1 практикалық сабақ. Тіл дыбыстары, олардың жасалуы



бет16/58
Дата27.11.2022
өлшемі141,38 Kb.
#52988
түріСабақ
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   58
Байланысты:
норм қазақ тілі умкд

26-жаттығу. Кейінгі ықпал бар жердің астын сызып, көшіріңдер.
Көмір тиеуші жұмысшының жалпақ алақаны орамалға түйілген бір үзім бөлке нанды ең асыл қазынадай аялап әжейге ұсынған болатын (Ш. Е.). Құмарыңды қытықтайтын осынша көрікті әйелдің жалғызсырауында басқадай бір сыр болса керек (А. Ж.). Жаттың дәулетіне жанын қинағанды қойсын, – депті Түңқатар (А. С.). Атекең сахна сыртында әркімге осылай қысқа нұсқау, ақыл-кеңес бере жүріп, репетицияға басшылық жасауда (М. О.). Басын сәл қисайтқанда, ұзын шашы сусып төгіліп, иығын жапты (А. Ж.).

Екпін
Сөздегі бір буынның көтеріңкі айтылуы екпін деп аталады.
Мысалы: келді, аспаннан, қаздар , ауданда т. б. Осы мысалдардағы -ді, -нан, -дар , -да буындарына екпін түскен.
Қазақ тілінде екпін соңғы буынға түседі. Сондықтан сөзге қосымша жалғанған сайын екпін соңғы жалғанған қосымшаға ауысып отырады.

бала
өнер
жұмысшы
бала-лар
өнер-лі
жұмысшы-лар
балалар-ға
өнерлі-ден
жұмысшылар-ды

Тілде екпін қабылдамайтын да қосымшалар бар. Олар мыналар:
1) Жіктік жалғау (оқушы-мын, келе-мін).
2) Етістіктің болымсыздық жұрнағы (кел-ме,оқы-ма,ал-ма).
3) Етістіктің қалау, тілек мәнді жұрнағы (кел-ші, оқы-шы, ал-шы).
4) Бұйрық райда қолданылатын жіктік жалғаудың 1 – жағы, 2 – жақ сыпайы түрі (кел-ейін, кел-іңіз).
5) Сын есімнің дай, дей жұрнағы (тау-дай, үй-дей, өзім-дей).
27-жаттығу. Тексті көшіріп, ондағы сөздердің екпінін койып, түспеген қосымшаның астын сызыңдар.
I – Рас-ау, мен күн райын көп сұраппын-ау. Оны сұрағанша, сенің жүзіңе қарасам етті. Тыс қанша көріксіз болса да, қоңыр үйдің өз күні балқып тұр екен ғой! Шұғыла атып тұрғанын қарашы, Ербол! Қандай күз жүдеткендей мына жүзді?— деді. Әйгерімнің өңі бұрынғысынан да қысыла қызарды. Сыпайы ұяң үнді күлкісі естілді (М. Ә.).
II. — Абай ағамның «шындық» дегені маған Кеңгірбай турасында нұсқалаған сөздей естілді. «Осы елдің аруағы болған Кеңгірбай құр «жарықтық еді» деп, «басқан ізінен садаға» деп жырлама! «Шыныңды айт, Мінді сыры болса, оны да қосып, ашып айт» – дегендей көрінді! - деген (М. Ә ).

5 практикалық сабақ. Сөздің тура және ауыспалы мағынасы.


Тіліміздегі біраз сөздер бір ғана заттың атауы болып қоймай, әлденеше заттың атауы болып қолданыла береді. Олардың лексикалық мағынасы бір-біріне өте жақын болады. Мәселен, құлақ деген сөз - адамның не жан-жануардың сезім мүшелерінің бірін білдіретін атау. Қазаншының еркі бар, қайдан құлақ шығарса деген мәтелдегі құлақ сөзі жоғарыдағыдай сезім мүшесінің атауын білдіріп тұрған жоқ, қазанның тұтқасы деген мағынада қолданылып тұр. Домбыраның құлағы дегенде музыкалық аспапты күйге келтіретін бір тетіктің атауын білдіреді. Сондай-ақ ел құлағы елу, ұзын құлақ; көнбесе, оның құлағын бұрап қой дегенде де, құлақ деген сөз әр түрлі мағынада қолданылады. Солай бола тұрса да, құлак, сөзі тілімізде әлденеше сөз емес, бір ғана сөз болып есептеледі. Оның мәнісі – кұлақ әр түрлі ұғымның атауы болғанымен, ол атаулар бастапқы бір ұғымның атауы болған негізден өрбіген. Атап айтқанда, қазанның тұтқасы сырт тұлғасы жағынан адамның құлагына ұқсас, сондықтан ол – құлақ деген атауға ие болған; домбыраның күйге келтіретін тетігі де сан жағынан және басқа белгісі жағынан адам құлағына ұқсас. Олай болса, құлақ деген сөздің бастапқы мағынасы – сезім мүшелерінің біріне қойылған атау болса, басқасы – соның негізінде өрбіген атаулар.
Сөздің бастапкы мағынасын тура мағына дейміз де, сол бастапқы мағынаның негізінде пайда болған туынды мағыналарды ауыспалы мағына дейміз.
Сөздің көп мағыналылығы метафора, метонимия, синекдоха жолымен пайда болады.
Әр түрлі заттың түріне, түсіне және басқа да белгілерінің ұқсастығына қарап бір сөзбен аталуын метафора дейміз.
Тіл: адамның тілі, сағаттың тілі, техниканың тілі; мойын: адамның мойны, бутылканың мойны, шамның мойны, пештің мойны; етек: көйлектің етегі, таудың етегі; жапырақ: өсімдіктің жапырағы, бір жапырақ (қағаз, нан, ет т. б.); аш: есік ашты, жиналыс ашты, көңіл ашты; терең: терең су, терең ой, терең адам.
Әр түрлі заттың бір-біріне қатыстығы негізінде бірінің мағынасы екіншісінің атауымен берілсе, оны метонимия дейміз.
Мен бір кесе іштім. Басында ми жоқ, өзінде ой жоқ (Абай). Оның революциядан бұрынғы орыс әдебиетінен ерекше сүйіп оқитыны – Лев Николаевич Толстой болатын (С. М .).
Бұл сөйлемдерде кесе – оның ішіндегі тамақ мағынасында, ми – ойлау мағынасында, Лев Николаевич Толстой – ауыспалы мәнде өзінің шығармаларының орнында қолданылып тұр.
Белгілі бір затты оның бөлшегіне қойылған атаумен атау арқылы да ауыспалы мағына пайда болады. Мұны синекдоха дейміз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   58




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет