1 зертханалық-ТӘжірибелік сабақтарды өткізуге арналған жалпы нұСҚаулар



бет31/37
Дата06.04.2023
өлшемі1,58 Mb.
#80078
түріСабақ
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   37
Байланысты:
лаборатория

10 АС ҚОРЫТУ ФИЗИОЛОГИЯСЫ


10.1 Ауыз қуысындағы астың қорытылуы


Адам сілекейінің құрамында көмірсулараға әсер ететін екі фермент бар: птиалин, мальтоза дисахаридына дейін ыдырататын крахмал, мальтазаны глюкоза моносахаридына дейін ыдырататын мальтаза. Сілекей ферменттері белгілі температурада ғана белсенді (37–40 0C), көмірсуларды әлсіз сілтілі ортада ыдыратады. Птиалин әсіресе пісірілген крахмалда жақсы әсер етеді.
Сілекей үш жұп бездің секреті болып табылады: тіл асты, жақ асты, құлақ маңы және ұрттық және тілдің кілегейлі қабатында орналасқан ұсақ сілекей бездері.

Сілекей безінің химиялық құрамын, қызметін оқу үшін И. П. Павлов пен Глинский ашқан әдісті қолданады: сілекей бездерінің өзегіне (созылмалы) фистула қою арқылы жүргізіледі (тұрақты әрі ұзаққа қойылған фистула) (сурет).
Дайындалуға арналған сұрақтар
1. Қандай органикалық заттарды білесіңдер?
2. Ас қорыту дегеніміз не?
3. Қорытылу қандай кезеңдерден тұрады?
4. Сілекейдің құрамы мен құрылысы?
5. Сілекей бездерінің табиғаты?
6. Қандай ас қорыту ферменттері сілекейдің құрамында болады және қандай азық заттарға әсер етеді?
7. Муцин және оның химиялық табиғаты мен маңызы?
8. Сілекейдің шартсыз рефлексі – бөліну механизмі қалай іске асады?
Сабақтың мақсаты:
1) сілекей құрамындағы амилонитикалық ферменттердің бар екендігін анықтау;
2) ферменттердің белсенділігін анықтау.
1 Зертханалық жұмыс. Ферменттердің крахмалға әсері

Жұмысқа қажетті құрал-жабдықтар мен реактивтер: қайнатылған крахмалдың 1 % ертіндісін, дымқыл крахмалдың 1 % ертінідісі, спиртовка, қырлы сикатор, приборлы штатив, өлшегіш пипеткалар, люголя ертінідісі, сүзгіш қағаз.
Жұмыстың барысы: ферменттердің әсерін анықтау үшін крахмал сілекейі, адамның сілекейі қолданылады. Сілекей ауыз қуысын 20 мл дистилденген сумен 1–2 минут шаю арқылы алынады. Жиналған сұйықты сүзеді. Нөмірленген 6 пробирканы келесі әдіспен тәжірибеге дайындайды (кесте).

Тәжірибе соңында әрбір пробиркаға 2 тамшы люголя ерітіндісін тамызамыз. Қорытындыны кестеге түсіріп, жалпы түсінік жазыңыздар.
Шығармашылық тапсырмалар:
1) қандай жағдайда бұл ферменттер белсенді болады.
Студенттердің өздік жұмысы (СӨЖ ) тақырыптары
1) шартсыз сілекей бөлетін рефлекс қалай жүзеге асады;
2) ас әрекетіне және қабылдамайтын (отвергаемые существа) заттар әрекетіне жауап ретінде бөлінетін сілекейдің физиологиялық ролі қандай;
3) сілекей ферменттерінің әрекеті үшін қандай жағдайлар қажетті.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   37




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет