Қоғамдық қозғалыстар туралы түсінік, белгілері, қызметі. Саяси қозғалыс деп өкімет билігі үшін күрес арқылы қазіргі жағдайды өзгертуге немесе үкіметке ықпал жасай отырып, оны нығайтуға тырысқан қоғамдық күштерді айтады. Саяси қозғалыстың ерекшелігі ол үкімет үшін немесе үкіметті жүзеге асыру тәсіліне ықпал ету үшін күреседі.
Саяси қозғалыстардың пайда болуына төмендегідей саяси жағдайлар себеп болады.
Жеке адам өз ойын, көзқарасын өкімет орындарына тікелей жеткізе алмайды. Сондықтан өзі сияқтылармен топтасады.
Экономикалық және әлеуметтік қайшылықтар себеп болады.
Қоғамдық құрылысқа қатынасына қарай саяси қозғалыстар: Консервативтік.
Реформистік.
Революциялық.
Контрреволюцялық болып бөлінеді.
Саяси қозғалыс бір қалыпта тұрмайды. Ол дамып, өзгеріп отырады және мынадай сатылардан тұрады:
1. Қозғалысқа қажеттілік және оның пайда болуы;
2.Үгіт-насихат, әрекет ету сатысы;
3.Дамыған жұмыс кезеңі.
10. Саяси мәдениеттің түсінігі, мәні, құрылымдық компонеттері мен қызметтері. «Саяси мәдениет» ұғымының саясаттануға енгеніне көп болған жоқ. Дегенмен, ежелгі ойшылдар: Платон, Аристотель, кейінірек Н.Макиавелли, Ф.Бэкон, Ш.Монтескье және басқа ғалымдар әрқилы салт-дәстүрлерге тәрбиеленіп, әлеуметтік және саяси тәжірибе жинақтаған адамдардың бірыңғай, біртектес жағдайды әртүрлі сезінетіндігі, оған санқилы жауап қайтаратындығы неліктен деген сұрақтарға жауап іздеген.
Саяси мәдениеттұжырымдамасын айқындап, дәйекті пікір түзуге М.Вебер, Э.Дюркгейм, Т.Веблен, Т.Парсонс сияқты батыстың ірі саясатшылары мен социологтары елеулі үлес қосса, «саяси мәдениет» деген категорияны ғылымда алғаш қолданып, әдебиетке енгізуші ХYIII ғасырдағы неміс ағартушысы, философ Иоганн Гердер болды.
Саяси мәдениет деп өкімет пен азаматтардың өзара қатынастарына байланысты тарихи қалыптасқан саяси нұсқаулар, қазыналар, адамның өзін-өзі ұстауы жөніндегі жарлық, қаулылар жүйесін айтады. Саяси мәдениет қоғамдағы саяси өмірдің барлық салаларын қамтиды. Оған алдымен саяси сананың мәдениеті, адамдардың топтардың, таптардың, ұлттардың өзін-өзі мәдени білуі, осы жүйенің аясында жұмыс істейтін саяси мекемелердің мәдениеті кіреді. Сонымен қатар саяси мәдениет адамның белсенді саяси өмірге дайындық дәрежсін де білдіреді.
Саяси мәдениет саяси өмірде еркін іс-әрекет жасауға көмектеседі. Сол арқылы адам даңғойлыққа ұрынбай, елдегі және әлемдегі саяси өмірдің алуан түрлі оқиғаларына өзінің жеке қатынасын анықтауына мүмкіндік туады. Саяси өмірге еркін араласып, оның белсенді атқарушысы, субъектісі бола алады.
Сондай-ақ, дүниетанымдық белсенділік жеке адамның саяси мәдениеті үшін айқындаушы рөл атқарады. Өйткені мұнда таптық, жалпыхалықтық мүдделер барынша көрініс тауып, соның нәтижесінде жеке адамның қоғамдық, саяси позициясы қалыптасады.
Саяси мәдениет категорияларының құнды қатынастары құрылымындағы келесі деңгей өкімет пен өкімет қатынастары мәселелеріне байланысты. әрбір адамның азаматтық міндетттері мен құқықтарына деген көзқарасы оның билік институттарындағы іс-әрекеттеріне баға беруі арқылы қалыптасады. Бұл орайда, саяси мәдениет құрылымының қалыптасу детерминаты ретінде өкіметтің өз мәдени деңгейі көрінеді.