1 Пәннің мақсаттары мен міндеттерін тұжырымдаңыз. Ғылым дамуының негізгі кезеңдерін сипаттаңыз



бет9/68
Дата27.01.2023
өлшемі4,25 Mb.
#63187
түріҚұрамы
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   68
Байланысты:
цито сессия

Биологиялық регресс кезінде даралар санының кемуі, ареалдың тарылуы және түрдің жойылуы байқалады. Соңғымәліметтер бойынша өсімдіктер әлемінде қырықбуындармен шаңжапырақтардың, ал жануарлардан адамның іс-әрекетіне байланысты суыр, теңіз мысығынан биологиялықрегрессі жүруде.
Ароморфоз. Әр алуан тіршілік жағдайында пайда болып, ағзаның құрылым деңгейі мен атқаратын қызметінкүрделендіре түсетін, тіршілік қабылетін арттыратын жалпымаңызы бар бейімділіктерді А.Н.Северцевморфофизиологиялық прогресс немесе ароморфоз депатады. Ароморфоз - тұқым қуалайтын өзгергіштік пен табиғи сұрыпталудың негізінде, ұзақ уақыт аралығын қамтижүретін әрекет. Ароморфоз үнемі биологиялық прогресскеәкеледі. Мысалы, омыртқалы жануарлардың дамуындағы іріаромофоз қан айналу мүшелер жүйесінің эволюциясыболып табылады.
Ароморфоз (көне грекше: аіro — көтеру, көне грекше: тофһе - форма, пішін) - органикалық дүние дамуыныңнегізгі эволюциялық бағыттарының бірі, қоршаған орта әсерлеріне байланысты тірі организмдердің құрылымдықжәне қызметтік жағынан күрделеніп, жоғары сатығакөтерілуі. Мыс., бауырмен жорғалаушылардың арғытектерінің сүтқоректі жануарларға айналу кезінде 3 камералы жүректен 4 камералы жүректің жетілуі және т.б. Морфологиялық-физиологиялық үдеріс. Бұл орасан зорбейімделгіштіктің пайда болуы, ол тіршілікке бейімділіктіедәуір көтеріп, жаңа тіршілік ортасына көшугежәрдемдеседі. Ароморфоз кезінде мүшелер (морфология құрылысы едәуір күрделеніп, ол тіршілік үдерісін(физиологиясын) күшейте түседі. Ароморфоздың қоршағанортаның тар көлемді жағдайларына «жармасып» қалмауы да мүмкін, яғни ароморфоз нәтижесінде алынған артықшылықжай ғана бейімделуден әлдеқайда басым болады. Мысалретінде хлорофилл және фотосинтездің пайда болуын, яғниағзалардың автотрофты қоректенуге көшуін атауға болады. Бұл ароморфоз ғаламшарымызда барлық тіріліктіңсақталып қалуына мүмкіндік берді. Жасушалардың, оныңорганоидтары және тіршілік үдерістері кезеңдерінің пайдаболуына ароморфоз жәрдемдесті деп есептеуге болады. Көпжасушалық, мүшелер мен олардың жүйелерінің пайдаболуы да жануарлардағы маңызды ароморфоздау нәтижесідеп есептеледі. Әрбір мүшелер: тамыр, сабақ, жапырақтар, гүл, тұқым және жемістің пайда болуы да көпжасушалық. Осылардың бәрі ірі ароморфоздар. Олар ағзаныңмүмкіндігін соншалықты ұлғайтатын болғандықтан, ағзаның шынында да дамудың жоғарырақ сатысынакөшуіне мүмкіндік береді. Ароморфоздар көбінесе іріжүйелі топтардың пайда болуына себепші болып, солардыңбелгілері болып табылады.
Идиоадаптация” терминін 1931 жылы А.Н. Северцевұсынған. Идиоадаптация (грек. іdіos – өзіндік және лат. adaptatіo – бейімделу) – организм органдарының құрылысымен өздері атқаратын қызметінің тіршілік ету жағдайыерекшеліктеріне қарай құрылымдық деңгейінің өзгермей, күрделенбей бейімделуі. Мысалы, жейтін жемінің жәнеоларды табу тәсілдерінің түрлілігіне қарай құстардыңтұмсықтарының әр түрлі болуы; масалардың паразиттіктіршілік етуге, өсімдіктің ұрығын таратуға, т.б. бейімделуі; пішіні әрқилы және алуан түрлі ортада тіршілік еткеніменішек қуыстыларға жататын гидроидтар, маржан полиптері, ескектілер, т.б. өзінің қос қабаттық пішіні мен құрылымынсақтап қалуы, т.б.
Дегенерация нәтижесінде организмдердің дербес дамуындажеке ұлпалардың және мүшелердің құрылым деңгейіқарапайымдала түседі. Мысалы, бақаның дернәсілінің(шөмішбалықтың) құйрығы бірте-бірте жойылып, ересекбақаға айналады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   68




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет