1 практикалық сабақ. Тіл дыбыстары, олардың жасалуы



бет18/58
Дата27.11.2022
өлшемі141,38 Kb.
#52988
түріСабақ
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   58
Көп мағыналылық
адамның басы
таудың басы
судың басы
Омоним
адамның басы
аяғыңды жылдам бас
көрікті бас


29-жаттығу. Мына сөздердің омонимдік мағыналарын анықтап, түсінік беріңіздер.
Аз, ана, ара, арба, арна, айыр, арт, ас, аса, асық, ақ, бала, бау, бақ, бидай, без, біз, бу, бар, дақ, делбе, еле, ем, ен, ер, ерін, ерік, ес, ет, жалын, жара, жас, жат, жау, жек, жел, жен, жирен, жон, жыр, көп, көрік, көсе, көш, күй, күл, лақ, мал, мақта, мін, мен, нан, ой, ор, от, оң, піс, сай, сан, сана, cay, сол, сор, сен, тай, тең, құс, шым, өр.

7 практикалық сабақ.Синоним


Қазақ тілінде де тұлғасы әр түрлі болғанымен, мағыналары бір-біріне жақын сөздер бар. Мысалы: жақын, таяу, жуық деген үш сөздің мағыналары бір-бірінен алшақ емес, бәрі де бір зат пен екінші заттың ара қашықтығы алыс емес екендігін білдіреді. Маған жақын отырдеген сөйлемдегі жақынның орнына таяу, жуық деген сөздердің бірін қойып, маған таяу отыр, маған жуық отыр деп айта беруге болады. Осы сияқты, аспан, көк, әуе; тәсіл, айла, амал; үнемі, ылғи, әрдайым; сөйле, айт деген сөздер тобы да өзара мағыналас.
Тұлғасы, дыбысталуы басқа-басқа, бірақ мағыналас сөздерді синоним дейміз.
Синоним сөздердің мағынасы бір-біріне қанша жақын болғанмен, ішінара бір-бірінен сәл айырмасы да болады, кейде бірінің орнына екіншісі қолданыла бермейді. Мысалы: жақын, таяу, жуық деген синоним сөздерді Столға жақын отыр деген сөйлеммен өзара алмастырып айтуға болса, Бұл адам біздің жақын ағайынымыз – деген сөйлемдегі жақынның орнына таяу, жуық дегендерді қойып айтуға болмайды.
Сөздердің синонимді қатарларын жақсы біліп, оларды орынды қолдана білу керек. Олар затты я құбылысты мейлінше анық, айқын ажырату үшін, жете суреттеп дәл атау үшін ерекше қызмет атқарады. Синонимдер— тілдің өскендігін көрсететін негізгі белгінің бірі. Кімде-кім өз сөзінде синонимді көбірек, әрі орынды қолданса, оның сөзі көрікті, көп қырлы болып отырады; егер синонимді пайдалана алмаса, оның сөзі өңсіз әрі кедей болып, тыңдаушыны қызықтыра алмайды.
Мен Ахметтің жанына келіп, қасына отырдым деген сөйлемде жанына, қасына деген синоним сөздер қолданылып тұр, бұлардын, орнын ауыстырып, Ахметтің қасына келіп, жанына отырдым десе де, мағынаға ешбір нұқсан келіп тұрған жоқ. Егер бұл сөздердің біреуін ғана қайталап, Ахметтің жанына келіп, жанына отырдым немесе қасына келіп, қасына отырдым деген түрде айтсақ, тыңдаушыға бір түрлі ерсі көрінер еді.
Синонимді орынды қолданудың үлгісін біз Абай шығармаларынан айқын көреміз; Мысалы:
1. Көзіме жас бер, жылайын,


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   58




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет