«1 сұрақ» Адамның алғашқы еңбек құралдары тастан жасалған. Сондықтан да аса ұзақ-қа созылған алғашқы тарихи кезең – тас дәуірі деп аталады. Тас дәуірі мына-дай 3кезеңге бөлінеді: Палеолит – ежелгі тас дәуірі



бет3/12
Дата14.02.2023
өлшемі93,54 Kb.
#67923
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12
Байланысты:
«1 ñ?ðà?» Àäàìíû? àë?àø?û å?áåê ??ðàëäàðû òàñòàí æàñàë?àí. Ñîíäû

«4 сұрақ»
Солтүстік Қазақстандағы Ботай мәдениеті.
Ботай мәдениеті — энеолит дәуірінде Солтүстік Қазақстанды мекендеген тайпалар мәдениеті. Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданының Никольское ауылынан оңтүстік-шығысқа қарай 1,5 км жердегі Ботай қоныстарына байланысты аталған. Қазба жұмыстарын жүргізген Солтүстік Қазақстан университетінің археологиялық экспедициясы (1981 — 83, жетекшісі В.Ф. Зайберт) 15 га жерді алып жатқан қоныстан 158 үйдің орны қазылып аршылды. Олар қабырғалары бір-біріне жалғастырып салынған бірнеше тұйықталған бөліктерден тұрады. Кейбіреулерінде 30-ға тарта үйлер болған. Шаруашылық құралдары түрлі тастардан, балшықтан және сүйектерден жасалынған. Ботай мәдениетін жасаған тайпалар жылқыны қолға үйреткен. Тастан жасалған пышақ, қанжар, жебенің, найзаның ұштарының көптеп табылуы қоғам өмірінде аңшылықтың рөлін айқын көрсетеді. Сонымен қатар гарпун, ине, жуалдыз, тескіштер, тұмар және әшекей бұйымдардың кездесуі шаруашылықтың әр саласынан хабар береді. Ботай мәдениетінің қалыптасуына Атбасар неолиттік мәдениетін жасаған тайпалары араласқан. Ботай мәдениеті Жайық пен Ертіс өзендерінің аралығын қоныстанған тайпалар мәдениетіне жатады. Ғалымдарды табылған ат сүйектерінің көптігі таң қалдырған. Жұмысқа аңдар сүйегін зерттейтін ғалым-остеологтар шақырылды. Олар ауқымды істер атқарды. 133 мыңдай жылқы сүйектері зерттелді. Нәтижесінде анықталғаны, Ботай аттары бұрынғыда белгілі жылқылар түріне жатпайтын боп шықты. Ботай аттарының сүйегі өзге де ежелгі аттар сүйегінен ерекшеленіп тұрды. Ғалымдар бірауыздан ботай аттарының қолға үйретілген деген пікірді ұстанды. Олар далада жүрген жабайы жануар еместігін айтады. Жылқылар үй шаруасында, аң аулауда қолданылған. Күні бүгінге дейін жылқылар қолға кеш үйретілген деген пікірлер айтылды. Қоныстың материалдарымен әлемнің барлық ғылымдары қызыға бастады. Ботай жылқысын зерттеп білуге Солтүстік Қазақстан облысына Новосібір, Мәскеу, Англия, Германия ғалымдары келді. Көптеген ғалымдар ортақ пікірге сүйенді, яғни Ботай қонысы Еуразия даласында мал шаруашылығы орталығы болған. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Ұлы даланың жеті қыры» мақа­ласында: «Еліміздің солтүстік өңірін­дегі энеолит дәуіріне тиесілі Ботай қонысында жүргізілген қазба жұмыстары жылқының тұңғыш рет қазіргі Қазақстан аумағында қолға үйретілгенін дәлелдеді» десе, Ботай мәдениетінің құндылығы жайлы археолог В.Зайберттің тұжырымдамасында: «Ботай қонысы Орталық Азия даласында жылқыны қолға үйретудің ең алғашқы археологиялық дәлелі іспеттес. Сонымен қатар қоныстан табылған керамикалық ыдыстардан липид пен сүт майларының қалдықтары табылуы – мұнда жайы­лым­­дық жылқы шаруашылығы болғанды­ғының бір дәлелі. Яғни б.з.д. IV мың жылдықта қазақ даласында жылқы қол­ға үйретіліп, қымыз дайындалды. Со­нымен қатар ботайлықтар қола дәуіріне дейін екі мың жыл бұрын мыс құрал-саймандарды пайдаланды. Оларда сурет­шілік, зергерлік өнері ерекше дамыды. Кейбір артефактілердің жасалу шеберлігі таңғалдырады. Бұл мәдениет соңғы алты мың жыл ішінде, андронов, сақ-сармат, қаңлы, түрік-қыпшақ, т.б. еуразиялық дала­лық мәдениеттер арқылы жүйелі дамып, олардың тарихи-мәдени, этностық, антро­пологиялық ерекшелігін бойына сіңіре отырып, қазіргі түрік этносына қосылды», дейді.
Кембридж университетінің археологиялық мұражайында Ботай жайлы арнайы көрме өткізіліп, дүние жүзі археологиясының ең үздігі ретінде аталды. Сол секілді Ботай жерінде «Мәдени мұра» бағдарламасымен де көптеген жұмыстар жасалды. Нақты айтар болсақ, аталған мекенде тарихи, археологиялық қорық ұйымдастырылды. Бір жарым гектар аумақты алып жатқан қалашық қоршалып, 150-ден аса үйдің орны аршылып, қалыпқа түсірілді. Ол үй-жайлар біріне-бірі жалғасып, отызға тарта құрылыстар жасалынды. Осылай бірдей жоспармен тұрғызылған ұзындығы елу метрдей көшелер салынды. Әрбір көшеге шамамен, он бес – он алты үй жайғастырылды.Мұндағы шаруашылыққа пайдаланылған құрал-саймандар да әр түрлілігімен ерекшеленеді. Олар сан алуан тас, саз балшықтарынан, сол секілді сүйектен істелгені анықталды. Олардың әр қилылығына қарап, шаруашылықтың да өзінше күрделірек болғанын аңғарамыз. Тастан жасалған тоқпақтар, түрлі пішіндегі пышақтар, сан алуан қанжарлар, найзалардың ұштары, балық аулау үшін қолданылған шанышқылар, жылқы малына пайдаланған жүгеннің сүйектен әзірленген тетіктері, жылқыны ұстауға лайықталған ілгектер кездеседі. Ал үй-жайларды тұрғызу үшін балға мен қашауды, шот пен кескішті, ағаш қыратын заттарды қолданған екен. Сондай-ақ, ботайлықтардың тастан жасалған бұрғы мен шой балға, түрпі секілді қосымша құралдары да болған.«Ботай мәдениетін» зерттей келе, мұнда тері өңдеу ісінің керемет дамығанын, тігіншіліктің де кең өріс алғанын, керамикалық өндірістің болғанын дәлелдейтін көптеген заттар табылды. Ол заттарды жасау үшін ботайлықтар ат сүйегін кеңінен қолданып отырған. Ал жерлеу салты қандай болған деген сұраққа келер болсақ, мұнда тотемизмнің, бабалардың әруағына сыйынудың дәстүрін бірден аңғаруға болады. «Ботай мәдениеті» осындай өзінің өзгеше тарихымен, ерекшелігімен басқа мәдениеттерден бөлек екенін көрсетеді. Тарихи обалары бар Айыртау жері әлі де толық, түбегейлі зерттеуді талап етіп отыр. Арнайы қаржы бөліп, жаңа техникалармен жабдықталған экспидиция ұйымдастыру бүгінгі күннің ісі.Ботай жерінде бір кездері ашық аспан астындағы мұражай ұйымдастыру қолға алынбақ болған, бірақ ол жоба ақыры айтылған сөз күйінен әрі аспады. Ауданнан Ботай мұражайын ашу, баба басына арнайы ескерткіш тақтасын қою, тек қана қазақстандықтар тамашалайтын емес, әлем халқы келіп көретін туристік орталыққа айналдырып, еліміздің тарихын саяхатшыларға ашып көрсету – міне, осы сынды көптеген кезек күттірмейтін мәселер бар. «Ботай мәдениеті» – еліміздегі ең ежелгі мекеннің бірі және бірегейі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет