1. Сүйектердің құрылысы,жіктелуі



бет28/110
Дата19.11.2023
өлшемі289,1 Kb.
#124835
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   110
Байланысты:
Анатомия сессия шпор (2)

Фиброзды байланыстар.
Фиброзды байланыстар - синдесмоз,(junctura fibrosa seu syndesmosis) сүйіктердің меншікті дәнекер тіндер арқылы байланысы. Синдесмоздарға жалғамалар, сүйек аралық жарғақтар, еңбектер, жіктер және қағулар жатады.
Жалғамалар (ligamentum) - коллаген немесе эластикалық талшықтарға ие дәнекер тіндерден құралған анатомиялық құрылым. Коллаген талшықтарынан түзілген жалғамалар созылу күшін тежейді, ал иілгіш талшықтар созылмалы, олар жүктемелер аяқталған соң қысқарып, өз қалпына келе алады. Жалғама ұзындығы талшыққа байланысты. Кей жерлерде (омыртқа доғасы арасында) байламдар серпінді дәнекер тіннен тұрады және сарғыш түсті болады.
Сүйек байланыстарының өзіндік түрі ретінде жалғамалар келесі қызметтерді атқарады:

  1. фиксикалық рөлі (сегізкөз-төмпелік, сегізкөз-қылқандық, қылқан аралық, көлденең аралық және т.б.);

  2. Бұлшықеттердің басталу және беку жерлері түрінде жұмсақ қаңқа рөлі (қол - аяқ, омыртқа бағанының жалғамалары және т.б.);

  3. Пішін түзуші рөлі, олар сүйектермен бірігіп, күмбездер мен қан тамырлар мен жүйкелер өтетін тесіктер түзеді (жауырынның жоғарғы көлденең жалғамасы, жамбас сүйектері жалғамалары және т.б.).

Жарғақтар (membranae) – дәнекекр тін сүйектер арасындағы ірі кеңістіктерді толтыратын сүйек аралық қосылыстар. Жарғақтың құрамындағы дәнекер-тінді талшықтар көбінесе - коллагенді. Олар сүйектерді қалыпты жағдайда ұстауға көмектеседі және бұлшықеттердің басталу жерлері, қан тамырлар және жүйкелер өтетін тесіктер түзеді. Мысалы, білекте немесе сирақта.
Еңбектер (fonticuli) - ұрықтың, нәрестенің және 1 жасқа дейінгі баланың бас сүйек сүйектері арасындағы дәнекер тінді құрылымдар. Еңбектер туу кезінде сүйектердің бір-біріне ығысуын және туылғаннан кейін сүйектердің қарқынды өсуін қамтамасыз етеді.
Жіктер (suturae) - бас сүйек сүйектері арасында аралық дәнекер тін жұқа қабатша сипат алып, пайда болады. Жіктер пішіндеріне қарай: тісті (sutura serrata), қабыршақты (sutura squamoza) және жалпақ (sutura plana) болады. Жіктер бас сүйек сүйектерінің өсу зонасы және қозғалыс кезінде амортизатор қызметін (миды, көру ағзасын, тепе-теңдік және есту ағзасын зақымданудан сақтау) атқарады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   110




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет