1 Пәннің мақсаттары мен міндеттерін тұжырымдаңыз. Ғылым дамуының негізгі кезеңдерін сипаттаңыз


) Генетикалық құрамы бойынша организм шығаратын гаметалар бірдей ме, әлде әртүрлі ме?



бет8/68
Дата27.01.2023
өлшемі4,25 Mb.
#63187
түріҚұрамы
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   68
Байланысты:
цито сессия

4) Генетикалық құрамы бойынша организм шығаратын гаметалар бірдей ме, әлде әртүрлі ме?
Адам генетикасы - адамның тұқым қуалаушылық және өзгергіштік қасиетін зерттейтін генетика ғылымының бір саласын антропогенетика деп атайды. Адамның биологиялық пісіп-жетілуі, мінез-құлық қасиеттері тұқым қуалайтын гендердің бақылауында болады. Адамның денесі 500 триллиондай жасушадантұратын болса, оның әрбір дене жасушасы 46 хромосомадан, ал жыныс жасушаларында 23 хромосома болады. Ұрықтану кезінде жыныс жасушалары(гаметалар) қосылады, соның нәтижесінде жасушада хромосомалардың толық, жиынтығы қалпына келеді. Қазір ғалымдардың болжауы бойынша, адамның генотипінде 26 мыңнан 40 мыңға дейін ген бар. Олардың керінуі сыртқы ортаға, әлеуметтік жағдайға және тәрбиеге тығыз байланысты. Тұқым қуалаушылықтың заңдылықтары барлық тірі организмдерде, оның ішінде адам үшін де бірдей. Адамның көптеген белгілерінің тұқым қуалауы Мендель заңдылықтарынасәйкес беріледі. Адамда да басқа организмдер сияқты доминантты және рецессивті белгілер бар.
Генетика ғылымы қарастыратын тұқым қуалаушылық пен өзгергіштіктің барлық заңдылықтары адамға да тән болып есептеледі. Себебі ол да тіршіліктің бір түріне (Homo Sapіens) жатады. Тұқым қуалаушылығы мен өзгергіштігі жағынан адамның басқа жануарлардан айтарлықтай өзгешелігі жоқ. Бәрінде де тұқым қуалайтын қасиет ұрпақтан-ұрпаққа хромосома құрамында болатын гендер арқылы беріліп отырады. Адамның жануарлардан айырмашылығы оның саналылығы мен екінші сигналдық жүйесінің болатындығында, соған байланысты оның сыртқы ортаға бейімделу мүмкіндігі де мол болып келеді.
Жалпы адамзат қоғамда өмір сүретіндіктен оның эволюциялық дамуында әлеуметтік факторлардың да рөлі бар. Бірақ, біз тек биологиялық жағын қарастырамыз.
Адамның генетикалық объект ретіндегі ерекшелігі — оның генетикасын зерттеуді қиындататын көптеген қайшылықтар бар. Олар: жыныстық жағынан кеш-пісіп жетілетіндігі; әр отбасынан тарайтын ұрпақ санының аздығы; барлық ұрпақтың тіршілік ортасын теңестірудің мүмкін еместігі, хромосома санының көп болатындығы, адамға тәжірибе жасауға болмайтындығы және басты бір қайшылық — адамның кейбір тұқым қуалайтын қасиеттерінің мысалы, қабілеті мен мінез-құлқының дамып қалыптасуына кедергі келтіретін ұлтшылдық, нәсілшілдік сияқты әлеуметтік теңсіздіктің болатындығы.
Осы аталған қиыншылықтарға қарамастан, кейінгі кездерде адам генетикасы жедел қарқынмен дамуда. Ең соңғы жаңалықтардың бірі — ХХІ ғасырдың басында адамның генетикалық кодының шешілуі.
4 билет
1.Органикалық әлемді ұйым деңгейлері бойыншакөбеюдің ғылыми негіздері бар екеніндәлелдеңіз.​
Органикалық дүниенің дамуы барлық замандарменкезеңдерде жердің геологиялық және климаттықжағдайларына сәйкес жүріп жатты. Ол жағдайлардыңөзгеруіне байланысты өсімдіктер мен жануарлар дүниесі де өзгеріп отырды. Органикалық дүние эволюциясының негізгібағыты биологиялық прогресс болды. Биологиялықпрогресс – қарапайымнан күрделіге қарай даму. Ағзаларқарапайым төменгі сатыдан жоғары сатыларға дейінкөтеріліп, құрылыстарын күрделендіреді. Тіршілік үшінкүресте мұндай ағзалар жеңіп шығып, соның нәтижесіндедаралар саны артады, өмір сүру ортасын немесе ареалынкеңейтеді, жаңа ортаны игереді. Қазіргі кезде биологиялықпрогресс жағдайында тұрған ағзалар қатарына жабықтұқымды өсімдіктер, жұмыр құрттар, бунақденелілер, сүйекті балықтар, құстар және сүтқоректілер жатады. Эволюция бағыттарының проблемаларын шешуге көрнектісовет ғалымдары А.Н.Серерцев, И.И.Шмальгаузен үлкенүлес қосты. Олар эволюцияның негізгі бағыттарыныңараморфоз, идиоадаптация және дегенерацияданқұралатынын анықтап береді.
Биологиялық прогресспен қатар табиғатта биологиялықрегрессте жүріп жатады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   68




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет