1 практикалық сабақ. Тіл дыбыстары, олардың жасалуы



бет19/58
Дата27.11.2022
өлшемі141,38 Kb.
#52988
түріСабақ
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   58
Байланысты:
норм қазақ тілі умкд

Шыдам бер, сабыр қылайын.
2. Ісіндің, кебіндің,
Сонда да не пайда.
3. Ғылым оқып білгенше,
Тыным,тыныштық таппаған.
Синонимдер бірыңғай мүше түрінде, қос сөз түрінде қабаттасып қолданыла береді. Мысалы: Оқи отырып, кей жайларды анық , айқын етіп хатқа жазып келеді (М. Ә.). Күш-қайратқа толы, ерлікке шақырған өршіл ән төңірекке қанатын жайып, орыс орманы үстінде батырлықты мадақтап, қалқып самғай ұшты (С. Бақб.).
30-жаттығу. Мына сөздердің синонимдерін өздеріңіз ойлап табыңыздар.
Абайлау, абырой, адал, аласа, абыржу, қомсыну, қадір, жол, ынта, икемді, жомарт, жақын, батыл, қиын, жұмсақ, шелек, әдет, үлкен, жиын, пысық, болжал, ылғал, сабырлы, көлем, арман, әрең, өте, кінә, кедергі, дұрыс, күңгірт, дауыс, тамақ, лас, бұйрык, мінез, реніш, кұрбы, төңірек, белгі, жайдары, құрғақ, ақырын, ақыл.

8 практикалық сабақ. Антоним.


Бір-біріне қарама-қарсы мәнде айтылатын сөздерді антоним дейміз. Мысалы: алыс — жақын; үлкен — кіші; жеңіл — ауыр; қиын — оңай; жылы — суық; жоғары — төмен; жұп — тақ; ілгері — кейін; ескі — жаңа.
Кейбір сөздер өзінің көп мағыналы нәтижесінде бірнеше сөзбен қарама-қарсы мәнде айтылады. Мысалы, ал деген сөз бер, қос, сал, қой, таста, тапсыр деген сөздермен антоним болады:
ал — бер (менен кітап алды, маған кітап берді);
ал — қос (төрттен екіні ал; төртке екіні қос);
ал — сал (кассадан ақша алды; кассаға ақша салды);
ал — қой (қаламды ал, орнына қой);
ал — таста (құдықтан шелек алды; құдыққа шелек тастады);
ал — тапсыр (кітапханадан кітап алды — кітап тапсырды);
шық — кір (үйден шыкты; үйге кірді);
шық — түс (ағашқа шықты; ағаштан түсті);
кел — бар (мұнда келді; анда барды);
кел — кет (мектептен келді; мектепке кетті).
Антонимнің сыңарындағы бір сөз ауыспалы мағынаға ие болудың нәтижесінде басқа бір сөзбен қарама-қарсы мәнде айтыла береді. Мәселен, қатты, сөзі өзінің тура мағынасында жұмсақ дегеннің антонимі болса, ол сараң деген сөздің синонимдік қатарында айтылғанда, жомарт сөзімен антоним болады:
қатты — жұмсақ
қатты — жомарт
Антонимдер қарама-қарсы құбылыстарды салыстыра отырып, мәселенің мәнін дәл аңғарту үшін, сөйлеген сөзімізді бір түрлі жандандырып отырады. Сондықтан да тіліміздегі антоним сөздер көбінесе қосарлана айтылып, күшейткіштік мәнді білдіреді. Бұлардың қосарланып айтылуынан жаңа мәнді сөздер де туады. Мысалы: күні-түні, ертелі-кеш дегендер тынбастан, ұдайы деген мағына берсе, Үлкен-кіші, кәрі-жас түгел жиналды деген сөйлемде қос сөз түріндегі антонимдер үлкеннен кішіге шейін, кәріден жасқа дейінгі тұтастықты түгел қамтиды. Антоним сөздерді көркем сөз ұсталары шебер қолданады. Мысалы: Абай шығармаларынан антонимнің орынды қолданылғандарын көреміз:
1. Жылы менен суықтың бәрін көріп,
Қайран көңіл қайыспай қайрат етті.
2. Бір суып, бір ысып,
Барады іш пысып.
Бір үміт , бір қауіп
Көңілге жол тауып.
Абайдың «Алла мықты жаратқан сегіз батыр» деген жұмбақ өлеңі негізінде антонимдік мағынаға құрылған.
Шешуі:
Мұны тапсам ойланып, ақын деңіз,
Таба алмасам, ақылды болар неміз;


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   58




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет