Бөлім бойынша жиынтық бағалау Тапсырма 1. Суретте дене тербелісінің x(t) тәуелділік графигі көрсетілген. Графикті пайдалана отырып келесі шамаларды анықтаңыз:
(а) тербеліс амплитудасын [1]
(b) тербеліс периодын [1]
(с) тербеліс жиілігін [1]
(d) бұрыштық жиілігін [1]
(е) x(t) тәуелді теңдеуін [1]
(f) максимал үдеуін [2]
Тапсырма 2. Қалыпты жиілікте резистор кедергісі 10 Ом, катушканың индуктивтілігі 0.2 Гн және конденсатордың сыйымдылығы 0.45 мкФ болатын тізбек берілген. Анықтаңыз: (а) катушканың индуктивті кедергісін, (b) конденсатордың сыйымдылық кедергісін, (с) тізбектің реактив кедергісін
2.(а) Актив кедергі дегеніміз не? ................................................................................................................................................... [1] (b) Актив кедергісі 20 Ом болатын және кернеуі u =308cos314t заңдылығы бойынша өзгеретін тізбектің ток күшінің теңдеуін жазыңыз. i = [2]
(с) Актив кедергідегі кернеу мен ток күшінің тербеліс фазалар айырымы
А) 𝜋 2 − ге артта қалады
В) 𝜋 2 − ге озады
С) 0
D) 𝜋 4 − ге артта қалады [1]
Тапсырма 3. Кедергісі R 150 Ом және индуктивтілігі L 100 мГн болатын катушка сыйымдылығы 0.068 мкФ болатын конденсатормен тізбектей жалғанған. Осы жүйенің резонанстық жиілігін анықтаңыз. [2]
Тапсырма 4. Суретте жоғары кернеудегі сымдар бейнеленген.
(а) берілген суретті пайдаланып, көрсетілген трансформаторлар түрлерін жазыңыз.
[1]
Тапсырма 5. Тербелмелі контур әрбір астарының ауданы 100 см2 ауа конденсаторы мен индуктивтігі 10-5 Гн катушкадан тұрады. Контурдағы тербеліс периоды 10-7 с. Конденсатор астарларының ара қашықтығын анықтаңдар. [2]
Жалпы 16 балл
Қысқа мерзімді жоспар
Сабақтың тақырыбы: Электр энергиясын өндіру, тасымалдау және қолдану, трансформатор
Бөлімі:
Педагогтің аты-жөні:
Күні:
Сыныбы:
Қатысушылар саны: Қатыспағандар саны:
Сабақтың тақырыбы:
Электр энергиясын өндіру, тасымалдау және қолдану, трансформатор
Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты
11.4.3.12 - электр энергиясын тасымалдауда жоғары вольтты айнымалы токтың экономикалық артықшылығын түсіну
Сабақтың мақсаты:
Барлық оқушылар істей алады: электр энергиясының қайда өндірілетін біледі;
Көптеген оқушылар істей алады: трансформатор түрлерін ажырата алады;
Кейбір оқушылар істей алады: трансформатордың жұмыс істеу принципін түсіндіре алады;
Бағалау критерийлері
Трансформатордың құрылымын сипаттайды;
Төмендеткіш және жоғарылатқыш трансформатор түрлерін ажырата алады;
Электр энергиясын жоғары вольтты айнымалы ток арқылы тасымалдаудың экономикалық және практикалық артықшылығын бағалайды.
Құндылықтарға баулу
Тақырып бойынша меңгерген білімдерін өмірдегі қолдану аймағын, қайда қолданылатындығы және дамытатындығы туралы түсіндіру арқылы өмір бойы білім алу құндылығы қалыптасады.
Сабақтың барысы:
Сабақ кезеңі/Уақыты
Педагогтің іс-әрекеті
Оқушының іс-әрекеті
Бағалау
Ресурстар
Сабақтың басы
2 мин.
6мин
Ұйымдастыру кезеңі
Сәлемдесу арқылы сыныпта жайлы атмосфера орнату. Ол үшін мысалы мұғалім мынадай сұрақ қоюы мүмкін: «Бүгінгі көңіл күйің қалай?»
Оқушылар жауаптарын жабысқақ дәптерге жазады және апта сайын оқушылардың көңіл-күйіне бақылау жасалады.