50.Мұражай, мұрағат, тарихи мәдени ескерткіштерді қорғау қоғамдарының тарихи өлкетануды оқытудағы рөлін анықтаңыз. Музей дегеніміз – ғылым мен тарих үшін қызығушылық тудыратын заттарды сақтайтын қойма іспетті. Атап айтқанда оның ішіне заттай коллекциялар: этнографиялық, тұрмыстық, археологиялық, нумизматикалық заттар және құжаттар, фото суреттер, сонымен қатар өнер туындылар жиынтығы кіреді. Олай болса, музейдің қойма болуы оның негізгі міндетін анықтайды, яғни тек тауып, жинап, экспонатқа қою ғана емес, оны сақтап, реставрациялау мүмкіндіктерімен де айналысады. Сондай-ақ музей – ұлттық құндылықтaрымызды сaқтaйтын, кейінгі ұрпaққa хaлқымыздың aсыл мұрaлaрын пaш ететін, ұлттың ұлылығын ұлықтaйтын ғылыми-мәдени ортaлық. Тәуелсіз елімізде та рихи-мәдени мұраны көздің қарашығындай сақтау мен оны дәріптеу бойынша әртүрлі профильдегі 200-ге жуық музей жұмыс жүргізеді. Болашақ музей мамандары еліміздің жоғары оқу орындарында «Музей ісі және ескерткіштерді қорғау» мамандығы бойынша дәріс алып, республикамыздың әр түрлі салалық (профильді) музейлерінде жемісті еңбек етуде. Жоғарғы кәсіби музейлік білім беру жүйесі Қазақстанда 1930-шы жыл дары басталғанымен, бұл процесс тек 1980-ші жылдары жолға қойылды. 1981 жылы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық уни верситетінің тарих факультетіне «Музейтану» арнайы курсы ен гізілді. Тарихи пәндерімен бірге музейтану пәнін қоса меңгерген мамандарға музейлерде жұмыс істеуге мүмкіндіктер ашылды. Музей мамандығы бойынша қызметкерлердің сандық көрсеткіші 1980 жылы 71,2 %-ды құраса, ал 1987 жылы 75,7 %-ның жоғары білімі болған. Бұл көрсеткіштен 1980-ші жылдардың басында республика музейлеріндегі қызметкерлердің негізгі бөлігінің жоғары білімі болғандығын аңғартады.
51.Қазақстандағы музейлердің құрылуы мен дамуы: жетістіктері мен қиындықтары. Қазақстанда 2000 жылдардың басында республикалық маңызы бар музейлер – 13, мекемелік музейлер – 5, облыстық музейлер – 25, қалалық музейлер – 31, аудандық музейлер – 47, қорық музейлер – 7 болған. Қазіргі қоғамдық өзгерістерге байланысты музейлерге сұраныс өсуде. Жаңадан ашылып жатқан музейлердің мазмұндық деңгейі мен құрылымдық жүйесі өзгеше. Оларға музейлендірілген ашық аспан аясындағы қорық-музейлер, экомузейлер, саяси қуғын-сүргін құрбандарына арналған музей лер, Президент музейі, қоғамдық немесе антропологиялық музей лер жатады. Ашық аспан аясында музейлендірілген Қ.А. Ясауи кесенесі және Тамғалы археологиялық петроглифтері Бүкіләлем дік Мәдени мұра тізіміне енді. Тәуелсіздік алғаннан бері елімізде жүріп жатқан күрделі, қарама-қайшылығы мол мәдени үрдістер қарқыны мәдени-ағарту мекемелері жүйесіндегі музейлердің жұмысынан айқын көрініс табуда. Бүгінгі таңда Қазақстанның шамамен 200-ден астам музейлерінің коллекциялар қорын 2,5 миллионнан астам заттай деректер құрайды. Қазақстандағы музей әлемі, музейге келушілерге беретін білі мі мен тәрбиесі және ағарту бағыты мен мәдениетті насихаттау жұмыстарын жүргізуде. Бүгінде Қазақстан музейлері әлемдік музейлер тәжірибесінен өткен, жалпыға тән музей қызметінің негізін басшылыққа алып жұмыс жүргізуде. Республикамыздың әрбір облысында жұмыс жүргізетін: облыстық, қалалық, аудан дық, мекемелік музейлер – қор, экспозиция, экскурсия және түрлі тақырыптарда көрме ұйымдастыру жұмыстарын жүргізіп келеді. Музейлер өздерінің бағыттарына сай қорлар жинақтап, зерттеп, оны экспозицияда көрсету жұмыстарын жан-жақты да мытумен бірге келушілерге мәдени-ағарту бағыттарында қыз мет көрсетеді. Қазақстан музейлерінің картасында музейлер республикалық, мекемелік, облыстық, қалалық, аудандық деп бөлінген. Осы аталған музейлер өз бағыттарына қарай ерек-
шеленеді. Мысалы, тарихи-өлкетану, мемориалдық, бейнелеу өнері, тарихи-мәдени қорық, әдеби, археология, этнография, музейлендірілген ашық аспан аясындағы қорық-музейлер, эко музейлер, саяси қуғын-сүргін құрбандарына арналған музейлер, Президенттік музей, қоғамдық немесе антропологиялық музей лер және т.б. XX ғасырдағы музей ісінің дамуы қоғамда болып жатқан өзгерістермен қатар жүрді. Қоғамда болып жатқан өзгерістер музей ісінің өзгеріп, жаңа сатыға көтерілуіне септігін тигізеді. Қазақстан музейлерінің даму тарихы әр өлкедегі, облыстағы музейлердің құрылуымен, қорларының жинақталуымен, ағарту, насихат жұмыстарының дамуымен бірге жүреді. Қазақ тарихын дағы заттай мәдениет туындыларының, қазақ жерінің жануарлар, өсімдіктер дүниесінің дамуы, жер беті мен қонауындағы кенбайлықтардың үлгілері алғашқы музейлер мен жеке өлкетану шылардың коллекцияларының негізін құраған болатын. Қазақстандағы алғашқы музейлердің пайда болуы сол кездегі сая си-әлеуметтік, экономикалық өзгерістерге байланысты болғаны белгілі. Арнаулы мақсаттарға негізделіп жұмыс жүргізген ста тистикалық комитеттер, ғылыми архивтік комиссиялар, жеке ға лымдар мен зерттеушілер, әр түрлі шенді зиялылар қазақ халқының материалдық және рухани туындыларын, археология, табиғат, жануарлар дүниесіне, этнографияға байланысты жәдігерлерді жинақтады. Кезінде музейлер қоры өлкетанушылардың жеке кол лекцияларының негізінде көбейіп, дамыған болатын. Оқу құралында Қазақстанда ХІХ–ХХ ғасырлардағы музей ісі мен оның қалыптасу тарихын, қоғамда болып жатқан өзгеріс терге байланысты музейлердің жаңа сатыға көтерілу мәселелері талданған. Қазақстанның облыстық тарихи өлкетану және қо рық музейлердегі қор, экспозиция, экскурсия және түрлі та қырыптарда көрме ұйымдастыру жұмыстарына сипаттама бе рілген. Сонымен қатар музейлерге келушілерге мәдени-ағарту бағыттарында көрсететін қызмет түрлеріне сараптама жасалған. Оқу құралында Қазақстанның тарихи музейлері пәнінің нысаны, оның міндеттері мен мақсатты ұстанымдары нақты қа-
растырылған. Сондай-ақ тарихи музейлердің әлеуметтік міндет тері көрсетіліп, республикалық маңызы бар музейлер тізімі бе рілген. Оқу құралы музей ісі және ескерткіштерді қорғау және тарих мамандығының студенттеріне арналған типтік оқу бағ дарламасына сай жазылды. Қазақстанда музейлердің қалыптасу мәселелерін қарастырып, зерделеуге назар аударылды. Музей экспозицияларында орналасқан әрбір тарихи мәдени мұраның астарында халықтың терең тарихы жатыр. Әлем ғалымдары ұлт тарихының көрмесі – музей деп атайтындығы да сондықтан болар. Қазақ халқының тарихи тамыры тереңде жатыр. Сонау сақ, үйсін, қаңлы тайпалар кезеңі мен түркі дәуірі, Қазақ хандығынан бастап үздіксіз жалғасып келе жатқан жетістіктер мен тарихи-мәдени құндылықтар бүгінгі ұрпаққа мирас етілген бай мұра. Бай мұраларды Қазақстан музейлері тауып, бағалап, ғылыми сұрыптаудан өткізіп, өз экспозицияларына қою арқылы халқымыздың тарихы мен мәдениетін күллі әлемге танытуда. Сондықтан да бүгінгі музейлер қоғамның даму кезеңдерін ай қындап әрі тарихи үдерістерін құжаттаушы, мәдениетті, ұлттық бірегейлікті сақтаушы бірден-бір мекеме.