1 Пәннің мақсаттары мен міндеттерін тұжырымдаңыз. Ғылым дамуының негізгі кезеңдерін сипаттаңыз


Жануарлар мен өсімдік жасушаларынын, айырмашылығы



бет65/68
Дата27.01.2023
өлшемі4,25 Mb.
#63187
түріҚұрамы
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   68
Жануарлар мен өсімдік жасушаларынын, айырмашылығы:
1. Жануарлар жасушасында центриоль болады. Жоғары сатыдағы өсімдіктердің жасушаларында центриоль болмайды.
2.Жануарлар жасушасында пластидтер болмайды, дайын ағзалық заттармен қоректенеді. Өсімдіктер пластидтері арқылы ағзалық зат түзеді.
3.Қалың, тығыз, жасунықты (целлюлозалы) қабықша тек өсімдік жасушасында болады. Ол өсімдіктің пішінін өзгертуге кедергі жасайды. Жануарлар жасушасындағы жарғақша (қабықша) өте жұқа цитоплазма қабатының тығыздалуынан пайда болған. Сондықтан жануарлар пішінін өзгертіп, қозғалады.
4.Ірі вакуольдер (латынша «уасиш» - қуыс) өсімдіктерде болады, ал жануарлардың тек бір жасушалы қарапайым түрлерінде (асқорыту, жиырылғыш вакуольдер) ғана болады.

2Митоздың профазасындағы ядролардың тұрақты элементтері ретінде жойылып, еншілес жасушаларда қайта пайда болады. Ядролардың пайда болуы қандай құрылымдық процестермен байланысты екенін сипаттаңыз.
Профаза (көрiну) хромосома конденсациясынан басталып, жарық микроскопта хромосома жiпше тәрiздi құрылымдар болып көрiнедi. Әр хромосома қос паралель жатқан хроматидтерден (грек. түс, тәрiздi, ұқсас) тұрып, центромерлер (бөлiк) аймағында байланысады. Ядрошықпен ядро қабығы кезең соңында жоғалып кетедi, кариоплазма цитоплазма құрамымен араласып, миксоплазма (аралас) түзедi. Центриолилер жасушаның қарама - қарсы беттерiне ауысып, митоз ұршығы жiпшелерiн бере бастайды. Центромера аймағында ерекше белок кешендерi-кинетохорлар құрылады. Кинетохорларға ұршықтың кейбiр микротүтiкшелерi жабысатындықтан - кинетохорлар микротүтiкшелерi деп, жасушаның бiр полюсiнен екiншi полюсiне дейiн созылып орналасқан ұршық микротүтiкшелерiн - полюс микротүтiкшелерi, ал ұршықтан тыс жатып, жасуша ортасынан плазмалеммаға бағытталған микротүтiкшелердi - жұлдызша немесе нұр шашуы деп, атайды.
Метафазада хромосомалар конденсациясы ең жоғары деңгейге сәйкес, митоз ұршығы экватор аймағына шоғырланып, метафаза тақташасын немесе аналық жұлдыз бейнесiн құрады.
Анафазада хромосомалар бiр мезгiлде хроматидтерге бөлiне бастап, жасушаның қарама-қарсы полюстерiне 0,2-0,5 мкм/мин. жылдамдықпен ұршық микротүтiкшелерi бойымен беттейдi.
Телофаза кезiнде жас жасушалар ядролары қайта құрылып, бөлiнуi тоқтайды. Жас жасушалардың конденсияланған хромосомалар айналасына көпiршiктер жарғақшаларынан кариолемма қайтадан қалпына келедi. Онымен қалыптасудағы ламина байланысады, қайта ядрошықтар пайда болады. Ядро бiртiндеп үлкейiп, хромосома шиыршықсыздануы күшейiп, хроматинге айналады. Сөйтiп жасуша цитоплазмасы екiге бөлiнiп (цитотомия-грек. қақ айыру; цитокинез-грек. қозғалыс деп аталады), қос жас жасуша пайда болады.
3Дене жасушаларының даму бағыты, ерекше құрылымы мен қызметі олардың детерминациясымен, бөліну түрімен анықталады. Дамып келе жатқан организмдегі жасушалардың детерминациясы мен дифференциациясы қандай молекулалық және құрылымдық деңгейлерде анықталады?
Онтогенездегі бластомерлер арасындағы айырмашылықтардың пайда болуын жəне əр түрлі клеткалардың, ұлпалардың пайда болуын, əр түрлі мүшелердің түзілуін дифференциация процесі деп атайды. Дифференциация дамып келе жатқан организмнің құрылыстық, биохимиялық өзгерісі. Оның нəтижесінде клетка, ұлпа, мүше жəне организм бір түрліден көп түрліге айналады. Сонымен дифференциация – жаңа ферменттік жүйенің, ерекше белоктардың, мембраналардың жаңа қасиеттерінің түзілуі жəне физикалық, химиялық өзгерістері, жаңа ішкі ортаның түзілуі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   68




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет