53 сұрақ Қазақстан аумағындағы энеолит дәуіріндегі археологиялық мәдениеттің ерекшеліктерін сипаттаңыз.
Энеолит сөзі-мыс-тас ғасыры дегенді білдіреді.Адамзат баласының металдан жасалған құралдарды игере бастауы. Б.з.б. ІІІ-ІІ мыңжылдықтарды қамтиды.Мыс адамдар еңбек құралын жасауды үйренген алғашқы металл болды.Қазақстан аумағында ең алғаш мыс игеру Орталық Қазақстан мен Шығыс Қазақстан өңірлерінде қалыптасты.Себебі,бұл өңірлер мыс кен орындарының тығыз орналасқан жерлері болып табылады. Қазақстан аумағында энеолит дәуірінің жарқын ескерткіші-Солтүстік Қазақстандағы Ботай-Терсек мәдениеті –адамзат тарихындағы жылқы өсірушілердің алғашқы мәдениеті. Ботай әлемдегі – ертедегі Еуразия жылқы өсірушілерінің ғажайып қонысы. Қазба жұмыстарын жүргізген Солтүстік Қазақстан университетінің археологиялық экспедициясы (1981-83,жетекшісі В.Ф. Зайберт) 15 га жерді алып жатқан қоныстан 158 үйдің орны қазылып аршылды. Олардың жылқыны қолға үйретуі мен атқа салт мінуін қоныстардан табылған ат әбзелдері, тұсауға арналған ілмектер мен басқа заттар дәлелдейді және олар ағаш бөренесінен жартылай дөңгелек баспана тұрғызған,қабырғаларға ет сақтайтын орындарды ойып жасады.Үйлердің қабырғалары жануарлар терісімен қапталған.Ботай қонысынан 70 мың жылқының сүйек қалдықтары табылған.
Ботайлықтардың жылқы асырау мәдениеті Ұлы Даладағы көшпелі өркениеттің қалыптасуында маңызды рөл атқарды.Олардың бұл мәдениеті болашақтағы қазақтардың көшпелі өркениетінің тікелей негізі саналады.Осы мәдениеттің жұрнағынан қазақтардың бүгінге дейінгі мәдениетіне тән белгілерді көруге болады(жылқы өсіру,еті мен қымызын пайдалану)
Ботай мәдениеті –Ұлт шежіресінің бастауы.Ол бүгінгі қазақтардың бабалары осы жерді мекендегенінің дәлелі.
Қазақстан аумағындағы энеолит дәуірі мәдениетінің екінші аймағы –Маңғыстау өңірі.Шебір елді мекені маңынан тас пен қыштан жасалған еңбек құралдары табылған.Ыдыстарды әшекейлеу барысында тарақ тісі сияқты өрнек пайдаланған.
54 сұрақ
Қазақ хандығы кезіндегі дәстүрлі қазақ қоғамындағы құрлымының сипаттаңыз
Қазақ хандығыдағы қазақ қоғамының құрылымы идеологиясы,жығу тегі, дәстүрі,ортақ болды. Қазақ қоғамының билік институттары – ханның, билердің, құрылтайдың, улыстардың көмегімен басқарылды. Ханды Шынғыс ханның тікелей ұрпағы Жошыханнан бастап хан етіп жариялауға болатын болды. Хан сайлауында урудын жасы үлкен ер адамы басым құқықа ие болды. Ханды таққа отырғызу кезінде ақ киізбен көтеру салты сақталды. Қазақ қоғамындағы хандарыдың негізгі құқығы: 1. Барлық қазақ тайпасының басшысы ретінде елді басқару және сыртқы жаудан қорғау. 2. Хан соғыс жариялау және бітім жасау бас қолбасшы қызметтің атқаруға құқығы болды. 3. Шетелдермен келіссөздер жүргізу, сыртқы саяси бағытты белгілеу құқығы. 4. Ханның өлім жазасына кесуге және кешірім беруге құқылы болды яғни бас төреші. 5. Хан зан мен бұйрықтар шығаруға құқылы қоғамдағы тәртіпті сақтауға міндетті.
Ханның айналасында кенесшілер, әскер басылар, нөкерлер және жасақтар төлеңгіттер болды. Жасақ ханның және оның отбасын күзетуді қамтамасыз етеді. Атқосшылар күнделікті тұрмыста және хан ұйымдастырып тұратын жиын тойларға қызмет көрсетті. XVII ғасырға дейін қазақ хандары Ұлы даланы үнемі аралап жүрді хан ордасы оның шатыры тігілген жерде орналасты. Қазақ хандығында аға және кіші хандар болды. Аға хандар бүкіл қазақ еліне таралды. Олар Қасым хан, Тауке, Хақназар, Абылай т.б. Қазақ хандығына билік үшін үнемі күрес болып турды. Сұлтандар негізгі билікті мұрагерлікке алатындар. Шынғыс Хан ұрпағынан тараған сұлтандар жыл сайынғы Құрылтайға келіп, мемлекеттік істерге қатысты. Құрылтай ақсүйекттердің жиналып маңызды мемлекеттік істердің шешетін жалпы жиналыс болды. Билер мен батырлар қазақ қоғамындағы ықпалы жоғары болды. Билер халық мүддерлерін қорғайтын өзіндік бір «Ұлттық үкімет» болды. Ақсүйекттер Шынғыс ұрпақтары, қожалар, төрелерден құралды. Қалған қазақ қоғамындағы қарапайым халық қарасүйекттер деп аталды. «Хан - билер - халық» биліктің үштігі, олардың әр қайсысы қазақ мемлекеттінің нығаюы манізды рөл атқарды
55 сұрақ.. Қимақ қағанаты мен Қыпшақ мемлекетінің қазақ мемлекеттілігінің қалыптасуындағы рөлін сипаттаңыз.
Қимақ қағанаты (9-11 ғ.б.) - көне қазақ мемлекеті
Қимақтар 7 ғ. қытай деректерінде айтылады. Синологтар оны "яньмо" тайпасымен бір деп қарайды. 840 ж. Орталық Моңғолиядағы Ұйғыр қағанаты ыдырағаннан кейін оған енген тайпалардың бір бөлігі (еймұр, баяндұр, татар) кимақ бірлестігінің өзегіне келіп қосылады. Сол кездері жеті тайпадан: еймұр, имек, қыпшақ, татар, баяндұр, ланиказ, ажлардан тұратын кимақ федерациясы құрылады. Кимақ патшасының титулы - "байгу" деп аталады. Ал 9 ғ. соңы мен 10 ғ. басында Қимақ қағанаты құрылғаннан бастап, олардың ханы түріктің ең жоғары лауазымы - қаған атын алады.Қимақ мемлекеті 10 ғ. ортасынан бастап, кимек қағанаты 4 болысқа бөлінетін болады. Қимақ тайпаларының одағы қандас-туысқандық байланысқа негізделген құрылым болмаған, ол территориялық-әкімшілік қарым-қатынас принциптеріне сүйенген.
Қимақтарда жазу-сызу болғанын араб саяхатшысы Әбу Дулафтың (10 ғ.): "оларда қамыс өседі, олар сонымен жазады" - деген сөзі дәлелдейді. Олар тәңірге, ата-баба рухына, сондай-ақ кейбіреулері христиан тектес дін - манихейлікті ұстанған. Қимақ қағанының Ертістегі ордасы Қимақияға (Имекияға) апаратын керуен жолдары болған.
11 ғ. басында Қимақ қағанаты күйреді. Оның құлауының екі себебі бар: өздерін өздері билеуге ұмтылған қыпшақ хандарының орталықтан бөлінуге тырысушылығы, және қағанатта ішкі талас - тартыстың күшеюІ және Орталық Азияның көшпелі тайпаларының қаптап кетуі.
656 жылы Батыс түрік қағанаты құлағаннан кейін Алтай тауының Солтүстік жағы мен Ертіс өңірін жайлаған қыпшақтардың едәуір мол топтары кимектердің басшылығы мен тайпалар одағының өзегін құрайды. Алайда негізгі қыпшақ тайпаларының өзін-өзі билеуге ұмтылған талабы VIII ғасырдың соңында оларды кимек мемлекетінің құрамынан бөлініп, батысқа қарай көшуіне апарып соғады. Бірақ қыпшақтар түбірлі тәуелсіздікке жете алмайды, олар VIII-X ғғ. кимек мемлекетінің құрамында болып, қыпшақтар тарихы кимектер тарихымен қоса өрледі.
XI ғасырдың басында Кимек қағанаты тарханнан кейін, кимек, қыпшақ және қуман тайпаларының бұрын жайлаған жерлерінде әскери саяси жетекшілік қыпшақ хандарының қолына көшеді. Қыпшақтың өкімет басына келген ақсүйектер әулеті оңтүстік және батыс бағыттарында белсенді қимыл-әрекеттерге кірісіп, Орта Азия және Оңтүстік Шығыс Европа мемлекеттерімен тікелей байланыс жасауға кіріседі.
Аймақтағы этникалық саяси ахуалдың өзгеруіне сәйкес, XI ғ. екінші жартысында жазба деректерде бұрын осы жерде бұрын аталып келген «Оғыздар даласының» (Мафазат әл-гуз) орнына Дешті- қыпшақ аты пайда болды.
Ертістен Днестірге дейінгі бүкіл территорияны алып жатқан Дешті-қыпшақтың тарихи географиялық облысын шартты түрде Еділ бойы арқылы аса үлкен екі этникалық-территориялық бірлестікке бөлуге болады: басында тоқсоба рулық әулеті тұрған Батыс қыпшақ бірлестігі және Ел-бөрілі руының хан әулеті билеген Шығыс қыпшақ қағанаты.
Қыпшақ этникасының қазақ территориясында құрылуы аса ұзақ процесс болған, ол үш кезеңге бөлінді:
1.VII-VIII ғғ. Kимек қағанатының құрамындағы қыпшақтар;
2. VIII-IX ғғ. Алтай тауларынан батыстағы Еділ өзеніне дейінгі террторияға қоныстанып, саяси үстемдік алған қыпшақтар;
3. XI-XIII ғғ. Шығыс ұлыстағы айбынды қыпшақтар.
XI ғ. екінші жартысынан бастап қыпшақтардың этникалық құрамына енген негізгі тайпалар: қимақтар, баяндурлар, баяуттар, қаңлылар, ұран тайпалары. Әбу-л-Ғазиздің хабары бойынша Ыстық көл мен Талас жағалауына қоныстанған қаңлылар да кірген.
Рашид-ад-Диннің жазуына қарағанда, қыпшақ қоғамында ұран тайпасының беделі ерекше болған. Оған себеп Хорезм шахы Мұхаммед II шешесі Туркан-Хатун осы ұран тайпасынан болған. Моңғол шапқыншылығының қарсаңында қыпшақтармен Хорезм шахының арасындағы жақсы қатынас болған тәрізді. Сонымен қатар қыпшақ әскер басшыларының көпшілігі де ұран тайпасынан болған.
Қыпшақтардың құрамына көрші жатқан түркі тілдес тайпалар да қосылған. Қыпшақтардың саяси салмағының күн санап өсіп бара жатуына байланысты, тайпалар мен этникалық топтар, өздерінің бір этносқа жататынын саналы түрде сезе отырып, қыпшақ атын алады. Алайда қыпшақ жұртының құрылып, қалыптасуының аяққы кезеңін моңғол басқыншылығы үзіп тоқтайды.
56 Сұрақ:
Махмұт Қашқаридің ортағасырлық кезеңдегі ғылымының дамуына қосқан үлесін сипаттаңыз.
Сұрақтың жауабы:
Махмуд Қашқаридың атын бізге, біздің заманы-мызға жеткізген оның ұлы мұрасы ''Диуани лұғат-ат-түрк''. Сондықтан Қашқари жайындағы, оның тарихи ерлігі жайындағы мәселені - сол еңбегі, оның мәні мен маңызы, онда сөз болған шешуін тапқан ғылымдық мәселелерден бөлектеп қарауға болмайды. Осы екеуін бірлікте алып, жарыстыра әңгімелегенде ғана бұдан тоғыз жүз жылдай бұрын өмір сүрген, еңбек еткен ұлы ғалымның нағыз бейнесін еске аламыз.
М. Қашқари еңбегі негізінен сол дәуірдегі түркі тайпаларының тілдік құрылыстарын жүйе-жүйемен баян-дауға арналған. Бірақ кітаптың берер мәліметі онымен ғана шектелмейді. Қашқари еңбегін қазіргі заманда, тек қана тіл мамандары оқып, зерттеп қоймай, сонымен қатар, әдебиетші, тарихшы, этнографтар мен географтардың да үңіле қарап, жете зерттеп, жүргені кездейсоқ жай емес. Қашқари еңбегінің әдеби маңызы жайлы неміс оқымыс-тысы М. Хартман ''Диуани лұғат-ат-түрк'' - халықтық әдебиеттің үлгісі, соның негізінде құрылған'' дейді де, осыдан екі-ақ жыл бұрын жазылған ''Құдатқу білігті'' (''Бақыттылық жайлы ілім'') - сарай әдебиетінің нұсқасы деп табады. Бұл ''Диуани лұғат-ат-түрк'' түркі халық-тарының ескі әдебиетінің тарихында аса сирек кездесетін әдебиет үлгісі екендігін анықтаған ғалымның пікірі.
Махмуд Қашқари еңбегінде, жоғарыда көрсетіл-гендей, сол заманғы түркі тайпалары жайында мәлімет беріледі. Ол мәліметтер қай халықтың қандай тілде сөйлейтіні жайында ғана емес, олардың орналасу тәртібі, қай тайпаның қайдан келгендігі, қандай территорияны мекендейтіні, әдет-ғұрыптық ерекшеліктері және т. б. болып келеді. Осыған байланысты М. Қашқари өмір сүрген дәуірдің кейбір тарихи жағдайларын еске түсіре кеткен мақұл. М. Қашқари ХІ ғасырда өмір сүріп, еңбек етті. Бұл дәуір тарихта қараханидтер деген атпен белгілі М. Қашқаридың өзі де осы қараханид патшалығы әміршілерінің біріне туыстық жақындығы барын айтады. Х ғасырда басқа тайпалар арасында үстемдік алған Қарлұқ тайпалар одағы Жетісу өңірінде негізгі түрік халықтарынан шыққан қараханидтер, яғни Илекхан династиясының бастауымен өздерінің қуатты мемлекетін құрады. Қараханидтер мемлекеті тарихта түркі халық-тары арасындағы алғашқы мұсылман династияларының бірі еді. Мемлекеттің орталығы әуелі Баласағұнда (Қырғызстанның Тоқмақ қаласы) болады, кейін Қашқар қаласына ауысады. Қарақанидтер мемлекетінің нағыз дәуірлеген кезі Х-ХІ ғасырлар болса керек.
57- сұрақ жауабы:
Қазақстан аумағында шаруашылықтардың қалыптасуына ісер еткен табиға георграфиялық факторларды атаңыз.
Қазақстан аумағында шаруашылықтың көшпелі және жартылай көшпелі мал шаруашылығы, сонымен бірге егіншілік болып қалыптасуына табиғи ортаның өзі мүмкіндік туғызды. Бұл ең алдымен қазақ жерінің кеңдігі қолайлы географиялық ортасы. Қазақстан териториясы Еуразия материгінің нақ ортасында орналасқандықтан мұнда ауа райы континенталды. Ал, мұндай климат шаруашылықтың жылдам ілгері дамуына маусымдық болып қалыптасуына әсер етті.
Ерте кезден бастап, ІІ мыңжылдықтың соңында Қазақстан аумағының климаты өзгерді, жауын-шашын азайып, егіншілікпен айналысу қиындады. Сондықтан адамдар мал шаруашылығымен айналысуды кеңінен қолға алады. Себебі мал шаруашылығы ет, сүт, жүн, тері өнімдерін өндіруге мүмкіндік берді. Түйе, жылқы көлік қызметін атқарды.
Мал басының көбеюі жаңа жайымдылық жерлерді қажет етті. Көшпелі мал шаруашылығына көшу себептерінің бірі – жылқыны қолға үйрету еді.Жазда тұруға қолайлы жазық жерлер, қыста мал жаюға қолайсыз болды, мысалы, қыста қатты боран, дауыл болғанда, малдарға ықтайтын жер болмаған, оларға қыста шөп тауып беру қиын болған, сондықтан адамдар қыста қыстау, күзде күздеу, көктемде көктеу, жазда жайлау сияқты қолайлы жерлерге қарай көшіп отырған. Көшпелі мал шаруашылығы осы себептерден қалыптасты. Ал тұрған жерлері қолайлы адамдар бір жерде тұрып та мал шаруашылығымен айналысты. Оны отырықшы мал шаруашылығы деп атады. Олар мал шаруашылығымен қатар егін шаруашылығымен де айналысты, себебі жерлері құнарлы болды.
Қазақ халқының дәстүрлі шаруашылығы: көшпелі, жартылай көшпелі, отырықшылық тұрғыда дамыды. Көшпелілік түрінде мал жыл бойы жайылымда тебіндеп жайылды. Малшылар көшпелі өмірге қолайлы жасалған киіз үйде тұрды. Жартылай көшпелілік салтында қазақ халқы мал басы санын аман сақтап қалу үшін жыл мезгілдері мен жайылымдық жерлердің ерекшеліктеріне қарай көшіп-қонды. Қысқы көшінде жылы тұрақтары – қыстауларға қоныстанған. Мал төлдетіп, жүн қырқу үшін көктеуге (көктемгі көш), кейін жас төлдер өсіп, жер көгерген кезде жайлауға көшкен. Қыстауларының жанында мал азығы үшін шөп дайындаған, егіншілік кәсібімен де айналысқан. Отырықшылық дәстүрде мал белгілі бір аумақта бағылып, қорада ұсталған. Іле, Талас, Арыс, Шу, Сыр өзендері бойында және Жетісу өңірінде егіншілік кеңінен дамыған. Дәстүрлі малшаруашылығы ХІХ ғасырдың соңына дейін сақталды.
Қазақстан аймағында табиғи-климаттық жағдайдың әртүрлілігіне байланысты көшпелі мал шаруашылығымен қатар, егіншілік те орын алған. Кеңес өкіметі кезінде далалықтарда егіншілік ешқашан болған емес деген пікір айтылды. Шын мәнінде, қазақтар егіншілікпен ежелден-ақ айналысқан. Оны тарихи, соның ішінде археологиялық деректер айқын дәлелдейді.
Қорыта келгенде Қазақстан тарихындағы түрлі кезеңдегі қоғамдық өзгерістерге қарамастан жоғарыдағы факторларды ескере келе Қазақстанда мал шаруашылығы егіншілік - жетекші саласы болып қала береді.
58 сұрақ 1. Мәтінді және тарихи білімдеріңізді пайдалана отырып, «Қазақстан–2030» ұзақ мерзімді стратегиясының тәуелсіз Қазақстан экономикасын қалыптастырудағы рөлін талдаңыз
«Қазақстан – 2030»
Барлық Қазақстандықтардың өсіп-өркендеуі, қауіпсіздігі және әл-ауқатының артуы
(үзінді)
3-ұзақ мерзiмдi басымдық: Шетел инвестицияларының деңгейі жоғары, дамыған нарықтық экономикаға негізделген экономикалық өсу
Экономиканың өзi тұрақсыз дамудың аралық кезеңiнде тұрғанда, мемлекеттiң реттеушi рөлi мен араласуы бара-бар болуға тиiс. Жаңа әлемдiк экономикалық үлгiлерге сай болу үшiн бiз мемлекеттiк басқарудың тиiмдiлiгi мен сапасын едәуiр көтеруге, жекеше сектор мен ұлттық капиталға жәрдемдесуге, оларды ынталандыруға және олардың белсендiлiгiн арттыруға тиiспiз.
...Бiрiншi Азиялық Барыс болу үшiн бiздiң басымдықтарымыздың қатарына макроэкономикалық көрсеткiштер саласындағы алдыңғы қатарлы халықаралық тәжiрибе енгiзілуге тиiс.
https://adilet.zan.kz/kaz/docs/K970002030 сайтынан алынған
ЖАУАБЫ:
1997 жылы 11 қазанда мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаев «Қазақстан – 2030» ұзақ мерзімді стратегиясын ұсынды.Қаралған мәселелер: Экономикалық дағдарыстан шығу жолдары, реформаларды аяқтау, алдыңғы қатарлы мемлекеттер қатарына қосылу, Қазақстан барысын қалыптастыру. Ол мемлекеттік шаралардың нақты жоспарларын әзірлеуге негіз болған ел дамуының жеті шешуші бағытын айқындап берді.
Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі стратегиялық даму жобасы «Қазақстан – 2030» стратегиясын іске асырудың алғашқы ұзақ мерзімді кезеңі болды, ол елдің дамуының он жылдық кезеңіне арналған экономикалық маңыздылығын ескеріп, қойылған міндеттердің табысты іске асырылуын қамтамасыз етті. Жолдауда болашаққа болжам, қазіргі жағдайға талдау жасалып, ішкі және сыртқы саясаттың негізгі бағыттары, республиканың дамуының ерекшеліктері айтылды. Аталған бағдарламада еліміздің саяси, әлеуметтік-экономикалық дамуының жақын арадағы және стратегиялық ұзақ мерзімдегі даму жолдары көрсетілді. Бұл даму стратегиясы негізігі жеті басымдық арқылы жүзеге асырылады.
1Ұлттық қауіпсіздік;
2Ішкі саяси тұрақтылық пен қоғамның топтасуы;
3экономикалық өсу;
4Қазақстан азаматтарының денсаулығы, білімі мен әл-ауқаты;
5Энергетика ресурстары;
6Инфрақұрылым, әсіресе, көлік және байланыс;
7Кәсіпқой мемлекет құру.
БҰҰ-ның Даму бағдарламасы шеңберінде 1997 жылы жарық көрген адамдық даму жөніндегі есебінде адам әлеуетінің даму индексі бойынша Қазақстан әлемнің 174 елі арасында 93- орында тұрды.
Қазақстанның даму стратегиясын 2030 жылға дейін анықтау келесі жағдайлармен түсіндіріледі:
Біріншіден, республикалық бюджетке түсетін кірістің үлкен бөлшегін мұнайдан түскен табыстар құрайды.ал ғылыми-техникалық болжау бойынша, 2030 жылға дейін мұнай және газды жалпылай басқа энергия көздерімен ауыстыру байқалмайды және мұнайға баға тұрақты болады. Бұл экономикалық саясатқа неғұрлым дәл құруға мүмкіндік береді;
Екіншіден, отыз жыл бір ұрпақтың өмірінің әлеуметтік белсенді кезеңі;
Үшіншіден, демографиялық құбылыстар, жаңа капиталдың ұдайы дамуы, дамудың индустриалдық-техникалық кезеңдері де ескерілген. әлемдік тәжірибе бойынша елдер атап айтқанда отыз жыл арасында елеулі нәтижеге жетеді. Азиялық Барыс болу үшін біздің басымдықтарымыздың қатарына макроэкономикалық көрсеткіштер саласындағы алдыңғы қатарлы халықаралық тәжірибе енгізілуге тиіс. Ол-инфляция мен бюджет тапшылығынын, төмен болуын, ұлттық валютаның күшеюін, жинақтау нормасының жоғары болуын көздейді. Бүл рецепт Жапонияда, Кореяда, Индонезияда, Тайвань мен Чилиде іске асты. Қазақстанда да іске асады.
Қазақстанның 2030 даму стратегиясы ел экономикасын қарқынды өсіруге, халықтың әл-ауқатын көтеруге және Қазақстанның әлемдік экономикада жетекші позицияға ие болуын көздеп жасалған бірден бір даму жоспары десек те болды.
Қазақстан экономикасының өсуі үшін негізгі басымдықтың бірі болып саналатын экономикалық өсу маңызды орын алып даму стратегиясының негізгі жеті басымдығының ішіндегі бүгін де ертең де өз мәнін жоймайтын бағдарламалардың бірі болып саналады.
Экономикалық өсу шетел инвестицияларының деңгейі жоғары және шағын, орта бизнестің барлық жерде қолдау негізінде отандық жеке меншік секторын дамыту мен бірге дамыған нарықтық экономикаға негізделінеді.
Қазақстанның ұзақ мерзімді болжауында пайда болатын жағдайларға тез қалыптасуға қабілеті бар шағын және орта кәсіпорындарында ЖІӨ-нің (жалпы ішкі өнім) 40-50 пайызын өндірілуі қажет.
Экономикалық өрлеудің еліміздің дамуы үшін қаншалықты маңызды екенін баршамыз түсінеміз. Қарқынды экономика болмайынша біз мектептер мен ауруханаларды қаржыландыра алмаймыз, қоғамды жемқорлық пен қылмыскерліктен қорғай алмаймыз. Сондықтан бұл басымдық бүгін де, ертең де және алдағы отыз жылдың ішінде де ең маңызды басымдықтардың бірі болып қала береді.
59сұрақ Мәтінді және тарихи білімдеріңізді пайдалана отырып, XX ғасырдың I жартысындағы Қазақстан мәдениетінің жетістіктері мен қайшылықтарын талдаңыз.
XX ғасырдың I жартысындағы Қазақстан мәдениеті
... Рухани мәдениет саласында түбегейлі жаңғыру көрініс тапты. Зайырлы мектеп қалыптасты, жалпыға бірдей бастауыш білім беру жүйесі енгізілді, қазақ техникумдары мен жоғары оқу орындары пайда болды. Шығармашылық зиялы қауым заманауи өнер жанрлары мен түрлерін жасады. Дінге қарсы күрес жүрді және атеистік насихат жағдайларында исламның қоғамның рухани өміріне ықпалы әлсіреді. 30-жылдары ақын-жазушылар мен суртешілерді қатаң бақылауға алынды. Зиялы қауымның ең жарқын өкілдері қуғын-сүргінге ұшырады.
З.А. Джандосова. Қазақстан тарихы, 10 сынып
Жауабы:
Кеңестік кезеңде рухани сала түбегейлі жаңғыруға ұшырады.Дінге, білімге, бұқаралық өнерге қатыстының бәрі өзгерді.
Кеңестер одағы бәрімізге мәлім, зайырлы мемлекет болды. Діннен бездіру саясаты үстемдік етті. Діни мектептер, мешіттер жабылып, оның ішіінде ислам дінінің таралуына тосқауыл қойылды. Атейстік насихат жүргізілді. Араб әліпбиінен,1940 жылы кириллицаға көшірілді.
Кеңестік дәуірде жетістіктің бірі бұл білім беру саласы халыққа білім беру жедел дамыды.Ересектер арасында сауатсыздықты жоюға бағытталған күрес жүрді. Сауатсыздықты жою қоғамы құрылып мыңдаған ересектер сауатын ашты.
1920-1921 жылдары Қазақстанда 2410 мектеп болды. Мұнда мектеп жасындағы балалардың тек 40 пайызы ғана мұғалім жетіспеушілігінен оқытты. 1930КСРО жалпыға бірдей бастауыш білім беру енгізіліп, педагогикалық кадлар мәселесі шешіле бастады.
Кеңес өкіметінің алғашқы он жылында Қзақстанда жоғарғы оқу орындары болған жоқ. Қазақ жігіттері мен қыздары Ресей жоғары оқу орындарында мен техникумдарында білім алды. Ең алғашқы оқу орындарының бірі бұл Абай атындағы КазПи 1928 жылы ашылды. 1934 жылы С.М. Киров атындағы ҚазМУ құрылды.
Ғылымның қалыптасуына келер юболсық ХХ ғасырдың алғашқы шщирегінде кәсіптік, ғылыми және қоғамдық-саяси қызметті үйлестіретінағартушылар болды. Олар: Ә.Бөкейханов экономика, А.Байтұрсынұлы тілтану, М.Тынышбаев тарих,Ж.Аймауытов психология, педогогика, Х. Досмұхамедов медицина, зоология жөнінде еңбектер жазды.
1920 жылы Қазақ өлкесін зерттеу қоғамы құрылды. 1932 жылы КСРО Ғылым академиясының Қазақстандық базасы құрылып, оның өзі зоологиялық, ботаникалық, географиялық т.б секторларды қамтыды.
20-30 жылдардағы әдебиет саласында жаңа жанрлар, баяндау түрлері пайда болды. Революцияға дейінгі шығармалар авторлары Ә.Бөкейханов, А.Байтұрсыновтың шығармалары проза жанрының туындауына алып келді.
Бұл жылдары ұлттық ауызша дәстүрмен байланысты ақындар жаңа мазмұнмен жаңғырды десек болады. Ақындардың халық арасындағы танымалдығын сезген Кеңес өкіметіоларды өз жағына тартуға ұмтылды.
Жалпы алғанда, Кеңестік кезеңдегі қазақ әдебиеті мен өнерінің дамуы социолистік реализм стилі мен әдісін енгізумен байланысты болды. 30 жылдардың ортасынан бастап социалистік реализм кеңестік жазушы мен суретші үшін рұқсат берілген шығармашылықтың бірден-бір әдісі болып бекітілді. Яғни, кез келген шығармашылық туынды Қазан төңкерісінен, Ленин мен Сталинді мадақтаған сипатта болуды талап етті.Өнер саласының жаңғыруы нәтижесінде кәсіптік театр, жаңа музыкалық өнер түрлері, кескіндеме, мүсін үрлері пайда болды.алғашқы қазақ театрлары 1926 Қызылордада, 1928 жылдары Алматыда алғашқы қазақ драма театрлары М.Әуезовтің «Еңлік-Кебек» трагедиясын қоюмен ашылды. 1934жылы сазгер А.Жұбанов қазақ музыкалық аспаптар оркестрін, филармония мен Қазақ музыкалық театрын құрды.1934 жылы «Қыз-Жібек» алғашқы қазақ операсы қойылды. 1936 жылы Мәскеуде қазақ өнері мен әдебиетінің онкүндігі өтіп «Қыз-Жібек», «Жалбыр» операсы қойылды. Қыз Жібек партиясын аса көрнекті қазақ әншісі, «қазақ бұлбұлы» атанған К.Байсейітова орындады.
Бейелеу өнерінде Ә.Қастеев негізін қалап, бүгінгі таңда Алматыдағы Мемлекеттік өнер мұражайына есімі берілген.
Жаңа өнер туындыларының ішінде кино 1929-1931 жылдары Алматы қаласында деректі қысқа метражды кинолар түсірген алғашқы киностудия жұмыс жасады. 1939 жылы Ленфильмде «Амангелді» фильмі түсірілді.
Қорытынды: Жалпы алғанды ХХ ғасырдың алғашқы 30 жылдарында кеңес өкіметі мәдени саланың барлық түрлерін қатаң бақылауда ұстады. Олардың туындылары «түрі бойынша ұлттық, мазмұны бойынша социалистік» сипатта жазылуы тиіс еді. Осы ретте ұлттық зиялы қауымның ең жарқын, ұлтымыздың болашағы мен тарихына алаңдаған асыл азаматтарымыз өкінішке орай қуғын-сүргінге ұшырады. Бүгінгі таңда 31 мамыр күнін саяси қуғын-сүргін құрбандары болған асыл азаматтарымызды еске алып, аза тұтамыз.
60-сұрақ
Берілген дереккөзді және тарихи біліміңізді пайдаланып, ХХ ғасырдың екінші жартысында Қазақ КСР Ғылым академиясының ғылымды дамытудағы рөлін түсіндіріңіз.
ҚазКСР Ғылым академиясы бөлімдерінің 1946–1956 жылдардағы ғылыми қызметі
Ғылым академиясының ашылуы Қазақстанның экономикасы, мәдениетінің, табиғи ресурстарының зерттелуіне жол ашты. ҒА-ның құрамына минералды ресурстар, физика-математикалық ғылымдар, биологиялық және медициналық ғылымдар, қоғамдық ғылымдар бөлімдері енді. 1956 жылы Қ.И. Сәтбаевтың басшылығымен Орталық Қазақстанның металлогенді картасы құрастырылды. 1946 жылы Тау-кен институтының негізі қаланды. Қазақстандағы қорғасын-мырыш кен орындарын зерттеу жоспарланды. Ол көмір кен орындарының тиімді пайдалану әдістерін жан-жақты зерттеп, кендіктегі тозаңмен күресу жолдарын да іздеді. Республикадағы барлық энергетикалық ресурстардың зерттелуі Энергетика институты жұмысының басты бағыты болды. «Халық шаруашылығын дұрыс электрлендіру» деген сұраққа басты назар аударылды.
1945 жылы құрылған Химиялық ғылымдар институты республикадағы минералды ресурстарды зерттей отырып, металлургия саласына қажет болған электрохимиялық және амальгамдық үдерістерді зерттеді. Институт өнеркәсіптегі мұнай және химия қалдықтарын пайдалану мәселесін қарастырды.
https://e-history.kz/kz/news/show/2768 сайтынан алынған
Жауабы:
1946-1950 жж. Кеңес Одағындағы сияқты республиканың индустриялдық саласының негізі болған ауыр өнеркәсіптің дамуына баса назар аударылды. Ғалымдар мемлекеттік бесжылдық жоспарларды жүзеге асырды. Жылдан-жылға республикалық Ғылым Академиясының маңыздылығы арта түскен. Ол іргелі зерттеулердің орталығына айналып кетті. ҒА-ының құрамына 4 бөлім енді: минералды ресурстар, физика-математтикалық ғылымдар, биологиялық және медициналық ғылымдар, қоғамдық ғылымдар.
Минералды ресурстар Бөлімінің құрамына 8 институт енді (Геологиялық ғылымдар институты, Кен жұмысының институты, Металлургия және кенді байыту институты, Құрылыс және құрылыс материалдары институты, Энергетика институты, Химикалық ғылымдар институты, Мұнай институты, Алтай тау-металлургиялы институты) және география секторы. Бөлім қарастыратын мәселелердің көбі география, геология, техника және химия салаларындағы сұрақтар болып табылады. ҚазКСР ҒА бөлімінің басшысы Әбікен Бектұрұлы Бектұров болып тағайындалды. Ол минералды тыңайтқыштар саласындағы маман.
Биологиялық және медициналық ғылымдар бөліміне 7 Институт, Алматы ботаника бағы енді. Осы бөлімнің алғашқы Ботаника институты Қазақстан аумағындағы пайдалы және техникалық өсімдіктерді ажыратып, олардың тиімділігін арттыру мәселесін-де зерттеді. Республиканың флорасы жан-жақты зерттелді. Көптеген геоботаникалық зерттеулер жүргізілді.
40-50-жылдары республикада кәсіпорындар, зауыт, фабрика мен шахталар іске қосылды. 1947 жылы Өскемен қорғасын-мырыш комбинаты алғашқы өнімін берді, Екібастұздағы қабатын аршу істері аяқталды, Қарағанды көмір бассейніндегі көмір шығару жұмысы жалғасын тапты. Ақтөбе ферроқорытпа зауыты мен Балқаш мыс қорыту комбинатының қуаты арттырылды. Теміртау металлургия зауытында үш прокат станогі мен екі мартен пеші іске қосылды. Қазақстан пайдалы қазбаларды зерттеуде Қазақ КСР-і Ғылым академиясы Президенті Қ. Сәтбаев маңызды рөл атқарды. Жезқазған мыс кеніннің дамуы Орталық, Солтүстік Қазақстан және Кенді Алтай өңіріндегі әртүрлі кен орындарының ашылуы мен пайдаланылуы оның атымен тығыз байланысты. Қазақ КСР-і Ғылым Академиясы жанынан төрт бөлімше жұмыс істеп, соның бірі геология-география бөлімшесі болды. Ондағы пайдалы кен орындарын тауып, зерттеген геолог-ғалымдар жемісті еңбек етті.
Мұнай шығаруды арттыруға мүмкіншілік жасаған Ембі алабының жаңа кәсіпорындары мұнай шығаруды бастады.
1946 жылы Тау-кен институтының негізі қаланған. Ол Қазақстандағы қорғасын-мырыш кен орындарын зерттеу жоспарланып отырды. Сонымен бірге, ол көмір кен орындарының тиімді пайдалану әдістерін жан-жақты зерттеп, кендіктегі тозаңмен күресу жолдарын да іздеді. Осы жылы Энергетика институты құрылған, республикадағы барлық энегретикалық ресурстардың зерттелуі — оның жұмысының басты бағыты. Сонымен бірге, институт қызметкерлері «энергетикалық ресурстарды кешенді түрде пайдалану» деген мәселені зерттей отырып, «халық шаруашылығын қалай дұрыс электрлендіру» деген сұраққа да назарын аударды. Олар өзекті мәселелердің шешімін іздеп, терең теоретикалық зерттеулерді-де қатар жүргізді.
1946-1949 жылдары халық шаруашылығына енгізу үшін 900-ден астам ұсыныстар мен зерттеулер ұсынды. Минералды шикізаттар мен кен орындарының табиғатта таралу заңдылықтарын ашып, металлогендік және болжамдық карта жасағаны үшін Қ.И. Сәтбаев бастаған бір топ ғалымға Лениндік сыйлық берілді.
Қазақ КСР-і 1946-1950 жж. Өнеркәсіптің жалпы өнім қарқыны бойынша Эстония, Латвия, Армения КСР-нен кейін 4-орынды алды.
1950 жылдар ішінде қоғамдық ғылымдарды зерттеу ауқымы кеңейтілді. Ш. Уәлихановтың, Ы. Алтынсариннің шығармаларын жинап, жарыққа шығару қолға алына бастады. ҚазМУ-де философия факультеті ашылды. 1958 жылы Қазақ Ғылым Академиясының Философия және құқық институты құрылды. Тарих және археология институты Тарих секторының негізінде қаланды, ол келесі тақырыптар бойынша зерттеулерді жүргізді: Ұлы Қазан төңкерісі, қазақ мемлекеттілігі, Ұлы Отан соғысы жылдарындағы ел, қазақ халқының этногенезисі, төңкеріске дейінгі және кеңестік кезеңде қазақ халқының мәдениеті мен тұрмысы. Сонымен қатар, археологиялық, этнографиялық зерттеулер жүргізілді. 1957-1959 жылдары «Қазақ КСР тарихының» екі томдығын жариялады. Ә. Марғұлан көшпелілердің қола дәуіріндегі тарихы мен мәдениетін зерттеді.
Осылай, қайта құрылған ғылыми-зерттеу институттары елдегі халық шаруашылығының жағдайын қалпына келтіруге және аталған саланың дамуына бағытталған зерттеулерді көп жүргізді. Зерттеулер қоғам мен адам тіршілігінің барлық аспектілеріне қатысты болды. Ғылыми зерттеулер қойылған мақсат-міндеттеріне қол жеткізді. Елдің экономикасы дамыды. Мемлекеттегі экономика тұрғындардың әлеуметтік жағдайы жақсартып, халықтың мәдени-деңгейі-де жақсартылды.
Достарыңызбен бөлісу: |