1 сынып Қызықты математика



бет9/11
Дата10.12.2023
өлшемі268,6 Kb.
#136073
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Кері байланыс

Рефлексия


Ұнады


Ұнамады




Оқушыға қай тапсырма ұнаса, сол тапсырманы көрсетеді.



19 – сабақ



Сабақтың тақырыбы

1.3.19. Сурет бойынша есептер шығару

Сабақтың мақсаты

1.3.19.3. Оқушылардың есеп шығару дағдыларын қалыптастыру, есептің қысқаша жазылуы мен шешуін тапқанда дәлелдеуге үйрету.

Сабақтың міндеттері

Оқушылардың есеп шығару және қосынды мен қалдықты таба алу дағдыларын қалыптастыру, есептің қысқаша жазылуы мен шешуін дәптерге жазуды үйрету.Сандарды дұрыс санап, таңбалай білу, есепті шығаруды толық меңгерту, азайту, қосу амалының құрамын білу, геометриялық фигураларды ажырата білуге үйрету. Ұйымшылдыққа ізденімпаздыққа тәрбиелеу. Өздігінен жұмыс жасай білуге тәрбиелеу.

Оқыту әдісі

Сұрақ -жауап, ой ашар, ой қозғау, ойын.

Сабақтың түрі

Өзіндік жұмыс, топтық жұмыс, ауызша.

Сабақтың көрнекілігі

суреттер, ребустар, геометриялық фигуралар.

Күтілетін нәтиже

Суретке қарап есесп құрастыра алады, санының құрамын табуды біледі, суретті сөзжұмбақтарды шешеуді үйренеді.

Тапсырмалар

№1. Суретке қарап есеп құрастыру №2. Сурет бойынша есептер құрастыру, №3. Шеңбер мен төртбұрыштың ішінде тұрған нүктелерді бірдей сандармен біріктіріп, қалып кеткен санды жазу керек, №4. Суретті сөзжұмбақты шешу. Жемістердің атын жазғанда ерекше торкөзден шыққан сөзді бірінші тапқан оқушы жеңімпаз атанады.

Сергіту сәті

Топ-топ басайық,
Жаттығулар жасайық.
Қайырымды жан болып,
Жамандықтан қашайық.

Ой сергітеді, шаршағандары
басылады

Ой толғаныс

Шығармашылық тапсырма:
Біз бүгінгі сабақта не үйрендік?

Бағалау

Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау




Кері байланыс

Рефлексия


Ұнады


Ұнамады




Оқушыға қай тапсырма ұнаса, сол тапсырманы көрсетеді.

20 – сабақ



Сабақтың тақырыбы

1.3.20. Математикалық диктант

Сабақтың мақсаты

1.3.20.4. Математикалық диктант жаздыруға дағдыландыру

Сабақтың міндеттері

Математикалық диктант жаздыруға дағдыландыру.Тірек білімдерін жетілдіру. Оқушылардың логикалық ойлау қабілеттілігін дамыту.Шапшаңдыққа, ұқыптылыққа тәрбиелеу.

Оқыту әдісі

Сұрақ-жауап, ойын, әңгімелеу.

Сабақтың түрі

Өзіндік жұмыс, топтық жұмыс, ауызша.

Сабақтың көрнекілігі

суреттер, ребустар, жұмыс дәптері.

Күтілетін нәтиже

Оқушылардың математикаға қызығушылықтарын артады. Өз бетімен өрнектерді құруға оларды шешуге үйренеді. Екі амалмен шығарылатын есептерді талдап, шығара білу дағдыларын қалыптасады.

Тапсырмалар

№1.Көңілді жаттығулар.
№2. Математикалық диктантты орындау.
№ 3. Мысалдарды дұрыс шығарсаң мына ойыншықтар "Ертегі үйіне" кіре алады. Қане, қатесіз шығарып көрейік!
№4. Римдік цифрларды Есіңе сақта. Рим цифрларын қолдану кезеңі мен қазіргі кездегі колданыста жүруін түсіндіру

Қызығушылықты ояту

Математикалық диктант жаздыру.

Жаңа сабаққа деген қызығушылықтары оянып, ерекше ынтамен кіріседі.

Сергіту сәті

Ұшқандай боп кекiлiк,
Биiк-биiк секiрiп,
Ойнап-ойнап, тез өсiп,
Кетемiз бiз жетiлiп.

Ой сергітеді, шаршағандары
басылады

Ой толғаныс

Шығармашылық тапсырма:
Біз бүгінгі сабақта не үйрендік?

Бағалау

Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау




Кері байланыс

Рефлексия


Ұнады


Ұнамады




Оқушыға қай тапсырма ұнаса, сол тапсырманы көрсетеді.

21 – сабақ



Сабақтың тақырыбы

1.3.21.Логикалық есептер



Сабақтың мақсаты

1.3.21.5.Оқушылардың танымдық қабілеттерін дамыту
логикалық есептерді, тапсырмаларды шешу жолын үйрету

Сабақтың міндеттері

Оқушыларға логикалық есепті шешудің тиімді жолдарын үйрету.Оқушылардың танымдық қабілеттерін дамыту, қосу және азайту амалдарының өзара байланысы негізінде логикалық ойларын дамыту.Есепті күнделікті өмірде қолданып, қиындықты жеңе білуге тәрбиелеу.

Оқыту әдісі

Түсіндіру, сұрақ- жауап, логикалық тапсырма.

Сабақтың түрі

Өзіндік жұмыс, топтық жұмыс, ауызша.

Сабақтың көрнекілігі

Суреттер, сызба.

Күтілетін нәтиже

Логикалық есептер шеше алады

Тапсырмалар

№1. Бос торкөзге тиісті санды қойып, санның құрамын табады. Мұнда бірден санды қоя салмайды келесі санға да тиістісін анықтап барып қоюы керегін түсінеді.


№2. "Математикалық пілдің" тапсырмаларын орындайды. Дұрыс орындасақ піл жуынып бізге алғыс айтатынын түсіндіру керек.
№3. Сұрақтарға жауап беріп, санмен көрсетеді.
№4. Фигураларды есептеу керек.

Сергіту сәті

Оң қолымда бес саусақ,
Сол қолымда бес саусақ.
Қосып едім екеуін,
Болып шықты он саусақ.

Ой сергітеді, шаршағандары
басылады

Ой толғаныс

Шығармашылық тапсырма:
Біз бүгінгі сабақта не үйрендік?

Бағалау

Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау




Кері байланыс

Рефлексия


Ұнады


Ұнамады




Оқушыға қай тапсырма ұнаса, сол тапсырманы көрсетеді.

22- сабақ



Сабақтың тақырыбы

1.3.22. "Ойлан тап"

Сабақтың мақсаты

1.3.22.6. Оқушыларды тез есептеуге, есте сақтауға, ойлау, өз бетінше және жұппен тапсырма орындауға үйрету.

Сабақтың міндеттері

Білімділік: оқушыларды тез ойлауға, өрнектердің мәнін қатесіз шығара білуге машықтандыра түсу ; 
Дамытушылық: тез есептеу, есте сақтау, ойлау, өз бетінше және жұппен тапсырма орындау қабілеттерін дамыту ; 
Тәрбиелік : пәнге деген қызығушылығын арттырып тапқырлыққа, ізденімпаз болуға, қамқорлыққа тәрбиелеу; 

Оқыту әдісі

іздену, жұппен жұмыс, түсіндіру, өз бетінше жұмыс.

Сабақтың түрі

Өзіндік жұмыс, топтық жұмыс, ауызша. ойын сабақ 

Сабақтың көрнекілігі

Суреттер, оқулық, сызба.

Күтілетін нәтиже

Логикалық есептерді орындай алады.

Тапсырмалар

№1. Бос торкөзге керекті санды қояды.


№2. Жалқау кірпіге көмекке келеді. №3. Бос көздерді толтыру керек . № 4 тапсырманы мұғалімнің көмегімен орындайды.

Сергіту сәті

1 дегенде тұрайық,
2, 3, 4 – алақанды соғайық,
Оң жаққа бұрылып,
Сол жаққа бұрылып,
Бір отырып, бір тұрып,
Біз жүгіріп алайық.
5 дегенде асықпай,
Орнымызды табайық.

Ой сергітеді, шаршағандары
басылады

Ой толғаныс

Шығармашылық тапсырма:
Біз бүгінгі сабақта не үйрендік?

Бағалау

Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау




Кері байланыс

Рефлексия


Ұнады


Ұнамады




Оқушыға қай тапсырма ұнаса, сол тапсырманы көрсетеді.



23- сабақ



Сабақтың тақырыбы

1.3.23. Артық-кем, қымбат-арзан

Сабақтың мақсаты

1.3.23.7. оқушыларға заттардың саны бойынша топтарды салыстыру дағдыларын үйрету.

Сабақтың міндеттері

«Артық», «Кем», «Сонша» түсініктерін қалыптастыру;заттардың саны бойынша топтарды салыстыру дағдыларын дамыту. Саны бір -бірінен артық- кем заттарды теңестіруге үйрету. Еңбексүйгіштікке, тапқырлыққа тәрбиелеу.

Оқыту әдісі

іздену, жұппен жұмыс, түсіндіру, өз бетінше жұмыс.

Сабақтың түрі

Өзіндік жұмыс, топтық жұмыс, ауызша.

Сабақтың көрнекілігі

Суреттер, сызба.

Күтілетін нәтиже

Артық-кем, қымбат-арзанды ажыратады, салыстыра алады.

Тапсырмалар

№1. Қанша балық солға қарай, қанша балық оңға қарай жүзіп жүр. Өрнек құр. Артық-кемін анықтау керек. Дәлелдеу арқылы түсіндіреді.


№3.Не артық? Не кем? Қанша артық? Қанша кем? екенін табу, №4. Алманы тиісті себеттерге салу керек..Ең бірінші себетті толтырған оқушы жеңімпаз атанады. Немесе топ.

Сергіту сәті

Ормандағы аюдың,
Құлпынайы көп екен.
Теріп-теріп аламыз,
Қалтамызға саламыз.



Ой сергітеді, шаршағандары
басылады

Ой толғаныс

Шығармашылық тапсырма:
Біз бүгінгі сабақта не үйрендік?

Бағалау

Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау




Кері байланыс

Рефлексия




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет