1. Саяси ғылымның пайда болуы және қалыптасуы. Ең алғаш саясат


Саяси әлеуметтендiру түсiнiгiн екi негiзгi мағынада түсiндiруге болады



бет52/68
Дата15.04.2023
өлшемі128 Kb.
#83180
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   68
Байланысты:
1. Ñàÿñè ?ûëûìíû? ïàéäà áîëóû æ?íå ?àëûïòàñóû. Å? àë?àø ñàÿñàò 2

Саяси әлеуметтендiру түсiнiгiн екi негiзгi мағынада түсiндiруге болады:
1) жеке адамның саяси пiсiп жетiлуi, оның саяси ”Менiнiң” қалыптасуы;
2) саяси көзқарастар, идеялар құндылықтар процесiн бiр ұрпақтан келесi ұрпаққа, бiр әлеуметтiк топтан және қауымдастықтан келесi бiр әлеуметтiк топ пен қауымдастыққа беру.
Саяси әлеуметтену үлгілері:
1. жүйелік - билікке, құқықтық тәртіпке, дәстүрлі институттарға позитивті қатынасты қалыптастырумен сипатталады. Әлеуметтенудің негізгі агентуралары болып мектеп пен отбасы, сондай-ақ, тұлғаның қоршаған ортасы, оның құрбылары табылады;
2. гегемониялық -«өзінікінен» басқа кез-келген әлеуметтік және саяси жүйеге дұшпандық көзқарастағы жастарды қалыптастырады. Бұл үлгідегі жетекші агентуралар болып бұқаралық ақпарат құралдары табылады;
3. плюралистік - азаматтардың өз саяси мүдделері туралы көзқарасын, оларды жүзеге асыруға қатысу тілегін, азаматтық белсенділіктің жоғарғы деңгейін қалыптастыру
Саяси әлеуметтенудің механизмдері адам мен саяси жүйенің өзара әрекетінің бірнеше дәрежелерінде қалыптасады. Әлеуметтік дәрежеде (тұтасымен қоғам және ірі топтар) жеке адамға жұмыссыздық, зорлық, террор, т.б. макросоциологиялық факторлар әсер етеді. Соғыс қаупі, экологиялық катастрофалар және басқа да жаһандық мәселелер қазіргі уақытта қоғам, ұлт, таптар дәрежесінде әсер ететін саяси әлеуметтенудің дәстүрлі макрофакторларын толықтырады. Әлеуметтік-психологиялық дәрежеде саяси мақсаттар мен құндылықтар жеке адамға ірі және кіші топтар арқылы да жеткізіледі. Бұл дәрежедегі саяси әлеуметтену механизмдерінің ішінен маңыздырақ болып есептелетіндерге еліктеу, сендіру, саяси үйрену және жеке адамның өзін қандай да бір саяси тұтастықпен теңдестіре қарауын жатқызуға болады. Жеке адам дәрежесінде саяси әлеуметтенудің механизмі ретінде оның санасы мен мінез-құлқына басшылық ететін қажеттілік, мотив, құндылық бағыт-бағдарды атап көрсетуге болады.
Сонымен саяси әлеуметтендiру көптеген ғалымдардың айтуы бойынша адамның саяси кеңiстiкте өзiн-өзi ұстауына, белгiлi бiр билiк қызмет атқаруына көмектесетiн сала.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   68




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет