1. Тарихи-мәдени ескерткіштердің сипатын нақты ашып көрсетіңіз


 ХVІІІ ғ. ғалымдар, қоғам қайраткерлері, саяхатшылар көмегімен өлкетануға байланысты мәліметтердің жиналуын дәріптеңіз



бет5/39
Дата13.09.2022
өлшемі185,78 Kb.
#38951
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   39
6. ХVІІІ ғ. ғалымдар, қоғам қайраткерлері, саяхатшылар көмегімен өлкетануға байланысты мәліметтердің жиналуын дәріптеңіз.

ХҮІІ-ХҮІІІ ғасырларда «белгісіз халықтардың» өмірін зерт- теу максатында бірнеше экспедиция жарақталды. Олар өз зерт- теулерінде Ресейдің көршілес елдерін зерттеумен шұғылданды. Ғылым академиясының экспедициясы Сібір, Орал, Орта Азия жэне баска да аудандарды зерттеумен айналысты. Кейде этног- рафиялык алгашкы ғылыми еңбектер де жарыққа шыгып жатты. Солардың бір бөлігі Қазақстанға арналды. Міне, нақты осы ке- зеңде қазақ халкының дәстүрлері, салттары жайында алғашқы жазбалар пайда болды. Олар өлкенің тарихи, табиғи ерекшелі- гін сипаттады.


Қазақстандағы өлкетанудың пайда болуы – ХУII ғ. Өлкетану ХУ111 ғасырда әсіресе кең құлаш жайған. Географияның гүлденген уақыты деп аталады. Өлкетану зерттеулерінің нәтижесі жергілікті әкімшілік құжаттарында, губернатор «Есебінде»,губернияның «Топографиялық жазбаларында», Бас жер өлшеушілер материалдарында көрініс берді .
1834 ж. жергілікті статистикалық мәліметтерді жинау,өңдеу қажеттілігі, губерниялық статистикалық комитеттер құру қажеттігін айқындады. Олардың міндеті: жергілікті әкімшілік статистикасының толық нақты жазу, статистикалық экспедицияларды жабдықтау.
Өлкетану жұмысын өлкетану музейлер Х1Х- ғасырда кең жайдырды. ХХ-ғасырдың басында өлкені зерттеуші қоғамдар пайда бола бастады.
Ресейде губерниялық және уездік (болыстық) экономикалық кеңестер, жергілікті еңбек және қорғаныс кеңесін ашуға шешім қабылдады (СТО – Совет труда и обороны). 1917 жылы Халық-ағарту комиссариатының құрамында ғылыми бөлім құрылды. 1923 ж. өлкетану журналдары шыға бастады: «Өлкетану»,«Орталық өлкетану бюросының хабаршысы» (Известия ЦБК, 1925 ж.) .1930-1936 жж. «Кеңес өлкетану» деп аталды. Бүкілресейлік өлкетану конференциялар 1924, 1927, 1 Бүкілқазақстандық ғылыми-өлкетану съезі 6.04.1930 ж. өтті .
Өлкетану зерттеулер көп университеттер, ғылыми қоғамдардың бөлімшелер мен филиалдар: Еркін экономикалық, археологиялық, географиялық, Ресейдің бұрынғы тарихы, жаратылыстану қызығушылар, антропология және этнография қоғамдар, губерниялық архив комиссия, земстволар жүргізді.
7.Қазақстандағы Императорлық Орыс географиялық қоғамының және Семей (1903-1916 жж.), Түркістан (1868 ж.), Жетісу (1879 ж.), Сырдария (1887) облыстық статистикалық комитеттерінің өлкетанушылық жұмыстарын ашып көрсетіңіз.
Қазакстан олкетану мәселелерін қозгайтын материалдарды жинақтау мен кітаптардың жарық көруіне Ғылым академиясы Қазакстанның өлкетануы қызметкерлерінің, РГО бөлімдерінің, Орыс археологиялық коғамының шығыс бөлімінің, Мәскеу университетінің жанындағы жаратылыстану, антропология жэне этнография әуескойлар қоғамының, музейлердің, басқа да ғылыми мекемелердің қосқан үлестері зор еді.
1898-1914 жылдары П.П. Семенов Тянь-Шаньскийдің жэне В.Н. Ламанскийдің редакңияларының баскаруымен «Ресей» көп томды баспасының жарық көруі, оның ішінде өлкетану мамандары жазған «Қырғыз өлкесі» (1903) жэне «Түркістан өлкесі» (1913) жарияланымдар баспаға шықты.
Орыс География Қоғамы 1845 жылы Санкт-Петербург қаласында құрылды. Қоғамды құрған 17 құрылтайшының 7-еуі Қазақ жерiн ғылым зерттеулерге үлес қосқан ғылым және мемлекет қайраткерлерi: Г. Гельмерсен, Ф. Берг,А. И. Левшин, В. Даль, В. Струве, В. Перовскийлер болды. Орыс география қоғамы құрылған кезден бастап Ресей және оған iргелес елдер туралы география мәлiметтер жинады. Қоғамның жаңа игерiле бастаған Сiбiр мен Қиыр Шығысқа, Қазақстан мен Орта Азияға, Орал мен Кавказға, ғылымға беймәлiм Орталық Азия мен полюстiк аймақтарға, т. б. ұйымдастырған экспедициялары дүниежүзіндегі география ғылымына теңдесi жоқ үлес қосты. Орыс география қоғамы географиямен қатар оған iргелес көптеген ғылым салалары: статистика, этнография, картография, биогеография, климатология, гидрология, көлтану, топырақтану, т.б. бойынша зерттеулер ұйымдастыруға ұйтқы болды.
1851 жылдан бастап Ресейдiң iрi қалаларында Орыс география қоғамының бөлiмшелерi құрыла бастады. Солардың iшiнде Орынбор, Батыс Сiбiр, Семей, Түркiстан бөлiмшелерi қазақ жерiне көптеген ғылым зерттеу экспедицияларын жабдықтап жiбердi. Бұл жұмысқа Кеңес өкiметi жылдарында Қазақ география қоғамы және оның Батыс Қазақстан бөлiмшесi қосылды.
Орыс география қоғамының төрағасы болып патша әулетi – ұлы князьдар белгiленген (1845–1892 ж. Константин Николаевич, 1892–1917 ж. Николай Михайлович). Бiрақ нақты басқару жұмысын вице-төраға, кейiн президент атқарып келдi. Вице-төраға қызметiне Ф. Литке, П. Семенов-Тян-Шанский, Ю. Шокальский, президенттiкке Л. С. Берг, Е. Павловский, С. В. Калесник, т. б. сайланды. Географиядан үздiк ғылыми жұмыстарға берiлетiн 4 алтын (үлкен медаль, Ф. Литке, П. Семенов-Тян-Шанский, Н. Пржевальский атындағы), бiрнеше күмiс, қола медальдар және сыйлықтар тағайындалған. Әр кезде Орыс география қоғамы мүшелiгiне қазақтан шыққан зерттеушi ғалымдар Ш. Ш. Уәлиханов, Ы. Алтынсарин, М.-С. Бабажанов, т. б. сайланды. Бабажанов этнография зерттеулерi үшiн қоғамның күмiс медалiмен марапатталды. Қазақтың тұңғыш географ-ғалымы Уәлиханов еңбектерiнiң алғашқы жинағын Орыс география қоғамы жинақтап, бастырып шығарды. Орыс география қоғамының түркістан бөлімі – ғылыми зерттеу мекемесі. 1896 ж. 20 мамырда ашылды. Бөлімнің алдына өлке ресурстарын зерттеу мақсаттары қойылды.
* 1899–1902 ж. Орыс география қоғамы Т. б-нің ұйымдастыруы бойынша, Л. С. Бергтің басшылығымен Арал экспедициясы жүргізілді. Экспедияция теңізді зерттеп, геолология және зоология материалдар жинады. Бұл материалдарды өңдеуге көрнекті ғалымдар тартылды.
1903–1904 ж. Балқаш экспедияция ұйымдастырылды. Осы экспед-лар деректерінің негізінде Берг географияның жаңа саласы – лимнологияны негіздеді.
1902–1904 ж. В. В. Сапожников Жетісуға саяхат жасап, Балқаш к-нен Ыстықкөл өңірі мен Жоңғар Алатауына дейінгі аумақты зерттеп шықты.
Ол Жетісуға өсімдіктер және жануарлар дүниесі бар жеке аудан ретінде толық сипаттама берді. 19 ғ-дың аяғы – 20 ғ-дың басында экспед. қызметі жоспарлы сипат алды, өз бағдарламалары болды, экспед-лар көбінесе аз зерттелген немесе зерттелмеген аудандарға жіберілді. Жиналған материалдар негізінде, Н. Н. Пантусов, Н. А. Зарудный, В. Ф. Ошанин, Г. Д. Романовский, А. П. Федченко, т. б. Оңтүстік Қазақстан мен Орта Азияның тарихы, әлеуметтік-экономикалық жағдайы жөнінде мақалалар жариялады.
8. Қазақстанды зерттеу қоғамының Орынбор, Қызылорда, Алматы бөлімшелері уақытындағы қызметін көрсетіңіз.
9. 1932 ж. Қазақстан өлкетанушыларының орталық бюросының құрылуын анықтап беріңіз.
10. 1930 ж. Алматыда өткен өлкетану конференциясын талдап беріңіз.
11. Орынбор (1831), Омбы (1878), Семей (1883), Жетісу (1898), Қостанай (1915 ж.) өлкетану музейлерінің құрылуының маңызын қалай түсінесіз.
12. Кеңес дәуірі кезеңіндегі жаңа музейлердің жұмысы: Орал (1920 ж.), Көкшетау (1920 ж.), Шымкент (1921 ж.), Ақмола (1923 ж.), Петропавл (1924 ж.).
13. Археологиялық экспедицияларды ұйымдастыру және зерттеудің әдіс-тәсілдері немен байланысты?
14. Тарихи өлкетану мен этнографияның байланысын талдаңыз.
15. Отандық көрнекті этнограф ғалымдардың зерттеулеріне баға беріңіз.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   39




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет