2.Бас сүйектің ортаңғы шұңқыры (fossa cranii media) – алдыңғы шұңқырға қарағанда тереңдеу. Ортаңғы бөлігі түрік ертоқымынан түзілген. Бүйір өліктеріне сына тәрізді сүйектің үлкен қанаттары, самай сүйектері және пирамиданың алдыңғы беті кіреді. Бас сүйектің ортаңғы шұңқырында түрік ертоқымына сәйкес келетін тақ орталық, оң және сол латералды бөліктерін ажыратады. Орталық бөлігінде гипофиз шұңқыры (fossa hypophisialis) орналасқан. Сына тәрізді сүйек денесінің латералды бетінде ұйқы жүлгесі (sulcus caroticus), ал самай сүйек пирамидасының ұшында жыртық тесік (foramen lacerum) жақсы көрінген. Жыртық тесік арқылы ішкі ұйқы артериясы, үлкен және кіші тастық жүйкелер, терең тасты жүйкелер өтеді. Бас сүйектің ортаңғы шұңқырын сопақ және қылқанды тесіктер бас сүйектің сыртқы негізіндегі самай асты шұңқырымен байланыстырады. Ортаңғы шұңқыр тесіктері: canalis opticus, fissura orbitalis superior, foramen rotundum, foramen ovale, foramen spinosum, foramen lacerum.
3.Бас сүйектің артқы шұңқыры(fossa cranii posterior) - шұңқырлардың ішіндегі ең тереңі және ең көлемдісі. Құрамына шүйде сүйегі, сына тәрізді сүйек денесінің артқы бөлігі, самай сүйегінің pars petrоsa және төбе сүйегінің төменгі артқы бұрышы енеді.
Шұңқырлардың ортасында үлкен тесік, оның алдында ылди (clivus) орналасқан. Ылдида сопақша ми мен көпір жатады. Тесіктері: foramen magnum, canalis hypoglossalis, foramen jugulare, canalis condilaris(кейде болмайды), foramen mastoideum(тұрақтылау), porus acusticus internus пирамиданың артқы бетінде болады.
34 сұрақ. Үздіксіз сүйек қосылыстары. Сүйек қосылыстарының анатомиялық жіктелуі. Жауап: Үзіліссіз байланыстардың үш тобын – фиброзды (егер туғаннан кейін сүйектер арасында дәнекер тін қалса, онда сүйектер дәнекер тін арқылы қосылады.), шеміршекті(егер сүйек арасында дәнекер тін шеміршек болса, онда сүйектер шеміршек тіні арқылы байланысады.) және сүйекті (сүйектер арасында дәнекер тін сүйек тініне ауысса немесе алдымен шеміршек кейін сүйек тініне ауысса, онда сүйектер сүйек тіні арқылы қосылады.) деп ажыратады.