Басыңнешеу. Сенде неше тұяқ бар. Мұндағы бас – семья мүшелерінің мағынасында, тұяқ – меншігіндегі малдың мағынасында қолданылып тұр.
28-жаттығу. Қарамен терілген сездердің мағынасын басқа сөз арқылы түсіндіріңіздер.
1. Александр Андреевич бұдан әрі қазбалаған жоқ. Ұртында жұмсақ күлкі тұрды. Адам көңілін көбінесе жылы сөз, жылы мінезбен алатын әдеті. Алды кең. Оның алдынан сыр бүгіп шығатындар кемде-кем-ақ шығар. 2. Шал бұл жолы қаттырақ шымшыды, – Мейрам ауырсынған жоқ. 3. Жонып жерлік басқа жуан кеңірдек болмады. 4. Аманның көзі шалды ішіп-жеп барады (Ғ. Мұст.). 5. Егер сенің бетің қисайса, бұл бейшараның соры қайнайды (С. М.). 6. Енді бір артық қимыл жасасаң... онда су түбіне батырып жіберемін. 5. Жарайды. Егер маңдайыңа бір костюм сыймаса, әкеп таста (С. Шайм.). 8. Бұл – біреудің маңдайына біткен жалғыз аты. 9. Қымыз ішусіз, жұрт тілсіз қалды біразға дейін. 10. Курстың өзі қолы қысқалардікі. 11. Әзір іске кіріскен жоқ, қолдары бос. 12. Тоқаңның ішінде мұз жатыр. Бір құдай өзі жібітпесе, оны мына күн жібіте алмайды (Ғ. Мұст.). 13. Даладағы қой-қозының шуы да алыстан барып сөнген болатын (М. Ә.). 14. Оқыған жасқа білімнің есігі кең ашылды ғой бұл заманда (М. И.). 15. Кенет сыңғырлап аққан бұлақтай, әсем күлкі еркін төгілді. 16. Ләззат тәрізді сөзге сараң болғанымен, тілі удай (Т. Ахт.). 17. Екеуі мұздай киініп шықты (Ғ. Мұст.). 18. Кірпігінен көзіне тамған мұздай суды да байқар емес (Т. Ахт.).
№ 6 практикалық сабақ. Омоним.
Тғлғасы, дыбысталуы бір, бірақ мағынасы бір-бірінен алшақ сөздерді омоним дейміз Мысалы: жаз деген сөздің мына сияқты омонимдік мағыналары бар:
1) жылдың төрт мезгілінің бірінің атауы;
2) жазу; ісімен байланысты қимыл атауы;
3) бүктелген нәрсені жаю мағынасында
4) адасу, айрылып қалу (көз жазып қалды );
5) кінә, қателесу, мәнінде (мен саған не жаздым?);
6) аурудан айығу, тәуір болу (ол ауруынан жазылды).
Жаз сөзінің бұл мағыналарының араларында ешбір жақындық жок. Бұлар – жаз сөзінің көп мағыналығы емес, омонимдік мағыналары. Көп мағыналы сөздер әр түрлі заттың атауы болғанмен, олардың арасында қандай да жақындық, ұқсастық болады, ал омоним сөздер арасында ондай мағыналық жақындық, ұқсастық болмайды.
Бас деген сөздің көп мағыналығы мен омонимдік мағынасын былайша салыстыруға болады: