Р.Юсуфбекова

7

Зерттеуші мұғалім

Мұғалімнің зерттеушілік мәдениетін қалыптастыру тұжырымдамасы

Н.Д.Хмель,
Н.В.Кузьмина, И.И.Цыркун,
Ш.Т.Таубаева

8

Жаңа тұрпатты мұғалім

Жаңа тұрпатты мұғалімнің тұжырымдамасы

М.Н.Сарыбеков және т.б.

9


Креативті педагог

Креативті
мұғалім тұжырымдамасы

К.Ж.Бұзаубақова және т.б.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет