Саяси әлеуметтендiру екi жақты процестi қамтиды:
Саяси әлеуметтену процесі үш негізгі мәселені шешуге бағытталады:
қоғамның жаңа мүшелеріне саяси мәдениеттің және саяси сананың негізгі элементтерін жеткізу;
қоғамның мүшелеріне қажетті саяси тәжірибе алуға, саяси іс-әрекет етуге және шығармашылық жасауына қолайлы жағдай жасау;
саяси мәдениеттің элементтерін өзгерту.
Д.Истон мен Дж.Деннис саяси әлеуметтендіруді 4 кезеңге бөледі:
саясаттану, яғни баланың ата-ана билігінен де жоғары саяси билік барын сезінуі;
жекелеу, мұнда бала саяси билікті президент, полицейлер тұлғасы арқылы жекелеп сезінеді;
дәріптеу, яғни саяси қайраткерге тек жақсы қасиеттерді тану;
институттандыру, саяси билікті жеке тұлғалар арқылы емес, саяси институттар арқылы (партия, сот, парламент, әскер т.б.) қабылдау.
12. Саяси сана және саяси идеология түсінігі, функциялары, формалары мен деңгейлер.
Саяси сана, әрине, саяси болмыспен тікелей байланысты және соған тәуелді, саяси болмысқа, тәжірибеге белсенді әсер етіп, қоғамдық-саяси үдерістердің дамуын болжай отырып, одан озып та кете алады. Жеке адамдардың, қоғамдық-саяси бірлестіктердің саяси мінез-құлқы, саяси іс-әрекеттерінің бағыт-бағдары саяси сананың деңгейіне байланысты.
Саяси сана дегеніміз — саяси субъектілердің (индивидтердің, топтардың, таптардың және т.б.) саясат саласын (саяси құбылыстарды, үдерістерді) ой-сана жүзінде бейнелеуі. Саяси сана, жалпы алғанда, қоғамдық сананың ерекше бір формасы ретінде оның басқа формаларымен (философиялық ілімдермен, адамгершілік тұғырнамалармен, құқықтық теориялармен, эстетикалык көзқарастармен және т.б.) тығыз өзара байланыста болады, олармен өзара әсерлесіп, түрленіп отырады. Саяси санаға, бір жағынан, рационалдық (әр түрлі нормалар, құндылықтар және т.б.) та, екінші жағынан, иррационалдық (эмоциялар, бейсаналық үдерістер және т.б.) та элементтер жиынтығы жатады, яғни ол саяси үдерістерді қабылдаудың, түсіну мен түсіндірмелеудің барлық деңгейлерін камтиды. Солардың негізінде саяси субъектілердің саяси бағдарлары мен мінез-құлқы, олардың мемлекеттік билікке, оның институттарына деген қарым-қатынасы калыптасады.
Достарыңызбен бөлісу: |