Бүйрек, тер бездері, өкпе, асқазан және ішек қызметтері арқылы ағзадан метаболизм өнімдерін сыртқа шығарып тастау - бөлу деп аталады. Ағзадан су, ақуыз алмасуының соңғы өнімдері (мочевина-ағзадағы белоктың уытталып денеге сіңгеннен қалған заттары, несеп қышқылы,креатинин, т. б.), майлар мен көмірсулардың (сүт, β – оксимайқышқылы, ацетосіркеқышқылы, ацетон, т. б.) жартылай қышқылданған өнімдері, ағзаға түскен бөгде заттар бөлініп шығады.
Бүйрек бөлу процесінде өте маңызды роль атқарады. Сүзу, реабсорбция, заттардын айналуы және секреция процестерінің нәтижесінде ол ішкі ортаның химиялық құрамы мен физико-химиялық қасиетінің тұрақтылығын – гомеостаз – сақтайды. Бүйректе зәр түзіледі. Зәрдің көлемі мен құрамына қарап бүйректің қызметін бағалуға болады. Дені сау жануар бір тәулікте белгілі бір көлемде зәр бөліп шығарады: адам 1–2 литр, сиыр 6–20 литр, қой 1–2 литр, жылқы 5–10 литр, шошқа 2–5 литр, ит 0.5–2,0 литр, мысық 0,05–0,2 литр (сурет).
Дайындалуға арналған сұрақтар
1. Бөлу мүшелеріне не жатады және олар арқылы қандай заттар бөлініп шығады?
2. Несеп түзілу процесі қандай екі фазадан құралады?
3. Қанға мочевина және хлорлы натридің гипертониялық ерітіндісін енгізгенде диурездің өсуін қалай түсіндіруге болады?
4. Гипофиздің антидиуретикалық гормонының диурезге әсері қандай?
5. Диурезге жүйке жүйесі қалай әсер етеді?
6. Осмотикалық диурез деген не?
7. Тер бөлудің жүйкелік-гуморальдық механизмі?
8. Тер бөлуіне әсер ететін сыртқы факторлар және оның механизмі?
Сабақтың мақсаты: несептің сыбағалы салмағын анықтау, ақ тышқанның диурезін (зәр бөлудің күшеюі) зерттеу.
Жұмысқа қажетті құрал-жабдықтар: ақ тышқандар, әр түрлі малдардың несебі, урометр (несептің сыбағалы салмағын анықтайтын құрал), колбалар, стакандар, штатив, 3 пробирка, 3 шыны оймыш, 1 мл-лік 3 шприц, иньекциялық инелер, 40 %-тік мочевина ерітіндісі, физиологиялық ерітінді.
1 зертханалық жұмыс. Несептің меншікті салмағын анықтау
Жұмыс барысы: несепті цилиндрге құяды, температурасын анықтайды және урометрді жайлап, ыдыстың қабырғасына тигізбей, несепке батырады. Несептің төменгі менискісі бойынша көресткішті белгілейді, ол 15 ºС температурадағы зәрдің сыбағалы салмағына тең. Егер несептің температурасы 15 ºС-тен төмен болса, онда онда әрбір 3 ºС-ға 0,001-ді алып тастайды, ал керісінше несептің температурасы 15 ºС-ден жоғары болса, онда әрбір 3 ºС-ға 0,001-ден қосады.
Достарыңызбен бөлісу: |