1 Пәннің мақсаттары мен міндеттерін тұжырымдаңыз. Ғылым дамуының негізгі кезеңдерін сипаттаңыз



бет6/68
Дата27.01.2023
өлшемі4,25 Mb.
#63187
түріҚұрамы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   68
Жарық фазасыӨңдеу
Энергетикалық процестер тікелей жарық фазасында жүреді. Жарық квантыхлоропласта орналасқан хлорофилл пигменті арқылы қабылданады. Жарық кванты мен хлорофилдер әрекеттескенде, электрондар пайда болады. Олардың ежелгі және қазіргі өсімдік организміндегі жүру жолдары бірдей емес. Ежелгі фотосинтездеуші бактериялар мен төменгі сатылы балдырларда электрондар электронды тасымалдаушы тізбек арқылы тасымалданғанда, бейорганикалық фосфат пен аденозиндифосфаттан (АДФ) аденозинтрифосфат (АТФ) түзіледі. Бұл процесте электрондар хлорофилге қайтып оралатындықтан, циклдік фотофосфорлану деп аталады. Хлоропласт ламелласының квантосомаларында орналасқан циклді фотофосфорлану тек кана фотосинтездеуші микроорганизмдер мен төменгі сатыдағы балдырларда ғана емес, жасыл өсімдіктерде де жүреді. Циклді фотофосфорлану жүретін құрылым — I фотожүйе деп аталады. I фотожүйеқұрамында хлорофилл a, с бар. Олар 700 нм-де жарық сіңіреді. Жасыл өсімдіктердің фотосинтезін зерттеуде Р.Хилл 1937 жылы үлкен үлес қосты. Ол алғаш рет судың фотолизі кезіндегі молекулалық оттектің бөлінуі фотосинтездің жарық фазасында жүретін реакция екендігін аныңтаған. Бұл реакция жүзеге асу үшін міндетті түрде электрондар акцепторы қатысуы қажет, мысалы, феррицианид немесе энергия жұмсау арқылы жинайды. Осы циклдік емес фотофосфорланудың пайда болуы нәтижесінде жоғары сатыдағы (жасыл) балдырлар мен жасыл өсімдіктер атмосфераға оттек бөле бастады. Ал олардың пайда болуына дейін атмосферада оттек болмаған. Жасыл өсімдіктердің арқасында аэробты тіршілік және аэробты организмдер эволюциясы пайда болды.
Қараңғы фазасыӨңдеу
Фотосинтездің II сатысы жарық квантын қажет етпегендіктен, фотосинтездің қараңғы сатысы деп аталған. Бұл сатыда С02-ні игеру және көмірсуларды синтездеу үшін АТФ пен НАДФН энергиялары жұмсалынады. Мұнда құрамында 3—7 көміртек атомдары болатын әр алуан көміртекті қосылыстардың айналымы сияқты күрделі процестер жүреді. Бұл процесте бейорганикалық С02-ні игеретін негізгі фермент — рибулозобифосфаткарбоксилаза. Оны қысқаша "рубиско" деп атайды. Мұндай көміртектің фотосинтездік ассимиляциялану жолын Кальвин жолыдеп атайды. Фотосинтездік бұл реакциялар жиынтығы фотосинтездің жарықтағы және қараңғыдағы сатысын біріктіреді. Мұнда судың құрамындағы сутек атомы көміртек диоксидініңтотықсыздануына жұмсалады. Ал оттек молекула күйінде бөлініп шығады.
2) Плацентаның адам дамуындағы рөлі қандай? 
Плацента – ана мен шарана ағзасы арасындағы байланысты жүзеге асыратын мүше. Шарананың тыныс алуын, қоректенуін және зат алмасу өнімдерінің бөлінуін плацента қамтамасыз етеді. Қоректік заттар мен оттек ана қанынан шарана қанына плацентаның сыртқы бетіндегі көптеген бүрлер арқылы енеді. Көмірқышқыл газы мен алмасу өнімдері де бүрлер арқылы шығарылады.
Плацента – әртүрлі екі ағза – ана және баласының бір-біріне бірігіп кеткен жасушаларынан түзілетін ерекше мүше. Жануарлар дүниесі эволюциясында плацента тек сүтқоректілер класына тән «соңғы жетістік» болғанын еске түсірейік.
Плацентаға байланысты жаңа туған ағза едәуір қалыатасқан және жетілген болып дүниеге келеді, олардың тірі қалу пайызы басқа көбею формасына қарағанда еселеп артық болады.
Ана және ұрық арасында тікелей қан ағысы жоқ. Олардың қаны араласпайды. Ана мен болашақ нәрестесі – әртүрлі екі ағза. Плацентаны нәрестемен байланыстыратын үш қан тамыры – кіндік венасы (артерия қаны) және кіндіктің екі 2 артериясы кіндікбау (кіндікті) түзеді. Бала туған кезде кіндікбауды кеседі. Кіндік өмір бойы қалады.
Сонымен қатар плацента прогестерон гормонын бөледі, себебі сары дене енді ескірді және «жүктілік гормонының» қажетті деңгейін сақтай алмайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   68




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет