7 сұраққа жауап. «Зар заман» ағымы өкілдерінің идеологиялық құндылықтарын сипаттаңыз.
Зар заман ақындары деп – алғаш рет 1927 жылы М.Әуезов енгізген термин, зар заман кезеңінде ғұмыр кешіп, отарлық езгіге түскен қазақ халқының тағдырын мұң-зармен жырлаған ақындар шоғыры.
Зар заман ақындары шоғырының белгілі өкілдері кімдер десек олар:Дулат Бабатайұлы,Шортанбай Қанайұлы,Мұрат Мөңкеұлы,Әбубәкір Кердері,Албан Асан -т.б. Әуезов Зар заман ақындары дәуірін Абылай хан тұсынан Абайға дейінгі жүз жылға ұластырып, Нарманбетпен аяқталатынын тарихтан білеміз. Зар заман ақындарын тарих сахнасына шығарған,дәстүрлі қазақ қоғамындағы бұрынғы қалыптасқан құндылықтардың өзгеруі, отаршылдықтың белең алуы, халықтың қатты күйзелуі. Зар заман ақындары халқының жай-күйін ойлаған ұлт қайраткерлері ретінде танылды. Олардың шығармалары халықтық салт-дәстүрлерді қаймағы бұзылмаған қалпында сақтауға, ұлттық болмыс-бітімнен ажырамауға үндейді.
«Зар заман» ағымы өкілдерінің идеологиялық құндылықтары туралы айтсақ жазушы М. Әуезов атап кеткендей, «Зар заман» дәуірінің ақындары XIX ғасырдың ортасына дейін елдің өткен еркін өмірін аңсап, ұлтты рухани құндылықтарынан ажырамауға шақырды, халықтың тағдырын мұң-зармен жырлады. Олар патшалық Ресейдің отаршылдық өктемдігіне, халықтың өз жерінде ауыр жағдайға түскеніне көнбеді. «Зар заман» ақындары елінің ертеңі үшін алаңдады, өткенді сағынышпен, аңсаумен еске алды. Болыс басшыларының парақорлығы, кейбір қазақ билерінің әділетсіздігі, қоғамда белең алған жала жабу, өсек айту т.б. сынға алынды. Бұл тығырықтан шығу жолын кейбір ақындар о дүниемен ғана салыстыруға барды. Ел басына түскен қасіретті ақырзаманмен теңеді. «Зар заман» ақындары шығармаларындағы негізгі ортақ идея – ел бірлігі мен мемлекет тұтастығы: «Біз бірлік-берекеден айырылып барамыз, бүйте берсек құримыз», – деп қайғы-мұңға берілу сарыны да байқалды. Олар отаршылдықты айыптап, қазақтарды ұлттық санасынан, халықтық болмыс-бітімнен ажырамауға, салт-дәстүрді бұзылмаған қалпында сақтауға үндеді.
«Зар заман» дәуірі ақындары шығармаларының негізгі идеологиялық құндылығы – өткен және бақытты кезеңді мұқият түсіну арқылы қиындықты жеңіп, келешекке ұмтылу, халық рухын көтеру болды. Бұл дәуірдің ақындары өлеңдерінде патша үкіметінің әлеуметтік-экономикалық, саяси, мәдени, шаруашылық отаршылдығына ашық түрде қарсылық білдірді. Қазақ халқының азаттық жолындағы күресі ерекше шабытпен жырланды.
«Зар заман» дәуірі ақындарының көз алдында дала тұрғындарының әлеуметтік-экономикалық жағдайы күрт нашарлады. Олар заман куәгерлері ретінде патша үкіметі қазақтардың жерлерін тартып алуы салдарынан мал жайылымдарының тарылуы, отаршыл биліктің озбырлығы, әртүрлі дәрежедегі шенеуніктердің парақорлығы сияқты келеңсіз құбылыстарды жырға қосты.
1.Дулат Бабатайұлы өлеңінің идеологиялық құндылығы....
Дулат Бабатайұлы.Ол Шығыс Қазақстан облысы Аягөз ауданында дүниеге келген. Отарлық озбырлықтың күшейгенін, 1822–1824 жылдары хандық биліктің жойылуын, округтік орталықтар құрылуын, 1867–1868 жылдардағы әкімшілік реформаларды, ұлт-азаттық көтерілістерді көзімен көріп, жанымен сезінген Дулат Бабатайұлы өз өлеңдерінде халқының басына түскен ауыртпалықтарды жырлайды. «О, Сарыарқа, Сарыарқа» атты өлеңінде қазақтың ауыр жағдайын суреттейді. «Кеңесбайға», «Бараққа» деген өлеңдерінде әкімдердің жағымсыз образын сипаттап ашық айтады. Өз халқын жаудай талаған, сатылған әкімдерді отарлаушылардың қолшоқпарына айналды деп айыптайды. Ақын ұлы Абылай заманындағы Қазақ хандығы қалпына келтірілген күндерді армандайды. Ол өзінің шығармаларында халықтың еркіндігі үшін күрескендерді мадақтап өтеді.Ақын «Өсиетнама» өлеңінде халықтың өткен өмірін жырлады. Ол кезеңде далалықтардың өмірін реттеп отыратын салт-дәстүрлер, әдеп-ғұрыптардың заңнамалық маңызы зор еді. Жаңа дәуірде дәстүрлі қазақ қоғамы дағдарысқа ұшырап бара жатқанын ақын күйінішпен жеткізеді. Дулат Бабатайұлы біртұтас Қазақ хандығының жерін Ресей империясына беріп қойған хандар мен сұлтандардың іс-әрекетін, патшалық үкіметке қызмет еткен жергілікті шенеуніктерді сынады.
2.Шортанбай Қанайұлы өлеңінің идеологиялық құндылығы....
Зар заман кезеңінің белгілі ақыны Қазақстанның оңтүстік өңірінде дүниеге келген.Ол өз дәуірінің көрнекті ақындарының бірі. Өзінің жырларында ақын қоғамның әлеуметтік құрылымының өзгеріске ұшыраған сырын ашып, кедей және байға жіктелудің күшейгені туралы айтады. Ресей империясының отарлау саясаты салдарынан халық саяси, экономикалық және рухани езгіге ұшырады. Осы кезеңнің ауыртпалықтары туралы Шортанбай Қанайұлы «Зар заман» атты өлеңінде мұңды жыр толғайды. Ел ішінде кең таралған осы өлеңнен бастап, олар «Зар заман» ақындары ретінде таныла бастады.Зар заман өлеңі. Шортанбай әрдайым дін қағидаларын тірек етіп, діннен қорғаныс іздейді. Ол азаматтарға ислам құндылықтарын естен шығармай,парыздарын орындау қажеттілігін еске салады. Ақын өз дәуіріне риза болмай үмітсіздіктен өкініп жырға қосты:
Зар заман, зар заман,
Зарлап өткен бір заман.
Жөн білмеген жамандар,
Ел билеген бек болды,
Көтере алмай билігін,
Ұласқан үлкен кек болды.
Ақын өлеңдерінде елдігінен, мемлекеттік жүйесінен айырылған, отарлық жағдайға түскен халқының ащы зары мен өшпес өкінішін жырлайды. «Зар заман» өлеңінде қазақтардың Ресей бодандығына қабылдануы үрдісіне қарсылығын білдіріп, патша үкіметі отарлау саясатының теріс салдары: шоқындыру, шаруалардың жаппай қоныс аударуы, әскери шептер мен бекіністер салынуын батыл айыптады. Шортанбай қазақтың егіншілікке көшуімен дәстүрлі малшаруашылығына нұқсан келеді деп түсінді. Ақын жаңа өмір салты халықтың қалыптасқан сана-сезіміне қайшылық әкелгенін, елдің психологиясы мен тұрмыс-тіршілігіне жағымсыз өзгерістер туғызғанын сынға алды.
3.Келесі ақын Мұрат Мөңкеұлы өлеңінің идеологиялық құндылығы туралы айтар болсақ....
Дәуірдің айтулы өкілдерінің бірі Мұрат Мөңкеұлы болды. Ақын «Қазтуған», «Үш қиян» жырларында елде жаппай қоныстанушылар пайда болып, қазақтардың жерінен айырылғанына қатты күйінді. Бұдан құтылудың бірден-бір жолы – жайсыз мекеннен құтты мекенге көшу, қолайлы қоныс іздеу. Ақын елдің бірлігін, жерін сақтаған бұрынғы дара билеушілер саясатының арқасында отарлауға жол берілмеген өткен күнді еске түсіреді.
Мұрат Мөңкеұлы «Үш қиян» өлеңінде Ресейдің Қазақстанды жаулап алуы мен отарлауы кезіндегі қазақ халқының ауыр жағдайын шынайы суреттейді:
Еділді тартып алғаны
Етекке қолды салғаны.
Жайықты тартып алғаны
Жағаға қолды салғаны.
Ойылды тартып алғаны
Ойдағысы болғаны..... деп жан айқайын сезінесің.
4.Әбубәкір Кердері ерекше ұстаз ақын.
Иә, аса дарынды ақындардың бірі Әбубәкір Кердері қазіргі Батыс Қазақстан облысында дүниеге келді. Ол өз заманының оқыған, білімді азаматы ретінде Орал, Ақтөбе, Ор қалалары маңындағы қазақ ауылдарында ұстаздық етіп, бала оқытты. Оның өлеңдер жинағы 1905 жылы Қазан қаласында басылып шықты.Ақын өз поэзиясында бұрынғы ел бірлігін, қазақтың ешқандай алауыздыққа бой алдырмаған кезін аңсайды. Ел үшін жан аямай күресуге шақырады: «Жаман қалып, жақсының еті қызар, Алаштап қырға шық та, ұран шақыр!» Ақын өзінің шығармаларында ислам іліміне көп назар аударып, қазақ даласында дінді нығайтуды қолдады. Ол мықты хан билігі кезеңін аңсады. Ақын өлең-жырларында отандастарын оқу мен білім, ғылым мен өнерді меңгеруге шақырды. Қоғам өміріндегі білімнің орны мен маңызы туралы: «Бай білімсіз болса кедейшілікке ұшырайды», – деп ескертеді.
Қорытындылай келе айтар болсам...... «Зар заман» ақындары елдің жай-күйін ойлаған ұлт қайраткерлері ретінде танылды, ұлттық әдебиет тарихында лайықты орын алды. Олар өлеңдері арқылы патша үкіметінің әскери-отаршыл әрекеттерінен бұрынғы емін-еркін өмірінен айырылған қазақ халқының қайғылы тағдырын кейінгі ұрпаққа жеткізді.
8 сұрақ
«Қазақ КСР-нің құрылуы – мемлекеттілікті қалпына келтірудегі алғашқы қадам». Сіз бұл пікірмен қаншалықты келісесіз? Өз жауабыңызды негіздеу үшін бірнеше дәлелдер келтіріңіз.
Иә, келісемін
Бұрынғы Ресей империясының шеткі аудандарында, соның ішінде Қазақстанда алдымен уақытша өкімет, кейін Кеңес өкіметі орнағаннан кейін ұлттық мемлекет құру жайлы мәселе қарала бастады. Ресей империясының шеңгелінен босаған өзге халықтармен қатар қазақ елі де азаттыққа ұмтылды.
Елдің шығысындағы алғашқы Кеңестік республика 1918 жылы 30 сәуірде жарияланған Түркістан Автономиялы Кеңестік Социалистік Республикасы (Түркістан АКСР-і) болды. Қазақстанның оңтүстік облыстары (бұрынғы Сырдария, Жетісу) Түркістан АКСР-інің құрамына енді. Түркістанда құрылған алғашқы ұлттық мемлекет көп өмір сүрген жоқ.
1919 жылы 10 шілдеде В.И. Ленин «Қазақ (қырғыз) өлкесін басқару жөніндегі революциялық комитет құру туралы» декретке қол қойды. Қазақ ревкомының басшысы болып ұлты поляк, кеңестік тұңғыш комиссар С. Пестковский тағайындалды. Ревком құрамына В. Лукашев, Ә. Жангелдин, А. Байтұрсынұлы, М. Тұнғаншин, С. Меңдешев, Б. Қаратаев енді. Кейін оның құрамына А. Авдеев, Ә. Әйтиев, Ә. Әлібеков, С. Арғыншиев, Х. Ғаббасов, Т. Седельников, С. Сейфуллин, В. Радус-Зенькович тартылды.
Қазревком мен оның жергілікті жердегі органдары қазақ даласында Кеңестерді ұйымдастыру, ұлттың зиялы өкілдерін Кеңес құрылысына тарту, қазақ жерін біріктіру жұмыстарын жүргізді. Қазревком атынан «Ұшқын» газеті шығарылды.
Азаматтық соғыс шет аймақтар халықтарының ұлттық мемлекет туралы идеяларымен санаспауға болмайтынын большевиктерге көрсетті. Олар кеңестік негізде Қазақ Автономиясын құру жөнінде дайындық жұмысын жүргізуге мәжбүр болды.
1919 жылдың аяғы мен 1920 жылдың басында Қазақ автономиялы Кеңестік Социалистік Республикасын құруға дайындық қызу жүріп жатты.
1920 жылы 26 тамызда РКФСР құрамындағы «Автономиялы Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасын құру туралы» декрет қабылданды.
1920 жылы 4 қазанда Орынбор қаласында Қазақ АКСР Кеңестерінің құрылтай съезі өткізілді. Қазақ АКСР Орталық Атқару Комитетінің төрағасы С. Меңдешев, ал Қазақ АКСР-ның Халық Комиссарлар Кеңесінің төрағасы болып В.А. Радус-Зенькович тағайындалды.
Съезде «Қазақ АКСР еңбекшілері құқықтарының декларациясы» қабылданды. «Декларацияда» Қазақ АКСР-ның мемлекеттік басқару органдары, азаматтардың құқықтары мен міндеттері айқындалды. Декларацияда әрбір ұлттың ана тілін пайдалануға толық құқығы бар деп көрсетілді.
Қазақ АКСР құрамына Ақмола, Семей, Торғай, Орал облыстары және Каспий облысы мен Астрахан губерниясының қазақтар тұратын аудандары енді. Астанасы Орынбор қаласы (1920-1924 жж.) болып белгіленді.
Патша әкімшілігі енгізген «киргиз» деген атау 1925 жылы сәуірде жойылып, қазақтар өзінің тарихи атауын қайтарып алды. 1924 жылы ел астанасы Орынбордан Қызылордаға көшіріліп, Орынбор губерниясы РКФСР-ге өтті.
Жаңа әкімшілік бөлік бойынша Қазақ АКСР құрамына Ақмола, Ақтөбе, Жетісу, Семей, Орал (құрамына Бөкей облысы уезд дәрежесінде кірді) облыстарынан және үкіметке тікелей бағынатын Қостанай округі мен Адай уезі, сондай-ақ Қарақалпақ автономиясы кірді. 1924 ж. 5-10 қаңтар аралығында өткен Қазақ АКСР Кеңесінің 4-съезінде республика конституциясының жобасы талқыланды.
Қазақ Автономиялы Кеңестік Социалистік Республикасының жариялануы ел тарихындағы зор тарихи маңызы бар оқиға болды. Қазақ халқы бұл тарихи жағдайды отаршылдыққа қарсы ғасырларға созылған күресінің нәтижесі, ұлттық қайта өрлеу жолындағы алғашқы қадам деп қабылдады.
Тезистер
• Бұрынғы Ресей империясының шеткі аудандарында, соның ішінде Қазақстанда алдымен уақытша өкімет, кейін Кеңес өкіметі орнағаннан кейін ұлттық мемлекет құру жайлы мәселе қарала бастады.
• Елдің шығысындағы алғашқы Кеңестік республика 1918 жылы 30 сәуірде жарияланған Түркістан Автономиялы Кеңестік Социалистік Республикасы (Түркістан АКСР-і) болды.
• Қазақстанның оңтүстік облыстары (бұрынғы Сырдария, Жетісу) Түркістан АКСР-інің құрамына енді. Түркістанда құрылған алғашқы ұлттық мемлекет көп өмір сүрген жоқ.
• 1919 ж. 10 шілдеде В.И. Ленин «Қазақ (қырғыз) өлкесін басқару жөніндегі революциялық комитет құру туралы» декретке қол қойды.
• Қазақ ревкомының басшысы болып ұлты поляк, кеңестік тұңғыш комиссар С. Пестковский тағайындалды.
• Қазревком атынан «Ұшқын» газеті шығарылды.
• 1919 жылдың аяғы мен 1920 жылдың басында Қазақ автономиялы Кеңестік Социалистік Республикасын құруға дайындық қызу жүріп жатты.
• 1920 жылы 26 тамызда РКФСР құрамындағы «Автономиялы Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасын құру туралы» декрет қабылданды.
• 1920 жылы 4 қазанда Орынбор қаласында Қазақ АКСР Кеңестерінің құрылтай съезі өткізілді. Қазақ АКСР Орталық Атқару Комитетінің төрағасы С. Меңдешев, ал Қазақ АКСР-ның Халық Комиссарлар Кеңесінің төрағасы болып В.А. Радус-Зенькович тағайындалды.
• Съезде «Қазақ АКСР еңбекшілері құқықтарының декларациясы» қабылданды.
• Қазақ АКСР құрамына Ақмола, Семей, Торғай, Орал облыстары және Каспий облысы мен Астрахан губерниясының қазақтар тұратын аудандары енді. Астанасы Орынбор қаласы (1920-1924 жж.) болып белгіленді.
• Патша әкімшілігі енгізген «киргиз» деген атау 1925 жылы сәуірде жойылып, қазақтар өзінің тарихи атауын қайтарып алды.
• 1924 жылы ел астанасы Орынбордан Қызылордаға көшіріліп, Орынбор губерниясы РКФСР-ге өтті.
• Жаңа әкімшілік бөлік бойынша Қазақ АКСР құрамына Ақмола, Ақтөбе, Жетісу, Семей, Орал (құрамына Бөкей облысы уезд дәрежесінде кірді) облыстарынан және үкіметке тікелей бағынатын Қостанай округі мен Адай уезі, сондай-ақ Қарақалпақ автономиясы облысқа кірді.
• 1924 ж. 5-10 қаңтар аралығында өткен Қазақ АКСР Кеңесінің 4-съезінде республика конституциясының жобасы талқыланды.
• Қазақ Автономиялы Кеңестік Социалистік Республикасының жариялануы ел тарихындағы зор тарихи маңызы бар оқиға болды.
№9 сұрақ жауабы
«ХХ ғасырдың 20-30 жылдары Қазақстанның білім беру жүйесіне оң өзгерістер еңгізілді». Сіз бұл пікірмен қаншалықты келісесіз? Өз жауабыңызды негіздеу үшін бірнеше дәлелдер келтіріңіз.
Жауабы:
«ХХ ғасырдың 20-30 жылдары Қазақстанның білім беру жүйесіне оң өзгерістер еңгізілді деген пікірмен келісемін. Жауабымды негіздеу үшін бірнеше дәлел келтіріп өтейін:
Сауатсыздықты жою. 1918 ж 16 қазандағы БОАК-ның «Біріңғай еңбек мектебі туралы» ереже, 1918 жылы 31 қазандағы «Ұлттық азшылықтар мектептері туралы » қаулысы, 1919 жылы 26 желтоқсанда ХКК «сауатсыздықты жою туралы» жарғысы шықты. Сауатсыздықты жою мен ағартудың негізгі ошағы – қызыл отау болды. 1920-1921 жылдары Қазақстанда 2,5 мыңға жуық сауатсыздықты жою пунктерінде 70 мыңдай адам оқыды. 1924 жылы сәуірде «Сауатсыздықты жою» қоғамы құрылды.
1920-21 жылы Қазақстанда 2410 мектеп жұмыс істеді. 1921-27 жылдары республикада 200 мыңдай адам сауатын ашты. 1931 жылы 15 жастан 50 жасқа дейін жалпыға бірдей міндетті сауат ашу енгізілді.
ХХ ғасырдың 20 жылдары Қаззақстанның бастауыш және орта мектептерін арналған оқулықтар жарыққа шықты. Ә.Бөкейханның «География» оқулығы, С.Асфендиярофтың «Қазақстан тарихы» оқулығы, М.Дулатұлының хрестоматия оқулығы, Қ.Сәтбаев алгебра оқулығын құрастырды. 1928 жылдың соңына қарай қазақ мектептері үшін 30-дан астам оқулықтар жарық көрді.
1929 жылға дейін араб, 1929 жылы латын жазуына, ал 1940 жылы кирил әліпбиіне көшті. 1930 жылы 27 тамызда ОАК мен ХКК-нің жалпыға бірдей бастауыш оқытуды 8 жастан бастау туралы қаулы шықты. Қаулы 1931 жылдан бастап көшпелі аудандарда енгізілді.
1920 жылдардың соңында республикада маман кадрларды 24 техникум дайындады. Жоғары білімді мамандар Мәскеуде, Ленинградта, Ташкентте оқып, білім алды.
Орал, Семей, Ақтөбе, Петропавл, Шымкент пен Қостанайда педагогикалық мұғалімдер институттар ашылды. Соғыс қарсаңында Қазақстандағы жоғары оқу орындарының саны 20-ға, орта арнаулы оқу орындарының саны 118-ге жетті. Оларда 40-мыңнан астам студент оқыды.
1920 жылы Қазақстанды зерттеу қоғамы құрылды. 1932 жылы 14 наурызда
КСРО ҒА –ның қазақстандық базасы құрылды. Төрағасы болып академик, түрік танушы А.Н. Самойлович болды. 1938 жылы КСРО ҒА-ның Қазақ филиалына айналды. С.А.Асфендияров 1935 жылы жарық көрген көне заманнан бүгінге дейінгі «Қазақстан тарихының» І бөлімін жазып шықты. Қазақ тіл білімінің дамуында профессор Қ.Жұбанов жетекші рөл атқарды. Қ.Сәтбаевқа ғылымға сіңірген еңбегі үшін геология-минералогия ғылымдарының докторы атағы берілді.
10 сұрақ жауабы:
«ХХ ғасырдың 20-80 жылдардағы урбанизация Қазақстанның мәдени дамуына қуатты серпін берді». Сіз бұл пікірмен қаншалықты келісесіз? Өз жауабыңызды негіздеу үшін бірнеше дәлелдер келтіріңіз.
Қазақстан халқының урбанизация деңгейін жаһандық үрдісіне орай қалалық тұрғындар үлесі барлық халықтың қазіргі 55%-нан 70%-дай деңгейге дейін өсетінің көрсеті. Олардың бірі ретінде XXI ғасырдың ерекшеліктерінің бірі ретінде урбанизацияны айтуға болады. Урбанизация үрдісі қандай халықтың болмасын басынан ерте ме, кеш пе өтетін құбылыс. Урбанизация – адамзатты таратып орналасудағы қалалардың рөлі мен ара салмағына байланысты қалалық өмір салтын орнату сипатындағы тарихи процесс болып табылады. Бұл әлеуметтік стратификациялық қоғамда жаңа түрлену, экономикалық таптардың деңгейі анықталуда. Осыған орай урбанизация процесі кезінде ауылға немесе қалаға алып келер оң және теріс жақтарын қарастырған жөн.
Дүниежүзі елдерінің соңғы ғасырлардағы дамуына ой жүгіртсек, өндірісі дамып, экономикасы жетілген сайын урбанизация үрдісі де күшейе түсетінін ұғынуға болады. Басқаша айтқанда, феодалдық кезеңнен капиталистік формацияға ауысқанда өнеркәсіптің өркендеуіне орай елдердің қай-қайсысында болсын урбанизация қарқын алады. Соған орай қала халқы күрт өсіп, олардың тірлігіне қолайлы жағдай туғызу, инфрақұрылымдар жасау қажетке айналады. Ал Қазақстан жағдайына үңілсек, Кеңес заманында қалалар өскенімен кәсіпорындарға қажет жұмыс қолы Қазақстаннан тыс жерлерден әкелініп, республика халқы негізінен ауылдық жерлерде қалып келді. Ел тәуелсіздік алғаннан кейін қалалардағы өзге ұлт адамдарының тарихи Отанына қайтуы кенет күшеюмен және кәсіпорындардың жаппай тоқтап қалуымен байланысты 1991-1994 жылдары қала халқы күрт кеміді. Алайда 1995 жылдан бастап ауылдардан қалаға ағылған адамдардың есебінен, әсіресе, ірі қалалар тұрғындарының саны қайта арта бастады. Өкінішке қарай, бұл үрдіске әлі күнге дейін қарсы шығушылар бар. Шын мәнінде, бұл қазақ халқының өсіп-өркендеуіне аса қуатты серпін әкелетінін болжау қиын емес. Қазақтардың қалалы жерлерде де басым болуы елге толық иелік етуге жол ашады емес пе.
Өркениеттің дамуына, экономика мен ғылым-білімнің, мәдениеттің өркендеуіне қала өмірі қолайлы екені жөнінде айтпасақ та түсінікті. Сондықтан да өркениет дамыған ХХ ғасырда әлемде қала халқының саны күрт артты. Егер өткен ғасырдың басында бүкіл әлемде қала халқының үлес саны – 10 пайыз, 1940 жылы – 25, 1950 жылы – 29, 1983 жылы 40 пайыз болса, ал ғасырдың соңында 50 пайыздан асты. Бұл кезеңде тек Еуропада ғана емес, Азия, Африка елдерінде де экономикасы дамуымен қатар урбанизация күшті қарқын алды. Сөйтіп, Еуропа елдері секілді ауыл халқының саны күрт азайып, қалалардың өсуі күшейді. Демек, елдің дамуы үшін халықтың басым бөлігі қалаға шоғырлануы заңдылық. Мұны кез келген дамыған елдердің өмірінен аңғаруға болады. Мәселен, қазіргі таңда Жапонияда қала халқының үлес саны – 79 пайыз, Ливанда – 78, Сауд Арабиясында 70 пайыз болса, Латын Америкасында 75 пайыздан асып барады. Сондай-ақ әлемде ең ірі қалалар саны арта түсуде. 1900 жылы халқы 1 млн.-нан астам қалалар саны 10 болса, 1980 жылдары 209, қазір 300-ден асты.
11 сұраққа жауап.
«Қазақ АКСР – қазақ жерінің біртұтастығын қалпына келтірген ұлттық мемлекет». Сіз бұл пікірмен қаншалықты келісесіз? Өз жауабыңызды негіздеу үшін бірнеше дәлелдер келтіріңіз.
Жауабы: 1919 жылы 19 қыркүйекте Орынбордың Қазақ өлкесіне қосылуы туралы шешім қабылданды, 1920 жылы 7 шілдеде Орынбор республика құрамына кірді, 1920 жылы 20 тамызда Қырғыз (Қазақ) Автономиялы Кеңестік Социалистік республикасын құру туралы декрет шықты, Астанасы: Тұңғыш астана Орынбор қаласы 1920-1924, содан кейін Ақмешіт (Қызылорда), 1929-1997 жылдарда Алматы, Аумағы - Семей, Ақмола, Торғай, Орал облыстары, Манғышлақ уезі, Красноводск уезінің бір бөлігі, Астрахань губерниясының бір бөлігі, 1920 жылы 4 қазанда Орынборда Қырғыз (Қазақ) АКСР Кеңестерінің Құрылтай сьезі өткізілді, Қырғыз (Қазақ) Автономиялы Кеңестік Социалистік Республикасы жарияланды, Жоғарғы Атқару Комитеті, төрағасы - Меңдешев, Халық Комиссарлары Кеңесі, төрағасы - Радус-Зенькович, Қырғыз (Қазақ) АКСР-нің құрылуының тарихи маңызы - Қазақ халқының ғасырлық арманы орындалуының көрінісі, Отаршылдыққа қарсы күрестің нәтижесі, Ұлттық қайта өрлеу жолындағы алғашқы қадам.
2 - Қазақ жерлерінің Қазақ АКСР құрамына біріктірілуі, Арнаулы комиссия құрылып, республика шекарасын белгілеумен айналысты, Бұл өзгерістер кезінде әр түрлі көзқарастар туындады - Қазақ өлкесіне Ақмола, Семей, Орал облыстарының қосылуына қарсылық, Республика құрамына Омбы облысын, Орта Азияның көп бөлігін, Барнаул уезін, Алтай өлкесін қосу, Қазақ зиялылардың араласуымен - Қостанай аймағын республика құрамына қосу қажеттігін Ахмет Байтұрсынұлы мен Мұхаммеджан Сералин жан-жақты дәлелдеді, Батыс Сібірге еніп келген Ақмола мен Семей облыстарын өлке құрамына енгізу мәселесі 5 рет қаралып, Бөкейханов, Байтұрсынұлы, Ермеков, Сералиндердің тарихи деректемелерінен кейін ғана шешілді, 1921 жылы Ақмола және Семей облыстары Сібір ревкомы қарамағынан ҚазАКСР-не берілді, 1921 жылы Жайық, Ертіс өзендері бойындағы бұрын қазақтар иеленіп келген 10 шақырымдық өңір қазақ халқына қайтарылды
3 - Статистикалық мәліметтер - Республика аумағы 2,7 млн шаршы шақырым, Халқы 5 млн 230 мың (1 млн 468 мыңға көбейді) Қазақтар - 61,3 пайыз (1926 ж санақ), Қазақ атауының қайтарылуы - 1925 жылғы 15-19 сәуірде Ақмешітте Кеңестердің бүкіл қазақстандық 5 сьезінде қырғыз-қазақ атауы берілді, 1936 жылғы 9 ақпанда ҚАКСР Орталық Атқару Комитеті Қаулысымен қазақтар атауы
Тезистер
Бұрынғы Ресей империясының шеткі аудандарында, соның ішінде Қазақстанда алдымен уақытша өкімет, кейін Кеңес өкіметі орнағаннан кейін ұлттық мемлекет құру жайлы мәселе қарала бастады.
Елдің шығысындағы алғашқы Кеңестік республика 1918 жылы 30 сәуірде жарияланған Түркістан Автономиялы Кеңестік Социалистік Республикасы (Түркістан АКСР-і) болды.
Қазақстанның оңтүстік облыстары (бұрынғы Сырдария, Жетісу) Түркістан АКСР-інің құрамына енді. Түркістанда құрылған алғашқы ұлттық мемлекет көп өмір сүрген жоқ.
1919 ж. 10 шілдеде В.И. Ленин «Қазақ (қырғыз) өлкесін басқару жөніндегі революциялық комитет құру туралы» декретке қол қойды.
Қазақ ревкомының басшысы болып ұлты поляк, кеңестік тұңғыш комиссар С. Пестковский тағайындалды.
Қазревком атынан «Ұшқын» газеті шығарылды.
1919 жылдың аяғы мен 1920 жылдың басында Қазақ автономиялы Кеңестік Социалистік Республикасын құруға дайындық қызу жүріп жатты.
1920 жылы 26 тамызда РКФСР құрамындағы «Автономиялы Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасын құру туралы» декрет қабылданды.
1920 жылы 4 қазанда Орынбор қаласында Қазақ АКСР Кеңестерінің құрылтай съезі өткізілді. Қазақ АКСР Орталық Атқару Комитетінің төрағасы С. Меңдешев, ал Қазақ АКСР-ның Халық Комиссарлар Кеңесінің төрағасы болып В.А. Радус-Зенькович тағайындалды.
Съезде «Қазақ АКСР еңбекшілері құқықтарының декларациясы» қабылданды.
Қазақ АКСР құрамына Ақмола, Семей, Торғай, Орал облыстары және Каспий облысы мен Астрахан губерниясының қазақтар тұратын аудандары енді. Астанасы Орынбор қаласы (1920-1924 жж.) болып белгіленді.
Патша әкімшілігі енгізген «киргиз» деген атау 1925 жылы сәуірде жойылып, қазақтар өзінің тарихи атауын қайтарып алды.
1924 жылы ел астанасы Орынбордан Қызылордаға көшіріліп, Орынбор губерниясы РКФСР-ге өтті.
Жаңа әкімшілік бөлік бойынша Қазақ АКСР құрамына Ақмола, Ақтөбе, Жетісу, Семей, Орал (құрамына Бөкей облысы уезд дәрежесінде кірді) облыстарынан және үкіметке тікелей бағынатын Қостанай округі мен Адай уезі, сондай-ақ Қарақалпақ автономиясы облысқа кірді.
1924 ж. 5-10 қаңтар аралығында өткен Қазақ АКСР Кеңесінің 4-съезінде республика конституциясының жобасы талқыланды.
Қазақ Автономиялы Кеңестік Социалистік Республикасының жариялануы ел тарихындағы зор тарихи маңызы бар оқиға болды.
12 билет
«Қазақ халқының этногенезіне түркітілдес тайпалардың Ұлы қоныс аударуы үлкен өзгерістер әкелді». Сіз бұл пікірмен қаншалықты келісесіз? Өз жауабыңызды негіздеу үшін бірнеше дәлелдер келтіріңіз.
Қазақ халқының қалыптасуының этникалық тарихы аса күрделi. Қазақ этногенезінің түркілік кезеңінің бастауы ғұндармен байланысты . Зерттеушілердің көпшілігі ғұндарды түркі тілдестер деп есептейді.Ғұндардың тарихы Даланың әртүрлі көшпелі тайпаларының тарихын қамтиды.Еуропада таралған ғұндар бейнесі-көшпелілердің жинақталған және мифологияланған бейнесі. Солай болса да ,Қытай деректеріндегі сюнну мен хунну және еуропалық деректердегі ғұндардың арасындағы байланыс айқын көрінеді. Даланың шығысында,сақтар мен юэчжилерден шығысқа қарай мекендеген ғұндар б.з.б. III ғасырда көшпелілердің үлкен империясын құрды. Юэчжилерді ығыстырып,олар Солтүстік-Батыс Қытай аумағын иеленді. Ол жерден ғұндардың жасақтары қазіргі Қазақстан аумағына еніп, жергілікті тайпалармен соғыса бастады. Ирандық тайпалардың бір бөлігі ғұндар одағына кірді және ассимиляцияға ұшырады. Өзгелері оңтүстікке және батысқа кетті. Соңғыларының бұдан кейінгі көші-қоны шығыс және батыс көшпелілерінің (ғұндардың) батысқа жорығымен ұласты.
Ғұндардың қоныс аударуы
1. Б.з.д. І ғ. ІІ жартысы-Батысқа жылжып, Оңтүстік Қазақстандағы қаңлылар жерімен шекаралас жерлерге барады.
2. Б.з. І ғ (93 ж)- Алтай тауы мен Орталық Қазақстан арқылы Батыс Қазақстан аумағына жылжыды.
Ғұндардың ұлы қоныс аударуы Қазақстан аумағын мекендеген тайпаларға қалай әсер етті?
Ғұн дәуірінде жергілікті халықтардың түркіленуі басталды.
Жергілікті сақ,қаңлы тайпалары шығыстан батысқа қарай жылжып, тарихи мекендерін ауыстыра бастады.
Тайпалардың бет-бейнесі өзгеріске ұшырады.
Түркі тілінің таралуын күшейтті .
Достарыңызбен бөлісу: |