1. Саяси ғылымның пайда болуы және қалыптасуы. Ең алғаш саясат


Саяси партиялардың негізгі қызметтері



бет47/68
Дата15.04.2023
өлшемі128 Kb.
#83180
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   68
Байланысты:
1. Ñàÿñè ?ûëûìíû? ïàéäà áîëóû æ?íå ?àëûïòàñóû. Å? àë?àø ñàÿñàò 2

Саяси партиялардың негізгі қызметтері
Поляктың саясаттанушысы А. Боднардың ойынша, қазіргі қоғамда саяси партиялар мынадай қызметтер атқарады:
1. Саяси идеология мен саяси ілімдерді жасау;
2. Қоғамның ірі топтарының мақсат-мүдделерін анықтау
3. Олардың белсенділігін арттырып, жинақтау;
4. Мемлекеттік билікті іске асыруға қатынасу;
5. Қоғамдық пікірді қалыптастыру;
6. Жалпы коғамды. топты саяси тәрбиелеу:
7. Саяси жүйелерді, онын принциптерін, элементтерін. күрылымдарын калыптастыруға қ атысу;
8. Мемлекетте билік үшін күреске қатынасу және онын жұмысының бағдарламасын жасау;
9. Мемлекеттін, кәсіподактарының, коғамдық ұйымдарының аппараты үшін кадрлар даярлау, ұсыну.
Қазіргі демократиялық қоғамдағы партияның маңызды міндеті азаматтық қоғам мен мемлекеттің арасындағы байланысты баянды ету. Партиялар арқылы әр түрлі әлеуметтік топтар өздерінің саяси талаптарын мәлімдейді. Бұрынғы әлеуметтік-экономикалық саясатты одан әрі жүргізу немесе оны өзгерту керектігі жөнінде өздерінің көзқарастарын білдіреді.
Сонымен саяси партиялардың негізгі қызметтері төмендегідей:
Теориялық:
Қоғам дамуының, негізгі салалары бойынша жәңе оның даму жолдарын талдап, теориялық жағынан бағалау. Әр түрлі әлеуметтік топтардың мүдделерін анықтап үйлестіру. Қоғамды жаңартудын стратегиясы мен тәсілін тұжырымдап бұқараны қимыл бірлігіне теориялык жағынан әзірлеу.
Идеологиялық:
Еңбекші бұқара арасында өз көзқарасын, ізгі мұраттарды тарату, оны іскерлікпен ұштастыру. Өз бағдарламасы мен саясатын насихаттау. Азаматтардың түбегейлі мүдделерін ескере отырып өз бағытын қолдауға жұмылдыру және партия қатарына тарту.
Қорыта келе, партия деп - мемлекеттік билікті колға алуға немесе билік жүргізуге қатынасуға бағытталған, ортақ мүдде, бір идеология негізінде құралған адамдардың ерікті одағын айтады.

9. Қазақстандық қоғамның саяси өміріндегі қоғамдық-саяси ұйымдар мен қозғалыстардың алатын орны мен рөлі
Саяси қоғамдық ұйымдарға халықтың белгілі бір тобының мүддесін білдіріп, қорғайтын, алдына қойған әлеуметтік мақсатқа жету үшін ерікті түрде мүшелікке кірген, оған материялдық көмек көрсететін, өзін-өзі басқаратын адамдардың бірлестігі жатады.
Саяси қозғалыстар сияқты қоғамдық ұйымдар да адамдардың мүдделерін іске асырудың құралы ретінде пайда болады. Қоғамдық ұйымдар қоғамның саяси өміріне қатысушы адамдардың мақсаттары мен қарым-қатынастарының әр алуандылығын білдіреді.
Қоғамдық ұйымдар бірлесе амал, әрекет жасау үшін халықаралық, жалпымемлекеттік, аймақтық, ұлттық, жергілікті көлемде ресми және бейресми сипаттағы одақтарға, халықаралық ұйымдарға бірігуі мүмкін.
Қоғамдық ұйымдар әр түрлі келеді.Оған партиялар, кәсіподақтар, жастар ұйымдары, кооперативтік бірлестіктер, шығармашылық (творчествалық) одақтар,әр түрлі ерікті қоғамдар (ғылыми,ғылыми-техникалық, мәдени –ағарту, спорттық,қорғаныс және т.б) жатады.Қоғамдық ұйымдар арқылы миллиондаған адамдар өзін-өзі басқаруға белсенді қатысып, өмір мектебінен өтеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   68




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет