Буындық беттерінің саны бойынша: 1. Тек екі буындық беті болса – қарапайым буын (саусақаралық буындар).
2. Екіден көп буындасқан беті бар – күрделі буын (шынта буыны).
3. Буынды 2 камераға бөлетін буынішіндегі шеміршегі бар – кешенді буын. Егер шеміршегі диск пішінді болса(шықшыт буыны), камераға толық бөлінеді; егер шеміршек жарты ай тәрізді мениек пішінді болса(тізе буыны), камераға толық бөлінбейді.
4. Бірлесе қызмет атқаратын, бірақ бір-бірінен бөлек орналасқан буын – үйлесімді буын(екі шықшыт буындары, проксималды жне дисталды кәрі - жілік буындары, т.б.).
Қозғалыс білігіне байланысты: Бір білікті. Бұндай буындарда қимыл бір біліктің айналасында жүреді. Оның өзі фронтальді және вертикальді біліктер болып бөлінеді:
Фронтальді білік айналасында- бүгілу және жазылу қимылдары болады.
Вертикальді білік айналасында- айналдыру қимылы жүреді.
Бір білікті буындар бет пішініне байланысты: Цилиндрге ұқсас (articulatio cylindrica) – Буындасқан сүйектердің ұзын білігіне параллель білікті айнала қозғалуды қамтамасыз етеді, яғни айналғыш буын. Оларға: ауыз-білік, кәрі жілік-шынтақ проксимальді және дистальді буындар жатады.
Шығыр тәрізді (ginglimus) –Буындасқан беттердегі бағыттаушы жүлегелер мен бүйірге қарай ығысуды болдырмай, бір білікті айнала қозғауға көмектеседі. Бунақаралық және винт тәрізді буындар (articulatio trochlearis) жатады. Фронтальді білік айналасында қимылдайды.
Екі білікті. Қимыл екі білік айналасында жүреді. Фронтальді және сагитальді білік йналасында жүреді. Олар бес қимыл кезінде қимылдайды: бүгілу, әкелу, жазылу, әкету, айналдыру.
Екі білікті буындар пішініне байланысты: Эллипс тәрізді (articulatio ellipsoidea) – Біріне бірі перпендикулярлы екі горизонталды білікті айнала қозғалуды қамтамасыз етеді: 1. Фронталды білікті айнала – бүгу және жазу; 2. Сагиталды білікті айнала – әкелу және әкету. Ауыз-шүйде, кәрі жілік-білезік буындары мысал бола алады.