10 сынып, жаңа бағдарлама -тараз,125, Асель, Гарвард сениор Сұрақтар + контекст


Геоэкономиканың мақсаты міндеттері



бет4/11
Дата28.11.2023
өлшемі359,56 Kb.
#131097
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Байланысты:
Асель 10 сынып кітап

IV. Бөлім. Геоэкономика
Геоэкономиканың мақсаты міндеттері

  1. Геоэкономика мақсаты – ғаламдық экономикалық кеңістіктегі үдерістер мен құбылыстарды, даму тенденцияларын талдап, болжамдар жасау

  2. Геоэкономиканың зерттеу салалары – географиялық жағдайлар, экономикалық қуаттылық, бәсекеге қабілеттілік, саясат пен экономика

  3. Геоэкономика міндеттері – ғаламдық әлемді танып білу, экон қатынастар жүйесін талдау, тб

Геоэкономиканың негізгі категориялары

  1. Геоэкономиканың түсініктер жүйесі – нысандық, кеңістіктік, көрсеткіштік, үдерістік

  2. Нарық жағдаяты – сұраныс пен ұсыныстың арақатынасы

  3. Ресей ғалымы Мироненконың айтуынша, экономикалық өрлеудің қарқынын, халықтың еңбекпен қамтылуы мен нақты табыс мөлшерін арттыруға қабілетті елді – бәсекеге қабілетті ел деп атауға болады

  4. Геоэкономика құрамында : теориялық, қолданбалы бағыттар болып бөлінеді

  5. Арнайы экономикалық зоналар – отандық, шетелдік инвесторлардың қаржылық экономикалық қызметіне неғұрлым қолайлы жағдай жасалған аумақтар

Географиялық кеңістіктің рөлі

  1. Әлемнің экономикалық кеңістік моделін жасаған – Имманули Валлерстайн

  2. Валлерстайн әлемдік экономикалық кеңістікті 3 бөлікке бөледі:

  1. Ғаламдық орталықтар (әлемдік ядролар)

  2. Жапсарлас өтпелі аймақтар (жартылай периферия)

  3. Шет аймақтар (периферия)



  1. Ғаламдық орталықтар – АҚШ, Еуропалық Одақ, Жапония. Олар интеллектуалды, ғылыми-техникалық орталықтар қызметін атқарады

  2. Географиялық кеңістікке анықтама берген – Алаев

  3. Географиялық кеңістік – белгілі бір аумақта орналасқан және уақыт ішінде дамитын географиялық нысандардың қарым қатынастары жиынтығы

  4. Эмиссия – франц. Шығарылым

  5. Эмиссия – айналымға жаңа ақшаларды шығару арқылы ақша массасын ұлғайту

  6. АҚШ федералық қор жүйесі долларды америкалық қазына арқылы эмиссия жасайды

  7. Жапония иенасы Оңтүстік –Шығыс Азия елдері үшін басты эмиссиялық валюта болып табылады

  8. Еуро әлемдік валюта деңгейіне шықты

  9. Жартылай периферия н\е өтпелі аймақтар – Балқан түбегі елдері, тПортугалия, Ирландия, Оңт-Шығыс Азия елдері, ТМД елдері

  10. Периферия – Азия, Латын Америкасы, Африка, Мұхит аралдары елдері (артта қалған)

Шаруашылық салаларын орналастырудағы аумақтық факторлар

  1. Шаруашылық салаларын орналастыру 2 ге бөлінеді – байырғы (дәстүрлі), заманауи

  2. Дәстүрлі факторлар – аумақтық, көлік, еңбек, тұтынушы

  3. Аумақтық факторлар – табиғи ресурстық, ЭГЖ, аумақтық шоғырлану

  4. Заманауи факторлар – ғылым, экологиялық

  5. Мемлекет аумағы үлкен болуындағы жақсы жағы – үлкен болған сайын алуан түрлі табиғат ресурстарына бай келеді, өндірісті орналастыру мүмкіндіктері соғұрлым көп болады

  6. Мемлекет аумағы үлкен болуындағы жаман жағы – алысқа тасымалдау, аумақтық әркелкі игерілуі, қажетті инфрақұрылымды жасаудағы қиындықтар да бар

  7. Шаруашылық салаларын дамытуда жер тапшылығын сезініп отарған ел – Сингапур

  8. Аумақтық ЭГЖ ны басты 4 түрін бөліп көрсеткен – Баранский

  9. Экономикалық- географиялық жағдай (ЭГЖ) – Орталық, Теңіз маңы, Көршілік, Шеткі

  10. Орталық – Дамудың жоғары деңгейі, Теңіз маңы – Халықаралық қатынастардың дамуы, Көршілік- өндірістік байланыстардың дамуы, Шеткі – Экономикалық дамудың тежелуі

  11. Орталық: АҚШ үшін Солт-шығыс, Қытай үшін – Шығыс, Аустралия үшін – Оңт-шығыс

  12. Көршілік жағдай Канада үшін – оңт-шығыс,америкамен байланыста , Мексика үшін- солтүстік

  13. Дж халық саны 1,5 млннан асатын қалалардың 2\3 теңіз жағалауында орналасқан.

  14. Өзінің теңіз жағалауындағы орнын тиімді пайдаланатын елдер – Сингапур, Қытай, Корея, Нидерланд

Дж шаруащылық салаларын заманауи орналастыру факторы

  1. Кибернетика терминін ғылымға енгізді – 1830 ж француз физигі Ампер

  2. Кибернетиканың негізгі қағидаларын тұжырымдады – 1948 ж америкалық ғалым Норберт Винер

  3. Кибернетиканың негізін салушы – Н.Винер

  4. Кибернетика – әртүрлі жүйелерде ақпаратты басқару мен беру үдерістерінің жалпы заңдылықтары туралы ғылым

  5. Экологиялық саясат – мемлекеттегі табиғат қорғау заңнамасы мен оған негізделген мақсатты әрекеттер жиынтығы

Дж елдерінің шаруашылық құрылымын бағалау

  1. Шаруашылық құрылымы бойынша елдер – аграрлық елдер, аграрлық шикізатты елдер, индустриялық елдер, посиндустриалдық елдер

  2. Жаңа экономика – материалдық-заттық ресурстардан гөрі, адам капиталының үлесі жоғары болатын салалардың жиынтығы

  3. Аграрлық елдер- ауылшаруашылық үлесі басым. Нашар дамыған елдерде 73 пайыз ауылда тұрады, дамыған елдерде 25 пайыз

  4. Ауылшаруашылық өнімдерінің ЖІӨ құрылымындағы үлесі дамушы елдерде – 20 пайыз, дамыған елдерде – 3 пайыз

  5. Аграрлық елдерге – Сомали, Сьерра-Леоне жатады. Мұнда ауылшаруашылық ЖІӨ нің 60 пайыздан астамын береді

  6. Аграрлық шикізатты елдер – ауылшаруашылығы мен өндіруші өнеркәсіп басым. Африканың Сахарадан оңтүстікке қарай орналасқан көптеген елдерінде негізгі валюта түсімін (92 пайыз дейін) шикізат экспорты береді

  7. Аграрлық-шикізатты елдерге – Папуа-Жаңа Гвинея, Алжир, Гвинея, Қырғыз Ресмпубликасы, Кот-д Ивуар

  8. Индустриялық елдер – өңдеуші өнеркәсіп пен құрылыс басым. Көпшілігін жаңа индустриялық елдер құрайды.

  9. Жаңа индустриялық елдердің 2 негізгі даму үлгісі:

Азиялық үлгі – ұлттық экономиканы сыртқы нарыққа бағыттау
Латынамерикалық үлгі – ұлттық экономиканы импорт алмастырушы бағытта дамыту

  1. Дамудың Азиялық үлгісі тән болатын елдер – Малайзия, Тайланд, әлемдік ЖІӨ дегі үлесі – 1 пайыз

  2. Таиландта ауылшаруашылығының үлесі дамыған елдермен салыстырғанда, әлі күнге дейін жоғары (8,2 пайыз), қызмет көрсету саласының үлесі 55,6 пайыз

  3. Посиндустриялық елдер – ЖІӨ нің басым бөлігін қызмет саласы береді, бұл елдерде ғалымдар «жаңа экономика» деп атаған жаңа экономикалық феномен қалыптасуда, оны кейде «ақпараттық экономика», «білім экономикасы» деп те атайды

  4. Жаңа экономикада өнім өндіруде білім мен ақпарат жетекші орын алады

  5. Посиндустриялық елдерде ауылшаруашылығы ЖІӨ 2-5 пайыздан аспайды, қызмет көрсету саласы 70 пайыздан асады

Дж шаруашылықтың аумақтық құрылымы мен модельдері

  1. Дж шаруашылық құрамы негізгі 7 аймаққа жіктеледі: Солт Америка, Латын Америкасы, Африка, Аустралия ж\е мұхиттық аралдар, ТМД, Шетелдік Еуропа мен Азия

  2. Қазіргі жағдайда дж бойынша шаруашылықтың аумақтық ұйымдасуының кең тараған формасы – арнайы экономикалық зоналар

  3. Дж шаруашылықтың аумақтық модельдері 4 ке бөлінеді: екі бөлікті модель – дамыған елдер (солтустік), дамушы елдер (оңтүстік) ; үш бөлікті модель – дамыған елдер, отпелі экономика елдері, дамушы елдер; көп бөлікті модель – дж шаруашылығын 10 орталыққа бөледі; жаңа үш бөлікті модель – ғаламдық орталықтар, өтпелі аймақтар, шеткі аймақтар.

  4. Қазақстан басқа ТМД елдерімен – өтпелі экономика елдеріне жатады (жартылай периферия)

  5. Көп бөлікті модель: Еуропа, Солт Америка, Жапония, Қытай, Үнедістан, Оңт бат Азия,Жаңа индустриал елдер, ТМД,бразилия,Мексика

Дамыған елдердегі шаруашылықтың аумақтық құрылымы

  1. Экономикалық аудандар типі – жоғары дамыған аудандар, ескі өнеркәсіпті аудандар, артта қалған аудандар, жаңадан игеріліп жатқан аудандар

  2. Батыс Еуропа экон аудандарын 4 топқа бөледі

Батыс Еуропа жоғары дамыған аудандары:
-Үлкен Лондон мен Үлкен Париж астаналық аудандары
-Германияның оңт ауданы
-Италиядағы Милан-Турин-Генуя өнеркәсіп үшбұрышы
-Нидерландыдағы Рандстад агломерациясы

  1. ЕО бойыншатабыстың орташа деңгейінен алда тұрған – Париж агломерациясының (Иль де Франс) 170пайыз, Үлкен Лондон 144 пайыз

  2. Лондон маңында серік қала саны -8

  3. Ескі өнеркәсіпті аудандар қалыптасты – XVIII-XIX ғ өнеркәсіп революциялары кезінде

  4. Ең ірі аудандар –таскөмір алаптары базасында қалыптасты. Оған Төменгі Рейн-Рур агломерациясын жатқызса болады

  5. Төменгі Рейн-Рурда -100 шақты қала бар, 20 сы ірі қала

  6. Ескі өнеркәсіпті аудандар қатарына – Батыс Мидленд, Оанкашир, Йоркшир, Оңт Уэльс (Ұлыбритания), Солт аудан, Эльзас, Лотарингия жатқызуға болады

  7. Артта қалған аграрлық аудандар – Оңт Италия, Орталық массив, Аквитания, Солт-Батыс Корсика, Солт Шотландия

  8. Италияда ірі металлургиялық комбинант салында – Таранто қаласында

  9. Өсу полюстері жасала бастаған елдер – Испания, Франция

  10. Жаңадан игеріліп жатқан аудандар – Аляска (АҚш), Каанада солт, Гренландия (Дания), Аустрпалия шөлді аудандары, Скандинавия солт бөлігі

Дамушы елдердегі шаруашылықтың аумақтық құрылымы

  1. Дамушы елдерде басты орталықтың қызметін астана атқарады: Латын Америка елдері – Буэнос-Айресте Аргентина халқының 1\3, өнеркәсіптің 1\2, Уругвай астанасы Монтевидеоде өнеркәсіп 3\4 шоғырланған

  2. Теңіз жағалауындағы елдерде астана басты теңіз порты қызметін атқарады: Үндістандағы Мумбаи, Калькутта, Бразилиядағы Сан-Паулу, Мароккодағы Касабланка қалалары

  3. Дж мұхитқа қамтамасыз ететін теңіз порты бар : Мехико үшін-Веракрус, Сантьяго үшін- Вальпараисо, Кито үшін –Гуаякиль

  4. Бразилияның оңт-шығысындағы әйгілі индустриялық үшбұрыш - Рио де Жанейро, Сан паулу, Белу-Оризонти

  5. 1960жылы Бразилия астанасы Рио-де-Жанейродан Бразилиаға ауысты

Дж елдерінің экономикалық даму көрсеткіштерін салыстыру

  1. Жиынтық өнімнің 2 түрі – жиынтық ішкі өнім – ЖІӨ, жиынтық ұлттық өнім –ЖҰӨ

  2. Халықаралық салыстыруларды неғұрлым дәл жүргізу үшін ЖІӨ сатып алу қабілетінің паритеті (САҚП) есебімен беріледі

  3. 2017 ж ЖІӨ көлемі жөнінен жетекші орында – Қытай

  4. ЖІӨ көлемі ең жоғары – Қытай, АҚШ, Үндістан, Жапония, Германия, Ресей, Бразилия, Индонезия, Ұлыбритания

  5. ЖІӨ деңгейі жан басына шаққандағы жоғары елдер – Катар, Люксембург, Сингапур, Бруней, Ирландия, Норвегия, БАӘ, Кувейт, Швейцария, АҚШ

  6. ЖІӨ деңгейі төмен елдер – Мадагаскар, Оңт Судан, Либерия, Йемен, Мозамбик, Малави, Нигер, Конго Др, Буррунди, Орт Африка

  7. Қз ЖІӨ 2017ж – 478 млрд АҚШ долларын құрады, жан басына шаққанда 26252 доллар

Дамыған елдер

  1. Дамыған елдер саны – 40, олардың 35 і тауар өндірісі мен қызметтің 60 пайызы тиесілі болатын «Экономикалық ынтымақтастық ж\е даму ұйымына» мүше болып табылады

  2. Ғылымға негізделген өндірістің дамуы тиесілі елдер – АҚШ, Жапония, Германия

  3. Жапонияда алдыңғы қатарлы технологиялармен айналысатын 450университет бар

  4. Ірі қаржы орталықтары – лондон, Нью-Йлок, Чикаго, Токио

  5. Әлемдегі ең ірі 20 ұлтаралық құрылымдар араснда – 13і дамыған елдердің компаниялары

Дамыған елдердің топтары

  1. Дамыған елдерде әлемдік жиынтық өнімнің 3\4 өндіріледі

  2. Дамыған елдерді әлеуметтік – экономикалық көрсеткіштері негізінде мынадай топтарға жіктейді – Жоғары дамыған елдер, Батыс Еуропаның шағын капиталистік елдері, «Қоныс аударған капитализм» елдері, Азиялағы жаңа индустриялық елдер

  3. Жоғары дамыған елдерді «Үлкен жетілік» н\е «өркениет локомативтері» деп атайды

  4. «Үлкен жетілік» елдер – АҚШ, Канада, Германия, Ұлыбритания, Франция, Италия, Жапония

  5. Әлемдегі «500 дің клубы» аталған аса ірі 500 ұлтаралық бірлестіктің 400 ден астамы осы елдерде орналасқан, олардың үлесіне жалпы жылдық сату көлемінің 90пайызы тиесілі

  6. ЖІӨ 1 орын – Қытай, 2 орын – АҚШ (2017 ж 19,48 трлн доллар)

  7. Әлемдегі ең ірі қор биржасы- Нью-Йорк (2017ж 21 трлн доллар)

  8. Нағыз пост-индустриалдық ел – АҚШ

  9. Ірі қаржы орталықтары – Нью-Йорк, Токио,Лондон, Торонто, Франкфурт, Милан)

  10. Жоғары дамыған елдердегі Туризм орталықтары: Франция (86,9 млн адам), АҚШ (76,9 млн адам), Италия (58,2 млн адам)

  11. Батыс Еуропаның шағын капиталистік елдері – Бельгия, Дания, Норвегия, Нидерланд, Исландия, Испания, Португалия, Швеция, Аустрия, Швейцврия, Грекия, Ирландия, Финляндия, Монако, Люксембург, Лихтенштейн, Сан-Марино, Андорра, Мальта

  12. Батыс Еуропаның шағын капиталистік елдерінде Халықаралық географиялық еңбек бөлінісінде - -Бельгия мен Нидерланд

  13. Батыс Еуропаның шағын капиталистік елдерінде порт шаруашылығында – Роттердам, Антверпен

  14. Батыс Еуропаның шағын капиталистік елдерінде халықаралық теңіз тасымалына мамандануымен – Норвегия

  15. Батыс Еуропаның шағын капиталистік елдерінде қаржы орталықтары мен станок – Швейцврия

  16. Батыс Еуропаның шағын капиталистік елдерінде целюлоза, қағаз өндірімен – Финляндия

  17. Батыс Еуропаның шағын капиталистік елдерінде машина жасау мен металлургия – Швеция

  18. Банк секторының ЖІӨ дегі 9 пайыз үлесі – Швейцария

  19. Батыс Еуропаның шағын капиталистік елдерінде аса ірі халықаралық қаржы орталығы – Цюрих

  20. Алғашқы жекеменшік банктер пайда болған ел – Швейцария (400 аса жекеменшік банк бар) (4 мыңнан астам қаржы мекемелері жұмыс істейді)

  21. Әлемдік гүл нарығының жартысынан астамын жаулап алған – Нидерланд

  22. Жылыжайлар ауданы бойынша дж 1 орын – Нидерланд (15 мың га)

  23. НАТО мен ЕО штаб пәтері – Брюссельде

  24. АЭХА (Атом энергиясы жөнінен халықаралық агенттік), ОПЕК штаб пәтері – Венада

  25. БҰҰ, ДЖ денсаулық сақтау ұйымы, Халықаралық еңбек ұйымы, ДЖ метеорологиялық ұйымы, Халықаралық пошта одағы штаб пәтері – Швейцарияда

  26. Қоныс аударған капитализм елдері- Аустралия, Израиль, Жаңа Зеландия, ОАР (бұрын Ұлыбритания отарлары)

  27. Азиядағы жаңа индустрилық елдер – Корея, Сингапур, Сянган, Тайвань,

  28. Халықаралық валюта қоры оларды «экономикасы дамыған елдер», Әлемдік банк ресми түрде «табыс деңгейі жоғары елдер» деп атайды (Сингапур мен Кореяны)

  29. Корея мен Сингапур әлемдік ЖІӨ нің 2 пайызын өндіреді

  30. Халқы түгелімен қала тұрғындары – Сянган, Сингапур (ауылшаруашылығы мүлде жоқ)

  31. Кеме өндірісі нарығының 45 пайызы тиесілі – Корея

  32. Сянганда 1891 жылы құрылып, қазіргі кезде қаржы айналымы жөнінен 6 шы орын алатын Гонконг қор биржасының дж деңгейде айрықша орны бар

  33. Дамыған елдерде жер шары хадқының 17 пайызы тұрады

Дамыған елдердің әлеуметтік – экономикалық даму модельдері

  1. Либералды (америкалық) модель – мемлекеттік меншік үлесі төмен, өндіріс саласы, сауда, инвестиция, жұмыс күшін пайдалануда нарықтық бәсекелестіктің үстемдігі, күрделі әлеуметтік жіктелу тән

  2. Шығындардың үлесі АҚШ та – 30 пайыз

  3. Либералды модельге – АҚШ жатады , Ұлыбритания, Канада, Италия, Бельгияда жақын дамып келеді

  4. Әлеуметтік бағдарланған (шведтік ) модель- табыстарды кеңінен бөлісу тб арқылы әлеуметтік кепілдіктердің жоғары деңгейін қамтамасыз етеді

  5. Әлеуметтік бағдарланған (шведтік ) модель пайда болды – Швецияда, қазір Аустралия, Жаңа Зеландияда тән

  6. Әлеуметтік-нарықтық (германдық) модель- нарықтық бәсекелестігі жағдайында дамитын қоғамды айрықша әлеуметтік инфрақұрылым толықтырып тұрады

  7. Германдық модель – Германия, Франция

  8. Иерархиялық-бірлестіктік (жапондық) модель- мемлекет бірлескен капитализмді белсенді түрде реттейтін және конфуцийлік менталитет негізінде басқарылатын экономика болып табылады

  9. Ең сапалы жұмысшы көзі – Шығыс Азия

  10. Адам факторына негізделген ұлттық дәстүрлер сақталып қалған – Жапонияда

  11. Иерархиялық-бірлестіктік (жапондық) модель негізі қалады – Жапонияда, қазір Азиядағы жаңа индустриялық елдергеде тән

Өтпелі экономика елдері

  1. Өтпелі экономика елдерне – 28 ел жатады

Экономикалық Ынтымақтастық пен Даму ұйымына мүше елдер – Венгрия, Чехия, Словакия, Словения, Латвия, Польша, Эстония

  1. Орталық және Шығыс Еуропаның бұрынғы социалистік мемлекеттері – Албания, Болгария, Польша, Венгрия, Румыния, Словакия, Чехия, Югославия елдері

  2. Бұрынғы КСРО құрамында болған елдер – Әзірбайжан, Армения, Беларусь, Қазақстан, Қырғыз, Молдова, Ресей, Тәжікстан, Түркіменстан, Өзбекстан, Украина, Грузия

  3. Балтық бойы республикалары – Латвия, Литва, Эстония

  4. Экономикалық қайта құрулардың принциптері – жекеменшік қалыптастыру, мем меншікті жекешелендіру, бағаларды либералдандыру, макроэкономикалық тұрақтандыру, ашық сипаттағы экономиканы қалыптастыру (1989 жылы басталды), мемлекеттің экономикаға тікелей араласуын шектеу

  5. Қайта құру белсенді түрде жүргізіле бастады – 1994

  6. Қайта құру 2 түрлі бағытта жүргізілді – эволюциялық, радикалды

  7. Эволюциялық жолы – Венгрия, Словакия, Чехия

  8. 1993 қыркүйекте – ТМД елдерінің экономикалық одағын құру туралы келісімшарт жасалды

  9. 2009 жылы 18 тамыз – Грузия ТМД құрамынан шықты

  10. Жұмыссыздық деңгейі 1999 ж ҚЗда – 13,5 пайыз

  11. Жұмыссыздық деңгейі 2017 ж Қзда – 4,9 пайыз

Дамушы елдер

  1. Дамушы елдер – Азия, Африка, мұхиттық аралдар, Латын Америкасы

  2. Дамушы елдерге тән белгілер – бұрын отар н\е жартылай отар болуы, экономикасының көп укладтылығы, әлеуметтік құрылымының ала құлалылығы,жергілікті қаржының жетімсіздігі, дамыған елдерге ғылыми техникалық жағынан тәуелді болуы,

Дамушы елдердің топтары

  1. Дамушы елдердің негізгі топтары – Жетекші дамушы елдер, Жаңа индустриялық елдер, Мұнай экспорттаушы елдер, Плантациялық шаруашылық елдері, «Жалға пәтер беруші» елдер, Даму деңгейі төмен елдер

  2. Оффшор – ағыл. жағалаудан тыс

  3. Оффшор – шетелдік компаниялар үшін кәсіпкерлікті жүргізудің айрықша жағдайлары бар ел н\е аумақ

  4. Жаңа индустриялық елдерге тән белгілер – экономикалық дамудың жоғ қарқыны, аймақтық интеграцияның дамуы, өңдеуші өнеркәсіп жетекші сала, ұлттық экон ащықтығы, ұлтаралық бірлестіктер құру тактикасы

  5. Импорт алмастырушы экономика- Латын Америкасы

  6. Экспортқа бағдарланған экономика – Азия

  7. Жалға пәтер берушілердің ерекшелігі – геогр орны стратегиялық тұрғыдан қолайлы, таб жағдайлары салалық мамандануға негіз болуы, саяси жағдай тұрақты, экон заңдардың либералды сипаты (жұмсақ салық саясаты), қолайлы инвестициялық кеңістік

  8. Жетекші дамушы елдер – Қытай, Үндістан, Бразилия, Мексика

  9. Әлемдегі ең ірі 10 компания тізіміне Қытайдың 5 компаниясы еніп тұр

  10. Ұлттық табыс өнімі мөлшері жөнінен Қытай -78 орын, Үндістан-123 орын

  11. Жаңа индустриялық елдер – көзге түседі Тайланд, Малайзия

  12. Тайланд, Малайзия да ЖІӨ- 1,7 пайыз

  13. Таиландта - ауылшаруашылығы үлесі -8,2 пайыз, қызмет көрсету – 55,6 пайыз

  14. Нағыз экспортқа бағдарланған ел – Малайзия

  15. Малайзия экспорттық квотасы – 40пайыз Латын Америкасындағы жаңа индустриялық елдер – импорт алмастырушы, Азиялық –экспортқа бағдарланған

  16. Мұнай экспорттаушы елдер – Парсы шығанағы елдері, Ливия, Венесуэла, тб

  17. Қызмет көрсету Сауд Арабиясында – 53,2 пайыз, Катарда 49,5 пайыз

  18. Мұнай экспорттаушы, халықтың тұрмыс деңгейі өте жоғары елдер – Кувейт, Сауд Арабиясы, БАӘ тб

  19. Плантациялық шаруашылық елдері – Гватемала, Гондурас, Коста-Рика, Никарагуа, Сальвадор, Доминика, Гаити, Гана, Кот-д Ивуар, Шри-Ланка

  20. Жалға пәтер беруші елдер – Кипр, Бахрейн, Либерия, Багам аралдары, Барбадос, Мальта, Панама

  21. Оффшорлық қаржы орталығын дамыту арқылы араб әлемі ақша айналымында маңызды рөл атқарады – Бахрейн

  22. Либерияның ірі табыс көзі – басқа елдердің ел жалауын пайдаланғаны үшін төлейтін салықтар

  23. Даму деңгейі төмен елдер- 2018 ж мұхит аралдары, Африка, Азияда орн 47 ел енді

Дж елдерінің экономикалық даму стратегиялары

  1. Елдердің даму стратегиясындағы басты мақсат- экономикалық жүйені нығайту мен жетілдіру

  2. Қазіргі әлем дамуының тенденциялары – ғаламдық бәсекелестіктің күшейуі, технологиялық өзгерістердің жаңа толқыны, адами капитал рөлінің артуы

  3. Посиндустриялық экономикада жаңа типтегі - венчурлық инвестиция дамилы, яғни көптеген жобалар бірдей қаржыландырылады, олардың бірнешеуі ғана табысты болғанның өзінде, жұмсалған қаржы ақталады

  4. Ізінен еріп даму стратегиясы тән – дамушы елдерге

  5. Импорталмастырушы стратегия тән – Бразилия мен Мексикаға

  6. Азияның мұнай экспорттаушы елдері – Үндістан, Қытай

  7. Экспортқа бағдарлану стратегиясы тән – Сингапур мен Кореяға

  8. Еңбекпен қамтуды кеңейту арқылы даму стратегиясы – Қытай, Үндістан

  9. Дамушы елдердегі даму стратегияларының топтары – Ізінен еріп даму стратегиясы, импорталмастырушы стратегия, экспортқа бағдарлану стратегиясы, инвестиция есебінен өсу стратегиясы, ішкі сұранысты ынталандыру стратегиясы, еңбекпен қамтуды кеңейту арқылы даму стратегиясы

ҚРның экономикалық идаму стратегиясының мақсатты көрсеткіштері

  1. 2050 даму стратегиясы қабылданды – 2012 жылы желтоқсанда

  2. 2050 стратегиясының мақсаты – мықты мемлекеттің, дамыған экономиканың және жалпыға ортақ еңбектің негізінде берекелі қоғам құру, Қз әлемнің ең дамыған 30 елінің қатарында болу

  3. 2015-19 жылдарға арналған мем-к бағдарлама мақсаты – еңбек өнімділігін арттыру, өңдеуші өнеркәсіптің бәсекеге қабілеттілігін екпінді ынталандыру



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет