46.Тәуелсіз Қазақстанның өлкетанушылық жұмыстарының ерекшеліктері: қиындықтар, мәселелер, тотаритарлық жүйенің зардаптары.
Егемендікке кол жеткізген уақыттан бастап туған өлкеге, туган жердің тарихын окытуға ерекше назар аударылды, себебі өз өлкесінің тарихын білмей ұлтжанды ұрпак қалыптаспайды. Бұған нақты дәлелдер де жетерлік, мысалы, 1994 жылы 26 тамыздағы гуманитарлық білім беру тұжырымдамасына, 1995 жылы 30 маусымда кабылданған тарихи сананы калыптастыру тұжырымдамасына, 1996 жылғы 15 шілдедегі этникалық-мәдени білім тұжырымдамасына, сондай-ақ Қазақстан Республикасының азаматтарына патриоттық тэрбие берудің мемлекеттік багдарламаларында өлкетану жұмыстарының тәрбиелік мүмкіндіктері мен маңыздылығына ерекше мэн берген. Жаңа білім беру жүйесіне көшу рухани бай, денсаулығы мыкты, туған елін, жерін сүйетін, қадірлейтін оқушыны тэрбиелеуді ұсынады. Бүгінгі таңдағы білім берудегі басты мақсат жас ұрпақтың білім деңгейін көтеру жэне жан-жақты дамыған, білімді, сауатты, өмір сүруге бейім, белсенді, кабілетті жеке тұлға калыптастыру болып табылады. Бұдан шығатын түйіткілді мәселе, жаңа қоғамда тарихшы маманның іШкі жан дүниесі де жаңаша болмақ, демек, болашақ ұрпактан да үлкен үміт күтіледі. Осы мәселелерді негізге ала отырып, соңғы уақыттағы жоғары оку орындарындағы өлкетану жүмыстарының жай-күйіне талдау жасай кетсек, еліміздегі 2004 жылғы «Мэдени мүра» мемлекеттік бағдарламасын жэне іс-шараларын жүзеге асыру максатында жэне Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә. Назарбаевтың «Қазақстанның элеуметтік жаңгыртылуы: Жалпыға Ортақ Еңбек қоғамына карай 20 қадам» атты Жолдауының негізінде көптеген жоғары оқу орындарының іс-тэжірибелері мен оку-тэрбие үдерісінде өлкетану жүмыстарының жандана бастағанын көреміз.
47.Жаңа бағытпен даму кезеңіндегі өлкетану жұмыстарына жаңа көзқарас жасаңыз. Елбасымыздың Қазақстан халқына арналған дәстүрлі жыл сайынғы Жолдауларында халықтың әл-ауқатын көтеру, ел экономикасын дамыту, ішкі-сыртқы байланысты тұрақтандыру, халық шаруашылығын дамыту, туризм саласын өркендету т.т. күрделі мәселелерді күн тәртібінен түсірген емес. Соның ішінде өлке тарихын танып білу, өлкенің географиялық ерекшелігін ажырату, тономикалық атаулардың анықтамасын жасау, өлкетану аспектілерін нақтылау секілді толып жатқан құндылықтардың мән-мағынасын ашу бұл саладағы кемшін түсіп жатқан жағдайымыздан хабар беретін ақиқат шындық.Осы мақсатта ұсынылып отырған оқу құралы «Туризм» мамандығының білім алушыларына, туризм саласы кәсіпорындарының мамандары мен жетекшілеріне арналған.Кітапта өлкетану технологиясы мен функциясы, принциптері айқындалады. Сонымен қоса, бақылау сұрақтары беріліп, әртүрлі тақырыпшалар мен өлкетанудың тарихына шолу жасалынған. Отандық және шетелдік мамандардың еңбектеріне де сілтеме берілген.
Қазақстанның өлкетануына үлкен үлес қосқан қазақтың ағартушы ғалымы Ш.Уалихановтыңда еңбегі зор. Шоқан Шыңғысұлы Уәлихановтың (біздің отандық ғылымға сіңірген еңбегі зор) жасаған еңбегі XIX ғасырда өз бағасын алған. Профессор Н.И. Веселовский “шығыстану аспанында Шоқан Шыңғысұлы Уәлиханов аққан жұлдыздай жарқ етті; орыстың ориенталистері (шығыстың тілімен мәдениетін зерттеуші ғалым) бірден мойындап, оны ерекше адам деп бағалады” – деді. Орыстың саяхатшы ғалымы Семенов – Тянь – Шаньский “ұлттық шеттен шыққан ағартушылардың бірі”. Азияны зерттеуші Е.Г. Потанин “Қазақтардың арасында Шоқанға тең келетін адам жоқ” – деп жазды. Уәлихановтың туыстары “данышпан”, “таза да әділ дара тұлға” деп атады.Президенттің “Қазақстан - 2030” атты халыққа Жолдауында атап өтілгендей шаруашылық менеджменттерінің нарықтық экономикадағы нашар жұмысы, олардың дайындығының нашар екенін көрсетті. Сондықтан туризм менеджментін жақсарту үшін жаңа бағдарламалар жасап, тиімді жолдар іздеу қажет. Менеджердің шеберлігіне байланысты жұмысты өз дәрежесінде жүргізуге болады. Менеджердің жұмысы көптеген адамдардың тағдырына ғана емес, елдің қоғамдық экономикалық дамуына да әсер етуі мүмкін.