74. ХҮІІІ ғасырдағы орыс зерт. тарихи-өлкетанулық деректері. Тарихи өлкетану XVIII ғасырдан бастап жеке ғылым ретінде қалыптасқан. Орыс патшасы І Петр 1713 жылы қаулы шығарып, қандай да болмасын тарихи құндылығы бар заттарды мемлекетке тапсыру керек деп шешкен. Сонымен қатар олардың қай жерде, қандай жағдайда табылғандығын жазып алу міндеттелген.
Қазақстанның Ресейге қосылу кезеңдегі өлкетанулық зерттеулерінің дамуы (ХVІІІ ғас.ІІ ширегі -ХІХ ғас. ортасы.): М.Тевкелев, И.К.Кирилов, В.И.Татищев, Г.Ф.Миллер еңбектеріндегі қазақ этнографиясы мәселелерін саралау.
1731жылы қазақ ауылдарынан патша үкіметі қазақтардан ант қабылдау үшін Мамет немесе Мұртаза (орысша Алексей Иванович Тевкелевті) жіберді. Тевкелев білімді адам болған, ол император кеңсесінде бағдарланушы тілдер аудармашысы болған. Оны Петр І-ші біліп аса құрметтеген. Ол қазақ ауылдарында 1,5 жылдай болған.
Қазақстаннын революцияға дейінгі Ресейде жағрафиялық зерттелуін негізгі үш кезеңге бөлуге болады.
Біріншісі - ежелгі кезеңнен 1730 жылға дейін. Бұл уақыт - орыс мемлекетіндегі әр түрлі сипаттағы қазақ елі туралы мәліметтердің жинақталу кезеңі.
Екінші кезең - 1730 жылы Кіші жүздің Ресей империясының құрамына кіруінен бастап - XIX ғ. 60 жж. Қазақ жерін толық жаулап алғанға дейінгі кезең. Бұл уақыт аралыгында қазақ елін толық озіне бағындырып алу үшін Ресей үкіметі бүл өңірді табиғи-жағрафиялык тұрғыдан жан-жақты зерттей бастады.
Үшінші кезеңде - XIX ғ. 60 жж. қазақ жерлері Ресейге толық қосылып, оның Ресей империясының ішкі отарына айналғаныннан кейін 1917 ж. дейін, жалпы бүткіл Қазақстанды және оның жекелеген аудандарын зерттеуге зор мүмкіншіліктер ашылды. (ОГҚ) құрылуы - 1845
75. ХІХ ғасырдағы орыс зерт. тарихи-өлкетанулық деректері. Қазан төңкерісіне дейін 19 ғасырдада Қазақстанның ғылыми-танымдық Өлкетануында Орыс география қоғамының 1868 жылы құрылған Орынбор бөлімшесі жетекші орын алды. Бөлімше өлкенің географиясын, тарихын, этнографиясын, қазба байлықтарын және статистикасын зерттеумен айналысты. Бұл бөлімшемен қатар Торғай статистика комитеті мен Орынбор ғылыми архив комиссиясы (1887) ашылды. Бұл өлкеде атқарылған жұмыстарға Ы.Алтынсарин, С.Бабажанов, Б.Дауылбаев, Т.Сейдалин, С.Жантөрин, т.б. өз үлестерін қосты. Өлкетанудың тағы бір орталығы Орал қалысы болды. Онда Орал казактарының тарихы мен шаруашылығына, балық аулау кәсібі мен шаруалардың қоныстану мәселесіне көбірек көңіл бөлінді. Омбы қаласында жергілікті жерді зерттеушілер Ақмола статистика комитетінің жанындағы география қоғамның бөлімшесіне бірікті. Батыс Сібір Өлкетану қоғамдарына қазақтардан Ш.Уәлиханов, Ә.Бөкейханов, т.б. белсене қатысты. 19 ғасырдың аяғында Батыс Сібір география қоғамы бөлімінде саяси жер аударылғандар көп болды. Солтүстік Қазақстанды зерттеуде Өлкетану қоғамдары өлкенің тарихы, экономикасы, табиғи жағдайлары жөнінде едәуір материалдар жинап, жариялады. Өлкетанушылар этнография, жергілікті өсімдіктер және жануарлар дүниесі, минерология бойынша бай экспонаттар жинақталған жергілікті мұражай құрды. Бұл Қазақстанда ғана емес, бүкіл Сібірге де мәлім мұражайлардың бірі болатын. Жетісу мен Оңтүстік Қазақстан өңірін зерттеумен 1896 жылы Ташкент қаласында ұйымдастырылған Ресей география қоғамының Түркістан бөлімшесі, сондай-ақ ауыл шаруашылық қоғамы, Шығыс археологиясы мен тарихы үйірмесі белсенді айналысты. Қоғамдарда Е.Букин, Н.Жетпісбаев, Ә.Диваев, Қ.Қостанаев зерттеулер жүргізді.
Жетісуға П.П. Семенов-Тян-Шанский, кейініректе А.Н. Краснов, А.Ф. Голубев, М.И. Венюков экспедициялық сапарлар жасады. Сонымен қатар 1896 жылдан жұмыс істей бастаған “Дала облыстарын зерттеу жөніндегі экспедиция” Ресейдің ішкі губернияларынан келетін шаруаларды қоныстандыру үшін өлкенің барлық уездерін табиғи-тарихи және шаруашылық-статистикалық жағынан зерттеуге баса көңіл бөлді. Ғылыми-танымдық материалдардың қорын жасауда, оларды жарыққа шығаруда облысы статистика комитеттері үлкен рөл атқарды.
Қазақстанды басқару саласындағы әкімшілдік реформаларға байланысты 1886 жылы статистика комитеті “Қазақтардың заңдық ғұрыптарын зерттеуге арналған материалдарды” басып шығарды. Кеңес үкіметі орнағаннан кейін Қазақстанда Өлкетанудың тұрақты ғылым мекемелері мен ғылыми-зерттеу интернаттары, қорықтар ұйымдастырылды. Өлкетану бойынша Қазақстанды зерттеу қоғамы аясында және Кеңес өкіметінің Қызыл керуен, Қызыл отау шараларының негізінде көптеген жұмыстар атқарылды. Бұл кезеңде негізінен Қазақстанның табиғи ресурстарын игеру, шикізаттың жаңа көздерін ашу, индустрияландыру, елдің бет-бейнесін түбірінен өзгерту, кеңестік шаруашылықтар мен мәдени құрылыс бағдарламасын іске асыру мақсатында ғылыми-зерттеу жұмыстары жүргізілді.