1-тақырып. Экономикалық теорияның пәні және зерттеу әдістері. Мақсаты



бет4/95
Дата25.11.2023
өлшемі1,37 Mb.
#126988
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   95
Байланысты:
oak ezhkn paninen

Классикалық саяси экономия жаңа дамып келе жатқан капиталистік өндірістік қатынастарды дәріптеуші, өндіріс капиталының мүддесін қорғайтын экономикалық ой-пікірдің прогрессивті сатысы болды. Классикалық буржуазиялық саяси экономияның басты табысы еңбек құн теориясының негізін қалады. Осы ой-пікірдің қалыптасуы сауда және қарыз-өсімқорлық капиталына қарсы өндірістік капиталдың қоғамдағы ерекше рөлін атап көрсеткен ғылыми қағида болғаны белгілі.
Еңбек құн теориясын маркстік саяси экономия ілгері дамытып, қосымша құн туралы ілімді жан-жақты талдады. Маркстік саяси экономия — еңбекшілердің, жұмысшы табының мүддесін қорғайтын теория. Марксшілер капиталистік қоғамды дәріптеуші барлық экономикалық теорияларға сын көзбен қарады. Оның себебі капиталистік экономикалық қатынастарда негізінен екі тап: біріншісі, үстемдік жасайтын буржуазия болса, екіншісі, пролетариат – қаналушы тап өмір сүреді.
Қазақ халқының көшпелі тұрмыс-салты, экономикалық укладтары жетілмеді, соның салдарынан дүниежүзілік мәдениет пен ғылымнан шектеліп қалды.
Қазан төңкеpiciнің қазақ жеріне тарауына байланысты озат елдің пролетариатының көмегімен капитализмге соқпай, социализмге өту теориясы қолданылды. Ұрандарында бәpi де адам үшін, адамның игілігі үшін деген сөз жазылған социализмнің әкімшілдік жүйесі кеңес халқын дүниежүзілік ғылыми-техникалық прогрестен шетте қалдырып, үлкен дағдарысқа ұшыратты.
Бұл өте өкінішті және қынжылтатын жағдай. Әңгіме ауыртпалық пен дағдарыс туралы сөзді қайталай беруде емес, керісінше, осы дағдарыстан тезірек шығу жолдарын анықтау, халықаралық еңбек бөлінісіне неғұрлым ұйымдасқандықпен немесе ұдайы өндіріс қатынастарын дамытып, жетілдіру аса маңызды. Қазіргі кезеңде ерекше шешімін күтіп отырған мәселе 70 жылдан аса тарихи орын алған кеңестік экономикаға саяси экономикалық талдау жасау, сол арқылы бұрынғы және қазіргі нарықтық бағыт ұстап отырған елдердегі әлеуметтік-экономикалық қатынастарды зерттеу.
1.3. Экономикалық теорияның құрылымы мен атқаратын қызметтері.
Экономикалық теория курсының логикасы бұл экономиканың кез-келген мәселесін шешумен байланысты процедураның үйлесімді, негізделген, ретті жүйесі.
Экономиканың микро және макроэкономикаға бөлінуі анализ және синтез әдісінің бөлінуімен байланысты, яғни шаруашылық жүйесіндегі екі әр түрлі деңгейді қарастырады.
Микроэкономика – бұл шаруашылық жүйесінің жеке элементтерін қарастырады. Ол жеке фирмалардың, үй шаруашылғының экономикасын зерттейді. Микроэкономика көбінесе анализ әдісіне жақынырақ.
Макроэкономика шаруашылық жүйесін түгелдей қарастырады, яғни экономикалық бірліктердің жиынтығын қарастырады. Мысалы: әлемдік экономиканы, ұлттық шаруашылықты және т.б. Былай айтқанда, егер де микроэкономика жеке ағаштарды зерттесе, ал макроэкономика – жалпы орманды зерттейді.
Макро және микроэкономика бір-бірімен өзара байланысты болғандықтан, кейбір кезде оларды бір-бірінен айыру оңайға соқпайды. Көптеген экономикалық теорияның сұрақтары мен тақырыптары бұл екі салаға да қатысты және сол салаларға кіреді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   95




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет