1 сұрақ жауабы: «Қазақстан халқы Ассамблеясы қоғамдағы тұрақтылық пен келісімнің сенімді, берік іргетасына айналды». Сіз бұл пікірмен қаншалықты келісесіз? Өз жауабыңызды негіздеу үшін бірнеше дәлел келтіріңіз



бет5/17
Дата13.06.2023
өлшемі217,2 Kb.
#100806
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17
Байланысты:
1-90 төменд.сұрақ жауаптары.

13 сұрақ.
«Қазақ хандығында Ұлы Даланың көшпелілер империяларымен мемлекеттік құрылыс сабақтастығы сақталды». Сіз бұл пікірмен қаншалықты келісесіз? Өз жауабыңызды негіздеу үшін бірнеше дәлелдер келтіріңіз.
Бұл пікірмен толықтай келісемін, дәлел ретінде Алтын Орда ыдырағаннан кейін Қазан, Астрахань хандықтарының бір бөлігі толықтай мемлекеттік-құқықтық нормаларға өтіп, шариғатты басшылыққа ала бастады. Қазақ хандығы саяси-құқықтық тұрғыда онда түркі-моңғол көшпелі мемлекеттілігі дәстүрлеріне шариғаттық нормалар емес, әдеттік құқық нормалары үйлесетіндей болып құрылды. Бұл қазақтардың толықтай көшпелілер болып қалуымен, сондай-ақ көшпелілерде исламның таралуы отырықшы аймақтарға қарағанда, баяуырақ жүргендігімен де байланысты.
2-дәлел ретінде көшпелі империялар (монғол империясынан басқасы) ірі отырықшы қоғамның ықпалынсыз өзінің мемлекеттік құрылмын қолданған дала империясы болып тарихта қалғанын айтар едім. Көшпелі қоғам өзіне тән ұйымдасуы, ішкі реттеушілік қызметінің құқықтық мәдениетте орын алуы, көшпелі қоғамның күрделі қатынастарға негізделген әлеуметтік ұйым болғанын көреміз. Көшудің басты шарттары және оның бағыттары мен тәсілдері ертеден қалыптасып әдеттік-құқықтық қатынастарда орын алған. Көшіп-қону маршруты ғасырлар бойы қалыптасып, өзгермейтін түрге енді. Ол шаруашылықты ұйымдастырудағы басты заңдылық болды. Көшіп-қону дәстүрі қатаң сақталып отырды. В.П.Юдин көшпелі тайпалардағы көшіп-қону маршрутының өзгеруінің себебі саяси қарсылықтың сипаты ретінде қарастыру қажеттігіне тоқталады. Қазақ хандығының құрылуында Әбілхайырдың саясатына қарсы Жошы ұрпақтары Керей мен Жәнібек бастаған тайпалардың өзінің көшіп-қону бағытын өзгерткені белгілі. Мұндай саяси қарсылықтар көшу арқылы шешілгенін Қазақ хандығы құрылғаннан кейін де жалғасын тапты. Қасымның билігі күшейген тұста Бұрындықтың кетуі, Тақыр ханның кетуі т.б.
Келесі дәлел ретінде жоғары билікке келу жолы көшпелілер арасында аса қиын болды. Себебі оның генеологиясы мен қатар (меритократия)жеке басының қабілетінің ықпалы орасан болды. Сондықтан билікке барлық жағынан мәртебесі жоғары билеуші келді. Дала билеушілерін біз жас күнінде мұрагерліктің жолымен емес, саяси ахуалға сай іс-қимыл жасай білген, әскери қолбасшылығы арқылы танылған немесе Мөде сияқты «ысқырғыш жебелерді» ойлап тауып, оны өзінің әскери жорықтарында тиімді пайдалану арқылы билікті өз қолына алғандығын көреміз. Әлемді дүр сілкіндірген Шыңғысхан билік үшін күресте өмірлік тәжірибесін тиімді пайдаланды. Достықты, одақтастықты бәрін билік жолында қолданды. Қазақ ордасының мемлекеттік өрлеуі Қасым хан тұсына келеді. Мемлекеттің қалыптсауындағы демографиялық фактор да, Қасым ханның есімімен байланысты. Кең байтақ аумақта қоныстанған далалықтардың билеушісі ретінде ол қазақ халқының этникалық аумағының қалыптасу үдерісін жүзеге асырды. Сонымен қатар бұл кезең қазақ елінің өзнің құқықтық негізінің орныққан тұсы. Қасым хан жоғары билігін заң қабылдау арқылы нығайтты. Қасым ханның Мөде, Бумын қаған, Шыңғыс хан сияқты ел ішіндегі беделінің өсуі бойындағы жеке қабілеті ретінде қарастырған жөн.
14 сұрақ
«Қазақстандағы білім беру жобалары еліміздің бәсекеге қабілеттілігін арттырды». Сіз бұл пікірмен қаншалықты келісесіз? Өз жауабыңызды негіздеу үшін бірнеше дәлелдер келтіріңіз.
ХХІ ғасырдың басында Қазақстанның жедел әлеуметтік-экономикалық дамуын қамтамсыз ету жоғары техникалық және басқару құзіреттілігі бар кәсіби мамандар дайындау қажеттігін туғызды. 2008 ж дарынды балаларға арнлаған «Зияткерлік мектептер» жобасы қосылды, 2011 ж қаңтарда «Назарбаев Зияткерлік мектептеі» туралы ҚР заңы қабылданды. НИШ мектептерінің міндеті-орта білім берудің қазақстандық озық дәстүрлері мен халықаралық үздік тәжірибелерді есепке ала отырып, көптілділік жүйені енгізу арқылы ұлттың зияткерлік әлеуетін дамытуға ықпал ету.
Мектептің ерекшелігі 3 тілде сабақ беру, сабақан тыс қызметті өздігінен жүргізу болып табылады. 3 тілде оқу барысында оқушылар икемділік, сыни және шығармашылық ойдау дағдыларын дамытады.
Техникалық кәсіптік саланы дамыту үшін білім беру мпен жұмыс берушілердің серіктестік ретінде бірлескен Дуальды оқыту жүйесі енгізілді. Оның ерекшелігі-кәсіптік оқыту үдерісінің 80 пайызы базалық кәсіпоорында өтеді. 2015 ж Германия, Канада, Сингапур және баска елдерме бірлескен оқу орталықтарын ашу арқылы Техниалық және кәсіптік білім жүйесін жетілдіру міндеті қойылған.
2010 ж Қазақстан БОЛОН декларациясыга қосылып, отандық білім беруді халықаралық стандарттарға жақындатуға мүмкіндік берді.
1993 ж ҚР тұңғыш президенті-Елбасының «Болашақ» халықаралық стипендиясы қаулысы бектілді. Посткеңестік елдер тарихында алғаш рет дарынды жастар толықтай мемлекет есебінен шетелде білім алуға мүмкіндік туды. «Болашақ» стипендиаттары ағылшын тілінде білім алады. Себебі ағылшын тілі арқылы әлемнің көптеген елдерімен тікелей қарым-қатынас орнатуға, озық ілім-білімді, жаға технологияларды иегруге болады. Болашақ стипендиаттары елден тыс жерде оқып, республиканың оң имиджін қалыптастыруға үлкен септігін тигізуде. Бұл жоба қоғамның ұлттық, зияткерлік зиялыларын қалыптастырдаы.

15 сұрақ

Қазақстан Еуразияның дінаралық диалог алаңына айналды». Сіз бұл пікірмен қаншалықты келісесіз? Өз жауабыңызды негіздеу үшін бірнеше дәлелдер келтіріңіз.

Иә, бұл пікірмен мен келісемін. Қазақстанда этностар мен діндердің арасында берік қатынас үлгісі қалыптасып, қоғамдағы тұрақтылық пен келісім ахуалына негіз болды. Қазақстанның ЕҚЫҰ-ға төрағалығы кезінде жасаған баяндамасында Елбасы Н.Ә.Назарбаев бұл туралы «Біздің этносаралық және дінаралық келісімнің моделі дегеніміз - ол әртүрлі конфессиялардың өзара әрекеттесуі бүкіл әлемдік процессіне Қазақ елінің қосқан шынайы үлесі» деп атап өтті.


Дін саласы бойынша мемлекеттің негізгі саясаты - конфессиялардың рухани рөлін құрметтеу.Сонымен қатар мемлекеттік- конфессиялық қатынастар бойынша мемлекет саясатындағы негізгі басымдық Қазақстан Конституциясы кепілдік берген әрбір азаматтың ар-ұждан бостандығы мен құқығын қамтамасыз ету және олардың ұлттық заңдардан туындайтын халықаралық міндеттеріне сай дін ұстану еркіндігі болып табылады. Тәуелсіздіктің жиырма жылдығында біздің елімізде діни институттардың маңызы жоғарылап, олардын саны мен сапасы артты. Діни дәстүрлер кайта жанданып, мешіт, шіркеу, ғибадат үйлері секілді жаңа діни нысандар салынды. Халықтың діни сауаты өсті.
Қазақстан Республикасы зайырлы, демократиялық мемлекет ретінде бүгінгі таңдағы ислам өркениетінің бөлінбес бір бөлшегі. 2011 жылы Қазақстанның Ислам ынтымақтастығы ұйымына төрағалық етуі біздің еліміздің ислам әлеміндегі маңызды орнын көрсетеді (2011 жылға дейін бұл ұйым Ислам конференциясы ұйымы деп аталды)
Қазақстан астанасында өткен Әлемдік және дәстүрлі дін көшбасшылары съезінің рөлі мен маңызы. Қазақстан Республикасының конфессияаралық қатынастар бойынша жүргізіп отырған саясаты Қазақстан мемлекеттілігі дамуының заманауи жаһандық үдерістермен астаса жүріп жатқандығын ескере отырып құрылған. Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаевтың бастамасымен 2003 жылы Астанада Әлемдік және дәстүрлі дін көшбасшыларының І съезі болды. Тарихта тұңғыш рет әртүрлі дін өкілдері елордада бас қосып, ортақ құжат қабылдады. Қазір бұл шара дәстүрге айналып, әр үш жыл сайын Бейбітшілік және келісім сарайында тұрақты түрде өтіп келеді. Әлемдік және дәстүрлі діндер съезі өркениетаралық және мәдениетаралық катынасты жаһандық деңгейде көтере отырып, өз үлесін қосып келеді.
Тәуелсіздік алған кезеннен бергі Қазақстан Республикасынын қол жеткізген маңызды жетістігінің бірі этносаралық және конфессияаралық келісім үлгісін қалыптастыруы болды. 130-дан астам ұлт өкілдері мекендеген мемлекет жағдайында бұл - бүкіл Қазақстан қоғамының айтулы жетістігі. Қазақстан халқы Ассамблеясы (ҚХА) этносаралық және конфессияаралық келісім саласындағы стратегиялық бағдарламаларды жүзеге асырып отырған ерекше ұйым
1995 жылдың наурызында консультативті-кеңесші орган ретінде құрылғаннан бастап 2007 жылы Републиканың Негізгі заңында көрсетілгендей жаңа, жоғары мәртебеге ие болған кезеңге дейін Қазақстан Халқы Ассамблеясы біртұтас мемлекеттік стратегия аясында және қоғамдық бастама негізінде өзара түсіністікті қалыптастыру бағытында түрлі жолдардан өтті. Бүгінгі танда Қазақстан халқы Ассамблеясы қоғамдық және мемлекеттік құрылымдарды бейбітшілік пен келісім, тәуелсіздік пен ұлттық бірлік идеясы маңына топтастырған күшті институт. Этникааралық және дінаралық келісім қоғам тұрақтылығының маңызды көрінісіне айналды. Соңғы уақытта әлем көптеген этникалық және діни жанжалдар мен қақтығыстарға куә болып отыр. Сондыктан да этникалық және діни саладағы келісім біздің мемлекетіміздің құнды игілігі болып саналады.

16 сұрақ «Қазақстан мәдениеті халықаралық ынтымақтастықты дамыту арқылы әлемге танылуда». Сіз бұл пікірмен қаншалықты келісесіз? Өз жауабыңызды негіздеу үшін бірнеше дәлелдер келтіріңіз.


Бұл пікірмен толықтай келісемін, Қазақстан мәдениеті халықаралық деңгейде алға жылжуда. Оған дәлел дала өркениетінің зор қуаты мен эстетикасын әйгілейтін бай мифологиясын паш ететін қазақ даласынан алтын адамның табылуы – көне тарихты қайта түлетіп, әлемдік археологияны жаңа арнаға бұрды. Көшпенділер өркениетінің зор жетістігі қасаң түсініктер мен жалған пайымдарды біржола өзгертті. Қазақ тарихы жаңа өріс алып, ғылыми тұрғыда қайта зерделене бастады. Еліміздің әр түкпірінен табылған «алтын адамдар» шоғырын әлем жұртшылығына таныстырып, ұлы дала өркениетінің бай мұрасын насихат ету мақсатында «Алтын адамның әлем музейлеріне шеруі» атты халықаралық көрме-жобасы қолға алынып, дүниежүзінің алдыңғы қатарлы музейлерінде ұйымдастырылды. Әлем жұртшылығының көшпелілер өркениетіне қызығушылығы артып, жоғары бағасын берді
Тағы дәлел, 2012 жылы А.Жұбанов пен Л.Хамидидің «Абай» операсын Оңтүстік Тюрингия (Германия) опера театрында сахналануы тарихи маңызды оқиға болды. Қазақ операсы алғаш Батыс Еуропаның театр сахнасында қойылып, қазақ этникалық музыкасы батыс музыкашыларын қызықтырды. Алматы симфониялық оркестрі британдық сазгер К.Дженкинстің бірегей өңдеуімен ұлттық тақырыптағы сюиталарды орындады.
Дінмұхаммед Қанатұлы Құдайберген қазақ өнерін бүкіл әлемге танытты. Қазақстандық әнші. Витебск қаласында өткен XXIV Халықаралық эстрадалық ән орындаушылар «Славян базары-2015» байқауында Гран-при жеңіп алған, «Халық сүйіктісі» Ұлттық сыйлығының лауреаты, «Қазақстан халқының бірлігін нығайтуға лайықты үлес қосқаны үшін» Қазақстан Республикасының Президенті Құрмет грамотасымен марапатталған, «ABU TV song» халықаралық фестивалінің қатысушысы, 2018 жылы Қытайда "Жылдың үздік әртісі" премиясының иегері, 2018 жылы Қытайда "Weibo Night" салтанатында "Ең танымал әртіс" жүлдесінің иегері атанған. Әлем мойындаған Димаш Құдайберген – Қазақстан мәдениетін халықаралық ынтымақтастықты дамыту арқылы әлемге танытқан тұлға.
17 сұрақ жоқ таппадым...

18 сұрақ+


Тәуелсіздік алғаннан бастап білім беру жүйесінде ауқымды өзгерістер орын алды?
Тәуелсіздіктің 30 жылында білім беруді басқару мен қаржыландырудың құ¬қықтық-заңнамалық негізі, әлемдік білім кеңістігіне интеграцияланған қазақ¬стандық білім беру жүйесі қалыптасты. Саланың 30 жылдық тарихына көз жіберер болсақ, оны бірнеше кезеңге бөліп қарастыруға болады. Егер 1991-1994 ж.ж. – білім беру саласының заң¬намалық және нормативтік-құқықтық базасын қалыптастыру кезеңі десек, 1995-1998 ж.ж. – білім беру жүйесін және оның мазмұнын жаңартуға күш салынды. Ал 1999 – 2004 ж.ж. – білім беруді басқару мен қаржыландыру, білім беру ұйымдарына академиялық еркіндік беру мәселелеріне көңіл бөлінді, 2005-2010 ж.ж. – білім беру жүйесі нарықтық экономикаға бейімделді. 2011 жылдан қазіргі уақытқа дейін – жаңа кезең, инновациялық дамуға бейімделген, еңбек нарығында бәсекеге қабілетті мамандарды дайындаудың ұлттық моделі қалыптасты.
Биыл ел Тәуелсіздігіне – 30 жыл. Осы кезең аралығында жеткен жетістіктер орасан зор. Алғаш рет кемел келешекті іске асыратын кадр даярлау мақсатында «Болашақ» халықаралық бағдарламасы, заман талабына жауап бере алатын «Назарбаев Университеті» құрылды. Қазіргі уақытта тәуелсіздік рухында тәрбиеленген, білімді, өзгерістерге икемді ұрпақ қалыптасып, еліміздің одан әрі өркендеуіне үлес қосуда. Еліміздің мектептегі білім беру жүйесі әлемдік деңгейде бәсекеге қабілетті жастарды тәрбиелеп шығаруға әлеуетті екенін дәлелдеді. Оған еліміздің мектеп оқушы­ларының математика және жаратылыстану пәндері бойынша рейтингте алғашқы 10 елдің қатарына кірЕліміз тәуелсіздігін алған 1991 жылдан бері кәсіптік білім беру саласы бойынша қабылданған білім туралы заңның, мемлекеттік бағдарламалардың нәтижесінде кәсіптік білім беру саласына модернизациялау жұмыстары жүргізілуде. Атап айтқанда, 2017 жыл¬дан бастап жастардың жұмысшы кәсіп¬терін тегін алуына мүмкіндік беретін «Баршаға арналған тегін кәсіп¬тік-техникалық білім», «Еңбек», «Жас маман» бағдарламалары жүзеге асырылуда.
Қазақстан тәуелсіздігінің алғашқы жылдарында орын алған эконмиканың жаппай күйреуі салдарынан 2000 жылдарға қарай еліміздегі мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының желісі 8 есеге, нақтырақ айтқанда, 1991 жылғы 8 881-ден 2000 жылы 1 089-ға дейін қысқарды. Дегенмен, экономикамыз тұрақтана бастаған сәтте Мемлекет басшысының тапсырмасымен балабақшаларды салу және қайта қалпына келтіру жұмыстары қолға алынды. Бұрынырақ жекенің қолына өтіп кеткен немесе жалға берілген балабақшалар мемлекет меншігіне қайтарылды. Бұған қоса, жаңадан ашылған жекеменшік балабақшалар мен шағын орталықтардың саны артты.
2017 жылдан информатика, физика, химия және биология сынды жаратылыстану-математика циклындағы (ЖМЦ) пәндер оқушылардың қалауы және педагогтардың дайындығына байланысты ағылшын тілінде оқытыла бастады. Бүгінде еліміздегі 525 мектепте ЖМЦ пәндері толықтай ағылшын тілінде жүргізілсе, тағы 3 814 мектепте мұндай білім беру элементтері енгізілген. Аталған пәндерді ағылшын тілінде оқитын оқушылар саны да жыл сайын артып келе жатыр.
Педагогикалық корпустың сапалық құрамын жақсарту үшін 2018 жылдан мұғалімдерді аттестациядан өткізудің жаңа жүйесі енгізілді. Ұлттық біліктілік тестін сәтті тапсырған педагог біліктілігіне байланысты жалақысына 30-дан 50 пайызға дейін үстемеақы алады.
Балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен қамтамасыз ету жөніндегі 2010-2014 жылдарға арналған «Балапан» бағдарламасын іске асыру кезінде мектепке дейінгі ұйымдардағы орындар саны 33,0 мыңға артты. Қамту деңгейі үш есе өсіп, 2014 жылдың соңында 64,0 пайызға жетті.
Мемлекетіміз аяғынан нық тұра бастаған 2000 жылы білім саласына 6,3 млрд.теңге бөлініп, игерілсе, ағымдағы жылға 347,5 млрд. теңге бөлініп отыр. Яғни, бұл көрсеткіштен мемлекет білім беру саласына ерекше көңіл бөліп отырғанын байқаймыз

19 сұрақ. «ХV ғасырдың орта кезеңінде қазақ халқының қалыптасу процесінің аяқталуы Қазақ хандығының құрылуымен тұспа-тұс келді». Сіз бұл пікірмен қаншалықты келісесіз? Өз жауабыңызды негіздеу үшін бірнеше дәлелдер келтіріңіз.


Ғалымдар қазақ халқының қалыптасуын түрік этногенезінің басталуына жатқызады. Түркі кезеңіндегі шаруашылық-мәдени өмір кейін түркі халықтарының көбіне тән болды. Қазақстан жерін мекендеген түркі тайпалары моңғол шапқыншылығы қарсаңында біртұтас халық болып қалыптасуға даяр еді. Оған қимақ-қыпшақ конфедерациясы мысал болады. Моңғолдардың жаулап алу саясаты этникалық құрамға біршама өзгеріс жасады. Қазақстан территориясы әр түрлі этникалық топтардың қоныстану аренасына айналды. Ұлы қоныс аудару кезеңінде, кейін түркі және монғол шапқыншылығы дәуіріндегі этникалық араласу қазақтардың сыртқы түріне үлкен өзгеріс әкелді. Сонымен бірге этномиграциялық процесс нәтижесінде жергілікті тайпалар басқа тайпалармен араласып, оларды ассимиляциялады. Сондықтан да қазақтардың арғы тегіне Қазақстан территориясы өзіне Отан болған тайпаларды жатқызуға болады.


XIY-XY ғғ. Қазақстан және оған шекаралас аймақтарда Ақ Орда, Моғолстан, Әбілхайыр хандығы, Ноғай Ордасы деген мемлекеттер болғаны белгілі. Ол мемлекеттер тұрғындарын өзбектер, өзбек-қазақтар, моғолдар және ноғайлар деп атаған. Бұл атауларда өзіндік этникалық және саяси мән болған. Егер де «халық» деген түсінік этникалық құрылым тұрғысынан қаралса, онда оны «этноним» терминімен белгілейді (өзбектер, қазақтар, қырғыздар
Халық этникалық және саяси жағынан да тұтас болу үшін ең алдымен өзінің тәуелсіз мемлекеті болу керек. Біртұтастыққа ұмтылған тайпалар саяси жағынан Ақ Орда, Әбілхайыр хандығы, Ноғай ордасы және Моғолстан сияқты мемлекеттерге бөлшектенді. Алайда осы мемлекеттер қазақ мемлекеттілігінің құрылуына, өзіндік этникалық кеңістіктің қалыптасуына негіз болды. Қазақ тайпалары мен рулары әр мемлекеттің құрамына кеткенімен, олар бір тілде сөйледі.
Қазақ халқының рулық–тайпалық құрамына келсек, ол үш жүзден және төмендегідей тайпалардан тұрды. Ұлы жүздің тайпалық құрамы: Жалайыр, Дулат, Албан, Суан, Қаңлы, Шапырашты, Сары үйсін, Ошақты, Ысты. Орта жүздің тайпалық құрамы: Арғын, Найман, Қыпшақ, Қоңырат, Уақ, Керей. Кіші жүздің тайпалық құрамы: Жетіру, алты ата Әлімұлы, он екі ата Байұлы. Сонымен қатар Қазақ халқының құрамына төрелер мен қожалар кіреді.
Қазақ халқының қалыптасуы XY ғ. екінші жартысы мен XYI ғ. бас кезінде, тәуелсіз Қазақ хандығы қалыптасқан кезде аяқталды. Сөйтіп, халықтың қалыптасуының тағы бір жағдайы - өз мемлекетінің аты қалыптасты.
Қазақ хандығында біртіндеп ру-тайпалық сана әлсіреп, жалпы қазақтарға тән этникалық сана күшейді. «Қазақ жері», «қазақ мемлекеті», «қазақ елі» деген түсініктер кең өріс алды. Этникалық тарихи-хронологиялық қалыптасудың үш түрі бар: ру-тайпа, халық, ұлт. Бұл әр бірлестікте өзіндік этникалық сана болады. Этникалық сана - бұл адамның өзін белгілі этникалық бірлестіктің мүшесі деп санауы. Халық болып қалыптасуының алғашқы кезеңінде қазақтарда халықтық этникалық сананың орнына ру-тайпалық сана басым болды. Мысалы: «Сен қай рудансың?» деген сұраққа жауап беруші ең алдымен өзінің руын, сосын тайпасын, сосын жүзін айтатын болған. Олар өзін қазақпыз деп, елден тыс шыққанда ғана айтады.
Қазақ хандығы туралы бізге жеткен нақты жазба деректердің бірі Мұхаммед Хайдар Дулатидың «Тарих-и-Рашиди» атты еңбегі.
Қазақ хандығы — шаруашылықтың дамуы, өндіргіш күштердің өсуі, феодалдық қатынастардың қалыптасуы нәтижесінде ерте заманнан бері Орта Азияның ұлан-байтақ өңірін мекендеген көшпенді тайпалардың бірыңғай этникалық топ — қазақ халқының негізінде бірігуі арқылы XY-ғасырдың орта шенінде құрылды. Қазақ хандығының құрылуына 1457-жылдан кейін Керей мен Жәнібек сұлтандардың Әбілхайыр хан үстемдігіне қарсы күрескен қазақ тайпаларын бастап шығыс Дешті-Қыпшақтан батыс Жетісу жеріндегі Шу мен Талас өңіріне қоныс аударуы мұрындық болды.
Ол кезде Жетісуді билеген Моғолстан ханы Есенбұға (1434—1462-жылдары билік еткен) қоныс аударған қазақтарды Әбілхайырға қарсы пайдалану үшін қарсы алып, қоныс берді. Осы оқиға жөнінде тарихшы Мұхаммед Хайдар Дулати «Тарих-и-Рашиди» атты еңбегінде былай дейді: «Ол кезде Дешті Қыпшақты Әбілхайыр хан биледі. Ол Жошы әулетінен шыққан сұлтандарға күн көрсетпеді. Нәтижесінде Жәнібек хан мен Керей Моғолстанға көшіп барды. Есенбұға хан оларды құшақ жая қарсы алып, Моғолстанның батыс шегіндегі Шу мен Қозыбас аймақтарын берді. Олар барып орналасқан соң, Әбілхайыр хан дүние салды да, өзбек ұлысының шаңырағы шайқалды. Ірі-ірі шиеленістер басталды. Оның үлкен бөлігі Керей хан, Жәнібек ханға көшіп кетті. Сөйтіп, олардың маңына жиналғандардың саны 200 мыңға жетті. Оларды өзбектер - «қазақтар» деп атады. Қазақ сұлтандары 870 жылдары (1465—1466) билей бастады...».
Алғашында Қазақ хандығының территориясы батыс Жетісу жері, Шу өзені мен Талас өзенінің алабы еді. Ежелден осы алапты мекендеген тайпалар Дешті- Қыпшақтан қоныс аударған қазақ тайпаларымен етене араласып кетті. Әбілхайыр хандығындағы аласапыран соғыс салдарынан күйзелген қазақ тайпалары бұл араға келіп ес жинап, етек жауып, экономикалық тұрмысы түзеле бастады. Мұны көрген Дешті-Қыпшақ қөшпенділері Әбілхайыр хан қол астынан шығып, бөгеуін бұзған судай ағылып, Қазақ хандығына қеліп жатты. Алайда жаңадан құрылған Қазақ хандығының экономикалық негізі әлсіз еді және бірсыпыра қазақ тайпалары Әбілхайыр хандығының, Моғолстанның, Ноғай Ордасының және Батыс Сібір хандығының қол астында төрт хандыққа бөлшектеніп отырған болатын. Ал Әбілхайыр хан болса өзіне қарсы шығып, Жетісуға қоныс аударған қазақтардың өз алдына хандық құрып отырғандығына және оған көптеген тайпалардың ағылып барып жатқанына азуын басып, қылышын қайрап отырды.
Жаңа кұрылған Қазақ хандығы құрамына, яғни батыс Жетісу өңіріне он шақты жыл айналасында екі жүз мыңдай саны бар көшпелі тайпалардың жиналуы кең өріс-қонысты керек етті. Сонымен қатар көшпелі елдің отырықшы-егіншілігі көркейген аудандармен, әсіресе қолөнері мен саудасы дамыған экономикалық орталық - Сырдария жағалауыңдағы қалалармен сауда-саттық қарым-қатынасқа қолайлы жағдай жасау маңызды мәселеге айналды. Бұл қарым-қатынастьң оңалуына тек көшпелі ел ғана емес отырықшы аймақтардағы халықтар да мүдделі болды. Осы жоғарыдағы жағдайлардың талабына сай, Қазақ хандығының алдында үлкен тарихи міндеттер тұрды. Соның бірі қазақ тайпаларының басын қосып, қазақтың этникалық территориясын біріктіру.
№20 сұрақ жауабы:
«Қазақстан–2030» ұзақмерзімді стратегияның қабылдануы Қазақстанның гүлденген мемлекет құруға ұмтылуының бастамасы болды». Сіз бұл пікірмен қаншалықты келісесіз? Өз жауабыңызды негіздеу үшін бірнеше дәлелдер келтіріңіз.
Иә, мен бұл пікірмен келісемін. Кез келген мемлекет өз дамуының негізгі бағыттарын айқындап алуы керек. 1997 жылы Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н.Ә. Назарбаев «Қазақстан-2030» даму Стратегиялық бағдарламасын ұсынды. Оның 1997 жылғы 1 қазандағы «Қазақстан-2030: Барлық қазақстандықтардың өсіп-өркендеуі, қауіпсіздігі және әл-ауқатының артуы» атты Қазақстан халқына Жолдауы тәуелсіз еліміз тарихындағы мемлекетіміздің жаңару бағытын айқындаған маңызды құжат болып табылады. Ұзақ мерзімді басым мақсаттар мен оларды іске асыру стратегияларына қол жеткізуі үшін мынадай ұзақ мерзімді жеті басымдықты іске асыру көзделген:
1- Ұзақ мерзімді басымдық: ұлттық қауіпсіздік. Өз қауіпсіздігіміз бен аумақтық тұтастығымызды қамтамасыз ету үшін біз күшті мемлекет болуға және көршілерімізбен берік және достық қарым-қатынаста болуға тиіспіз. Сондықтан еліміз көп векторлы саясат жүргізе отырып, барлық елдермен өзара тиімді негіздегі сенім мен тату көршілік қатынастарымызды жалғастырып келеді. Біздің бейбітшілік сүйгіш халық екеніміз және ешкімнің жеріне, ресурстарына, байлығына көз тікпейтініміз баршаға аян.
2— Ұзақ мерзімді басымдық: ішкі саяси тұрақтылық пен қоғамның топтасуыТату көршілік бірінші кезектегі міндет, алайда елді ішкі алауыздық жайласа, ол шешілмейді. Бірлікке апаратын жолдағы бұрынғы кедергілерді жойып, әдетке, құштарлыққа, ерекше мүдделерге, дінге, жас қарайластығына немесе басқа факторлардың қайсысына негізделгеніне қарамастан, жаңа кедергілерді болдырмауға әрекеттер жасалуда. Барлық этникалық топтар құқықтарының тең болуын қамтамасыз ету, әлеуметтік проблемаларды ұдайы шешіп отыру, әр түрлі конфессиялар арасындағы өзара құрмет, төзімділік пен сенімді қарым-қатынастарды нығайтуға бағытталған көптеген шаралар ұйымдастырылды.
3-Ұзақ мерзімді басымдық: шетел инвестицияларының деңгейі жоғары, дамыған нарықтық экономикаға негізделген экономикалық өсу. Біздің салауатты экономикалық өрлеу стратегиямыз мықты нарықтық экономикаға, мемлекеттің белсенді рөліне және айтарлықтай шетел инвестицияларын тартуға негізделді. Шетел инвестицияларын тиісінше қорғауды және пайданы кері қайтарып алу мүмкіндіктері бұрынғысынша назарда бірінші кезектегі мәселелер қатарында ұсталады. Экономиканың бірнеше секторы бар: табиғи ресурстарды игеру, инфрақұрылым, коммуникациялар және ақпарат, еліміз үшін бұлар тұрақты маңызға ие. Тек шикізатқа бағдарланған ел болып қалмау үшін біз жеңіл және тамақ өнеркәсібін, инфрақұрылымды, мұнай мен газ өңдеуді, химия мен мұнай-химиясын, машина жасаудың жекелеген шағын салаларын, ғылымды қажет ететін түпкілікті өндірістерді, қызмет көрсету саласын, туризмді бұрынғыдан да ілгері қарқынмен дамытуға тырысып келеміз.
4-Ұзақ мерзімді басымдық: Қазақстан азаматтарының денсаулығы, білімі мен әл-ауқаты. Ауруды болдырмау және салауатты өмір салтын ынталандыру. Салауатты өмір салтын ынталандыру әрқайсымыздың дене тәрбиесімен айналысуымызға, дұрыс тамақтануымызға, есірткілерді, темекі мен алкоголді тұтынуды қойып, тазалық пен санитария шараларын сақтауымызға және т. с. с. бағытталған. Әйел мен баланың денсаулығын жақсарту. Ана мен баланың денсаулығын қорғау біздін, мемлекетіміздің, денсаулық сақтау органдарының, жұртшылықтың тікелей назарында.
5-Ұзақ мерзімді басымдық: энергетика ресурстары. Қазақстан табиғи ресурстардың, әсіресе энергетика ресурстарының орасан зор қорына ие. Біздің еліміздің аумағында, бағам бойынша мұнайлы алғашқы он елдің қатарына қосарлық мұнай мен газ кен орындары бар. Сонымен қатар Қазақстанда көмірдің, уранның, алтынның және басқа да бағалы минералдардың мол қоры бар. Өз қорларымызды жедел әрі тиімді пайдалану үшін үздік халықаралық технологиялар, ірі капиталдар тарту мақсатымен басты халықаралық мұнай компанияларымен ұзақ мерзімді әріптестікке бардық. Шетел инвестицияларын тарту арқылы біз ішкі энергетика инфрақұрылымын құру мен дамытуды, ішкі қажеттілік пен тәуелсіз бәсекелестік проблемаларын шешіп отырмыз.
6-Ұзақ мерзімді басымдық: инфрақұрылым, әсіресе көлік және байланыс. Бұл стратегия автомобиль жасау, туризм, қызмет жүйесі, жол және күрделі құрылыс салаларын барған сайын дамыта беруге және отандық өнімнің өзіндік құнындағы көлік шығасысын кемітуге жәрдемдесті. Автомобилъ жолдарын шапшаң аралықтар құру арқылы халықаралық тасымалды қамтамасыз ететін бағыттар дамытылды, автомагистральдар мен көпір конструкцияларының өткізім қабілетін жақсартуға, Әуежайларды қайта жаңартуды қолға алу, қызмет көрсету мен сервисті қамтамасыз ету деңгейін халықаралық стандарттарға дейін жеткізуге баса назар аударылды.
7-Ұзақ мерзімді басымдық: негізгі міндеттермен ғана шектелетін кәсіпқой мемлекет. Қазір мемлекеттік аппаратты қайта ұйымдастыру мен жетілдіру қолға алынды, Қазақстанда басым мақсаттарды іске асыруға қабілетті үкімет құру, ұлттық мүдделердің сақшысы бола алатын мемлекет қалыптастыру көзделуде. Неғұрлым маңызды бірнеше функцияларды орындауға жұмылған кәсіпқой Үкімет құрылды. Министрлердің өкілеттіктері мен жауапкершіліктерін, олардың есептілігін және олардың қызметіне стратегиялық бақылауды арттыру қолға алынды. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы батыл да ымырасыз күрес жүргізіліп келеді, мемлекеттік жүйеде білімді, білікті қызметкерлерді қолдап келеді.
«Қазақстан-2030» Стратегиясы ел азаматтарының кемел прагматизмге сүйеніп қана атқара алатын келелі мәселелерді айқындап көрсетті. Бұл ұзақ мерзімді қамтыған, халықтың мүмкіндіктері мен қабілетін толық ескерген, басым бағыттары шынайылыққа негізделген байыпты бағдарлама болып табылады.

21 сұрақ+


«Қазақстанда заманауи халықаралық стандартқа сәйкес келетін отандық білім беру жүйесі қалыптасуда»


Мен бұл пікірмен толықтай келісемін. Оған мынандай дәлелдер келтіре аламын.
1993 жылы 11 қарашада Қазақстан Республикасы Президентінің бастамасымен құрылған «Болашақ» Мемлекеттік бағдарламасы кадрларды даярлау және жетекші шетелдік жоғары оқу орындарымен білім беру байланыстарын дамыту үшін үлкен маңызға ие болды. Бағдарламаның мақсаты — ел экономикасының басым салалары үшін кадрлар мен мамандарды даярлау. 1994 жылы алғашқы қазақстандық студенттер АҚШ, Ұлыбритания, Германия және Францияның жоғары оқу орындарына оқуға жіберілді. Посткеңестік елдер тарихында алғаш рет дарынды жастарды мемлекет есебінен шетелде оқыту мүмкіндігі туды. «Болашақ» халықаралық стипендиясы әлемнің ең жақсы университеттерінде оқуға 14,5 мыңнан астам қазақстандықтарға тағайындалды. «Болашақ» халықаралық стипендиясынан басқа, қазақстандық студенттер шетелдерде экономика, халықаралық қатынастар, шетелдік филология, әскери ғылымдар, менеджмент, информатика және компьютерлік технологиялар сияқты әртүрлі алмасу бағдарламалары бойынша білім алады. Сонымен, Қазақстанда жүргізілген реформалар мен қайта құрулардың нәтижесінде мемлекеттік және мемлекеттік емес секторлардан тұратын жалпы (орта), орта арнаулы, жоғары білімнің заманауи жүйесі пайда болды, ол негізінен халықаралық стандарттарға сәйкес келеді.
2010 жылы Будапешттегі Еуропа елдерінің білім министрлерінің екінші форумы кезінде Қазақстанның Болон декларациясына қосылуы туралы түпкілікті шешім қабылданды. Қазақстан Болон процесінің 47-ші қатысушысы болды, бұл еуропалық білім кеңістігінің толыққанды мүшесі деп танылған бірінші Орта Азия мемлекеті. Қазақстанға кіру туралы шешімді Болон декларациясына қол қойған 46 елдің өкілдері бірауыздан қолдады. Қазақстанның туы Болон процесіне қатысушы елдердің жалаулар галереясына енгізілген және орнатылған.
2021 жылы 13 қазанда мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық жобалар тізбесін бекіту туралы Жарлыққа қол қойды. Оның негізінде 10 нақты Ұлттық жоба анықталды. Соның бірі - 2021-2025 жылдарға арналған «Білімді ұлт» сапалы білім беру» ұлттық жобасы. Жобаның басты мақсаты- барлық білім беру деңгейлерінде білім алушылардың білім сапасын арттыра отырып, қазақстандық жоғары оқу орындарының бәсекеге қабілеттілігін арттыру Жоба шеңберінде жоғары оқу орындарының халықаралық имиджі мен бәсекеге қабілеттілігін арттыруға бағытталған «Академиялық артықшылық орталықтары» жобасын іске асыру басталды. 2025 жылға дейін 20 академиялық артықшылық орталығы (15 өңірлік және 5 педагогикалық жоғары оқу орны) құрылады. Республикалық бюджет шеңберінде еліміздің 29 жоғары оқу орнына 200 шетелдік сарапшы тартылған. Шетелдік әріптестермен академиялық алмасуларды іске асыратын жоғары оқу орындарының үлесі 35%-ға дейін ұлғаяды.

№22 сұрақ жауабы:


«Қазақстанның ұзақ мерзімді стратегиялары сапалы экономикалық дамуға алып келді». Сіз бұл пікірмен қаншалықты келісесіз? Өз жауабыңызды негіздеу үшін дәлелдер келтіріңіз.
Иә, бұл пікірге келісемін. Себебі кез келген мемлекет өз дамукының негізгі бағыттарын алдын ала айқындап алу керек. Негізгі басымдықтарға сәйкес құрылған жүйелі бағдарламасыз алға қарай дамудың қиынға түсері анық. Сондықтан Қазақстан тәуелсіздік алғаннан кейін кең ауқымды, әлеуметтік, саяси және экономикалық реформаларды жүргізе бастады. Елдегі өтпелі кезеңнің ауыртпалықтары азайып, кезеңдік реформалардың күрделі даму мерзімі аяқталар тұста дербес төл стратегиялық бағытымызды айқындау мақсаты қойылды.
Елбасы алғаш рет 1996 жылы 8 қазанда Қазақстан халқына : « Елдегі жағдай және ішкі, сыртқы саясаттың 1997 жылға арналған негізгі бағытытары туралы» атты жолдауы жасады. Бұл жолдауда Қазазқстан Республикасы президенті Н.Ә. Назарбаев еліміздің тәуелсіздігін алғанынан бергі бес жыл уақыт аралығында жүзеге асырылған саяси экономикалық және әлеуметтік мәселеер бойынша реформаларға жан- жақты тоқтала отырып, терең талдаулар жасады. 1997 жылы Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев «Қазақстан -2030» даму стратегиялық бағадарламасын ұсынды.
Президенттің 1997 жылы 1 қазандағы «Қазақстан- 2030: Барлық Қазақстандықтарды өсіп өркендеуі, қауіпсіздігі және әл ауқатының артуы» атты Қазақстан халқына жолдауы тәуелсіз еліміз тарихындағы мемлекетіміздің жаңару бағытын айқындаған маңызды құжат болып табылады. Стратегияның «Біз бүгін қай жердеміз», «Қазақстанның мұраты» деп аталатын тауарлары қазақстандықтардың реформаға артып отырған мүдделері мен үміттерін, көздейтін мақсаттарын саралап көрсетуге арналды.
Стратегияда ұлттық қауіпсіздік бірінші орынға қойылды. Тәуелсіз мемлекетіміздің ұлттық қауіпсіздігі азаматтардың гүлденіп көркеюі мен жүргізіп жатқан реформамыздың табысқа жетуінің басты кепілі және негізгі басымдық ретінде көрсетілді. Оны қамтамасыз етудің алғышарты қоғамның – ынтымағы мен ішкі саяси орнықтылығы. Әлеуметтік тұрғыдан ішкі орнықтылық пен тұрақтылықтың іргетасы орта тап екені белгілі. Стратегиялық бағдарламада орта тапты қалыптастыруға шешуші маңызы берілді.
Елбасы даму стратегиясын белгілеуде келешек мүмкіндіктеріміздің қандай екенін, оның қалай жүзеге асатынын, қалай пайымдайтынын ортаға сап, халыққа сенім артты. Әуелі қоғамды қиын жағдайдан шығарып алудан кейін, қайта өрлеу жолында еңбектенуге шақырды.Осы себептенде, «Қазақстан 2030» стартегиялық бағадарламасы адам факторына дамытуды ең орынға қойды.
«Қазақстан 2030» -стратегиясы ел азаматтарының кемел прагмматизмге сүйеніп қана атқара алатын келелі мәселелерді айқындап көрсетті. Елбас жеке меншіктің, шетелдік инвестиция, ашық қоғамның, саяси плюрализмнің, кәсіби үкіметтің, қылмысқа жол бермеудің өткір мәселелерін батыл көтеріп қана қоймай, жемқорлыққа, экономикалық бойкүйездікке қарсы белсенді қарсы күреске шақырды. «Қазақстан -2030» даму стратегиясы ұзақ мерзімді қамтыған, халықтың мүмкіндіктері мен қабілетін толық ескерген, басым бағыттары шынайлылыққа негізделген байыпты бағдарлама болып табылады. «Қазақстан -2030» стратегиясынан кейінгі Елбасы жасаған жолдаулары осы бағадарламаның заңды жалғасы болып табылады.
«Қазақстан-2030» стратегиясының негізгі қорытындылары жасалды және ХХІ ғасырдың жаһандық он сын қатері белгіленді.
1. Тарихи уақыттың жеделдеуі,
2. Жаһандық демографиялық теңгерімсіздік.
3. Жаһандық азық – түлік қауіпсіздігіне төніп тұрған қатер.
4. Судың тым тапшылығы.
5. Жаһандық энергетикалық қауіпсіздік.
6. Табиғи ресурстардың сарқылуы.
7. Үшінші индустрилық революция.
8. Үдей түскен әлеуметтік тұрақсыздық.
9. Жаңа әлемдік тұрақсыздық қаупі.
1998 ж 30 қыркүйекте «Елдегі жағдай ішкі және сыртқы саясаттың негізгі бағыттары туралы»: жаңа ғасырда қоғамды демократияландыру, экономикалық және саяси реформа» атты жолдауыында сол кездегі халықаралық саяси жағдайға, әсіресе көршілес Ресей мен ТМД ның оңтүстік аймақтарындағы мемлекеттердегі шиеленісті оқиғаларға , оның Қазақстанға ықпалына тоқталды.
Елбасының 1999 жылғы 14 желтоқсандағы қазақстандағы халық жолдауы: «Еліміздің жаңа ғасырдағы тұрақтылығы мен қауіпсіздігі» деп аталады. Жолдау қазақ халқының сан ғасырлық тарихындағы маңызды кезеңдеріне, тәуелсіз ел олу жолында жүріп өткен ұлы күрес шежірелеріне шолумен басталады. Жолдауда Қазақстанның саяси тұрақтылығын, ұлттық қауіпсіздігіне төнетін қатерлер, соның ішінде лаңкестік, діни экстремизм мәселелеріне аса назар аударады.
Елбасы 2000 жылы 24 қарашадағы «Еркін де еңселі әрі қауіпсіз қоғамға қадам басайық» атты Қазақстан халқына Жолдауында егемендік алғаннан бергі он жыл уақыт ішінде Қазақстанның тәуелсіз мемлекет ретінде дамып, қалыптасуына егжей-тегжейлі тоқталды.
2001 жылы 3 қыркүйекте ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаев Қазақстан халқына «Елдегі жағдай туралы және 2002 жылғы ішкі және сыртқы саясаттың басты бағыттары туралы» жолдауын жасады. Мұнда басты назар сыртқы саяси басымдықтарға бағытталған.
2002 жылғы 29 сәуірдегі «Ішкі және сыртқы саясаттың 2003 жылғы негізгі бағыттары туралы» Қазақстан халқына жолдауында мемлекеттің әкімшілік ісін жүргізудің жаңа қағидаттарына және бюджет аралық қатынастардың тиісті үлгісіне көшу туралы айтылды.
2003 жылығы 4 сәуірдегі «Ішкі және сыртқы саясаттың 2004 жылға арналған негізгі бағыттары» атты жолдауында 2004 жылға арналған ішкі және сыртқы саясатының, әсіресе әлеуметтік -экономикалық, мәдениет пен білім, рухани даму салаларын дамыту жолдарының басты бағыттары айқындалған. Жолдауда Астана дамыту «Астананың өркендеуі- Қазақстанның өркендеуі» бағдарламасы бойынша жүзеге асырылатыны және Астананың болашақта да қарқынды дамып, көркейе түсуіне бар мұмкіндіктерді жасау қажеттігіне ерекше мән берілді.
2004 жылы 19 наурызда Қазақстан халқына жолдауы «Бәсекеге қабілетті Қазақстан, бәсекеге қабілетті экономика үшін, бәскеге қабілетті халық үшін» деген сөздермен басталады. Жолдаудағы басты мәселе бәсекеге қабілетті экономика қалыптастыруға арналады. Ырықтандыру және бюракратиясыздандыру, әлемдік экономикаға интеграциялану, индустриялық-инновациялық даму, индустрияны дамытуға кластерлік тұрғыдан келу керектігін айтады.
2005 жылы 18 ақпан «Қазақстан экономикалық, әлеуметтік және саяси жедел жаңару жолында» бұл жолдауда қазақстан халқының әл-ауқатын, экономикалық дамуын, оның саяси жағынан күшейе түсуіне бағытталған іс-шараларды жүзеге асыруды нақты айқындады.
2006 жылы 1 наурызда «Қазақстан өз дамуында жаңа серпіліс жасау қарсаңында. Қазақстанның әлемдік бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына кіру стратегиясы» деп аталатын Жолдауында нақты жеті басымдықты атап көрсетеді.
2007 жылы «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан», 2008 жылы «Қазақстан халықынң әл-ауқатын арттыру-мемлекеттік саясаттың басты мақсаты», 2009 жылы «Дағдарыстан жаңару мен дамуға», 2010 жылы «жаңа онжылдық -жаңа экономикалық өрлеу- Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері» , 2011 жылы «Болашақтың іргесін бірге қалаймыз», 2012 жылы 27 қаңтарда «Әлеуметтік -экономикалық жаңғырту- Қазақстан дамуының басыт бағыты», 2012 жылы 14 желтоқсан «Қазақстан -2050» стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты.
«Қазақстан – 2050» 1997 жылы қабылданған «Қазақстан -2030» бағадрламасы негізгі базалық өлшемдері бойынша мерзімінен бұрын орындалды. Енді ел дамуының ұзақ мерзімге арналған жаңа кезеңін айқындау қажеттігі туындады. 2012 жылы 12 желтоқсанда мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаев республика халқына арналған жаңа жолдау «Қазақстан- 2050» стратегиясы -қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» деп аталды. «Қазақстан- 2050» стратегиясында мемлекеттік болашағы көрініс тапты. Жолдауда «қалыптасқан мемлекет» деген жаңа ұғым қолданылды. Қазақстан әлемдегі 50 іргелі, мықты мемлекеттің бірі болды деген саяси тұжырым.
Жолдауда осыған жету жолында іске асырылуы тиіс 7 саяси бағытты айқындап берді.
1. Пайда алу, инвестициялар мен бәсекеге қабілеттіліктен қайтарым алу принципіне, экономикалық прагматизмге негізделген экономикалық саясат жүргізу.
2. Ұлттық экономиканың жетекші күші болатын кісіпкерлікті жан-жақты қолдау.
3. Әлеуметтік кепілдіктермен және жеке жауапкершілік сияқты жаңа қағидаттарға негізделген әлеуметтік саясат.
4. Заманауи білім беру жүйесін, кадр даярлау мен қайта даярлаудың негізгі бағыттарын түзеу.
5. Мемлекеттілікті одан әрі нығайту және қазақстандық демократияны дамыту.
6. Ұлттық мүдделерді ілгерілету және аймақтық, жаһандық қауіпсіздікті нығайтуға мүмкіндік беретін дәйекті жіне болжамды сыртқы саясат жүргізу.
7. Жаңа қазақстандық патриотизм- біздің көпұлтты және конфессиялы қоғамымыздың табысының негізі.
«Қазақстан -2050» стратегиясында жаңа әлеуметтік саясаттың басты ұстанымдарының ішінде бірінші рет «Баланы қорғау» бағыты бөлініп көрсетілді. Елбасы Н.Ә.Назарбаев «Балалар- қоғамымыздың ең әлсіз және қорғансыз бөлігі және олар құқықсыз болуға тиіс емес» деп атап көрсетті. Балаларға қамқорлық жасау біздің елдің әлеуметтік саясаттың анықтаушы бөлімі болып табылады. БҰҰ -ның бала құқықтары туралы Конвенциясы нақ осы тәсілге негізделген, оның қағидаттарын көптеген мемлекеттер қолдап отыр. Аса назар аудариып отырған 16 жасқа дейінгі балалардың денсаулығы, медициналық қолжетімді қызметтер көрсету. Сонымен қатар дамыған бәсекеге қабілетті елге ацналу үшін жоғары білімді ұлтқа айналу керек деп көрсетті. Мектепке дейінгі білім беру «Балапан» бағадарламасы, Назарбаев зияткерлік мектептері, Назарбаев университеті, «Болашақ» бағдарламалары мысал бола алады.
Оқыту әдістемелерін жаңғыртуға. Инженерлік білім беру мен заманауи техникалық мамандықтарға көп көңіл бөлінеді.
Сыртқы саясатта: Аймақтық ұлттық қауіпсіздік, экономикалық және сауда дипломатиясын белсенді дамыту, мәдени-гуманитарлық, ғылым-бәләм және шектес салалардағы халықаралық ынтмақтастықты арттыру, ел азаматтарының құқықтарын қорғау, олардың шетелде жеке, отбасылық, іскерлік мүдделерін қорғау.
«Жаңа қазақстандық патриотизм» бағытының негізгі мақсаты: Біздік көпұлтты, конфессияаралық қоғамымыздың тбаысы- қоғамдық келісімді сақтау және нығайту. Қазақстандық патриотизмнің іргетасы- барлық азаматтарыдң тең құқылығы және Отан намысы алдындағы жалпы жауапкершілігі. 2050 жылға қарай біз Қазақстанның кез-келген азаматы етеңгі күнге, болашаққа өте сенімді болатындай саяси жүйе құруымыз керек.
Барлық этностар азаматтары құқықтарының теңдігі қарастырылған. Ол турады «Біз – көпұлтты қоғамбыз. Және де ұлтаралық қатынастарт мәселесінде ешқандай қосарланған стандарттар болмауға тиіс. Мемлекетте бәрі тең болуға тиіс. Этностық немесе басқа да белгілі бойынша жақсы немесе жаман деген болмауға тиіс»
Қазақ тілі және тілдердің үштұғырлылығы жолға қойылды. Жауапкершілікті тіл саясаты қазақ ұлтын біріктіруші басты факторлардың бірі болып табылады.2025 жылдан бастап біздің әліпбиді латын әліпбиіне көшіруге кірісу, қазақ тілін жаңғырту міндетін қойды.
Бүгінде халықымыз үшін дәстүрлі емес діни және жалған діни ағымдар мәселесі өткір болып тұр. Мемлекет пен азамттар радикализмнің, экстремизмнің және терроризмнің барлық түрлері мен бой көрсетулеріне қарсы біртұтас шеп құруға тиіс.
Елбасы Н.нахзарбаевтың «Ұлт жоспары-бес институтционалдық реформаны жүзеге асырудың 100 нақты қадамы» (2015 ж., мамыр)-жаһандық ішкі сын-қатерге жауап және жаңа тарихи жағдайларда дамыған 30 мемлекеттің қатарына ену бойынша ұлт жоспары.
5 президенттік реформа:
1. Кәсіби мемлекеттік аппарат құру- 1- 15 қадам,
2. Заңның үстемдігін қамтамасыз ету -16-34 қадам,
3. Индустрияландыру және экономикалық өсім -35-84 қадам,
4. Біртектілік және бірлік -85- 90 қадам,
5. Есеп беретін мемлекетті қалыптастыру -91-100 қадам.
Жоғарыда аталған стратегиялардың соңғы қабылданғандары бірқатары біртіндеп жүзеге асуда.
№23 сұрақ+
ХХ ғасырдың бірінші жартысындағы қазақ зиялылары ұлт-азаттық күрестің жаңа сапалы формасын, саяси түрін қалыптастырды». Сіз бұл пікірмен қаншалықты келісесіз? Өз жауабыңызды негіздеу үшін бірнеше дәлелдер келтіріңіз.
Жауабы:
Қазақ ұлт зиялыларының қалыптасуы — XIX ғасырдың екінші жартысы — XX ғасырдың басында Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық және саяси дамуында болған өзгерістер қазақ халқының рухани өміріне терең әсер етті.
Саяси, экономикалық экспансиямен қоса, құлдыққа салушылардың мәдениеті күштеп танылды.Патша өкіметінін кертартпа саясаты халыққа білім беру саласынан мейлінше айқын аңғарылады. Отаршыл билік қазақ халкының мүдделері мен құқықтарын елемей, онын рухани дамуын тежеді. Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық және саяси өмірінде қарастырылып отырған кезенде орын алған соны құбылыстар қазақ қоғамының қоғамдық санасындағы елеулі өзгерістерге әкеп соқты. Мұндай елеулі өзгерістер ұлттық сана-сезімді оятуға жағдай жасады, қазақ қоғамында жаңа идеялардың, ой-пікірлер мен көзқарастардың қалыптасуын анықтап берді. Мәдениет тұрғысынан алғанда, дәуірдің жаңалыктары ең алдымен еуропалық өркениетті, жаңа құндылықтарды бастапқыда әлеуметтік үстем топ өкілдерінің, адамдардын шағын тобының меңгеруі орын алғанынан көрінді. Ұлттық зиялылардың қалыптасу жолы бірдей болған жоқ, күрделі және ұзаққа созылған үрдіс болды. Бұл жағдайдың халық шаруашылығында да, мәдениетте де мамандар санының өсуінен көрінгені күмәнсіз. Оның барысын отаршылдық режим жағдайлары, патша өкіметінің бағындырылған халық жөніндегі кемсітушілік саясаты тежеп отырды. Дегенмен XIX ғасырдың аяғы — XX ғасырдың басы халықтың интеллектуалдық күштері дамуындағы жаңа кезен болып табылады.

24 - сұрақ жауабы.


«Сакральді Қазақстан» жобасы аясындағы тарихи-мәдени ескерткіштерді анықтап, олардың ерекшеліктерін сипаттаңыз.
Бүгінгі ғаламдану процесінде ұлттық құндылықтарды сақтау мен өзінің бет-бейнесін, ізгі дәстүрлерін сақтау жолындағы күрес – ұлттық сананы сақтау күресі.
Ұлттық тәрбие деп жеке тұлғаның ұлттық сана сезімі мен мінез-құлқының ана тілін, ата тарихын, төл мәдениетін және ұлттық салт-дәстүрлерді меңгеруі негізінде қалыптасуын айтамыз.
Ұлттық мәдени құндылықтар дегеніміз не? Қарапайым тілмен айтқанда, ұлттық мәдени құндылықтар – белгілі бір ұлтқа, ұлт азаматына тән зат, адами қадір-қасиет, яғни, халық ғасырлар бойы жинақтаған ұлттық рухани және материалдық құндылықтар.
Қазақ халқының осындай дәріптеуге, қастерлеуге, дамытуға тұрарлық ұлттық рухани және материалдық құндылықтары туралы ұлағатты, құнды ойларын халық игілігіне, келешек ұрпақты, ел-жұртқа ие болар азаматтарды тәрбиелеуге неге қолданбасқа?
Қайсыбір халықтың немесе ұлттар мен ұлыстардың жаратылыстан алатын өз тарихы мен орны бар. Қазақ халқының тарихында айрықша атауға тұратын қасиетті жердің бірі – «Таңбалы» тарихи-мәдени және табиғи қорық-мұражайы.
Тарихи-мәдени ескерткіштер – ұлттық тарихымыз бен мәдениетіміздің құнды жәдігерлері болып табылады. Ескерткіштер әрбір елдің тарихы мен өткенінен сыр шертер халықтың ұлттық байлығы ғана емес, оның сол елдің өткені мен бүгінін саралайтын, сол арқылы келешек ұрпаққа тәлім-тәрбие беруде де маңызы зор. Қазіргі таңда Қазақстан аумағында 25 мыңнан астам тарихи-мәдени ескерткіш сақталынған. Солардың бірі – «Таңбалы» шатқалындағы археологиялық ескерткіштер.
«Таңбалы» тарихи-мәдени және табиғи қорық мұражайының аумағында сақталынған археологиялық, діни-рухани ескерткіштер өте көп. Аталған ескерткіштердің 5000-ға жуығын қазіргі таңда «Таңбалы» тарихи-мәдени қорық мұражайы тізімге алған. Осы ескерткіштердің басым бөлігі қола дәуірінен бастау алатын жартастағы суреттер мен жерлеу орындары, яғни, қабірлер болып келеді.
Елбасымыз «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында қоғамдық сананың деңгейін көтеру мақсатында алты жоба ұсынған болатын. Соның бірі – «Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы» жобасы. Жобаның мақсаты – халықтың ұлттық бірегейлігін және құндылықтарын бекемдеу, жат идеологияға төтеп беретін қалқанды нығайту.
Осыған дейін ҚР Ұлттық музейі жанынан құрылған «Қасиетті Қазақстан» ғылыми зерттеу орталығы «Қазақстанның жалпыұлттық киелі орындары» жобасы аясында 100 нысанның тізімін ұсынған еді. Бұдан бөлек жергілікті маңызы бар деген 500 нысан тағы анықталған.
«Сакральді Қазақстан» жобасының мақсаты
Ұлытау төріндегі жәдігерлер кешенін, Қожа Ахмет Ясауи мав¬золейін, Тараздың ежелгі ескерткіштерін, Бекет ата кесенесін, Алтайдағы көне қорымдар мен Жеті¬судың киелі мекендерін және басқа да жерлер¬ді өзара сабақтастыра отырып, ұлт жадында біртұтас кешен ретінде орнықтыру.
Республика бойынша 100-ден астам нысан жалпыұлттық деңгейде қасиетті орындар санатына кірсе, 500-ден астам нысан жергілікті маңызы бар киелі нысандар қатарына кірген. Түркістан облысында тарихи-мәдени маңызы бар 1300-ге жуық ескерткіш есепке алынған көрінеді. Ақтөбе облысы бойынша 700-ге жуық тарихи-мәдени ескерткіш тіркеуге алынған екен. Оның 10 шақтысы республикалық маңызы бар, қалғандары жергілікті маңызы бар ескерткіштер.
Мұның бәрі тұтаса келгенде халқымыздың ұлт¬тық бірегейлігінің мызғымас негізін құрай-ды. Біз жат идеологиялардың әсері туралы айтқанда, олардың артында басқа халықтардың белгілі бір құндылықтары мен мәдени символдары тұрғанын есте ұстауымыз керек. Тиісінше, оларға өзіміздің ұлттық құн¬ды¬лықтарымыз арқылы ғана төтеп бере аламыз. Қазақстанның қасиетті жерлерінің мәдени-географиялық белдеуі – неше ғасыр өтсе де бізді кез келген рухани жұтаңдықтан сақтап, аман алып шығатын символдық қалқанымыз әрі ұлттық мақтанышымыздың қайнар бұлағы. Ол – ұлттық бірегейлік негіздерінің басты элементтерінің бірі. Сондықтан, мыңжылдық тарихымызда біз алғаш рет осындай ауқымды жобаны жасап, жүзеге асыруға тиіспіз.

25 сұрақ. «Орта ғасырларда көшпелілер мен отырықшы халықтар арасындағы қарым-қатынастардың басты факторы экономикалық қажеттіліктер болған». Сіз бұл пікірмен қаншалықты келісесіз? Өз жауабыңызды негіздеу үшін бірнеше дәлелдер келтіріңіз.


Көшпелі және отырықшы жұрттардың арасындағы қатынас әр заманда, әр түрлі аймақта әрқалай болды. Олардың карым-қатынасында кактығыс, соғыстармен қатар бейбіт сабақтастық, шаруашылық, сауда, мәдени өзара әсерлер аз болған жоқ. Мал өнімдеріне мамандандырылған көшпелі экономика егіншілік өнімдерін, қолөнер бұйымдарын отырықшылардан алса, отырықшылар мал өнімдерін, кейбір қолөнер заттарын, қолөнерге қажетті шикізаттарды көшпелілерден алып отырды. Мұндай сауда, айырбас қатынастары, әсіресе отырықшы халықтар мен көшпелі елдер көршілес орналасқан шекаралық, аймақтарда пәрменді түрде іске асып отырды.
Отырықшы елдерге жылқы малы, оны мініске, жегуге үйрету көшпелі малшы тайпалардан келді. Атты әскер дәстүрі, садақтың түрлері, қылыш, ат әбзелдері де көшпелілерден келген. Мысалы, VІ ғасырда түркі тайпалары пайдаланған темір үзеңгілі ертоқым келесі ғасырларда бүкіл Еуропаға таралды. Отырықшы елдер көшпелілердің қару-жарағына, киіміне еліктеді. Мысалы, V-VІ ғасырлардағы түркілердің кісе белдіктері Қытайдан Иракқа дейінгі аралықта пайдаланылған. Таң әулеті кезіндегі Қытайда көшпелілердің киімі кең таралды, Еуропада орыс, поляк, венгр ақсүйектері киім киісінде, шаш қоюында көшпелілер үлгісіне еліктеді. Көшпелілерде б.з.д. 1-мыңжылдықта пайда болған өнердегі "аң стилі" Қытайдан Дунайға дейінгі аралықтағы отырықшы елдерге де кең таралды.
Көшпелілер отырықшы халықтардың бір-бірімен мәдениет алмасуына, олардың бірінен екіншісіне мәдени үдерістердің ауысуына себепші болды. Көшпелілер миграциясы, олардың бір отырықшы елдерден кейін келесі бір отырықшы халықтарды жаулап алуы арқылы мәдени диффузия іске асып отырды.
Ерте орта ғасырлар заманында көшпелілер отырықшылармен тек қана соғысып қойған жоқ, сонымен қатар өзара тығыз бейбіт байланыста болды. Көшпелілер отырықшы елдер шеберлеріне өздеріне қажетті құрал-сайман, жабдықтарға тапсырыс жасаумен қатар оларды кажетті шикізатпен қамтамасыз етіп отырды. Сонымен бірге көшпелілер отырықшылардан түрлі қолөнер түрін үйренді.
№26 сұрақ. «Орталық Азия өркениеттерінің ежелгі отырықшы-егіншілік ошақтары көшпелілер өркениетімен тығыз байланыста дамыды.
Орталық Азия – Еуразияның кең даласында мыңдаған жылдар бойы үстемдік еткен
көшпелілер өркениетінің бесігі. Бұл өркениеттің тағы бір атауы – «Дала өркениеті» немесе
«Ұлы Дала өркениеті». Біздің кең-байтақ даламызда жылқы алғаш қолға үйретіліп,
көшпелі малшаруашылығы пайда болды. Көшпелі өркениет тұйықталып қалған жоқ, ол
Орталық Азияның отырықшы-егіншілік өркениетімен, қытайлық, ирандық және өзге де
ежелгі шығыс өркениеттерімен байланыста өрбіді. Орталық Азияда көшпелілік пен
отырықшылық ұзақ тарихи кезеңде отырықшы-көшпеліліктің селбескен жүйесін құрады.
Олар кең далада өзара байланыс орнатып, ортақ өнімдерімен, материалдық және рухани
саладағы жетістіктерімен ерекшеленді.
Орталық Азияның көшпелі және отырықшы-егінші өркениеттерінің пайда
болуының маңызды факторы өндіруші экономиканың – малшаруашылығы мен
егіншіліктің пайда болуы болды.
Неолиттік төңкеріс. Шамамен б.з.б. ҮІ-Ү мыңжылдықтың бұрынғы неолит
дәуірінде тас өңдеу техникасының жетілуі және тастан, ағаш пен сүйектен жасалған жаңа
құралдардың пайда болуы материалдық өндірістер жүйесіне бетбұрыс әкеліп, неолиттік
төңкеріс деген атауға ие болды. Неолиттік төңкерістің себептері тұрғындар санының
артуы және соған байланысты өндірістік дағдарыстың орын алуы болды.
Неолиттік төңкеріс табиғи дайын өнімді тұтынудан өндірістік шаруашылыққа,
яғни, терімшілік пен аңшылықтан егіншілік пен малшаруашылығына өткен тарихи қадам
болды. Неолиттік төңкеріс адамның табиғатқа тәуелділігін азайтып, алғаш рет оның
жеткілікті түрде азық-түлікпен қамтамасыз етілуіне мүмкіндік берді.
Егіншіліктің пайда болуы. Неолиттік төңкерістің ең маңызды қадамдарының бірі
– егіншіліктің пайда болуы мен отырықшылыққа көшу болды. Адам баласы дәнді
дақылдарды себуді және оны өсіруді меңгерді. Ежелгі замандағы егіншілердің негізгі
құралдары таяқ, кетпен және тас орақ болды. Егіншілік алғаш аңшылықпен, кейін
малшаруашылығымен қатар жүрді. Б.з.б. ҮІ мыңдылдықта Оңтүстік Түрікменстанда
Орталық Азия бойынша алғаш рет жейтундықтар жер өңдеп, дәнді дақылдарды өсіруді
меңгерді. Жейтундықтар өзен тасуынан ылғалданған топыраққа (жайылма жерлерге)
бидай егіп, ешкі өсірумен айналысты. Егіншілік пен малшаруашылығы адамдарға көшпелі
өмір салтынан бас тартып, азық іздеп көшіп жүруді тоқталуына мүмкіндік берді.
Орталықазиялық отырықшы-егіншілік өркениетінің қалыптасуы. Энеолит
дәуірінде (б.з.б. ІҮ мыңжылдық) Орталық Азияның оңтүстігіндегі егіншілер (Оңтүстік
Түрікменстан Анау мәдениеті) суармалы егіншілікті меңгерді. Суару жүйелерінің
(өңделген жерлерді суаруға арналған тоғандар), метал құралдардың, күш көліктердің
(түйе, өгіздер) және дөңгелекті көліктің пайда болуы өнімнің артуына, тұрмыстың
жеңілдеуіне және адам санының өсуіне әкелді. Осылайша Орталық Азиядағы отырықшы-
егіншілік өркениеттің қалыптасуы басталды. Келесі мыңжылдықта бұл өркениет
жетістіктері шығысқа таралып, Тянь-Шаньға дейін созылды. Отырықшылық пен
егіншілікке жерді суаруға Әмудария, Сырдария өзендерінің жағалаулары және суармай-ақ
егін егуге болатын ылғалды, тау бөктеріндегі жерлер таңдап алынды.
Егіншілкке пайдаланатын құралдар өте баяу жетілдірілгендіктен, өркенитте
материалдық тұрғыдағы сабақтастық мыңдаған жылға созылды. Бірақ рухани, мәдени
және этникалық қатынастар тұрғысынан Орталық Азияның оңтүстік бөлігінде маңызды
өзгерістер орын алды.
Малшаруашылығы мен егіншіліктің пайда болуы нәтижесінде көшпелі және
отырықшы-егіншілік өркениет қалыптасты.
Еуразияның далалы өңірлерінде малшаруашылығы таралды. Б.з.б. ІҮ және ІІІ
мыңжылдықтың алғашқы жартысында салқын ылғалды климаттың әсерінен бұл аймақтар
көгорай шалғынды болды. Бұл қолайлы жағдай ірі сүтқоректілердің, оның ішінде
Орталықазиялық отырықшы-егіншілік өркениетінің қалыптасуы. Энеолит
дәуірінде (б.з.б. ІҮ мыңжылдық) Орталық Азияның оңтүстігіндегі егіншілер (Оңтүстік
Түрікменстан Анау мәдениеті) суармалы егіншілікті меңгерді. Суару жүйелерінің
(өңделген жерлерді суаруға арналған тоғандар), метал құралдардың, күш көліктердің
(түйе, өгіздер) және дөңгелекті көліктің пайда болуы өнімнің артуына, тұрмыстың
жеңілдеуіне және адам санының өсуіне әкелді. Осылайша Орталық Азиядағы отырықшы-
егіншілік өркениеттің қалыптасуы басталды. Келесі мыңжылдықта бұл өркениет
жетістіктері шығысқа таралып, Тянь-Шаньға дейін созылды. Отырықшылық пен
егіншілікке жерді суаруға Әмудария, Сырдария өзендерінің жағалаулары және суармай-ақ
егін егуге болатын ылғалды, тау бөктеріндегі жерлер таңдап алынды.
Егіншілкке пайдаланатын құралдар өте баяу жетілдірілгендіктен, өркенитте
материалдық тұрғыдағы сабақтастық мыңдаған жылға созылды. Бірақ рухани, мәдени
және этникалық қатынастар тұрғысынан Орталық Азияның оңтүстік бөлігінде маңызды
өзгерістер орын алды.
Малшаруашылығы мен егіншіліктің пайда болуы нәтижесінде көшпелі және
отырықшы-егіншілік өркениет қалыптасты.
Еуразияның далалы өңірлерінде малшаруашылығы таралды. Б.з.б. ІҮ және ІІІ
мыңжылдықтың алғашқы жартысында салқын ылғалды климаттың әсерінен бұл аймақтар
көгорай шалғынды болды. Бұл қолайлы жағдай ірі сүтқоректілердің, оның ішіндежылқының көбеюіне әкелді. Кейіннен олар қой, ешкі секілді басқа жануарларды да өсіре
бастады. Бұл жағдай далалықтарға көшпелі өмір салтынан бас тартуға ықпал етті.
Малшаруашылығымен айналысқан адамдар бір жерге тұрақты қоныстанып, жылы үйлер
мен малдарға арнап қысқы қоралар сала бастады. Осы қоныстарда бақташы малшылық
пен өзен аңғарларында кетпенді егіншілік қалыптасты. (Кетпенді егіншілік – соқаны
пайдаланбай кетпенмен егін егу).
Көшпелі өркениеттің пайда болуының маңызды алғышарты малшаруашылығының
қалыптасуы болды.
Еуразия даласындағы құрғақшылық көшпелі малшаруашылығына көшудің басты
себебі болды. Б.з.б. ІІІ мыңжылдықтың екінші жартысынан бастап малшаруашылығында
малды қолда емес, жайылымда бағу біртіндеп ене бастады: отырықшы малшарушылықтан
жартылай көшпелілікке ұласты. Шаруашылық түрінің өзгеруі климаттық өзгерістерге
бейімделудің қажеттілігінен туындады.
Б.з.б. ІІІ мыңжылдықтың екінші жартысында Еуразия даласының климаты
құрғақшылыққа ұшырай бастады. Осыған байланысты Даланың өзен-көлдері құрғап,
шалшық пен батпаққа айналды. Қуаңшылық Даланың шөбін қуратып, жылқының
азаюына әкелді. Малшаруашылығы саласына да әсерін тигізді: енді қолда жылқыдан гөрі
сиыр, қой, ешкі ұстаған тиімді болды. Жауын-шашын азайғандықтан, суарылмайтын егін
шаруашылығын жүргізу мүмкін болмады, сондықтан ендігі басымдық малшарушылығына
берілді.
Құрғақшылық жаңа шаруашылық түрлерінің, оның ішінде көшпелі

27 сұрақ+


«Орталық Азия халықтарының материалдық және рухани мәдениетіндегі жетістіктері олардың өркениеттік дамуының жоғары деңгейін көрсетеді». Сіз бұл пікірмен қаншалықты келісесіз? Өз жауабыңызды негіздеу үшін бірнеше дәлелдер келтіріңіз.

Арине, келісемін


Әртүрлі мәдениеттер мен өркениеттерге төзімді және объективті қатынастар жасауға дағдылану, олардың рухани мұраларын түсіну, мәдени, діни, нәсілдік және басқа айырмашылықтардың заңдылығын мойындау қазіргі кезеңдегі дамудың талаптары.

Бүгінде қалыптасқан мәселелерді объективті саралау үшін белгілі бір немесе басқа мәдениеттер мен өркениеттер өкілдерінің тарихи тәжірибесін біржақты түсіндіруге тосқауыл қою қажет. Орталық Азия онда мекендейтін халықтардың тағдырына, географиялық жағдайына және жалпы мәдени заңдылықтарға байланысты айтарлықтай тұтастық және өзіндік мәдени - тарихи кеңістікті білдіреді. Орталық Азия – бұл бірегей ерекше аймақ, оның аумағында көп ғасырлық өркениеттер мен көптеген діндер мен наным – сенімдер, көшпелі және отырықшы мәдениет түйісті, және дәл осы жерден Жібек жолы өтті. Өзінің тарихи шығу тегіне қарай бұл мемлекеттердің халқы екі – батыстық және шығыстық өркениеттің түйісуінде маңызды рөл атқарды. Қазіргі кезеңде ежелгі кезеңнен бүгінгі күнге дейінгі халықтардың тарихи – мәдени өзара байланысы мәселелерін, еуразиялық жақындастық пен өзіндік ерекшелігін зерттеуде үлкен маңызға ие. Орталық Азия тарихы мен мәдениеті бірнеше жүздеген жылдар бойына шығыс өркениетімен тығыз байланыста дамыды. Қытай, түрік, моңғол, иран және арабтық ерте және орта ғасырлық жазба ескерткіштер Орталық Азия аймағындағы территориялардың мемлекеттілігі мен этносаяси тарихын зерттеу үшін бағалы дерек көздері болды. Кеңбайтақ Еуразия аймағындағы орын алған және болып жатқан күрделі тарихи үрдістерді объективтік тұрғыдан түсінуде маңызы зор. Орталық Азияның әлемдік өркениеттер тоғысында орналасу жағдайы оның өркениетаралық диалогтағы, мәдени құндылыықтармен алмасу, адамзат қоғамының, халықтар, мемлекеттер дамуындағы бірегейлік рөлін анықтап берді. Аймақ бұл миссияны ғасырлар мен мыңжылдықтар бойы орындап келеді, этникалық, мәдени, конфессионалық үрдістердің алуан түрлілігі оның тарихынан көрініс тапты. Кейбір ғалымдардың Орталық Азияға геогафиялық тұрғыдан спаттама беруге тырысқан пікірі бойынша, этномәдени фактор бес мемлекеттен тұратын аймақтың егеменді тұтастығын сақтауда жетекші рөл атқаруда. Аймақтағы бес мемлекет – Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Түркменстан және Өзбекстанды олардың тарихи, мәдени және әлеуметтік- саяси дамуындағы көптеген ортақтық біріктіреді.


Орталық Азия халықтарының жетістіктеріне:
1. Андрондық әскери арбалар және қарулар
2. Б.з.б 3000 жылыдықтың соңы мен 2000 жылдықтың басында тұрғызылған қалалар мен қоныстар (Арқайым)
3. Сақтардың скиф үлгісіндегі қарулары
4. Пазырық кілемі
5. Сақ ерлерінің киімі (шалбар)
6. Киіз үй
7. Күн құдіретіне сену (Тамғалы петроглифтері мен Алтын адамның басындағы баскиім оған дәлел)
8. Отқа табыну ғұрыптары
9. Аң стиліндегі сақ өнері
10. Сақтардың ғарыш туралы түсінігін жатқызуға болады.
Орталық Азияның тарихы көбіне аймақтың географиясы мен климатына байланысты болды. Құрғақ климат егін шаруашылығында қиындықтар туғызды, ал теңізден айтарлықтай алшақтық теңіз арқылы сауда жасауға мүмкіндік бермеді. Бұл аумақта мыңдаған жылдар бойы дала көшпелілерінің ықпалы зор болды. Алайда, алғашқы прото-қалалар Орталық Азияда 4000 жылдан астам уақыт бұрын пайда болған. 2 ғасырдан б.з.б e. 16 ғасырға дейін Ұлы Жібек жолының маңызды бағыттары осы жерден өтіп, Еуропа мен Шығыс өркениеттері арасындағы халықаралық сауда және мәдени алмасулар орын алды. 2400 жылдан астам уақыт бұрын Орталық Азияда ең көне хорезм жазуы пайда болды. Орталық Азия әлемдік дін – зороастризмнің отаны болды. Этникалық және діни толеранттылық мыңдаған жылдар бойы Орталық Азия халықтарына тән қасиет.
Бүгінгі таңда Орта Азия мен Қазақстан халықтарының достықтары әлемдік арнаны құрап, рухани байлықтары мен ұлттық сана сезімдері өрістеп, дамыған өркениетті халықтар қатарына еніп отыр.

28 сұрақ. «Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында Қазақстанның білім беру жүйесін реформалаудың басты мақсаты- білім беруді нарықтық экономикаға, жаңа саяси және мәдени құндылықтарға бейімдеу болды». Сіз бұл пікірмен қаншалықты келісесіз? Өз жауабыңызды негіздеу үшін бірнеше дәлелдер келтіріңіз.


Алғашқы жылдары білім беруді басқару мен қаржыландырудың құ-қықтық-заңнамалық негізі, әлемдік білім кеңістігіне интеграцияланған қазақ¬стандық білім беру жүйесі қалыптасты. Егер 1991-1994 ж.ж. – білім беру саласының заң¬намалық және нормативтік-құқықтық базасын қалыптастыру кезеңі десек, 1995-1998 ж.ж. – білім беру жүйесін және оның мазмұнын жаңартуға күш салынды. Ал 1999 – 2004 ж.ж. – білім беруді басқару мен қаржыландыру, білім беру ұйымдарына академиялық еркіндік беру мәселелеріне көңіл бөлінді, 2005-2010 ж.ж. – білім беру жүйесі нарықтық экономикаға бейімделді. 2011 жылдан қазіргі уақытқа дейін – жаңа кезең, инновациялық дамуға бейімделген, еңбек нарығында бәсекеге қабілетті мамандарды дайындаудың ұлттық моделі қалыптасты.
Білім беру саласында жүргізілген нәтижелі реформаларға сәйкес, бірқатар өзгерістерге қол жеткіздік. Білім беру мекемелерінің құзіреті кеңейді; жалпы орта білім мен мемлекеттік оқу орындарында кәсіби білімді тегін оқытуға мемлекет кепілдігі берілді; үш тілде оқыту жүйесі енгізілді; шет ел азаматтарына Қазақстан Республикасында білім алуға рұқсат берілді; кредиттік жүйе мен білім беру гранты бөлінді; жоғары оқу орындары мен ғылыми-зерттеу институттарына кәсіби білім алу мен академиялық еркіндік беру арқылы бәсекеге қабілетті мамандар даярлауға мүмкіндік берілді.
Қазақстандық білім беру жүйесінің құрылымы ЮНЕСКО ұсынған Халық¬аралық стандарттық білім беру бағ¬дарламасының классификация өлшем¬деріне сәйкес келтірілген. Қазақстан Республикасы Білім туралы заңының 8-ші бабына сәйкес, білім алу жүйесі жеті сатыдан тұрады:
мектепке дейінгі, бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім, орта білімнен кейінгі, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім. Жоғары білім саласын халықаралық дәрежеге көтеру Қазақ¬станның халықаралық аренада бәсе¬кеге қабілетті мемлекет болуына тікелей ықпал етеді. Оны жүзеге асыру үшін 2012 жылдан бастап Қазақстанда көптілді білім беру жүйесі енгізілуде. 2012-2013 оқу жылында Қазақстанның 35 мектебінде көптілді оқыту жүйесін енгізді, сонымен қатар, 1 сыныптан бастап ағылшын тілін үйрету жобасы қолға алынды.Республика орта мектептерінде үш тілде сабақ берудің жаңа стандарттары сынақтан өткізілді.Қазақстанның Болон процесіне жедел кіруі нәтижесінде еліміз үш деңгейлі модельге енді: бакалавриат-магистратура- PhD докторантура.
Жалпы, Қазақстанның білім беру жүйесін жаңғырту арқылы, елімізде халық¬¬аралық озық тәжірибеге негіз¬дел¬ген білім беру бағдарламаларын ен¬¬гізуге мүмкіндік алдық. Қазіргі уақыт¬та білім беру жүйесі әлем бойынша жаһандану үрдісіне көшуде. Сондық¬тан білім беру жүйесі әлеуметтік саясат¬тың басты бағыттарының біріне айналу¬да, қазіргі уақытта мемлекеттің эко¬но¬микалық жетістіктері білім беру жүйесімен, азаматтардың білімділігімен, ма¬ман¬дардың бәсекеге қабілеттілігімен анықталады.
29 сұрақ. «ХХ ғасырдың 20-30-жылдары Қазақстанның білім беру жүйесіне оң өзгерістер енгізілді». Сіз бұл пікірмен қаншалықты келісесіз? Өз жауабыңызды негіздеу үшін бірнеше дәлелдер келтіріңіз.
Иә бұл пікірмен келісемін өйткені кеңестік кезеңде рухани сала түбегейлі жаңғыруға ұшырады.Білімге, жоғары және бұқаралық өнерге қатысатынның бәрі өзгерді.
Кеңестік тәртәптің жетістіктерінің бірі –халық ағарту жүйесін дамытты және азаматтардың жаппай сауат ашуын жүзеге асырды. Кеңестік білім жүйесінің негізгі қағидалары тегін оқу,ұлдар мен қыздар бірге оқыту мектептегі өзін-өзі басқару туралы «Бірыңғай еңбек мектебі туралы Декларация» мен «Бірыңғай еңбек мектебі туралы Ереже»қабылданды.Соның негізінде сауатсыздықпен жаппай күрес,жалпыға бірдей бастауыш, одан кейін толық емес орта білім беру енгізу осы жолдағы кезеңдер болды.
Бұған дәлел жаппай мәдени жорықтың негізінде 1920-21 оқу жылында Қазақстанда 2,5 мыңға жуық сауатсыздықты жою пунктерінде 70 мыңдай адам оқыды.1925 жылы 2,7 мыңнан астам мектеп болды. Сөйтіп елде ағарту ісін дамытуға баса назар аударылып Қазақтың ұлт зиялылалары шығармашылық тұрғыда табысты еңбек етіп, қазақ тілінде мектепке арналған оқулықтар жазылды Қ.И.Сатпаев алгебра, Ә.Бөкейханов география ,қазақстан тарихын С,Асфендиров т.с.с
Сонымен қатар өлкеде жоғары оқу орындары мен техникумдар ашылып , соғыстың қарсаңында 20 жоғары оқу орны,118 орта арнаулы оқу орны болып онда 40 мыңдай адам оқыды.
Сөйтіп қолда бар мүмкіндктер және қаражының есебінен білім беру және ғылыми мекемелерінің жүйесі құрылып одан әрі дамыды. Республикада сауаттылық деңгейі артта түсіп 1939 жылы жалпы халықтың сауаттылығы- 65%-ғажетіп қазақтардың арасында- 40% -ға жетті.

30 сұрақ+


«Шежіре – тек көшпенділер өркениетіне тән ауызша тарихнама». Сіз бұл пікірмен қаншалықты келісесіз? Өз жауабыңызды негіздеу үшін бірнеше дәлелдер келтіріңіз.

XV ғасырдың ортасына қарай қалыптасқан қазақ этносы өзара байланысты көптеген ру -тайпалардан құралды. Қазақ ру - тайпалары шежіре арқылы біріктірілген. Қазақ рулары мен тайпалары шежірелік дәстүрмен ортақ шығу тегі туралы түсінікпен бірікті. Шежірелік дәстүр ел арасында ауызша аңыздар арқылы тарады. Шежіреде рулардың шығу тегінің бір екендігі және біртұтас туыстық жүйеге жататындығы көрсетілді. Шежіре ер адам жағынан ата бабаларын ауызша немесе жазбаша санамалайтын туыстық қатынастара тізбегі, генеологиялық тармақтары. Шежіренің ең қысқа бөлігі «жеті ата» деп аталады. Рухани мәдениетіміздегі шежіре дәстүрі ұрпақтан ұрпаққа ауызша жеткізіледі. Оны жеткізуші шежірешілер ауызша ақпараттарды есте сақтауға қабілетті адамдар болды. Олар халықтың тарихшы - аңызшылары, тарихи фальклордың білгірлері болды. Шежірешілер өткен тарих туралы халық аңыздары мен әңгімелерін, хикаяларын жинады,жүйеледі, түсіндіріп келесі ұрпаққа жеткізіп отырды. Ру тайпалық ұйым көшпелі қоғамның негізгі белгісі. Шежіре айту дәстүрі бар ру - тайпалық ұйым кез- келген көшпелі қоғамға тән. Рулар мен тайпаларға бөліну көшпелілердің қоғамдық өмірінде маңызды рөл атқарды. Ру мен тайпалар патраномиялар яғни ер адам жағынан ататегі ортақ топтар. Шежіре қатаң түрде әке жағынан есептеліп, баладан әкеге қарай отыз және одан көп ұрпаққа дейін айтылды. Көшпелілерден әке жағынан туыстыққа негізделген ру - тайпалық жүйенің өмір сүруінің басты себебі ақпарат пен меншікті әкеден балаға беріп отыруында. Көшпелі малшы болу үшін табиғи құбылыстар туралы ақпараттарды білу керек, ал бұл білімді ата- бабалар жүйелеп ,сақтап ұрпаққа жеткізіп отырды. Көшпелілер әлемінде әрбір адам міндетті түрде руға, ру арқылы тайпаға тиесілі болды. Бұл жүйеден тыс әлеуметтік тұлға ретінде өмір сүре алмады. Әрбір қазақ белгілі бір рудың мүшесі және рудың көшіп қону аймағы атажұрты болды, және жеті атасының атын білу міндеті болды.Олардың ұрпақтары туыс болып есептелді және олардың арасында некеге қатаң тыйым салды. Рулар тайпалық бірлестікке, яғни жүзге бірікті. Осылайша көшпелілер өмірінде шежіре маңызды рол атқарды.


31 сұрақ+


XVIII-XIX ғасырларда Қазақстанның тарихы мен географиясы жөнінде құнды деректер қалдырған зерттеушілер мен олардың еңбектерін сипаттаңыз.

Қазақстан Ресей империясының құрамына қосылғаннан бастап өлкеде ғылыми зерттеу үдерістері басталды. Зерттеу жұмыстарымен ғылыми мекемелерден басқа, жеке адамдар да айналысты. Олар қазақ халқының шығу тегі, қалыптасуы, қазақ фальклоры, табиғаты, салт-дәстүрі, әдет-ғұрпы негізінде іргелі еңбектер жазды.


Орыс ғалымдары өз зерттеулерінде өлкені отарлау мүддесін басшылыққа алды. Қырғыз-қайсақ экспедициясын құрған И.К. Кириллов «Қырғыз-қайсақ және қарақалпақ ордалары туралы» атты еңбекті жазды. Онда автор табиғат жағдайын, пайдалы қазба байлықтарын және сауда жолдарын көрсетіп берді. Ол Ресейдің Орта Азия халықтары және қазақтармен сауда-экономикалық байланыстар орнатудың мүмкіндіктер мен оның пайдалы екенін дәлелдеді.
Қазақстанды 18-ғасырда кешенді зерттеудің алғашқы әрекеті М.В.Ломоновсовтың есімімен байланысты. Ол өлкені зерттеу үшін экспедициялар ұйымдастырудың және географиялық карта жасаудың бастамашысы болды. 1768-1774 жылдары Қазақстанға жіберілген алғашқы экспедицияның бірін П.С. Паллас басқарды. Осы еңбегінің нәтижесі ретінде «Ресей империясының әртүрлі провинциялары бойынша жасалған саяхат» атты 3 бөлімнен тұратын еңбегі жарық көрді.
Зерттеуші И.Г.Георги Қазақстан аумағына дербес экспедиция ұйымдастырды. 1796 жылы ол «Ресей мемлекетін мекендейтін барлық халықтардың тұрмыс-салттары, тұрғын жайлары, киімдері және басқа да есте қаларлық дүниелерінің сипаттамасы» деген еңбегінде қазақтарды «ақыл-ой жағынан қызыққыш және бәлуге құмар» деп сипаттайды.
Кіші жүз аймағының табиғи байлықтарын зерттеуде Ресей ғылым академиясының корреспендент- мүшесі П.И. Рычков құнды еңбектер жариялады.Осы еңбектері үшін «Орынбор өлкесінің Колумбы» деген даңққа бөленді. Оның еңбектері: «Орынбор тарихы», «Орынбор губерниясының топографиясы немесе сипаттамасы»
18 ғасырдың аяғында 1795 жылы И.Г. Андреевтің «Орта жүз қырғыз-қайсақтарының сипаттамасы» еңбегі жарық көрді.өзінің еңбегінде Орта жүздің тарихы мен шекарасы туралы құнды деректер қалдырды. Онда далалықтардың әдет-ғұрып, салт-дәстүрлері кеңінен суреттеледі. Сондай -ақ қазақтардың Ертістің оң жағалауына қашан өткендігі туралы айтылады.
Г.Ф.Миллердің «Сібір тарихында» құнды деректер қалдырды. Жоңғар тұтқынынан Абылайды босатуға қатысқан. Осы еңбегі арқылы «Сібір тарихының атасы» атағын иеленді.
А.Ф. Сколон алғашқылардың бірі болып орыс-қазақ сөздігін жасады. Қазақстанды зерттеуде сүбелі еңбек сіңірген, осы өлкеде болған шетел саяхатшылары: П.С.Паллас, И.Фальк, И.Георги, ағылшын теңізшісі Джон Эльтон,( 1735), суретші Джон Кэстль (1736), сауда -қызметкері Реональд Гок (1741-1742)

XVIII-XIX ғасырларда Қазақстанның тарихы мен географиясы жөнінде құнды деректер қалдырған зерттеушілер мен олардың еңбектерін сипаттаңыз.


Қазақстан Ресей империясының құрамына қосылғаннан бастап өлкеде ғылыми зерттеу үдерістері басталды. Зерттеу жұмыстарымен ғылыми мекемелерден басқа, жеке адамдар да айналысты. Олар қазақ халқының шығу тегі, қалыптасуы, қазақ фальклоры, табиғаты, салт-дәстүрі, әдет-ғұрпы негізінде іргелі еңбектер жазды.


Орыс ғалымдары өз зерттеулерінде өлкені отарлау мүддесін басшылыққа алды. Қырғыз-қайсақ экспедициясын құрған И.К. Кириллов «Қырғыз-қайсақ және қарақалпақ ордалары туралы» атты еңбекті жазды. Онда автор табиғат жағдайын, пайдалы қазба байлықтарын және сауда жолдарын көрсетіп берді. Ол Ресейдің Орта Азия халықтары және қазақтармен сауда-экономикалық байланыстар орнатудың мүмкіндіктер мен оның пайдалы екенін дәлелдеді.
Қазақстанды 18-ғасырда кешенді зерттеудің алғашқы әрекеті М.В.Ломоновсовтың есімімен байланысты. Ол өлкені зерттеу үшін экспедициялар ұйымдастырудың және географиялық карта жасаудың бастамашысы болды. 1768-1774 жылдары Қазақстанға жіберілген алғашқы экспедицияның бірін П.С. Паллас басқарды. Осы еңбегінің нәтижесі ретінде «Ресей империясының әртүрлі провинциялары бойынша жасалған саяхат» атты 3 бөлімнен тұратын еңбегі жарық көрді.
Зерттеуші И.Г.Георги Қазақстан аумағына дербес экспедиция ұйымдастырды. 1796 жылы ол «Ресей мемлекетін мекендейтін барлық халықтардың тұрмыс-салттары, тұрғын жайлары, киімдері және басқа да есте қаларлық дүниелерінің сипаттамасы» деген еңбегінде қазақтарды «ақыл-ой жағынан қызыққыш және бәлуге құмар» деп сипаттайды.
Кіші жүз аймағының табиғи байлықтарын зерттеуде Ресей ғылым академиясының корреспендент- мүшесі П.И. Рычков құнды еңбектер жариялады.Осы еңбектері үшін «Орынбор өлкесінің Колумбы» деген даңққа бөленді. Оның еңбектері: «Орынбор тарихы», «Орынбор губерниясының топографиясы немесе сипаттамасы»
18 ғасырдың аяғында 1795 жылы И.Г. Андреевтің «Орта жүз қырғыз-қайсақтарының сипаттамасы» еңбегі жарық көрді.өзінің еңбегінде Орта жүздің тарихы мен шекарасы туралы құнды деректер қалдырды. Онда далалықтардың әдет-ғұрып, салт-дәстүрлері кеңінен суреттеледі. Сондай -ақ қазақтардың Ертістің оң жағалауына қашан өткендігі туралы айтылады.
Г.Ф.Миллердің «Сібір тарихында» құнды деректер қалдырды. Жоңғар тұтқынынан Абылайды босатуға қатысқан. Осы еңбегі арқылы «Сібір тарихының атасы» атағын иеленді.
А.Ф. Сколон алғашқылардың бірі болып орыс-қазақ сөздігін жасады. Қазақстанды зерттеуде сүбелі еңбек сіңірген, осы өлкеде болған шетел саяхатшылары: П.С.Паллас, И.Фальк, И.Георги, ағылшын теңізшісі Джон Эльтон,( 1735), суретші Джон Кэстль (1736), сауда -қызметкері Реональд Гок (1741-1742)

32 сұрақ- XVIII-XIX ғасырларда Қазақстанның тарихы мен географиясы жөнінде құнды деректер қалдырған зерттеушілер мен олардың еңбектерін сипаттаңыз.


Қазақстан Ресей империясының құрамына қосылғаннан бастап өлкеде ғылыми зерттеу үдерістері басталды. Зерттеу жұмыстарымен ғылыми мекемелерден басқа, жеке адамдар да айналысты. Олар қазақ халқының шығу тегі, қалыптасуы, қазақ фальклоры, табиғаты, салт-дәстүрі, әдет-ғұрпы негізінде іргелі еңбектер жазды.


Орыс ғалымдары өз зерттеулерінде өлкені отарлау мүддесін басшылыққа алды. Қырғыз-қайсақ экспедициясын құрған И.К. Кириллов «Қырғыз-қайсақ және қарақалпақ ордалары туралы» атты еңбекті жазды. Онда автор табиғат жағдайын, пайдалы қазба байлықтарын және сауда жолдарын көрсетіп берді. Ол Ресейдің Орта Азия халықтары және қазақтармен сауда-экономикалық байланыстар орнатудың мүмкіндіктер мен оның пайдалы екенін дәлелдеді.
Қазақстанды 18-ғасырда кешенді зерттеудің алғашқы әрекеті М.В.Ломоновсовтың есімімен байланысты. Ол өлкені зерттеу үшін экспедициялар ұйымдастырудың және географиялық карта жасаудың бастамашысы болды. 1768-1774 жылдары Қазақстанға жіберілген алғашқы экспедицияның бірін П.С. Паллас басқарды. Осы еңбегінің нәтижесі ретінде «Ресей империясының әртүрлі провинциялары бойынша жасалған саяхат» атты 3 бөлімнен тұратын еңбегі жарық көрді.
Зерттеуші И.Г.Георги Қазақстан аумағына дербес экспедиция ұйымдастырды. 1796 жылы ол «Ресей мемлекетін мекендейтін барлық халықтардың тұрмыс-салттары, тұрғын жайлары, киімдері және басқа да есте қаларлық дүниелерінің сипаттамасы» деген еңбегінде қазақтарды «ақыл-ой жағынан қызыққыш және бәлуге құмар» деп сипаттайды.
Кіші жүз аймағының табиғи байлықтарын зерттеуде Ресей ғылым академиясының корреспендент- мүшесі П.И. Рычков құнды еңбектер жариялады.Осы еңбектері үшін «Орынбор өлкесінің Колумбы» деген даңққа бөленді. Оның еңбектері: «Орынбор тарихы», «Орынбор губерниясының топографиясы немесе сипаттамасы»
18 ғасырдың аяғында 1795 жылы И.Г. Андреевтің «Орта жүз қырғыз-қайсақтарының сипаттамасы» еңбегі жарық көрді.өзінің еңбегінде Орта жүздің тарихы мен шекарасы туралы құнды деректер қалдырды. Онда далалықтардың әдет-ғұрып, салт-дәстүрлері кеңінен суреттеледі. Сондай -ақ қазақтардың Ертістің оң жағалауына қашан өткендігі туралы айтылады.
Г.Ф.Миллердің «Сібір тарихында» құнды деректер қалдырды. Жоңғар тұтқынынан Абылайды босатуға қатысқан. Осы еңбегі арқылы «Сібір тарихының атасы» атағын иеленді.
А.Ф. Сколон алғашқылардың бірі болып орыс-қазақ сөздігін жасады. Қазақстанды зерттеуде сүбелі еңбек сіңірген, осы өлкеде болған шетел саяхатшылары: П.С.Паллас, И.Фальк, И.Георги, ағылшын теңізшісі Джон Эльтон,( 1735), суретші Джон Кэстль (1736), сауда -қызметкері Реональд Гок (1741-1742)

№33 билеттің жауабы.+


XX ғасырдың I жартысындағы арнаулы орта және жоғары білім беру саласын реформалау барысында жүргізген іс-шараларын сипаттаңыз.
1920-30 жылдардағы ең басты міндеттердің бірі халық арасында сауаттылықты тарату мен жалпыға бірдей міндетті бастауыш мектепті енгізу болды.917 жылы қазан айында Қазақстанда жаппай сауатсыздықты жою және халыққа білім беру жүйесін дамыту мідени өзгерістердің басты бағытына айналды.1918 жылғы 16 қазандағы БОАК нің «Біріңғай еңбек мектебі туралы» Ережесі мен РКФСР Халық Ағарту Комиссиариатының 1918 жылғы 31 қазандағы «Ұлттық азшылықтар мектептері туралы» қаулысы және В.И.Ленин 1919 жылы 26 желтоқсанда қол қойған «РКФСР халқы арасында сауатсыздықты жою туралы» Жарғысы
Бұл жұмысқа мемлекеттік маңыз берді.
1920 ж. қазанда Қазақ АКСР-нің ХАК-ы құрылып, А.Байтұрсынов халық комиссары болды.
1921 ж. ақпанның 18-інде Бүкілқазақстандық оқу-ағарту конференциясы шақырылды. Онда балаларды қорғау, бірыңғай мектеп жүйесін құру, кәсіптік-техникалық білім беру, саяси тәрбие ісі, оқу-тәрбие жұмысына байланысты, т.б. мәселелер қаралды.
1922 – 23 ж. ұлт мектептерін төл оқулықпен, бағдарламамен қамтамасыз етуде біраз шаралар іске асырылды, қазақ тілінде 14 оқулық шығарылды. Олардың ішінде “Физика”, “Грамматика”, “Педагогика”, “Алгебра”, “Мектеп гигиенасы”, т.б. бар. Бұл оқулықтарды жазуға Байтұрсынов, Жұмабаев, Ж.Аймауытов, М.Әуезов, С.Асфендияров, Жомартбаев, Қ.Сәтбаев, Ә.Ермеков, Т.Жолдыбаев, т.б. қатысты.
1924 жылы сәуірде «Сауатсыздық жойылсын» қоғамының Қазақстандық бөлімі өз жұмысын бастап, 1925 жылы каникулдар мен оқу жүйесінің басталуының бірыңғай жүйесі енгізілді. Республика аумағындағы мектептер Кеңестік Еңбек мектептері болып қайта құрылды.
1920 – 30 ж. республика мектептерінің оқу базасын күшейтуге мемлекеттікекет тарапынан орасан мол қаржы жұмсалды. 367 мектеп жаңадан салынып, 361-і күрделі жөндеуден өткізілді. Осы жылдары бастауыш мектептер саны 333-тен (1926) 1864-ке (1930) жетті (оның 1231-і қазақ мектебі), оқушылар саны 215,1 мыңнан 320,1 мыңға жетті (оның 124,9 мыңы қазақ). Алайда қазақ қыздарын оқуға тарту әлі де өз дәрежесінде болмады. Бастауыш мектепте оқитындардың 11%-ы ғана қазақ қыздары еді.
1928 ж. ҚазОАК-нің 3-сессиясы бұл мәселеге ерекше тоқталып, қазақ қыздарын оқуға көптеп тарту туралы арнайы қаулы қабылдады. Бұл жылдары қазақ орта мектептерінің саны аз еді. 1927 – 28 ж. республикада үш-ақ орта мектеп (Ташкент, Орынбор, Қызылорда) болды. Оқушылардың көбі 7 жылдық мектепті бітірісімен техникумдар мен ФЗО-ларға кетіп жатты.
1929 ж. республиканың ежелден ғылым, әдебиет, мәдениет тілі болып келген араб әліпбиінен латыншаға көшуі оқу-ағарту ісінің дамуына үлкен соққы болып тиді. Араб әліпбиімен шыққан мәдени бай мұралардың көбі отқа өртелді.
1929 жылы Қазақтың жазу емлесін өзгерткен алғашқы Кеңестік Реформа жүзеге асырылып,көптеген пікірталастардан кейін қазақ әліпбиін Латын қарпіне көшіру жүзеге асырылды. Білім беру жүйесінде қазақ жазуын Араб әліпбиінен Латын әліпбиіне көшіру қиыншылықтарға ұшыратса , Кирилл әліпбиіне көшіру одан да ауыр соққы болып,Қазақ жазуын реформалау салдарынан үш рет сауат ашуға мәжбүр болды.
1930 жылғы 25 шілде «Жалпыға ортақ бастауыш білім жөнінде» қаулы,
1930 жылғы 27 тамызда «Жалпы білім жөнінде Қазақ АКСР» заңы ,
1934 жылғы 15 мамырда «Бастауыш және орта мектеп құрылымы жөнінде» қаулылары шықты.
1928-1932 жылдардағы бірінші бесжылдықтың негізгі міндеттерінің бірі сауатсыздықты жою, жалпыға бірдей міндетті оқу мен кадрлар даярлау болды.
Білім беру саласы қаржылық және материалдық тапшылықтарға қарамастан А. Байтұрсынұлы халық,Губерниялық Атқару комитеттері мен болыстық және ауылдық билік орындары мектептерін өздері ашып ,оларды ұстауға кететін шығынды өздері көтеру және аса кедей отбасылар балаларын тегін оқыту мәселелерін көтерді. Сауатсыздықты жою мен ағартудың негізгі ошағы Қызыл Отау болды,ол шамамен Оқу үйі сияқты қызметтерді атқарды.
1940 ж. латын әліпбиінен кириллицаға көшу елдегі ағарту ісін тағы көп жылға шегеріп тастады.
1937 ж. қазақ бастауыш мектептерінің саны 537-ден 1190-ға, орта мектептер 11-ден 48-ге, орталау мектептер 143-тен 237-ге жетті.
1940 – 41 оқу жылында жалпы білім беретін мектептерге 1 млн. 145 мың 993 оқушы тартылды. Оның 441 мыңы қазақ балалары еді. Бұл 1925 жылмен салыстырғанда 6 есе көп. Оқуға тартылған қазақ қыздарының саны 20 мыңға артты, мұғалім кадрларының сапасы жақсарды. Мысалы, 1940 ж. жалпы білім беретін мектептерде 44597 мұғалім қызмет етті, оның 17,5 мыңы қазақ әйелдері еді.
Мұғалім кадрларын дайындау жоғарғы мектеп жүйелерін құруды талап етті.
Қазақстандағы бірінші жоғарғы оқу орны Абай атындағы Қаз ПИ 1928жылы Алматыда ашылды. 1935 жылы Абай есімі берілді.
1929-1931 жылдары Алматы зоотехникалық - малдəрігерлік, ауылшаруашылығы және медициналық жоғары оқу орындары ашылды. 1931-1932 жылдары Орал жəне Қызылорда педагогикалық институттары ашылды. 1934 жылы С.М.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университеті ашылды. Қазақ кен-металлургия институтының ашылуы республикада инженер-техник кадрларын даярлаудың негізін қалады. Кейіннен Оралда, Семейде, Петропавлда, Ақтөбеде, Қарағандыда, Қостанайда мұғалімдер инстуттары ашылып, олар педагогика институттары болып қайта құрылды.

Ұлы Отан соғысы қарсаңында 20 жоғары оқу орны, 118 орта арнаулы оқу орны болып, 40 мыңдай адам оқыды. Алайда ғылыми-техникалық кадрлар жетіспеу мәселесі шешімін таппады. Жоғары және орта арнаулы оқу орындарындағы оқыту барысы республиканың шикізат қоры сипатын аңғартты. Жоғары оқу орындарында қазақ жастарының аздығы сезіліп тұрды.1930 жылдары өзге республикалардың жоғарғы оқу орындары мен техникумдарында 20 мыңдай қазақстандық оқыды. Республиканың жоғары білім жүйесінің қалыптасуына көмек көрсеткен қайраткерлер - С.Асфендияров, Т.Жүргенов, С.Сейфуллин, А.Байтұрсынұлы, О.Жандосов, М.Əуезов, Қ.Жұбанов.


34 сұрақ.


ХХ ғасырдың І жартысындағы қазақтың музыка және театр өнерінің жетістіктерін сипаттаңыз.

Жауап: Драматургия және театр өнері. 1918-1919 жылдардың қзінде халық ақындарының слеттері ұйымдастырылды, фольклорлық шығармаларды, эпостарды жазып алу жұмыстары жүргізілді. Жаңа әдеби жанр – драматургияны жасауға іс жүзінде белгілі жазушылардың бәрі қатысты. 1918 жылы Семейде сахна қайраткерлерінің одағы, Өскеменде «драма әртістерінің серіктестігі» құрылды. Жергілікті зиялылар құрған алғашқы халық театры Семейде 1918 жылы 20 сәуірде құрылды. 1919 жылы тамызда М.Горькийдің «На дне» пьесасын қоюмен Верный театры жұмысын бастады. Кәсіпқой театрлардың алғашқыларының бірі Оралда ашылды. 1920 жылы Петропавлда, Ақмолада, Семейде кәсіпқой театрлар өсіп шықты. 1926 жылы қаңтарда Қызылордада республикада алғашқы қазақ ұлттық театры ашылды. Театрды дарынды режиссер, драматург Ж. Шанин басқарды. Алғашқы премьералар М. Әуезовтың «Еңлік Кебек», «Абай», «Қозы Көрпеш Баян сұлу» спектакльдерімен ашылды. Қазақ драма театры аз уақыт ішінде маңыз аларлық жетістіктерге жетті. Орыс және шетел классиктерінің пьесалары аударылды. 1933 жылы аударма пьесаларының алғашқысы болып В.Киршонның «Нан», Н.Погодиннің «Менің досым» спектакльдері көрсетілді. Кейінірек Гогольдің «Үйлену», «Ревизор», Шекспирдің «Отеллосы» тұрақты репертуар қатарына енді. 1937 жылы театр Қазақ мемлекеттік академиялық драма театры болып қайта құрылды. 1933 жылы қыркүйекте Республикалық орыс драма театры бой көтерді. Келесі жылдың қаңтарында алғашқы спектаклі К.Треневтің «Любовь Яровая» пьесасын халыққа ұсынды. 30 жылдары Ақтөбеде, Шымкентте, Петропавлда, Қарағандыда театрлар ашылды. 1933 жылы Алматыда ұйғыр музыкалы драма театры, 1937 жылы Қызылордада корей театры, Шымкентте өзбек, Петропавлда татар театрлары бой көтерді. Театр өнері астанада ғана емес, облыстық кейде аудандық орталықтарында да пайда болды. Алматы театр – музыка училищесінің алғашқы түлектері 16 адам 1937 жылы тұтасымен Ақтөбеде ашылған қазақ драма театрына жіберілді. 1938 жылы Ленинград театр училищесінің қазақ бөлімінің 20 дан астам бітірушісі Шымкентке жолдама алды.


Музыка. Этнограф, композитор А. Затаевич 2300 ден астам халық әндері мен күйлерін қағазға түсірді. «Қазақ халқының 1000 әні мен күйі», артынан «Қазақ халқының 500 әні мен күйі» деген жинақтар бастырды. 1932 жылы композиторға Қазақстанның Халық әртісі атағы берілді. Бұл жинақтар «ғасырлардың, мүмкін мыңжылдық мәдениеттің аса құнды ескерткіші» ретінде бағаланды. 1922 жылы Қарқаралыда халық әншілерінің байқауы өтті. Мәскеуде өткен КСРО халықтарының халық әншілерінің байқауына Петропавл педагогикалық училищесінің И.В. Коцык басқарған қазақ хоры қатысты. Қазақ әншісі Әміре Қашаубаев өзінің табиғи дарынымен Еуропаның өркениетті тыңдаушыларын тамсандырды. Ол 1925 жылы Парижде өткен Дүниежүзілік қолданбалы өнер көрмесіне, 1927 жылы Майндағы Франкфуртта өткен Дүниежүзілік музыка көрмесіне қатысып, жүлделі орындарға ие болды. 1935 жылы Қазақ мемлекеттік филармониясы құрылды. Оны музыка фольклорын жинаушы, композитор Ахмет Жұбанов басқарды. Филармония құрамында халық аспаптары оркестрі, хор капелласы болды. Оркестрді Л.Хамиди басқарды. Олар халық шығармашылығынан басқа орыс және шетел классикасын орындады.
Опера және балет театрының дүниеге келуі.1932 жылы музыкалық драма техникумы ашылды. 1933 жылыонда музыкалық студия пайда болды. 1934 жылы 13 қаңтарда кқрермендер назарына ұсынды. 17 қаңтарда студия Қазақ мемлекеттік музыкалы театры болып қайта құрылды. Осыдан кейін ұлттық фольклор желісінде жасалған қойылымдар тез көбейе бастады. Сол жылы Қазақ мемлекеттік оркестрі құрылды. Оған А. Жұбанов басшылық етті. Жаңа музыка театры «Қыз Жібек», «Жалбыр» сияқты опералық спектакльдерді қоя бастады. Олардың музыкасын Ленинград консерваториясының түлегі Е. Брусиловский халық әуендерінің арасынан теріп алып құрап шықты. Ғ.Мүсірепов «Қыз Жібекті» операға арнап, либретто түрінде қайта жазып шықты. 1937 жылы операның талаптарын толық ескере отырып жазылған. Осы қойылыммен музыка театрының опера және балет театрына айналуы рәсімделді. Осылай қазіргі Абай атындағы академиялық опера және балет театры дүниеге келді. Бұл қазақ мәдениеті тарихында өшпес із қалдырған құбылыс ретінде өнерсүйер қауымның есінде сақталып қалды.
35 сұрақ. Дәстүрлі қазақ қоғамындағы шежіренің маңыздылығын сипаттаңыз.
XV ғасырдың ортасына қарай қалыптасқан қазақ этносы өзара байланысты көптеген ру-тайпадан құралды. Қазақ ру-тайпалары шежіре арқылы біріктірілген. Шежірелік дәстүр ел арасында ауызша аңыздар түрінде өмір сүрді. Шежіреде рулардың шығу тегінің бір екендігі және біртұтас туыстық жүйеге жататындығы көрініс табады. Шежіре қазақ этносының ұжымдық тарихи жады болып табылады. Әрбiр қазақ тайпасы мен руының өз шежірелері бар. Олар бiрiгiп, қазақтардың ру-тайпалық жүйесін біртұтас етiп байланыстыратын ортақ шежірені құрайды. Қазақтардың рухани мәдениетiндегi шежiре дәстүрi басқа да түркi- моңғол этностары тәрізді ауызша тарих айту дәстүрімен байланысты. Оны ұрпақтан-ұрпаққа жеткiзушi шежірешілер ауызша ақпаратты есте сақтауға қабiлеттi, тамаша жадты иеленген адамдар болды. Олар - халықтың тарихшы-аңызшылары, тарихи фольклордын бiлгiрлерi. Шежірешілер өткен тарих туралы халық аңыздары мен әңгімелерiн жинады, жүйеледі, түсiндiрмелер бердi және оларды келесi ұрпаққа айтып жеткізді. Шежіре бағалы тарихи дереккөз болып табылады. Қазақтардың ру-тайпалық ұйымы. Көшпелі ру-тайпалық ұйымның аталған ерекшеліктерi қазақтарда да болды. Әрбір қазақ белгiлi бір рудың мүшесі болды. Рудың көшіп-қону аймағы атажұрт ретінде қабылданды. Бірнеше ру-тайпаға, ол тайпалар тайпалар бірлестіктеріне бірікті. Тайпалар бірлестіктерін кейіннен жеке хандар басқарды.
Жүздер. Қазақтардың этникалық тарихының маңызды сипаты этникалық-аумақтық бірлестіктерге - жүздерге бөлiну болып табылады. Үш жүздің әрқайсысына жайылымдар мен көшіп-қону жолдары бекітіліп берілген. Дереккөздерде қазақ жүздері туралы алғаш XVII ғасырдың бас кезінде айтылады.Қазақ хандығында жүздер жүйесiнiң көмегімен орасан зор көшпелі аумақты басқару жүзеге асырылды.
Ру-тайпалық құрылымы
XVIII-XX ғасырлардың бас кезінде қазақтардың арасында жүзге және ру-тайпаларға бөліну одан әрі жалғаса берді. Қазақ халқы үш жүзден тұрды. Олар - Кіші жүз, Орта жүз және Ұлы жүз. Әр жүз бірнеше руға бөлінді, ал рулар өз кезегінде қыруар көп рулық аталықтарды біріктірді. Мұның өзі ру халқы санының өсе түсуіне байланысты болды. Қазақтардың көшпелі өмір салтының өзі де осыны қажет етті. Әр жүздің айқын белгіленген өз аумағы болды. Мәселен, Ұлы жүз қазақтары ежелгі дәстүр бойынша Қазақстанның Оңтүстік-шығыс және Оңтүстік аймақтарын мекендеді. Орта жүздің үлесін Орталық, Солтүстік және Солтүстік-шығыс Қазақстанның өңірлерін құрады. Ал Кіші жүз бүкіл Батыс Қазақстан аумағында көшіп-қонып жүрді.
Ұлы жүз. Ұлы жүз қазақтары Жетісу мен одан батысқа қарайғы жерлерді иеленді. Олардың көшiп-қонуы солтүстігінде Балқашқа дейiн, оңтүстігінде Солтүстік Тянь-Шань қыраттарына дейiн, шығысында Жоңғар Алатауы мен Тарбағатайға дейін жетіп, Іле өзені мен оның салалары алабында орналасты. Ұлы жүздiң қысқы жайылымдары жазықта, жазғы жайылымдары Алатау тауларында болды.Ұлы жүз мынадай рулардан құралды: жалайыр, дулат, сары үйсiн, шапырашты, албан, суан, ошақты, каңлы, шанышқылы, сіргелі, ысты. Далалық тайпалардың бірі – үйсіндер. Жетісуда біраз уақыт саяси үстемдік орнатты. Кейін олар Ұлы жүз қазақтарына өз атауын қалдырды. Шежіреге сәйкес, осы жүздің мифтік түпкі бабасының аты Үйсін болған.
Орта жүз. Орта жүз қазақтары Солтүстік, Орталық және Шығыс Қазақстан аумағын иеленді. Оларға орасан алыс қашықтықтарға көшіп-қону тән болды. Орта жүз тайпаларының шығу тегі, негізінен, қыпшақтық саналғанымен, оған Шығыс Дешті Қыпшақтың әртүрлі тайпалары қосылған. Орта жүз руларының атаулары өзбек, ноғай, қарақалпақтар мен басқа да түркiлiк халықтардың арасында кездесетін этнонимдерге ұқсас. Орта жүз мынадай рулардан құралды: арғын, ннайман, қыпшақ, керей, қоңырат, уақ.
Кіші жүз. Кіші жүз қазақтары үш ірі ру-тайпалық бірлестікке - әлімұлы, жетіру, байұлына біріккен. Олар бүкiл Батыс Қазақстан аумағын иеленді.Алты ата әлімұлы бірлестігіне шекті, төртқара, шөмекей, кете, қаракесек, қарасақал рулары ендi.Кіші жүздің екінші ру-тайпалық бірлестігі жетіру болды. Ол жеті рудан: табын, тама, кердері, төлеу, керейт, жағалбайлы, рамаданнан тұрады. Байұлы бірлестігі - Кіші жүздегі ең көп санды бірлестік. Байұлы тайпалары Жайық және Ембі өзендерінің аралығы мен Үстіртті иеленді. Байұлының құрамына он екі ру: шеркеш, ысық, байбақты, масқар, алаша, қызылқұрт, тана, алтын- жаппас, беріш, есентемір, таз, адай кіреді. Шежіреге сәйкес, олардың бәрі Қадыркожа <<бай ұлдарынын>> ұрпақтары саналады.
Қазақ қоғамының этноәлеуметтік құрылымы
Хандар.Қазақстанның аумағын Шыңғысхан бастаған монғолдар қолы жаулап алғаннан кейін хан тағына Шыңғысханның ұрпақтары болып табылатын төре тұқымынан таралғандар ғана отыра алатын еді. Сөйтіп Шыңғысхан ұрпақтары Қазақстанды 600 жыл бойы билеп-төстеп келді. Қазақ қоғамының ең жоғары билеушісі үлкен ханмен қатар әр жүздің өз ханы болды, кейде бір жүздің өзін екі немесе одан да кеп билеуші басқарды. Атап айтқанда, патша үкіметі әр жүздің өзінде бірнеше билеуші болғанын қалады. Соның өзінде ең осал билеушіге әдейі қолдау көрсетумен келді. Ондағы көздеген қитұрқы мақсаты оларды ел басқара алмайды деп көшпелі жұрттың көз алдында масқара ету болатын. Хан тағына отыратын адамды сұлтандар қатарынан сайлаудың өзіндік ерекше тәртібі болды. Ол үшін құрылтай жиналысы шақырылатын. Оған сұлтандар, билер, батырлар және рубасылары жиналатын. Хан сайланатын сұлтанды ақ киізге отырғызып, жоғары көтеру арқылы
ұлықтайтын. Ұлықтау рәсімін халықтың ең таңдаулы деген беделді өкiлдерi жүзеге асыратын. Олар ақ киізге отырғызылған ханды бүкіл жиналған халықты аралатып, жоғары көтерген бойы алып өтетін. Содан соң ұлықтау рәсімі аяқталған бойда әлгі ақ киіз ту-талақай тілгiленiп, құрылтайға қатысқан жұртқа ұсақ кесінділер түрінде, қасиетті естелік ретінде үлестіріліп жiберiлетiн. Олар сонымен қатар ханның меншігіндеп бүкіл малды ханталапай етіп бөліп әкететін. Бүл әдеттің мәнісі хан бұдан былай халықтың есебінен күн көреді дегенді білдіретін. Хан халық алдында елді дұрыс басқаруға, шиеленісті айтыс-тартысқа толы алтыбақан алауыздыққа жол бермеуге, әділет пен адалдықтың алтанат құратынына ант беретін болған.
Сұлтандар Шыңғыс хан ұрпақтары - төрелерді сұлтан деп атады. Олар қазақ қоғамындағы ең ықпалды саяси күш болды. Бастапқыда сұлтан сөзі жоғары билік пен оның иесі, әмірші түсінігін білдірді. Орталық Азияда, ең соңғы Әбілхайыр хандығы уақытынан бастап ол Шыңғыс хан ұрпағының атағына айналды. Шыңғыс хан ұрпақтарының балалары бұл атақ пен оған байланысты барлық құқықты туғанынан, өз жағдайы мен жеке қасиеттеріне қарамастан иеленді. Қазақ хандығында және Моңғол империясының барлық мұрагер мемлекетінде Шыңғыс хан ұрпағы ғана хан болып сайлана алды. Сондықтан қазақ ұлыстарының сұлтандары Бұхара, Хиуа және басқа мемлекеттердің билеушілері бола алатын. Сұлтандар өздерiн түркі-монғол тайпаларының бірде-бiреуiне жатқызған жоқ, руларға бөлінген жоқ. Тек генеалогиялық құқыққа ғана негізделген Шыңғыс хан ұрпақтарының саяси билігінің этникалық маңызы болған жоқ. Қоғамның басқа мүшелерімен салыстырғанда, сұлтандардың құқықтық артықшылығы болды. Олар әскери қызметтен басқа ешқандай мiндеткерліктер атқарған жоқ.
Қожалар - Мұхаммед пайғамбардың, төрт халифтiң - Ә6y Бәкр Осман, Омар мен Әлидің және Орталық Азияға ислам дінін таратушылардың ұрпақтары. Шыңғыс хан ұрпақтарынан айырмашылығы кожаларда бiрыңғай генеалогия болған жоқ. Қожалар көптеген артықшылықты пайдаланды. Оларға қарсы күш қолдануға болмайтын еді.
Билер - Рулар мен тайпалардың басшылары - билер ерекше құқыктарды иеленді. Би сөзі - түркілік бек сөзінің нұсқасы, моңғолдық нойон мен араб-парсылық әмірге сәйкес келеді. Билердiң ықпалы орасан болды және кейде хан ықпалынан да асып кетуі мүмкін еді. Ол басқаратын рудың көптігіне, жолының үлкендігіне, сондай-ақ бидің өз беделіне байланысты болды. Билерге қол астындағы рулар ауқымында сот, әкімшілік және әскери билiк тиiстi болды. Билер әдеттiк құқықтың білгірлері болды және сотты соған сәйкес жүргізді. Билердiң үлкен саяси салмағы болды: сұлтандармен бірге құрылтайларга катысты және мемлекеттік мәселелер бойынша өз пікірлерін білдірді.
Байлар- Қазақ қоғамында мүліктік жағдайы бойынша жіктелу орын алды. Көп мал мен мүлікке ие болған ықпалды, дәулетті адам бай деп аталды. Ең бай адамдар ондаған үй, жүздеген түйе, мыңдаған қой мен жылқыны иеленді. Байлар коғамда айтарлықтай көп болды, бірақ олар ерекше тапты құраған жоқ. Байлық орасан пайда әкелдi және қоғамдағы беделді анықтады.
Батырлар-Қазақтардың көшпелі қоғамында батырлар ерекше рөл атқарды. Оларды кәсіпкой әскери адамдар деп атауға болады. Олардың қоғамдағы салмағы әскери өмірдегі орнымен, сондай-ақ ханға немесе сұлтанға жақындығымен анықталды. Батырлардың беделі мен билігі тек олардың жеке қасиеттеріне – шайқастағы ерлігіне, күшіне, ептілігіне, шыныққандығына байланысты болды.
Қара халық- Қазақтардың ру-тайпалық жүйесi қатардағы көшпелі адамдарды біріктірді. Олардың әрқайсысы құқықтары бар ерiктi адам болды. Ол мұраға қалдыруға, куәгер болуға, жиындарға қатысуға және т.б. құқықтарды иеленді. Қарапайым адамды айыпсыз өлтіруге болмайтын еді. Алайда жекетұлға бостандығын қорғау ру мүшелерінің ынтымақтастығымен ғана қамтамасыз етiлдi; өлтірілген адамның туыстарында кек алу, ал тоналғанның барымта жасау құқығы болды. Ру әрбір мүшесінің құқықтарын қорғайтын негiзгi бiрлестік саналды. Сондықтан руынан қол үзген адам мүлдем қорғансыз қалып, құқықтарынан айырылған адамға айналды.Әрбір қарапайым адам жауынгер, олар кез келген сәтте жиналып, жауға тойтарыс беруге дайын болуы тиіс. Әрбір қазақтың әскери міндеті болды, оны барлық жарамды ер адамдар атқарды.
Қорытынды: Қазақтардың ру-тайпалық жүйесі маңызды рөл атқарды, өйткені ол қазақтардың этнос ретінде ұйымдасуы мен бірлесе өмір сүру тәртібін реттеді. Осылайша Даладағы тәртіп пен қазақ мемлекеттiлiгiнiң өмір сүруіне мүмкіндік жасады. Қазақтардың саяси ұйымы Үш жүзге біріккен ру мен тайпалар иерархиясы түрінде құрылды. Ұлы, Орта және Кіші жүздер ортақ шежірелік дәстүрмен Қазақ елі болып бірікті. XV-XVIII ғасырлардағы қазақ қоғамы иерархиялы ұйымдастырылған әлеуметтік құрылым болды. Оның басында хан тұрды. Жоғары сословиені Шыңғыс хан ұрпақтары сұлтандар мен мұсылман аристократиясы: қожалар кұрады. Бiр саты төмен Шыңғыс хан ұрпақтарына жатпайтын ру-тайпалық шонжарлар - билер, батырлар, байлар, ақсақалдар тұрды. Қоғамдық сатының төменгі деңгейін рулық қауымдарға біріккен қатардағы көшпелілер иелендi.
36 сұрақ.

37 сұрақ. Дереккөзді және тарихи білімдеріңізді қолана отырып, 552 жылы түрік қағанатының құрылуы Еуразия кеңістігіне қандай өзгерістер алып келгенін талдаңыз.


Соңғы деректер мен зерттеулер бойынша, б.з. I—X ғасыр аралығында Орталық Азия мен Моңғол үстіртінде саяси үстемдік жүргізген түркітекті теле тайпалар одағы болғаны белгілі болып отыр. Сонымен қатар Алтай, Тарбағатайды мекендеген қарлұқтар мен Шығыс Түркістандағы басмылдар да Орталың Азияны билеуге ұмтылды. Ғұндар империясы ыдыраған соң, Орхон аймағында түркі текті теле тайпалар одағы ұйымдасты.
V ғасыр ортасында Ашына бастаған Алтайдағы түркілер осы телелердің 40 мың үйлік бірлестіктерін бағындырып, солардың күшімен өздерінің ата жаулары жужандарды (аварлардың бабаларын) жеңіп, тарих сахнасына көтерілді.
Түріктер 552 жылы Солтүстік Моңғолия жерінде Түрік каганатын құрды. Оның алғашқы билеушісі Бумын қаған еді. Мұқан қаған тұсында бүкіл Ішкі Азия, Оңтүстік Сібір жері, Оңтүстік-батыс Маньчжуриядағы қидандар, қарақытайлар, Тува жері мен Енисей қырғыздары бағындырылды. Иштеми (Естеми) қаған тұсында түріктер батысқа қарай жылжып, Жоңғария жерін, Қазақстанның, Орталық Азияның шығыс аймақтарын бағындыра бастады. VI ғасырдың екінші жартысына қарай түріктер бүкіл Қазақстан жерін, Орталық Азияның біраз бөлігін бағындырып, Қара теңіз жағалауына дейін жетті.
Билік басында ақсүйек ашына (ашина) руы тұрды. Бұл — «киелі қасқыр» деген сөз. Қағандар мемлекеттің басты билеушісі болды. Түріктердің туы бөрілі байрақ болуымен қатар олардың қорғаушыоң қағарлары да «бөрі» аталған. Оның алғашқы қағандары Түмен (Бумын), Мұқан, Естеми, Қара-Еске қағандар еді. Ал Батыс түрік қағанатының билеушілері Тон Жабғу қаған (618—630), Жеғуй қаған (610—618) кезінде қағанат саяси-әкімшілік жағынан дамудың ең жоғары дәрежесіне көтерілді. Қытай жазбаларында айтылғандай Бүмын (Тұмын) қағанның кіші інісі Мұқан қаған 552—554 жылдары Түрік қағанатының негізгі дұшпанының бірі жужандарды (аварларды) бағындырып, Орталық Азия билеушісіне айналады. Түрік қағанының тағы бір інісі Иштеми (Естеми) (552— 582 жж.) батысқа жылжып, Жетісу мен Қазақстанның далалық аймақтары және Сырдария, Арал теңізіне дейін жетті. Сасанидтік Иранмен одақтаса жүріп, эфталиттерді бағындырып, Византиямен сауда-экономикалық байланыстар (Земарх елшілігі) орнатады. Түрік қағанаты Қазақстан жеріндегі алғашқы ортағасырлық мемлекет болды.

38 сұрақ.


Тарихи біліміңізді және берілген құжат үзіндісін пайдаланып, Қазақстандағы білім саласын жаңғырту үдерісін түсіндіріңіз.
Шетелде кадрлар даярлау үшін ҚР Президентінің «Болашақ» халықаралық стипендияларын белгілеу туралы ҚР Президентінің 1993 жылғы 5 қарашадағы №1394 қаулысы (үзінді)
ҚР-ның экономикасы нарықтық қатынастарға көшіп, халықаралық байланыстар кеңейген жағдайда тиісті білімі бар кадрларға деген ділгерлік барынша өсе түсті, осыған орай даярлығы неғұрлым жоғары жастарды шет елдердің маңдайалды оқу орындарына оқуға жіберу мейлінше өзекті сипат алып отыр.
Осы қызметке қаржылық жағынан қамту жасау, кандидатураларды іріктеуді жүзеге асыру және білім саласында халықаралық байланыстарды үйлестіру мақсатында қаулы етемін:
1. Дарынды жастарды АҚШ-тың, Ұлыбританияның, Францияның және Германияның және басқа елдердің маңдайалды оқу орындарында оқыту үшін ҚР Президентінің «Болашақ» халықаралық стипендиясы белгіленсін. Стипендиялардың мөлшері студенттерді шетелдердің тиісті оқу орындарында оқыту құнының деңгейінде көзделсін.
ҚР Үкіметі 1994 жылдан бастап жыл сайын осы мақсатқа арнап қажетті валюта қаражатын бөлетін болсын.
https://adilet.zan.kz/rus/docs/K930001394 сайтынан алынған
Қазақстандағы білім саласын жаңғырту үдерісі ҚР білім және ғылым жүйісінің даму бағыттарында айқын көрініс тапқан. Оған дәлел ретінде мектепке дейінгі білім беруді дамытудың негізгі жетістіктері ретінде 2010 жылы қабылданған барлық мектеп жасына дейінгі бүлдіршіндерді балабақшамен қамтамасыз ету үшін «Балапан» арнайы мемлекеттік бағдарламасын айтуға болады. Мемлекет басшылығы 2025 жылға қарай 3-6 жастағы әбалаларды мектепке дейінгі біліммен 100% қамтамасыз етуді тапсырды.
Жалпы орта білім беруді жаңғыртуда 1998 жылы «Дарын» республикалық ғылыми-тәжірибелік орталығы дарынды балаларды анықтауда және қолдау көрсетуде маңызды рөл атқарады. Білім және ғылым министрлігі елімізде 12 жылдық білім беру жүйесіне көшуді қолға алды. Білімнің жаңартылған мазмұнының стандарттары енгізілді. «Назарбаев Зияткерлік мектептері» (НЗМ) жобасы жүзеге асырылды. НЗМ-де білім беру халықаралық бағдарлама бойынша жүргізіледі. Олармен бәсекеге қабілетті қазақ-түрік лицейі (ҚТЛ) де жұмыс істеді. 2016 жылдан ҚТЛ атауы «Білім инновация лицейі» деп өзгертілді. 2003-2004 оқу жылы мектеп бітірушілер үшін Ұлттық бірыңғай тест тапсыру енгізіліп, жастар үшін жоғары білімнің қолжетімділігіне мүмкіндік ашты. Орта кәсіптік білімді жетілдіруде Қазақстанда кәсіптік білім беру ұйымдары мен жұмыс берушілердің серіктестік ретінде бірлесіп оқытуға бағытталған дуальды оқыту жүйесі енгізілді. Оның ерекшелігі – кәсіптік оқыту үдерісінің 80%-ы базалық кәсіпорында өтеді. Қазіргі таңда 350 колледж осы жүйемін оқиды. 2015 жылдан Германия, Канада, Австралия, Сингапурмен және басқа елдермен бірігіп оқу орталықтарын ашу арқылы ТжКБ жүйесін жетілдіру міндеті қойылған. 2017 жылдан «Баршаға арналған тегін кәсіптік-техникалық білім беру» жобасы жүзеге асырылып келеді. 2010 жылы Қазақстан Болон декларациясына қосылып, отандық білім беруді халықаралық стандарттарға жақындатуға мүмкіндік алды. Елімізде 1996 жылы Президенттің бастамасымен Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті құрылды. 1991 жылы ашылған Қожа Ахмет Ясауи атыүндағы Халықаралық қазақ-түрік университеті халықаралық және тәуелсіз мәртебесі бар Қазақстан және Түркия Республикаларының ортақ мемлекеттік университеті. 2001 жылы ашылған Қазақ-Британ техникалық университеті (ҚБТУ) 2010 жылы еліміздің үздік техникалық жоғары оқу орны болып табылды. Әскери оқу орындарының желісі құрылды.
«Болашақ» бағдарламасы - посткеңістік елдер тарихында алғаш рет дарынды жастар толықтай мемлекет есебінен шетелде сапалы білім алуына мүмкіндік берген бағдарлама. 2014 жылы Майамида (АҚШ) «Болашақ» бағдарламасы ең үздік стипендиаттық бағдарлама деп танылды. 2020 жылға қарай 14 мың жастар білім алып шықты. Степендиаттарға елге келгеннен кейін 5 жыл жұмыс істеу міндеттелді. «Халықаралық бағдарламалар орталығы» құрылды. Қазіргі кезде үміткерлер әлемдегі 32 елдің алдыңғы қатарлы 630 оқу орындарында оқи алады. Бүгінгі таңда стипендияны іске асыруда магистрлік және докторлық бағдарламаларға, сондай-ақ біздің ел үшін анағұрлым қажетті болып табылатын техникалық және медициналық бейіндегі мамандарды дайындауға ерекше көңіл бөлінеді.. 2014-2015 жылдары шет тілі мен қазақ тілдерін білу күшейтіліп, «6+6» тілдік даярлаудың жаңа моделі іске қосылды.
Қорытындылай келе, «Болашақ» бағдарламасы шын мәнінде Қазақстандағы білім саласын жаңғырту үдерісін жарқын үлгісі болып табылады. Себебі, Қазақстанның болашағына үлкен оң өзгерістер әкелетін бағдарлама бола білді. Тәуелсіз Қазақстанның он мыңдаған азаматтары дамыған, алдыңғы қатарлы елдердің білімін үйренумен қатар қоғамдық озық тәжірбесімен жақын танысып, талдау жасау, салыстыру ұғымдарын жұмыс барысында қолданумен қатар, елдің даму қарқынының артуы мен жандануында мол үлестерін қосып келеді. «Ең үлкен инвестиция білімге салынған қаржы қағидасына сай, бұдан 28 жыл бұрын қолға алынған бағдарлама бүгінде өзінің жақсы нәтижелерін беріп келеді. Қазіргі Қазақстанның басқарушылары арасында көп деген министрлер, әкімдер, ұлттық компанияның топ-менеджерлер Болашақтың түлектері. Болашақ бағдарламасы тәуелсіздік алған Қазақстанның қоғамына үлкен серпіліс пен жаңашылдық алып келді. Шетелде оқуға ниетті жастар қатары артты. Ағылшан тілін білуге деген сұраныс қалыптасты. Елдің түрлі саласындағы даму үдерісі барысында «Болашақ» бағдарламасының түлектерінің үлесінің алдағы жылдарда да жалғаса беретіні айқын байқалады.
39 сұрақ. Ерте темір дәуіріндегі Ұлы Даланың ерте көшпелілер мәдениеттерінің ерекшеліктерін сипаттаңыз:
Қазақстан өз алдына тәуелсіз мемлекет болғаннан бері жоғын түгендеуге мүмкіндік алды десек болады. Кезінде айтылмаған тұжырымдар мен зерттеуге шектеу қойылған тақырыптарды ғылыми тұрғыдан қайта қарауға мүмкіндік туды.
Көшпенділерді «варварлар» мәдениетінен өркениеттілікке жақындату үшін еліміздің археологтары да аз жаңалық ашқан жоқ. Елімізге белгілі археологы -К.Байпақов: «Қола дәуірінде алғашқы көшпенділердің мәдениеті қалыптаса бастаған. Ерте темір дәуірінде өмір сүрген сақтардың (скиф)мемлекеттік құрылысы болғанын, сол сияқты көрші елдермен экономикалық мәдени және саяси қарым-қатынас жасап, қалалар салған»- дейді.
«Көшпелілік — көшпелі халықтардың тарихи қалыптасқан әлеуметтік-экономикалық даму жүйесі, шаруашылық-мәдени типі». Еуразиялық ұлы даланың ежелгі көшпелілеріне сақтар, үйсіндер, қаңлылар, ғұндар, т.б. жатады және бұл мәдени тип әлемдік үдерістерге өзінің терең әсерін тигізді…
Қазақ мәдениетінің негізгі архетипі саналатын Көшпеліліктегі маңызды мәселенің бірі — ондағы әлеуметтік құрылым, қоғамдық ұжымдасу ерекшеліктері, қауымдық тұтастықтың болуы. Еуразиядағы нарықтық коғамда зат иелену мен азаматтық қатынастар шешуші қызмет аткарса, көшпелілерде туысқандық, рулық байланыстар аса құнды болып есептелінді. «Ата қоныс» ұғымы көшпелілер үшін қасиетті, өз жерінің тұтастығының кепілі және көршілес жатқан мекендерге де қол сұғуға болмайтындығын мойындау болды.
Көшпелілер уақыт пен кеңістікті игеруі, танып түсінуі нәтижесінде көшіп-қонып, табиғаттың колайлы белдеулерінде орналаса отырып, мәдениет пен климат ерекшеліктерін ұтымды қолдана білген. Қатал даланың табиғатын танып түсіну, оның ішкі заңдылыктарын терең білу, болжай білу — мұның бәрі көшпелілер мәдениетінің маңызды жақтарын көрсетеді. «Құрғақ даланы, — тек бақташы ғана меңгере алады, бірақ сол далада тіршілік етіп, табыстарға жету үшін ол өзінің шеберлігін тынбай жетілдіре беруге міндетті, ол ерекше адамгершілік және парасаттылық қасиеттерді калыптастырады». Белгілі бір парасаттылық, ізгілік, ұстамдылык, жоғары интуициялық кабілеттері жоқ адамдар қатал далада өмір сүре алмас еді.
Кеңістікпен үйлесімді дамыған мәдениет адам мен табиғаттың арасында нәзік үндестікті білдіретін дәнекер кызметін атқарды. Көшпелі коғамның тіршілік етуінің көшпелі, жартылай көшпелі мал шаруашылығы болуы олардың дүниетанымына шешуші әсер етті.
Көшпелілер мәдениетінің ажырамас бөлігі — «әлем» және «адам» түсініктеріне негізделіп дамыған дүниетаным жүйесі болды. Табиғатты игеру және адамдардың практикалық іс-әрекетін бейнелейтін алуан түрлі дәстүрлі әдет-ғұрыптар, әпсаналар, қарапайым түсініктерді тудырды.
1. Ертедегі көшпелілер дүние танымынын негізі — көк аспан , шексіз әлем болса, сол көк аспан мен шексіз әлемнің кұдіретті жаратушысы-көктегі Күн.
2. Көшпелі өмір, төрт түлік мал, Жер-ана барлығы жинала келе көшпелілердің материалдық игілігін, дүниетанымын қалыптастырып, төл мәдениетін жасады.
3. Уакыт пен кеңістікті игеру аркылы Көшпелілікке тән әрі тұрмыска қажетті алғашкы астрономиялық ғарыштық талғам-түсініктер орнықты.
4. Көшпелі өмір салты жас буынға тәлім-тәрбие берудің айрықша талап-тілектерін дүниеге әкеліп, жас адамның ел-жұртқа жағымды моральдық-психологиялық нормаларын белгіледі.
5. Көшпелілердің сан ғасырларға созылған тарихи-әлеуметтік дамуы барысында материалдық және рухани игіліктер жинақталып, көшпенділердің болмыс-бітімінің, рухани өрісінің кеңдігін, өмірлік арман-тілектері мен дүниеге талғам-түсініктерін ашып бейнеледі.

40 сұрақ+


Жалпыұлттық маңызы бар Дала өркениетінің сакральді нысандар тізіміне енгізілген тарихи орындарды сипаттаңыз.
Ұлы Дала мәдениетінің басы сақ кезеңімен басталады. Б.з.б. V-IV ғасырларға жататын Есік қорымы, Бесшатыр қорымдары, VII-VI ғасырға жататын Шілік қорымы.
Дала мәдениетінің көнеден жеткен ескерткіштері табылған алтын адамдар. Дала өркениетінің өте ертеден дамып өркендеуінің негізгі белгілері.
Жетісу – б.з.б. I мыңжылдықта қалалардың өркендеп салынған. Сондықтан қалалардың қалған орындары дала өркениетінің ескерткіштері.
Сакральді жалпыұлттық маңызы бар 100 нысан Қазақ жерінде белгіленді.Ерекше құрметтелетін табиғи нысандар тобына Әулие- Ақмешіт тауы (Ұлытау), Хан Тәңірі шыңы, Мұзтау (Алтай), Шарын шатқалы, Шымкент маңындағы Қазығұрт тауы, Абай ауданындағы Қоңыр Әулие үңгірлері, Отпан тау (Маңғыстау), Бектау ата (Балқаштан Солтүстікке қарай), Қаратаудағы Жылаған ата кіреді.
Осы таулар мен үңгірлер дінге сенушілердің пікірінше емшілік қасиеттері бар нысандар.
Түркістан қаласы аумағындағы «Әзірет- сұлтан» тарихи- мәдени кешен, Күлтөбе, Сауран қалашығы, Қазығұрт тауы, Ақмешіт үңгірі , Отырар қалашығы , Үкашата кесенесі , Баба Түкті Шашты Әзіз кесенесі Қазақ жеріндегі Дала өркениетінің ортағасырлық сакральді ескерткіштері.
«Сакральді» латын сөзі.Сакральді сөзі көне ескерткіштердің орны, көзі деген мағына білдіреді.
Қ.А. Ясауи кесенесі , Айша бибі, Арыстан баб, Қарахан кесенелері сакральді ескерткіштердің ең көрнекілері.
Сакральді нысандардың төртінші тобын тарихи және мәдени ірі тұлғалар ; Қобыланды батыр, Абылай хан, Әбілқайыр хан, Есім хан, М.Өтемісұлы, Ф.М. Достаевский, Т.Шевченко, А.Байтұрсынұлы, М. Дулатұлы және т.б. байланыс нысандар құрайды.
Сакральді ұлттық нысандар бірліктің ынтымақтың көрінісі негізгі белгілері.
Ұлттық бірлікті қалыптастыру үшін ұлттық рухани қасиетті орындар – халықтың сиынатын және құрметтейтін сакральді нысандары болып табылады. Сакральді ескерткіштер халықтың тарихи жадының жинағы.
41 сұрақ.
Картаны және тарихи білімдеріңізді пайдалана отырып, «Ұлы Дала» ұғымының тарихи-географиялық сипаттамасын беріп, оның маңызды тарихи-мәдени мәндерін талдаңыз.
«Ұлы Дала» деп Дунайдан Маньчжурияға дейінгі жерді алып жатқан Еуразияның орталығындағы кең аумақты айтамыз. Ұлы дала географиялық емес, тарихи-мәдени ұғым болып табылады. Бұл аймақтың географиялық атауы ЕУРАЗИЯ. Ұлы Дала көшпелілер өркениетінің бесігі болып табылады. Дала өркениетінің этникалық сипаты әртүрлі болды, ол бір халықпен және бір дінмен шектелмеді. Ұлы Дала әр ғасырда алуан тлде сөйлейтін, нәсілдік сипаты әртүрлі көшпелі және жартылай көшпелілер қоныс етті. Ұлы Дала кең байтақ ашық кеңістік. Даланың табиғаты ұшы қиыры жоқ байтақ алқапты болып келеді. Осыған байланысты ежелгі уақыттанн бері аумақта түрлі тәсілдер, тілдер, тайпалар, мәдениеттер, діндер және өркениеттер тоғысып жатты.
Көне тарихи жазбаларға көз жүгірт¬сек, «Ұлы Дала» ұғымының ежелден бері келе жатқанын аңғарамыз. Бұл атау ғасырлар қойнауынан аршып алынып, бүгінгі күнге дейін жеткен жыр, қисса, дастандарда, түркітілдес халықтар туралы деректерде, орыс әдебиеттерінде, Қытай жазбаларында және Лев Гумилев сынды көрнекті тарихшы-ғалымдардың еңбектерінде көп кездеседі. Демек, Қазақстанның «Ұлы Дала елі» деген бейресми, қосымша атауға ие болуында тарихи негіз бар. Бұл атау еліміздің географиялық ерекшелігіне сипаттама ғана емес, бұл халқымыздың кеңпейіл дархандығының, мемлекеттік күш-қуатының, айрықша мәртебесі мен Тәуелсіздігінің айнымас символикалық бір нышаны ретінде қабылдануға тиіс. Сондықтан, ендігі кезекте, осы ерекше атауды өз санамызға сіңіріп қана қоймай, оны дүниежүзі халықтары алдында барынша насихаттап, айшықтауымыз қажет.

42 сұрақ жауабы: Ежелгі отырықшы өркениет ошақтары-Шаш, Сырдария және Жетісудің негізгі ерекшеліктерін сипаттаңыз


Орталық Азияның отырықшы-егінші өркениетінің ерекшеліктері – бірнеше тұрақты мәдени ошақта өмір сүруі және көшпелі өркениетімен тығыз байланыстылығы. Бұл өркениеттің негізгі 9 ошағын бөліп қарастыруға болады: Маргуш ( Маргиан), Бактрия, Хорезм, Соғды, Ферғана, Шаш, Сырдария жазирасы, Жетісу және Шығыс Түркістан.
Шаш - Соғдының солтүстігі мен Шыршық және Ангрен өзендерінің алқабын, сондай-ақ Сырдарияның оң жағалауын қамтитын тарихи өңір. Бұл аймақ-қазіргі Ташкент пен Шымкент қалалары орналасқан жер. Б.з.б. I мыңжылдықтың ортасында өңірде отызға жуық шаһар болған. Шаш қаласының ( Чачкент, Чачтепа) іргесі б.з.б. III ғасырдан бұрын қаланған, ал I мыңжылдықта далалық түркілер мен соғдылықтар кейіннен Мәуреннахр тұрғындарының негізгі сауда орталығы қызметі атқарды. Шаһар XI ғасырдан бастап Ташкент (Ташканды) атала бастады. XVI ғасырда Ташкент Қазақ хандығы мен Бұхар әмірлігі арасында тартыс басталады. XVII ғасырдың басынан XVIII ғасырғы дейін шаһар Қазақ хандығының иелігінде болды. XVIII ғасырдың соңында Ташкент Қоқан әмірлігінің билігіне өтті. Ал 1865 жылы орыс әскері басып алып, орыс билігіндегі Түркістанның орталығына айналды.
Шаштың солтүстігін Сырдария аймағы алып жатыр. Сырдарияның ағысындағы бұл аймақ даламен шектеседі. Аймақ Қаңғы атауымен Авестада кездеседі, ал Сыма Цян оны «Қаңлы мемлекеті» деп атады. Бұл өркениет ошағының ірі орталығы Арыс пен Сырдария өзендерінің қосылған тұсында орналасқан Отырар (Фараб) шаһары болды. Мыңжылдықтың соңында бұл жер сауда және қолөнер орталығына айналды. Бұл туралы көптеген мұсылман тарихшылары мен жағрапияшылары деректер қалдырды. X ғасырда Отырар Қарахандар мемлекетіне қарады. Кейіннен қарахандар моңғол шапқыншылығынан күйреген соң , Отырар Хорезмнің қол астына өтті. Мұсылман жылнамаларында моңғол шапқыншылығынан кейін Сырдария жазирасы Түркістан деп аталды. Аймақта Сауран, Созақ, Сығанақ, Сайрам (Испиджаф) және Түркістан (Яссы) шаһарлары болды. Олар Қазақстан мен бүкіл Орталық Азияның тарихында үлкен маңызды рөл атқарады.
Жетісу- Балқаш көлі мен Ыстықкөлдің арасындағы тарихи-мәдени аймақ. Аймақтың атауы дәл «жеті өзенді» емес , «көп сулы» деген мағынаны білдіреді. Бұл – Балқаштың солтүстігі мен шығысындағы құрғақ далалы жермен салыстырудан шыққан атау. Тянь-Шаньның солтүстігіндегі тау басынан көптеген өзен ағады, ал өңірдің ең басты су көзі - кең арналы Іле өзені. Тянь-Шаньның бөктерінде аралас шаруашылықпен – жартылай көшпелі малшылықпен, егіншілікпен әрі бау-бақша өсірумен айналасқан. Ежелгі уақытта бұл жерде Үйсін мемлекетінің орталығы болған. Б.з.б. I мыңжылдықтың Жетісуда қалалары дамып, соғдылықтардың сауда орындары өркендеген. Ал өлкенің астанасы - Алматының тарихы мың жылдан асады. Мұны қазба жұмыстарын жүргізген қазақстандық археологтер нақты деректермен дәлелдеді.
Шығыс Түркістан Тянь - Шань тауынан басталып шығысқа ағатын Тарым өзені алабындағы аймақ. Осы аймақтағы Тұрпан, Қашқар, Жаркент тағы басқа шаһарлар б.з.б I мыңжылдықта Такла Макан шөліндегі жазираларда пайда болды. Шығыс Түркістандағы жазиралар Жетісудағы сияқты Ұлы Жібек жолындағы сауда үшін аса маңызды рөл атқарды. Аймақтын батыс бөлігі екі мың жыл бойы Тян - Шаньның солтүстігі мен батысындағы тарихи үдерістерге, сондай ақ жалпы Орталық Азиядағы оқиғаларға қатысып келеді.
Қорытынды. Ежелгі уақытта Орталық Азияның оңтүстік бөлігінде ортаазиялық отырықшы - егіншілік өркениет қалыптасты. Бұл өркениеттің мыңдаған жыл бойы өз мәдени маңызын сақтаған, сабақтастығы мен тұрақты дамуын қамтамасыз еткен бірнеше ошағы болды. Жазиралар мен тау баурайларындағы отырықшы егіншілік өркениет көшпелілер өркениетімен өзара тығыз байланыста болды. Осындай өзара байланыстың нәтижесінде бұрын иран тілінде сөйлеген халықтар түркіленді.
43 сұрақ+
Картаны пайдалана отырып, Қазақстан аумағындағы Ұлы Жібек жолының негізгі бағыттарын анықтаңыз
1. Жібек Жолы» (Ұлы «Жібек Жолы») — Қытайдың Ши-ан деген жерінен басталып, Шыңжаң, Орталық Азия арқылы Таяу Шығысқа баратын керуендік жол бағыты. Ұлы Жібек жолының негізгі торабы Оң Қазақстан мен Жетісу жерін басып өткен.Жетісу өңірі ҰЖЖ шығысқа шығатын, ал Оңтүстік Қазақстан аймағы Батысқа шығатын қақпаларының бірі.Негізі бағыты Оң Қазақстан-Талас Су алабы— Ыстықкөл, Шығыс Түркістан. Келесі тармағы Византиядан Дербен арқылы Каспий маңы даласы- Маңғыстау-Арал бойы-Оңтүстік Казақстан. Келесі бағыты:Орталық Қазақстан-Шығыс Қазақстан-Батыс Сібірге дейін жетті.
Ұлы Жібек Жолы негізгі бағыты Арал теңізі-Сырдария, Шу алабы-Жетісудан Жоңғар қақпасына дейін жеткен Ұлы жібек жолы Қазақстан жерінде батыстан шығысқа қарай жүрсе, Шашадан (Ташкент) Турбат асуы арқылы Исфиджабқа, Сайрамға баратын. Егер Жібек жолымен батыстан шығысқа қарай жүрсек, оның Қазақстандағы учаскесі Шаштан (Ташкент) шығып, Тұрбат асуы арқылы Исфиджабқа, Сайрам (Сарьямға) келеді. Ежелгі қаланың осы күнге дейін сақталған. Шымкент түбіндегі бір қыстақ тап осылай аталады, оның дәл кіндік тұсында Жібек жолындағы бір кездегі ең ірі орталықтардың бірі болған орта ғасырлық қала жұртының қалдығы сақталған. Исфиджабтан құлдарды, бөз маталарды, қару-жарақты, семсерлерді, мыс пен темірді әкетіп жатқан. Испиджабтан шыққан керуендер шығысқа қарай бет алып, Шараб және Будухкент қалалары арқылы Таразға барады екен.
2. 1950-1980 жылдардағы Қазақстанның табысты дамыған ғылым салаларын сипаттаңыз.
Қазақстан ғалымдары 1950-1980 жылдары геология, химия, география, медицина, ауылшаруашылық және т.б.салаларда едәуір табыстарға жетті. Мысалы, Қ.И.Сәтбаевтың
басшылығымен еліміздегі геологтар 1960жылы Орталық Қазақстанның болжамды-металлогендік картасын құрастырды.
Сонымен қатар, бұл кезеңдегі білікті ғалымдардың (Ә.Марғұлан, Е.Бекмаханов, А.Нүсіпбеков, Б.Сүлейменов, Г.Дахшлейгер…) еңбектері мен сан алуан институттардың ашылуына байланысты тарих, құқық, әдебиет, тіл білімі және өнер саласы кеңінен дамыды.
1940 жылдың аяғы мен 1950 жылдардың басында КСРО еркін ойлауды шектеу, жаппай бақылау, қатал цензура, идеологияның кері әсері мәдениеттің дамуына ықпал етпей қоймады. Осы кезде ұлтшылдық кінәсін арқалағандар қатарында Есмағамбет Ысмайылов, Мұхтар Әуезов, Қайым Мұхаметханов, Қажым Жұмалиев, Сәбит Мұқанов және басқалары болды.
Әлкей Марғұланның көзқарастары ғылыми дәйексіз деп жарияланды, Дулат Бабатайұлының және басқалардың еңбектеріне тыйым салынды. 1940 жылдың аяғы, 1950 жылдардың басында космополитизм, буржуазиялық ұлтшылдық кінәсі тағылған көптеген ғалымдар зардап шекті, соның ішінде өлім жазасына бұйырылған, кейін 25 жыл айдауға кеткен ірі тарихшы Ермұхан Бекмаханов та бар. 1950 жылдары олардың көбін ақтады.
Алайда, бұл уақытта мәдениет пен өнер қайраткерлеріне тек «социалистік релизм» шеңберінде ғана жазу талабы қойылды.
Білім мен ғылым, әдебиет пен өнер саласындағы ілгерілеудің көшбасында Қ. Сәтбаев, М. Әуезов, Ә. Марғұлан, Е. Бекмаханов, М. Айтхожин, Ш. Есенов, Д. Сокольский, Ә. Бектұров, У. Ахметсафин тәрізді тұлғалар тұрды. 1946 жылы шаңырақ көтерген Қазақстан ғылым академиясы шығармашылық-теориялық ізденістердің ордасына айналды. Соғыстан кейінгі кезеңде Қазақ КССР ҒА-ның жүйесінде жұмыс істейтін немесе оның толық мүшесі, мүше-корреспонденті болып сайланған 7 ғалым Социалистік Еңбек Ері атағын иеленді, 18 ғалымға Лениндік сыйлықтың, 43 ғалымға КСРО Мемлекеттік сыйлығының иегері атағы берілді.
«Жамбыл», «Ботагөз», «Мәншүк туралы ән», «Қыз Жібек», «Атаманның ақыры», «Транссібір экспресі», т.б. фильмдер қазақ кино өнері мен қайраткерлерінің үздік жетістігі қатарына кірді. 70-80 жылдары 20-дан астам өнер саңлақтары «КСРО-ның халық әртісі», «КСРО-ның халық суретшісі», «Социалистік Еңбек Ері» атақ-дәрежелерімен марапатталды.
Кеңестік кезеңде білім, ғылым, мәдениет саласы қарама-қайшылыққа толы болды. Бұл қарама-қайшылық сипаты жетістіктерге де дамуға да қатысты болды. Соғыстан кейінгі жылдары мамандар тапшылығы мәселесі қиынға түсті. 1947 жылы қараша айында өндіріс пен ауыл шаруашылығын жоғары сапалы білікті мамандармен қамтамасыз ету үшін оқу орындарын салуға қаражат бөлуді қарастырған «Қазақ КСР жоғары және орта білімді ары қарай дамытудың шаралары» атты қаулы қабылданды. Мектептегі білім беру ісіне қатты көңіл бөлінді, барлық жерде сегізжылдық, ал ірі қалаларда онжылдық білімге көшу жүргізілді.
1950-1980 жылдары Қазақстан ғылымының, әсіресе жаратылыстану саласы бойынша едәуір ілгері басуы байқалды. Ол жаңа пайдалы қазбалардың игерілуі мен ашылған жаңалықтарға байланысты болды. Ғылымның едәуір жоғарылауына өндірістің жылдам дамуы мен мақсатты қаржыландыру ықпал етті. Қазақстандық ғалымдардың арасында ғылымға қосқан үлесі үшін Лениндік сыйлыққа ұсынылғандары болды. Алайда, тәуелсіз ойлауға шек қойған советтік идеология ғылымның дамуына кері әсерін тигізбей қоймады. Әсіресе, қоғамдық ғылымдар идеологиялық қысымды қатты сезінді.
1970-1980 жылдары партиялық бақылау күшейді. Аса қатты шектеулерге қарамастан Қазақстан ғалымдары мен жазушылары шынай өмірден маңызды шығармалар жазды. Осы уақытқа Бибігүл Төлегенова, Ермек Серкебаев, Болат Аюханов, Шәкен Айманов, Мұқан Төлебаев, Құдыс Қожамияров, Шәмші Қалдаяқов, Нұрғиса Тілендиев, Евгений Сидоркин, Нұрмұхан Жантөрин, Асанәлі Әшімов және басқа да көптеген өнер қайраткерлерінің шығармашылығының жоғары деңгейге шарықтаған кезеңі болып табылады. Сөйтіп, партиялық өктемдікке, шектеуге қарамай, мәдениет пен білімде, ғылымда жағымды істер атқарылды.
44 сұрақтың жауабы+
хх ғасырдың 20 30 жылдарындағы қазақстанның экономикалық жағдайын сипатта
Кеңес өкiметi орнағаннан кейiн қоғамдық-саяси және экономикалық-әлеуметтік қатынастарда түбiрлi өзгерiстер жүзеге асырылды. Барлық жердi мемлекет меншiгiне алу, помещиктер жерлерiн тәркiлеу, жердi шаруаларға тегiн беру туралы декрет жарияланды. Кеңестiк дәуiрдiң алғашқы кезеңдерiнде өндiрiс құрал-жабдықтарын мемлекеттік меншiгiне айналдыру, қоғамдастыру iсiне басшылық жасау мақсатымен социалистік мемлекеттік органдар, оның iшiнде халық шаруашылық органдары құрылды Қазақ өлкесiнде өндiрiс құрал-жабдықтарын мемлекет меншiгiне алу, жердi тәркiлеу үдерiсi саяси, экономикалық, әлеуметтік өзiндiк ерекшелiктерге байланысты 20-жылдардың бас кезiне дейiн созылды. Бұл кезеңде өлкеде халық шаруашылығының барлық салалары бойынша мемлекет меншiгiне алынған кәсiпорындар саны 1 мыңға жуықтады.
Қазақ халқы Азамат соғысына (1918 — 1920) жаппай қатыспағанымен, ерiксiз араласуға мәжбүр болды. Қазақ жерi ақтар мен қызылдардың майдан шебiне айналды. Бұған қоса қазақтарға қарсы азық түлiк майданы, “Азық-түлiк армиясының” және “Соғыс коммунизм саясатының” шабуылы салдарынан халық үркiншiлiк кезеңдi бастан кешiрдi. Шаруашылығы күйреп, шаңырағы шайқалған қазақтар 20-жылдардың басында ашаршылыққа ұшырады. Азамат соғысынан кейiнгi кезеңде Қазақстанда күйзелген халық шаруашылығын Жаңа экономикалық саясат (НЭП) негiзiнде шаруашылықтарды қалпына келтiру жұмыстары өрiстетiлдi. Ең алдымен, өнеркәсiп пен ауыл шаруашылығы өнiмдерiнiң маңызды түрлерiн өндiрудi Қазан төңкерiсiне дейiнгi деңгейге жеткiзу көзделдi. Жер-су, т.б. реформалар жүргiзiлдi. Орта Азия республикалары мен Қазақстанның мемлекеттік-аумақтық жiгi межелендi. Қазақстанның аумағы 2,7 млн. км2 болып белгiлендi, халқы 5,4 млн. адамға жеттi. 1926 — 1928 жылдары қазақ ауылдарында 1370 мың гектар шабындық, 1250 гектар егiндiк жер қайта бөлiндi. 1927 — 1928 жылдары республикада халық шаруашылығын қалпына келтiру аяқталып, өнеркәсiптi индустрияландыру, ауыл шаруашылығын ұжымдастыру кезеңiне аяқ басты. Экономиканың аграрлы бөлiмi Кеңес мемлекетiнiң экономикалық дамуындағы ең басты мақсат – индустрияландырудың жылдамдатылуын демеуге тиiс болды. 20-жылдардың аяғында басталған ұжымдастыру шаруаларды өнеркәсiптен мүлдем алшақтатты Қазақстанда ұжымдастыру 1932 жылдың көктемiнде аяқталады деп ұйғарылды. Жосықсыз жылдамдатылған үдерiс 1925 — 32 ж. ел басқарған Ф.И. Голощекиннiң арандатушылық тәжiрибесiне айналды. Ұжымдастырудың ең ауыр зардаптарының бiрi байларды тәркiлеу болды. “Аша тұяқ қалмасын, асыра сiлтеу болмасын” деген ұранмен басталған ұжымдастыру кезiнде қазақтардың малы тiгерге тұяқ қалдырылмай сыпырып алынды. Бұның арты 1931-1933 жылдардағы ашаршылыққа алып келді .
Халық шаруашылығын дамыту мақсатында бес жылдық жоспар құрыла бастады .
1-бесжылдық (1929 — 32) тұсында Қазақстанда 40 өнеркәсiп iске қосылды,
2-бесжылдық (1933 — 37) кезiнде Қазақстанның табиғи қорларын қарқынды игеру iсi жалғастырылды.
45 сұрақ+
Мәтінді және тарихи біліміңізді қолданып,Алаш қайраткерлерінің қоғамдық-саяси ойдың дамуына қосқан үлесіне баға беріңіз.
Алашордалықтар қоғамдық-саяси және мемлекеттік дамудың теориялық негізін қалап,оқыз еуропалық және халықаралық стандарттарға сай практикалық үлгілерін ұсынды. Алашордалықтар Қазақстанның қоғамдық-саяси өмірінде қайта өрлеу дәуірін жасады,белсенді ғылыми қыметімен халықтың сана-сезімін оятты,ұлттық еркіндік пен ұлттық мемлекеттілікті қайта өркендетуге деген рух пен үмітті оятты. Халықтың көзін ашып,қазақ елінің болашағы зор болу үшін білімді ұрпақ тәрбиелеп шығаруға бар күшін салды.Алаш зиялылары оқулықтар жазып,балаларға арналған шығармалар мен өлеңдер шығарды. Қараңғылықтан шығаратын жалғыз жол білім екенін білетін зиялылар соны халыққа түсіндірмекке бар күшін салды. “Оян қазақ!” деп ұрандаған Міржақып Дулатовтың да көздегені осы еді. Алаш партиясының бағдарламасы қазақ халқының либерал-демократиялық топтарының идеялары мен ұмтылыстарын білдірді. Бұл идеялар ағартушылық пен мәдени үдерісті,экономиканы,демократиялық құқықтық базаны жаңғыртуды,теңқұқылықты,бұқараның демократиялық сайлаулар тетігі арқылы саясатқа қатысуын қамтыды. Алаш партиясының бағдарламасында демократия мен құқықтық мемлекет,төзімділік идеялары тұжырымдалды,аграрлық мәселені шешу ұсынылды,қоғам мен мемлекет өмірінің негізгі жақтары белгіленді. 1930 жылдары буржуазияшыл ұлтшылдықпен айыпталып,қуғын-сүргінге ұшыраған Алаш партиясының мүшелері бәрінен бұрын өз халқына адал болды.
46 сұрақ. Қазақ қоғамындағы ру-тайпалық құрылымның ерекшеліктерін анықтаңыз.

XIV-XV ғасырларда феодалдық қатынастардың нығаюы негізінде Моғолстан, Ақ Орда, Әбілхайыр хандығы, Ноғай Ордасында толассыз тоқтамай жүріп жатқан феодалдық соғыстарға қарамастан, халықтар арасында өзара бірігу, топтасуға ұмтылу процестері белең алды.


Қазақстанның ежелгі тайпалары тарихи-географиялық, экономикалық және саяси жағдайларына байланысты үш негізгі этникалық шаруашылыққа топқа бөлінді. Олар: Ұлы, Орта және Кіші жүз. Әрбір жүздің тайпалары жалпы шаруашылық мүдделер негізінде топтасқан, өз шекарасында экономикалық жағынан оқшауланған еді. Олардың тілі, материалдық тұрмыс мәдениеті жөнінен басқа жүздердің тайпаларынан ешбір айырмашылығы болған жоқ.
XV ғасыр қарсаңында бұл тайпалар түрік тектес халық болып топтасты да, кейінірек «қазақ» деген этникалық ортақ атауға ие болды, сөйтіп халықтың қалыптасу процесі негізінен аяқталады.
Жүз — орда, қазақ халқының үш рулық-тайпалық бірлестіктерінің ортақ атауы. Дәстүрлі қазақ қоғамы үш жүзден тұрады: Ұлы жүз, Орта жүз, Кіші жүз.Тарихи деректер бойынша Ұлы жүз Жетісу жерін мекен еткен. Шығысы Қаратал өзені, батысы Шу мен Қаратау, Балқаш өңірі. Бұған Қаратау қойнауы, Шыршық, Сыр, Арал өңірі қосылған. 19 ғасырдың соңы мен 20 ғасырдың басында Ұлы жүз қазақтары негізінен Жетісу облысының Қапал, Жаркент және Верный уездерінде, Сырдария облысының Әулиеата, Шымкент және Ташкент уездерінде мекендеген.
Орта жүз қазақтарының қысқы тұрағы – Сырдарияның орта ағысы, Қызылқұм, Мойынқұм өңірлері, Қаратаудың терістік беткейі, Балқаш көлінің солтүстігінде болған. Ал жазда Тобыл, Ертіс, Торғай, Есіл, Сарысу өзендерінің бойы мен Сарыарқа өңірін жайлаған. Орта жүз бірлестігі пайда болғаннан кейін олардың мекен еткен аумағы да кеңейген. 17 ғасырда Орта жүз жұртшылығы Орталық, Солтүстік, Шығыс және Оңтүстік Қазақстанның кең атырабын мекендеген.
16-17 ғасырларда Қасым, Хақназар, Тәуекел, Есім және Тәуке хандардың қолданысындағы кең өңірде негізінен Орта жүз қазақтары мекендеген. 18 ғасырдың басында Орта жүз жерінде Сәмеке мен Күшік хандардың дербес хандықтары, Барақ және Әбілмәмбет төрелердің дербес иеліктері жеке дара өмір сүрді.
18 ғасырдың 40-жылдарында Орта жүз Ресей патшылығына бодандыққа түсуге мәжбүр болды. Жоңғар хандығы күйреген соң Абылай сұлтан Орта жүз қазақтарын жеке хандыққа біріктіріп, 1771 жылы үш жүзге хан сайланды. 18 ғасырдың соңы мен 19 ғасырдың басында Орта жүз жұртшылығы біршама өсіп, олардың мекен ететін аумағы кеңейе түсті. Нәтижесінде 1815 жылы Орта жүзде екінші хандық қалыптасып, Бөкей хан сайланды. Кейіннен патша үкіметі Орта жүздегі хандықтарды жойып, олардың орнына 1824-1859 жылдары Қарқаралы, Көкшетау, Аякөз, Ақмола, Аманқарағай, Баянауыл, Үшбұлақ, Көкпекті, Құсмұрын және Атбасар сияқты он сыртқы дуанды құрып, оны төрелер басқаратын етті.
• Ұлы жүз – Оңтүстік-Шығыс Қазақстандағы Жетісу өңірі.
Ұлы жүздің рулары: албан, суан, дулат, жалайыр, қаңлы, сарыүйсін, шапырашты, ысты, сіргелі, ошақты, шанышқылы.
• Орта жүз – Солтүстік, Шығыс, Орталық және Оңтүстік Қазақстанның бір бөлігі. Орта жүздің рулары: арғын, найман, қыпшақ, қоңырат, керей және уақ.
• Кіші жүз – Батыс Қазақстан аумағы.
Рулары: жетіру деп аталатын тама, табын, телеу, жағалбайлы, рамадан, кердері, керейт және он екі ата Байұлына жататын адай, беріш, байбақты, тана, таздар, шеркеш, масқар, ысық, қызылқұрт, есентемір, алаша, жаппас және алты ата Әлімге жататын шекті, қаракесек, қарасақал, төртқара, кете, шөмекей.

47 сұрақ +


Ұлы Жібек жолының Қазақстандағы рөлі өте үлкен. Ұлы Жібек жолы Алтай, Памир, Тянь-Шань, Сырдария, Әмудария жерімен өткен. Жібек жолының бойында Тараз, Бұхара, Шаш, Отырар, секілді қалалар орналасқан. Жібек жолының саяси – эхкономикасы күннен күнге артқан. Бірнеше сауда жолдары қалыптасып, дамыды. Сол кездерде Ұлы жібек жолында көптеген халық бір біріне сауда жасасып, дипломатиялық қарым-қатынастар орнатты. Қысқаша айтқанда Батыс пен Шығысты байланыстырған.
Егер Жібек жолымен Батыстан Шығысқак қарай жүрсек, оның Қазақстандағы учаскесі Шаштан (Ташкент) шығып,Тұрбат асуы арқылы Испиджабқа, Сайрам(Сарьямға) келеді. Ежелгі қаланың осы күнге дейін сақталған. Шымкент түбіндегі бір қыстақ тап осылай аталады, оның дәл кіндік тұсында Жібек жолындағы бір кездегі ең ірі орталықтардың бірі болған орта ғасырлық қала жұртының қалдығы сақталған. Испиджабтан құлдарды, бөз маталардығ қару-жарақтарды, семсерлерді, мыс пен темірді әкеліп сатқан. Испиджабтан шыққан керуендер шығысқа қарай бет алып, Шараб және Будухкент қалалары арқылы Таразға барады екен.

48-сұрақ. ХХ ғасырдың 20-40 жылдарындағы білім мен ғылымның дамуын сипаттаңыз.


Кеңес өкіметі орнағаннан кейін, шаруашылықты дамытып, жақсы өмір сүру үшін, ең алдымен халықтар арасында сауатсыздықты жою және ағарту ісін дамыту міндеті тұрды. Ең алдымен ересектер арасында «Сауатсыздықты жою» көзделінді. Халық арасында сауатсыздықты жою үшін арнайы мемлекет тарапынан қаражат бөлінді. Мектептер оқу құралдары және ұстаздармен қамтамасыз етілді. 1924 жылы Қазақстанда «Сауатсыздық жойылсын» қоғамы құрылды. Оның мүшелері жер-жерлерді аралап, халықтың арасында сауатсыздықты жоюға зор үлес қосты.1921-1927 жылдар аралығында Қазақстанда 200 мыңға жуық адам әр түрлі жерде оқыды. 1926 жылы Қазақ АКСР Халық Комиссарлар Кеңесі «Қазақ АКСР біртұтас еңбек мектептерінің жарғысын» қабылдады. Көптеген қалаларда арнаулы білім беретін және соның ішінде қазақ қыздарын оқытатын мектептер ашылды. Білім беру ісіне тек Қазақстанда 1921-1927 жылдары бір адамға шаққанда 68,9 тиын жұмсалды. 1928 жылы Қазақстанда барлық халықтың 28% сауатты болды. Ал қазақтар арасындағы бұл көрсеткіш 10 пайыз ғана болды. Мұнда айта кететін мәселе, араб тілінде жазып, оқи білетін қазақтар бұл тізімге ілікпеді. 1930-1931 жылдары Қазақстан халықтарының арасында жалпыға бірдей оқу міндеті енгізілді. Жалпыға бірдей білім беру ісіне үкімет жан-жақты қолдау көрсете бастады. 1931 жылы Қазақстанда 15-50 жас аралығындағы барлық адамдардың сауатын ашу, яғни оларға міндетті білім беру жүйесі енгізілді. Сауатсыздықты жою мақсатында республикада ағарту ісіне жұмсалатын қаржының мөлшері көбейді. Мысалы, 1928 жылы ағарту ісіне 12 млн сом жұмсалса, 1940 жылы бұл көрсеткіш 682 млн сомға дейін жетті.Сауатсыздықты жою ісі бойынша Қазақстан одақ құрамындағы басқа мемлекеттерден артта қалды. Бұның себебі әміршіл-әкімшіл жүйенің бюрократтық саясаты. Сауатсыздықты жою ісінде ең алдымен комсомол ұйымы белсенділік танытты. 1936 жылы жер-жерде ашылған сауатсыздықты жою мекемелерінде 500 мыңнан астам адам оқыды. 1939 жылы Қазақстандағы сауатты адамдардың үлесі 65% болды, қазақ халқының арасында бұл көрсеткіш 40% жетті. Республикадағы ірі қалалар, негізінен, Алматы, Шымкент, Тараз, Қарағанды, Орал, Лениногорск және тағы басқа қалалар сауатты қалаға айналды. Білім беру ісін дамыту бағытында ана тіліндегі оқулықтарды жасаған қазақтың ұлттық зиялылары үлкен үлес қосты. Мысалы, А.Байтұрсынов суретті әліппе, Ж.Аймауытов ана тілі, С.Асфендияров Қазақстан тарихы оқулықтарын жазды.Қазақ мектептеріне арналған оқулықтарды жасау бағытында Ғ.Мүсірепов, С.Сейфуллин, М.Жұмабаев, М.Дулатов, Қ.Кемеңгеров, Ә.Бөкейханов, С.Сәдуақасов, А.Байтұрсынов, Ж.Аймауытов көп еңбек сіңірді. Мысалы, Қ.И.Сәтбаев орта мектепке арнап алгебра оқулығын, Ә.Бөкейханов география оқулығын жазды. Республика жерінде орыс, қазақ, өзбек, татар тілдерінде оқытатын мектептер жұмыс істей бастады. Соғыстың алдында республика мектептерінде 44 мың мұғалім жұмыс істеді. С.Ақышев, С.Көбеев, А.Ақатов, Ш.Сарыбаев, Л.И.Довранская, Н.В.Волков тағы басқа білім беру ісінің үздіктері «Қазақ КСР-нің еңбек сіңірген мұғалімі» деген атаққа ие болды. Сауатсыздықты жою, жалпыға бірдей оқу міндетінің енгізілуі индустрия мен аграрлық салаға қажетті мамандардың көбеюіне ықпал етті. 1928 жылы Қазақстанда тұңғыш жоғары оқу орны Алматы педагогика институты ашылды. Бұл институт Абайдың есімімен аталды. Ал 1929 жылы Алматы зоотехникалық мал дәрігерлік институт ашылды. 1930 жылы Алматыда Қазақ ауыл шаруашылық институты ашылды. 1931 жылы Ленинград әскери медицина академиясының қамқорлығымен Алматы медицина институты ашылды. Сондай-ақ, 1934 жылы Қазақстандағы тұңғыш университет С.М.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университеті ашылды. Осы жылы Алматыда Қазақ кен металлургия институты ашылды. Кейін политехникалық институт аталған бұл оқу орны инженер-техник кадрларын даярлайтын іргелі оқу орны болды.
1931-1932 жылдары Қызылорда, Орал қалаларында педагогика институты ашылды. Семей, Петропавл, Ақтөбе, Қарағанды, Қостанай, Шымкент қалаларында мұғалімдер институттары ашылды. Соғыстың алдындағы жылдарда Қазақстанда ағарту, денсаулық сақтау, өнеркәсіп, ауыл шаруашылық салаларында ұлттық зиялылар қалыптасты. Сонымен қатар, Қазақ КСР-де жоғары оқу орындары саны 20-ға, арнаулы оқу орындарының саны 118-ге жетті. Кәсіптік білім беретін бұл оқу орындарында 40000-ға жуық жастар білім алды.
Кәсіптік білім беретін оқу орындарының көбеюі Қазақстан зиялыларының қалыптасуына үлкен ықпал етті. Жаңадан ашылған жоғары оқу орындарында М.Әуезов, О.Жандосов, Қ.Жұбанов, С.Сейфуллин, А.Байтұрсынов, Т.Жүргенов, С.Аспандияров тағы басқа қазақтың зиялы қауымдарының өкілдері қызмет атқарды. ХХ ғасырдың 30 жылдарында Қазақстан ғылымы қалыптасып, дами бастады. Қазақстанды ғылыми тұрғыдан зерттеу ісіне 1920 жылы құрылған «Қазақстанды зерттеу» қоғамы көп үлес қосты. Бұл қоғамда Қ.Жұбанов, С.Аспандияров, Ж.Аймауытов, А.В.Затаевич, А.Байтұрсынов, Ә.Диваев, А.П.Чулошников сияқты ғалымдар еңбек етті. 1926 жылы М.Е.Массон Тараз қаласының орнында археологиялық қазба жұмыстарын жүргізді.1932 жылы КСРО Ғылым академиясының қазақстандық базасы құрылды. Бұл базаның құрамында 1935 жылы тарих және геология секторы, Қазақ ұлттық өнер ғылыми-зерттеу институты құрылды.1935 жылы профессор С.Аспандияровтың еліміздің тарихы жөнінде «Қазақстанның көне заманнан бері тарихы» атты ғылыми еңбегі жарық көрді.

49.сұрақ Қазақ этногенезінің үндіирандық кезеңін сипаттаңыз.


Қазақтардың этногенезінің қалыптасуы көшпелілер өркениетінің пайда болуымен тығыз байланысты болды. Қазақ этногенезінің ерте кезеңдерін зерттеу Қазақстан аумағындағы түрлі археологиялық мәдениеттерді қалыптастырушылардың тілдерін анықтаумен тікелей байланысты. Зерттеушілердің көпшілігі «ертеде иран тілдері мен тайпаларының таралу облысы Оңтүстік Шығыс Еуропа облыстарынан Шығыс Түркістанға дейін созылып жатқан» деп санайды. Үндіеуропалықтармен, дәлірек айтсақ, үндіирандықтармен (арийлермен) қола дәуірінің жақсы зерттелген кезеңі Андрон мәдени қауымдастығының уақытымен байланыстырылады. Андрондықтардың үндіирандық екендігі туралы болжам жазбаша (Авеста, Ригведа, басқа да Ведалар) және лингвистикалық мәліметтермен расталады.
Енді антропологиялық тұрғыдан қарастырсақ, андрондықтар еуропеоидтардың екі типінде кездеседі. Ұзын бас сүйекті, сопақтау бетті жерортатеңіздік тип олар мекендеген жердің батыс бөлігінде болды. Ал дөңгелек бас сүйекті, жалпақ бетті және қыр мұрынды андрондық түр шығысында таралды. Андрондықтар мекендеген аймақтың солтүстігінде оралдық типтің, ал шығысында монғолоидтік типтің айқын белгілері (прототүркілермен қарым-қатынас ықтималдығы) орын алған.
Жалпы алғанда, палеоантпропологиялық зерттеудің нәтижелері қола дәууіріндегі Қазақстан халқын Шығыс нәсілі тармағының ешқандай қоспасы жоқ таза еурепеоидтық деп сипаттауға мүмкіндік береді. Қазақ халқының генетикалық байланыстарының аса маңызды қабаттарын анықтауда бірқатар шартты типологиялық қауымдастықтар келтіріледі:
А) жалпытарихи тұрғыда: ежелгі-ертедегі-ортағасырлық-жаңа-қазіргі;
В) лингвистикалық тұрғыда: ертедегі еуропа-иран-алдыңғы түрік-түрік-қазақ;
С) этникалық тұрғыда: үнді-иран-түрік-қазақ;
D) антропологиялық тұрғыда: еуропеоидтық – еуропеоидтық-монғолоидтық – монғолоидтық-еуропеоидтық.
Қорытындылай келе, қазақ этногенезінде үндіирандық кезең ежелгі және ертедегі кезеңді қамтиды. Қазіргі қазақтарға тән фендік келбет кеш дегенде ХІІ-ХІV ғасырларда екі үлкен нәсілдің – автохтондық еуропеоидтық және сырттан келген монғолоидтық нәсілдердің жергілікті жерде және ұзақ уақыт бойы өзара әсері негізінде қалыптасқан деп қорытынды жасауға болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет