1 зертханалық-ТӘжірибелік сабақтарды өткізуге арналған жалпы нұСҚаулар

бет33/37
Дата06.04.2023
өлшемі1,58 Mb.
#80078
түріСабақ
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   37
Байланысты:
лаборатория

10.2 Ішектегі ас қорыту. Сіңіру

Сіңіру – бұл физиологиялық құбылыс, әртүрлі заттардың қанға немесе лимфаға биологиялық мембрана арқылы өтуі. Асқорыту өзегінде тағамдардың ыдырау өнімдері су ерітіндісі түрінде ащы ішектің кілегей қабатының эпителий жасушалары арқылы қанға және лимфаға сіңеді. Тағам заттарының сіңіру жылдамдығы тірі мембрананың қасиеттеріне, осмостық қысымына және оның табиғатына байланысты. Биологиялық мембраналардың бір бағытқа өткізгіш ерекшеліктері бар (сурет).

Дайындалуға арналған сұрақтар
1. Сіңіру дегеніміз не?
2. Ас қорыту жүйесінің қай бөліктерінде сіңіру өтеді?
3. Ішектегі ас қорыту қандай сөл арқылы өтеді?
4. Ішектің қабырғаларындағы ас қорытудың маңызы?
5. Ұйқы безі сөлінің құрылысы және бөліну кезеңдері?
6. Өт сөлінің ас қорытудағы маңызы?
7. Ішек сөлінің пайда болуы, механизмі және кезеңдері?
8. Сіңіру құбылысы (диффузия, осмос, сүзу)?
Сабақтың мақсаты:
1) бақаның терісінде мембрананың өткізгіштігін анықтау;
2) өт сөлінің ас қорытудағы маңызын анықтау.
1 зертханалық жұмыс. Бақа терісінің бір бағытта өткізетіндігін анықтау

Сіңірілу кезінде кейбір заттардың біржақты сіңірілуі ішек түктерінің эпителилері арқылы өтеді. Мұндай құбылыстар басқа мүшелердің қызметінде де байқалады, мысалы бүйрек өзегінің кейбір бөліктері, бақаның тері жабыны. Сонымен қатар әр жасушаның қабығы таңдап біржақты сіңіреді.
Бұл құбылыстардың барлығы, соның ішінде ішек қабығы арқылы сіңіру де жасушааралық алмасу процесінің қатысуымен жүреді. Егер ішектің шырышты қабатындағы бұл процестер бұзылса (мысалы тінді 0 градусқа дейін мұздатса немесе фторлы натримен уласа), алдында байқалған таңдау және заттардың тін арқылы біржақтылық өткізгіштік қасиеті жойылып кетеді. Жансызданған түкше (ворсинки) эпителиінің қызметі физикалық заңға бағынады, су және еріген заттар өлі, жартылай сіңіргіш мембрана арқылы өтеді.
Бұл жұмыс кейбір заттардың тірі эпителдиальды ұлпа арқылы біржақты өтуін бақылауға мүмкіндік береді.
Жұмысқа қажетті құрал-жабдықтар: 4 стакан; 4 шыны таяқша; әрқайсысында екіден қысқышы бар 2 штатив; бақаға арналған физиологиялық ерітінді; 0,6 %-тік NaCl ерітіндісі; 1 %-тік метилен көгі ерітінідісі; спирт-ректификат; кесуге арналған құралдар; жіптер; шыныға жазатын қарындаш; екі бақа.
Жұмыстың барысы: екі бақаның да бас миы мен жұлындарын зақымдап, артқы аяқтарының терісін сыпырамыз. Терінің екеуін теріс аударып, екеуін дұрыс қалпына келтіріп төрт қапшық дайындаймыз. Бір теріс аударылған, бір оң теріні тканін өлтіру үшін күшті спиртке саламыз. Барлық қапшықтарға метилен көгінің 1 %-тік ерітіндісін толтырып, оларға шыны түтікшені байлаймыз, барлық түтікшедегі ерітінді мөлшері бірдей болуы керек. Түтікшедегі сұйықтың мөлшерін шыныға жазатын қарындашпен белгілейміз. Түтікшелерді штативке бекітіп, әрбір қапшықтың астына физиологиялық ерітінді құйылған стакан қоямыз.
Біраз уақыт өткен соң түтікшелердегі сұйықтың көлемінің өзгеруіне және физиологиялық ерітіндінің бояуына қарап бояудың қай бағыттан (қапшықтың ішінен немесе сырттан) шығатынын анықтаймыз.
Бақылай отырып, тірі теріден жасалған қапшықтың біржақты өткізгіштігі сақталатынын, ал спиртпен өңделген теріде сақталмайтынын көре аламыз.

2 зертханалық жұмыс. Өт сөлінің ас қорытудағы маңызы

Жұмысқа қажетті құрал-жабдықтар: өт сұйығы, өсімдік майы, су, пробиркалар, фильтрлер, оймыш.
Жұмыстың барысы: фильтрді оймышқа салып, жақсылап суландыру керек. Біреуін өтпен, басқасын сумен. Оймыштарды пробиркаларға салып, май тамызып, сүзу пайда болуын байқайды. 3-ші пробиркаға өт сөлін және 1 мл май мен суды қосып, тұрақты эмульсия пайда болғанға дейін сұйықты араластыру қажет.
Тәжірибе нәтижелерін келесі кесте бойынша құрастыру керек (кесте).

3 зертханалық жұмыс. Май шарларын микроскоп арқылы байқау

2 тамшы май алып, 1 тамшыны сумен, басқасын өт сөлімен араластырып, шыны түтікшеге тамызып, жапқыш шынымен жауып, микроскоп арқылы зерттелінеді. Зерттелген тамшыда әр түрлі май шарлары анықталынады.
Шығармашылық тапсырмалар:
1) бақа терісінің тірі және өлген мембранасының өткізгіштігін анықтап, қорытынды шығару;
2) өт сөлінің ас қорытуға әсерін анықтау;
3) май шарларды микроскоп арқылы анықтап, суретін салу.
Студенттердің өздік жұмысы (СӨЖ ) тақырыптары:
1) ішектегі ас қорыту, сініру;
2) азық қабылданудың физиологиялық негізі. Аштық пен тоқтық сусау мен сусындау механизмі;
3) құстарының ас қорыту ерекшеліктері;
4) қандай түрлерде майлар, углеводтар, белоктар қанға және лимфаға сіңіріледі;
5) азықтың организмнің ішкі ортасына сіңірілуіндегі ішек қабырғаларының маңызы;
6) қабырғаларда қорытылу дегеніміз не.
Ас қорыту тарауы бойынша коллоквиум сұрақтары
1. Қорытылу дегеніміз не?
2. Қорытылу қандай кезеңдерден тұрады?
3. Сілекейдің құрамы және қасиеттері.
4. Сілекей бөлінуінің реттелуі.
5. Қарындардың классификациясы.
6. Қарын сөлінің қасиеттері және құрамы.
7. Тұз қышқылы, кілегей, ферменттердің саңызы.
8. Қарын сөлінің бөліну кезеңдері
9.Таз қарындағы микроорганизмдердің түрлері және қорыту маңызы
10. Ішектегі қорытудың түрлері.
11. Қорыту сөлдерінің құрамы және қасиеттері
12. Өт сөлінің ас қорытудағы маңызы
13. Қорытылу сөлдерінің кезеңдері және пайда болу механизмі
14. Сіңірілу дегеніміз не? Сіңірілу механизмі.
15. Заттар және қуат алмасудың биологиялық маңызы.
16. Негізгі алмасу деген не? Оны анықтайтын нұсқаулар.
17. Жалпы және қоректік алмасу деген не?

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   37

©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет