1 сынып Қызықты математика



бет7/11
Дата10.12.2023
өлшемі268,6 Kb.
#136073
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Қызығушылықты ояту

Өзіндік жұмысына дайындықтарын тексеру.

Жаңа сабаққа деген қызығушылықтары оянып, ерекше ынтамен кіріседі.

Сергіту сәті

Қане балалар, тұрамыз,
Бойымызды жазамыз.
Балықтарға ұқсап біз,
Жүзіп-жүзіп аламыз.

Ой сергітеді, шаршағандары
басылады

Ой толғаныс

Шығармашылық тапсырма:
Тауық шықты көшеге,
Ерді барлық шөже де.
Алға кетті 7-еуі,
Артта қалды 3-еуі.
Санай алмай барлығын
Есі шықты тауықтың.
Сен есепте, балақан,
Қанша еді балапан? (10)

Біз бүгінгі сабақта не үйрендік?



Бағалау

Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау




Кері байланыс

Рефлексия


Ұнады


Ұнамады




Оқушыға қай тапсырма ұнаса, сол тапсырманы көрсетеді.


9- сабақ



Сабақтың тақырыбы

1.2.9.Сурет бойынша өрнек құру

Сабақтың мақсаты

1.2.9.1. Оқушыларды сурет бойынша, ауызша есеп құрастыруға үйрету.

Сабақтың міндеттері

Оқушыларды сурет бойынша, ауызша есеп құрастыруға үйрету.Ой өрісін, тілін, есте сақтау қабілетін дамыту.Білімді болуға тәрбиелеу.

Оқыту әдісі

Сұрақ-жауап, түсіндіру, есептеу, ойын.

Сабақтың түрі

Өзіндік жұмыс, топтық жұмыс, ауызша.

Сабақтың көрнекілігі

Суреттер.

Күтілетін нәтиже

Оқушылар сурет бойынша, ауызша есеп құрастыруға үйренеді.



Тапсырмалар

№ 1. Өрнек құр, мәнін тап. мысалы: 5-3=2 т.б.
№2. Керекті санды қою керек. Өзіндік жұмыс ретінде ұсынуға болады. №3. Есепте, салыстыр. № 4. Суретті жалғастыр. № 5. Өлең есеп. Шешуі:10 алма.

Сергіту сәті

Бала, бала, балапан
Қане, қайсы, алақан.
Саусақтарың әйбат,
Былай-былай ойнат.



Ой сергітеді, шаршағандары
басылады

Ой толғаныс

Шығармашылық тапсырма: мұғалімнің қалауы бойынша алуға боады.
Біз бүгінгі сабақта не үйрендік?

Бағалау

Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау




Кері байланыс

Рефлексия


Ұнады


Ұнамады




Оқушыға қай тапсырма ұнаса, сол тапсырманы көрсетеді.


10- сабақ



Сабақтың тақырыбы

1.2.10. Сурет бойынша теңдіктер құру

Сабақтың мақсаты

1.2.10.2. Тез ойлауға, шапшаң есептеуге баулу, ой өрісін дамыту

Сабақтың міндеттері

«Теңдік», «теңсіздік» туралы түсінктерін қалыптастыру және сәйкес терминдермен таныстыру.Тез ойлауға, шапшаң есептеуге баулу, ой өрісін дамыту. Ұжымдыққа, ептілікке тәрбиелеу.

Оқыту әдісі

Сұрақ-жауап, түсіндіру, есептеу, ойын.

Сабақтың түрі

Өзіндік жұмыс, топтық жұмыс, ауызша.

Сабақтың көрнекілігі

Әр түрлі суреттер.

Күтілетін нәтиже

Суретке қарап отырып теңдіктер құруды меңгереді.

Қызығушылықты ояту

Оқу құралдары пайдалана отырып теңдіктер құру. Мысалы: 1 сөмке+1 өшіргіш; 3 дәптер+2 кітап т.б.

Жаңа сабаққа деген қызығушылықтары оянып, ерекше ынтамен кіріседі.

Тапсырмалар

№1. Суретке қарап бірнеше теңдіктер құру керек
№2. Есепте, теңдік пен теңсіздік құрастыр.Сурет бойынша есеп құрастыруға үйрету. №3. Санап, теңдік құр. №4. Заттардың жұбын табу кетек. Топтық жұмыс түрінде ұсынуға боады.

Сергіту сәті

Топ-топ, топ басайық,
Жалаудан күн жасайық.
Жаса, жаса алтын күн
Жаса, жаса жарқын күн.
(балалар қолдарын соғады)



Ой сергітеді, шаршағандары
басылады

Ой толғаныс

Шығармашылық тапсырма:
Біз бүгінгі сабақта не үйрендік?

Бағалау

Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау




Кері байланыс

Рефлексия


Ұнады


Ұнамады




Оқушыға қай тапсырма ұнаса, сол тапсырманы көрсетеді.



11 – сабақ



Сабақтың тақырыбы

1.2.11.Кел, ойнайық!

Сабақтың мақсаты

1.2.11.3.Әр түрлі әдістер арқылы оқушылардың сөз байлығын тексеру, бекіту, өз пікірін айта білуін қалыптастыру. 

Сабақтың міндеттері

Өткен тақырып бойынша әр түрлі әдістер арқылы оқушылардың сөз байлығын тексеру, бекіту, өз пікірін айта білуін қалыптастыру. Ттез ойлау, оқушылардың сөздік қорын молайту, тіл дамыту логикалық ойлау, талдау, жинақтау қабілетін дамыту. 

Оқыту әдісі

сұрақ-жауап, ойландыру, түсіндіру, ойын әдісі, диалог құрастыру. 

Сабақтың түрі

Өзіндік жұмыс, топтық жұмыс, ауызша.

Сабақтың көрнекілігі

Әр түрлі суреттер, қима қағаздар.

Күтілетін нәтиже

Ойын арқылы оқушының ой-өрісі дамиды.

Тапсырмалар

Сабақты ойын түрінде бастауға болады.
№1. Ойыншықтардың көлеңкесін табады №2. Орманға жетуге Бауырсаққа көмектесу керек және жол көрсетеді. Егер оқушылар бір – бірімен келіспей ортақ шешім таппаса мұғалім көмекке келеді. №3. Кім жылдам? жеке жұмыс түрінде ұсынуға болады. №4. Машаға көбелек ұстауға көмектесу.оқушылар көмекке әрқашан дайын екенін белсене көрсетуге тырысады.

Сергіту сәті

Бiр, екi, үш, бiр, екi, үш,
Бойға жинап күш.
Жаттығу жасап алайық,
Бiр дем алып қалайық.

Ой сергітеді, шаршағандары
басылады

Ой толғаныс

Біз бүгінгі сабақта не үйрендік?

Бағалау

Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау






Кері байланыс

Рефлексия


Ұнады


Ұнамады




Оқушыға қай тапсырма ұнаса, сол тапсырманы көрсетеді.



12- сабақ



Сабақтың тақырыбы

1.2.12. Салыстырудың құпиясы

Сабақтың мақсаты

1.2.12.4. оқушының ойлау, ауызша есептеу, есте сақтау қайта жаңғыртуын дамыту.

Сабақтың міндеттері

2, 3, 4, 5, 6, 7 сандарының қосу және азайту кестесіне сүйене отырып, екі таңбалы сандарды, өрнектерді салыстыру, сөз есеп, теңдеуді шешуге машықтандыру.Оқушының ойлау, ауызша есептеу, есте сақтау қайта жаңғыртуын дамыту. Адамгершілікке,әдептілікке, достыққа, ұйымшылдыққа, ұйымшылдыққа, қамқорлыққа, тәрбиелеу.

Оқыту әдісі

Сөздік әдісі, өз бетімен жұмыс, топтастыру, таңдап алу ,тірек схемасы.

Сабақтың түрі

Өзіндік жұмыс, топтық жұмыс, ауызша.

Сабақтың көрнекілігі

Әр түрлі суреттер, қима қағаздар.

Күтілетін нәтиже

Салыстыруды меңгереді.

Тапсырмалар

№1. Сурет бойынша өрнек құрастыр, салыстырады.
№2. "Түймелерді салыстыр" ойынын ойнайды.
№3. Жауабы: Отбасы мүшелері 8 адам. Еңбекті 7 адам жасады. №4. тапсырманы орындайды.

Сергіту сәті

Бiр, екi, үш
Бойға жинап күш.
Жаттығуды жасаймыз
Шынығуды бастаймыз.

Ой сергітеді, шаршағандары
басылады

Ой толғаныс

Шығармашылық тапсырма:
Жандоста бар 5 іні,
Алмаста бар 2 іні,
Қоссақ 5 пен 2-ні,
Қанша болар шешуі? (7)

Біз бүгінгі сабақта не үйрендік?



Бағалау

Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау




Кері байланыс

Рефлексия


Ұнады


Ұнамады




Оқушыға қай тапсырма ұнаса, сол тапсырманы көрсетеді.



13 – сабақ



Сабақтың тақырыбы

1.2.13. Кім жүйрік?

Сабақтың мақсаты

1.2.13.5. Оқушылардың математикалық білімдерін тереңдете түсу, логикалық ойлауды, тапқырлықты дамыту, қабілетті және дарынды балаларды анықтау.

Сабақтың міндеттері

Оқушылардың математикалық білім қабілеттерін тексеру. Оқушылардың математикалық білімдерін тереңдете түсу, логикалық ойлауды, тапқырлықты дамыту, қабілетті және дарынды балаларды көрсету. Оқушыларды ұйымшылдыққа, жеңімпаз озық болуға тәрбиелеу.

Оқыту әдісі

Сұрақ - жауап, өз бетімен жұмыс, топтастыру, тірек схемасы.

Сабақтың түрі

Өзіндік жұмыс, топтық жұмыс, ауызша.

Сабақтың көрнекілігі

Сызбалар, сұрақтар жинағы, жұмбақтар, логикалық есептер.

Күтілетін нәтиже

Оқушылардың жүйріктігі, ептілігі, тез ойлау қабілеті сыналады.

Тапсырмалар

Тапсырмаларды орындағанда қателік жібермеуді басшылыққа алу керек.
№1. Қатесін тап. №2. Санның құрамын тап.
№3. Тиісті белгіні және тиісті санды қой.. № 4. Папугайдың тапсырмаларын орындап, бояп шығады.1-көк, 2-сары, 3-қызыл, 4-жасыл.

Сергіту сәті

Оңға, солға бұрылдық,
Алға, артқа иілдік.
Тіземізді бүктіріп,
Қолды создық тік тұрып.

Ой сергітеді, шаршағандары
басылады



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет