1 сұрақ жауабы: «Қазақстан халқы Ассамблеясы қоғамдағы тұрақтылық пен келісімнің сенімді, берік іргетасына айналды». Сіз бұл пікірмен қаншалықты келісесіз? Өз жауабыңызды негіздеу үшін бірнеше дәлел келтіріңіз



бет7/17
Дата13.06.2023
өлшемі217,2 Kb.
#100806
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   17
Байланысты:
1-90 төменд.сұрақ жауаптары.

52 сұрақ. Қазақстан аумағындағы Қаңлы, Үйсін мемлекеттерінің саяси құрылымының ерекшеліктерін сипаттаңыз.
Б.з.д. ІІІ-ІІ ғасырларда Орталық Азияда жаңа мемлекеттік бірлестіктер, соның ішінде Үйсін, Қаңлы мемлекеттері қалыптасты. Үйсіндер мен қаңлылар туралы мәліметтер көбінесе қытай жазбаларында кездеседі. Үйсін атауы қытай жазбаларында б.з.д. II ғасырдан бастап кездеседі. Олар «ат жақты, аққұбаша, сары шашты» болып бейнеленеді. Олардың ордасы Қызыл Аңғар (Чигучен) қаласы, Ыстықкөл мен Іле өзенінің оңтүстік жағалауы аралығында орналасты. Қытай жазбаларында үйсіндер «егіншілікпен де, бау-бақшамен де шұғылданбайды, шөбі мен суы мол жерлерді таңдап, малмен бірге бір орыннан екінші орынға көшіп жүреді» деп сипатталған. Сырдария бойындағы аймақта Қаңлы мемлекеті б.з.д. ІІІ-ІІ ғасырларда құрылған. Бұл сол кезеңдегі көшпелілер үстемдігінің күшеюінен болған. Қытай деректерінде үйсіндердің 630 мың халқы, 288 мың әскері, ал қаңлылардың 120 мың түтін яғни 600 мың халқы болған деп мәлімдейді. Екі басты қаласы – жазғы және қысқы астаналары болғандығын жазады.
Үйсіндерде халықтың едәуір бөлігінде қару болмауы ерекше назар аударады. Қаруланған халықтың орнына ұлы және кіші гуньмолардың жасақтары пайда болды. Бұл жасақтар олардың билігіне сыртқы соғыстар кезінде ғана емес, халық толқулары кезінде де тірек болып отырды. Ал мұның өзі мемлекеттік өкімет элементтерінің айқын дәлелі болатын. Үйсіндер неке одақтарын жасасу арқылы басқа мемлекеттермен одақтастық қатынастар орнатты.
Үйсіндердің мемлекет басшысы Гуньмо (Ұлы бек) деп аталды. Өкімет билігі атадан балаға мұрагерлік жолмен ауысып отырды. Гуньмоға бағынышты ұсақ ру басшылары кіші гуньмолар (бек) деп аталды. Бұлардан басқа жоғарғы және төменгі лауазымдар, қызмет адамдары және «вассал» князъ, тархан, хоубай деген әлеуметтік атаулар болған. Басты өндіруші тап құлдар мен қарапайым шаруалар болды.
Қытай тарихшысы Сюй-Сунаның қалдырған дерегіне қарағанда үйсіндер көшпелі мемлекет болған. Олар өзімен көрші жатқан Қытай сияқты ірі елдермен тең құқықты дәрежеде саяси және сауда қарым-қатынасын жасаған. Үйсіндердің Гуньмолары Қытай ханшаларына үйленіп отырған. Үйсін тайпаларының кіші және ұлы гуньмоларының арасында үстемдік үшін күрес жиі-жиі болып тұрды. Оған қоса мемлекет ішінде ғұндардың және Хань империясын жақтаушылардың арасында күрес орын алды. Цылим гуньмоның билік еткен кезеңі – б.з.д. 45–14 жылдар аралығы үйсін елінің дәуірлеген кезеңі болып саналды. Осы тұста ел арасындағы тыныштық пен бейбітшілік орнайды. Б.з. V ғасырында үйсіндер мемлекеті құлдырап, түрік тайпаларына қосылды.
Қаңлылар туралы алғашқы деректер б.з.б. ІІ ғасырдан бастап кездеседі. Қаңлылар үйсіндердің солтүстік-батысында орналасқан. Олар Отырар-Қаратау, Шаш алқаптарында өмір сүрген. Қытай деректерінде мемлекеттің жоғарғы билеушісі «Ваң» (патша) деп беріледі. Ол өзі өмір сүрген дәуірде саяси, әскери, шаруашылық билікті тікелей қолында ұстаған. Одан кейінгісі «Фу ваң» (орынбасар патша) билеушінің мұрагері әрі бас қолбасшы болған. Үшіншілері «Гуй рын», төртіншілері «Унху», бесіншілері «Вань Ху» деп аталады. Яғни мемлекетте жоғарыдан төмен қарай (вертикаль) түзілетін өкімет орнатылған. Жүйе үнемі жетілдіріліп отырған. Мемлекет аумағының ұлғая түсуіне байланысты ел беске бөлініп, оларды патшаның ұлдары басқарып, қытай деректерінде «Шао ваң» (кіші патша) аталған. Көсемдердің лауазымы мұрагерлік жолмен әкеден балаға берілген.
Құл еңбегі ұсақ малды күту, мал өнімдерін өңдеуде қолданылды. Бұдан басқа қолөнер кәсібімен, егін егумен шұғылданды. Қаңлылар арасында құлдық кең өріс алған жоқ. Өйткені көшпелі мал шаруашылығы жағдайында бір жерде жұмыс күшінің көп болуы қажетсіз еді. Б.з.-дағы ІІІ-V ғасырларда қаңлы жеріне түркі тілді тайпалардың басып кіруіне байланысты Қаңлы мемлекеті Орта Азия мен Арал өңіріндегі үстемдігінен айырылып, б.з.дағы VІ ғасырда Түрік қағанатына қарайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   17




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет