1. Педагогикалық мамандыктың пайда болуы және қалыптасуы. Кәсіби-педагогикалық іс-әрекеттің мәні, құрылымы мен мазмұны


В.А.Сластенин педагогикалық кәсіптің жалпы сипатын және жеке мамандығына байланысты сипаттарын қарастыра отырып, төмендегідей мұғалімнің профессиограммасын ұсынады



бет3/13
Дата10.03.2023
өлшемі128,97 Kb.
#72783
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13
Байланысты:
1. Педагогикалы мамандыкты пайда болуы ж не алыптасуы. К сіби

В.А.Сластенин педагогикалық кәсіптің жалпы сипатын және жеке мамандығына байланысты сипаттарын қарастыра отырып, төмендегідей мұғалімнің профессиограммасын ұсынады:

  1. Мұғалімнің қасиеті мен сипаттамасы. Бұған ол мұғалімдердің идеялық, кәсіптік-педагогикалық, танымдық бағыттылығын жатқызады.

  2. Мұғалімнің психологиялық-педагогикалық дайындығына қойылатын талаптар. Мұнда ол мұғалімдердің білім, білік және дағдыларын біріктіреді.

  3. Арнайы даярлықтың көлемі мен құрамы.

  4. Мамандық бойынша әдістемелік жағынан даярлық мазмұны.

Профессиограмма – мұғалім, тәрбиешінің идеалды үлгісі, моделі, эталоны. Педагог профессиограммасы төмендегідей сапаларды қамтиды: қоғамдық-саяси; әлеуметтік-психологиялық және ұстаздың жеке басының тұлғалық сапалары; психологиялық және педагогикалық дайындық; мамандық бойынша кәсіби дайындық; пән бойынша дайындық.
Ғалым-психологтардың (В.А.Кузмина, А.И.Щербаков және т.б.) зерттеуі бойынша, педагог профессиограммасын жасауда педагогтық қызметтің психологиялық құрылымын ескеру қажет.
Педагогтық қызметтің психологиялық құрылымына жататын қасиеттер: бейімділік пен іскерлік және гностикалық, конструктивтік, ұйымдастырушылық қабілеттер.
Педагогикалық іс-әрекеттің нәтижесінің табысты болуы мұғалімнің тұлғалық, кәсіби қасиеттерімен тығыз байланысты болатындығын А.К.Маркова, Л.М.Митина, Н.В.Кузьмина, В.П.Симонов, К.С.Успанов, А.А.Молдажанова және т.б. ғалымдар зерттеген.
Мұғалімдердің кәсіби маңызды қасиеттеріне төмендегідей негізгі қасиеттерді кіргізуге болады:

  • оқушыларға деген сүйіспеншілік;

  • педагогикалық процесті жүйелі жүргізе алуы;

  • педагогикалық құбылыстарға талдау жасай алуы;

  • педагогикалық ойлаудың қалыптасуы;

  • қарым-қатынас жасай алуы;

  • ұжымшылдық, креативтілік, шығармашылығы және т.б.

Мұғалім тұлғасына қойылатын талаптарды үш үлкен кешенге бөліп қарастыруға болады:
- жалпы адамзаттық қасиеттері;
- кәсіби-педагогикалық касиеттері;
- арнайы пән бойынша білім, білік, дағдылары.
Педагогтың кәсіби міндеті – оқушыны өз бетімен білім алуға бағыттау, тұлғалық қасеттерін өз бетінше дамытуына жағдай жасап, көмек көрсету.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет