72. Ескерткіштердің зерттелуіндегі палеографияның орны. Палеография бастапқыда тек қағаз, папирус және пергамент сияқты жұмсақ материалды тіректерде жазылған ежелгі жазбаларды зерттеу деп анықталды. Осылайша, ол мрамор, қола немесе басқалары сияқты қатты жазба материалдарындағы жазбаларды қарастыратын эпиграфияға қарсы болды. Алайда палеография барлық графикалық формаларды қамтитын дамыды.
Палеография дегеніміз жазба түп деректердің сыртқы жағын, соның ішінде графиканы, бұлар жазылған материалды, қағаз бетіндегі судағы белгілерді, қолжазбалардың форматы мен безендірілуін зерттейтін қосалқы тарихи пән. Палеографияны білу қолжазбаны дұрыс оқып шығуға, оның пайда болған уақыты мен орнын, автордың аты-жөнін, оның дұрыстығын немесе жалғандығын, текст тарихын т. б. анықтауға көмектеседі.
Ғылыми пән ретінде палеография XVIII ғасырдың бірінші жартысында Францияда пайда болды, бірақ бұған дейін көп ғасыр бұрын-ақ бірқатар елдерде палеографиялық талдау тәсілдері практикалық мақсаттарда қолданылып келді. Мәселен, Россиядағы сот процестерінде XV ғасырда-ақ палеография көмегімен актылар мен грамоталардың жалғандығы талай рет дәлелденді. XVIII ғасырдың басында ескі ғұрыптағы ағалы-інілі Денисовтардың православие шіркеуі жасап шығарған өңі бұрмаланған екі документті әшкерелеуі палеографиялық талдаудың үлгісі бола алады.
Көне түркі жазулары (Орхон-Енесей жазулары) — б.з. V ғ. — б.з. Xғғ аралығындағы түркі тайпаларының тасқа қашап жазған жазбалары. Азиялық түркі руналары соғды жазуының негізінде VIII ғ. бұрын жасалған деп есептеледі. Оның әліпбиінде 40-қа жуық графема бар. Көне түркі руника жазуы жұмбағын 1893 жылы В. Томсен шешкен. Орхон ескерткіштерінің тұңғыш тәржімаларын 1894 жылы В.В. Радлов жасаған
73.Тарихи жер-су атаулары, өзгеріске түсу кезеңдері. Топонимика — ономастиканың жер-су, елді мекен атауларының шығуы мен пайда болуын (этимологиясын), мағынасын, құрылымының дамуын, таралу аймағын, қазіргі жағдайын, грамматикалық, фонетикалық пішінін, жазылуы мен екінші бір тілде берілуін зерттейтін құрамдас бөлігі.
Географиялық атауларға ғылыми географиялық ақпараттың маңызды көзі ретіндегі қызығушылық Ресейде XVIII ғасырда пайда бола бастады. Топонимдік бағыттағы зерттеудің негізін қалаушы, топонимияны географияның элементі ретінде қарастырған тарихшы және географ - В.Н. Татишев. Топонимикалық деректер географиялық зерттеулерде XIX ғасырда кеңінен қолданылды. Ең алдымен, Н.А. Надеждиннің «Ресей әлемінің тарихи географиясының тәжірибесі» (1837) топонимикалық материалға негізделген жұмысын айтап өткен жөн. Автор топонимикалық жоспарды тарихи-географиялық зерттеуде картографиялық әдісті қолдану қажеттілігі мәселесін көтереді. Ол сондай-ақ кейіннен қанатты болып кеткен: «Топонимика - бұл Жердің тілі» дәйексөзінің авторы.
Мал шаруашылығын қалыптастырып дамытуда табиғи су көздерін тауып, оларды пайдалану маңызды болған, олардың атауларында судың сапасы, тереңдігі, таяздығы т.б. суға қатысты ақпарат сақталады. Мысалы, Суықбастау, Қотырбұлақ, Жалақсу, Күмісбұлақ, Айнакөл, Алакөл, Байбұлақ, Ащысу, Бестоған, Қаратоған, Күбіқұдық, Қосқұдық, Тасқұдық, Қасқабұлақ.
Географиялық нысан мазмұнында аймақтық белгінің мол екенін танытатын ақпарат болады: Бүркітті, Бұлақты, Доланалы, Ерменсай, Жыланды, Жыңғылды, Биесыймас (қамыстың қалыңдығы)
Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің бастамасымен ағымдағы жылы тарихи диахрондық әдіс арқылы ономастикалық атауларды жүйелеу жұмыстарын жүргізу үшін ғылыми-зерттеу жұмыстары қолға алынды.
Өз заманында бес бірдей хандықтың ордасы тігілген Шу өңіріндегі Қозыбасы биігі де, Жамбыл тауы, Хантау, Хан қорасы, Хан тағы нысандары да тарихы терең Шу өзенінің шығыс жағында жатыр. Сөз реті келіп тұрғанда айта кетелік, кейбір тарихшылар жазып жүргендей Қозыбасының тау емес, тепсеңдеу жерде жатқан биік екендігін және ол биік пен қатарлас жатқан, жоғарыда біз атап өткен мекендердің бәрі де, Шу өзенінің шығыс қапталында жатқандығын ескерте кетуіміз керек.
Шамамен XIX ғасырдың екінші жартысынан бастап, Ұлы Дала елді мекендері мен жер-су атаулары күрт өзгере бастады. Алексеевка, Петровка, Орск, Омск, Алма-Ата, Кантемировка, Бурное, Луговое атауларының анталаған, Петропавловск, Семипалатинск, Павлодар қалаларының бой көтерген тұсын айтып отырмын. Ежелгі Ор өзені, оның жағасынан орын тепкен Ор бекінісі, Алматы шаһары, Медеу жайлауы атауларының жұрнағы ғана қалып, Құлан, Жуалы қыстағы атаулары, Қызылжар, Бурабай топонимдері мүлдем басқа түрге еніп шыға келді. Осы атаулар алмасуының дендеп енуімен дәстүрлі әдеби тіліміздің ұстанымдарына да, оның ежелден қалыптасқан нормаларына да әжептәуір өзгерістер ене бастады. Яғни жер-су атауларының дыбысталуы, сөз екпіні, сөз ырғақтары, былайда байқала бермейтін ерекшеліктердің ықпалымен, бірте-бірте құбыла берді.